Дәнекер ұлпалар-жасушааралық заттар жақсы берілген, бұлар әдейі аморфты және дәнекер ұлпалы талшықтардан тұрады. Бұл топқа дәнекер, шеміршек және сүйек ұлпалары кіреді. Бұлардың шығу тегі (мезенхимадан) дәнекер ұлпасымен бірге қан және лимфа да кіргізіледі.
Нағыз дәнекер ұлпаға-бір топ ұлпалар кіреді, оларға жататындар: іркілдек талшықты дәнекер ұлпа, тығыз талшықты дәнекер ұлпа, ретикулярлы дәнекер ұлпа т.б. Дәнекер ұлпа ағзада әртүрлі қызмет атқарады. Ішіндегі негізгілері-механикалық, трофикалық және қорғаныс қызметін атқаратындар.
Іркілдек талшықты дәнекер ұлпа-қан тамырлар мен көпшілік мүшелердің сүйеніші ретінде кездеседі. Бұл тек тірек емес, сонымен бірге зат алмасу үрдісіне де қатысады. Бұл ұлпаның жасушааралық заты негізгі затын құрайды, коллаген және серпімді талшықтардан тұрады
Тығыз талшықты дәнекер ұлпа-жасушааралық заттың негізгі тығыз орналасқан талшықтары ретінде көптеп кездеседі. Жасушалар бұнда аз болады. Тығыз талшықты дәнекер ұлпа –қалыптасқан және қалыптаспаған болып екіге бөлінеді. Қалыптаспаған ұлпада коллаген және серпімді талшықтар қиылысып әртүрлі бағытта орналасады. Бұл ұлпа теріні құрайды (оның тор қабатын). Қалыптасқан ұлпада коллаген талшықтары параллель орналасып бір буда тәрізді. Бұл ұлпадан сіңірлер, байламалар, фасциялар және басқа мүшелердің қабықша бөлігінен тұрады.
Майлы ұлпа-тері астының майлы қабатын түзеді, іш майда кездеседі, кейбір мүшелердің айналасында орналасуы мүмкін (мыс. бүйрек айналасында).
Шеміршек ұлпа-бұл да дәнекер ұлпаның бір түрі, жасушалардан тұрады және көп мөлшерде тығыз жасушааралық затты құрайды. Шеміршек ұлпалар немесе оны хондроциттер деп те атайды. Пішіні сопақша, домалақ болуы мүмкін, орналасқанда бір-бірлеп немесе топ-топ болып қуыстарда жасушааралық заттан құралады.
Гиалин шеміршегі-бүкіл буындар шеміршегін құрайды, қабырға шеміршегі, ауа жүретін жолдардың қабырғалары осы ұлпамен берілген. Ол көкшіл-ақ түсті, тығыз және жартылай мөлдір болады. Қарт адамдарда гиалин шеміршегі әкке айналуы мүмкін.
Серпімді шеміршек-құлақ қалқанын, көмейдің шеміршектерін, есту түтікшесінің шеміршегін түзеді. Ол сарғыш түсті. Бұлар әкке айналмайды.
Талшықты шеміршек-омыртқааралық дискілерді, қасаға симфизінің шеміршегін құрайды. Бұлар төс-бұғана және самай-төменгі жақ байланыстарында да кездеседі.
Сүйек ұлпасы-дәнекер ұлпаның ерекше бір түрі. Тірек және қорғаныс қызметімен бірге қозғалуда бастырық рөлін атқарады. Сүйек ұлпасы минеральді заттар (кальций мен фосфор) қоры болып есептеледі. Бұл басқа ұлпалар сияқты жасушалар мен жасушааралық заттардан тұрады. Сүйек ұлпасының жасушасын-остеоциттер деп атайды (osteon- сүйек, sytis-жасуша) және пішіні өсінді тәрізді. Дамып келе жатқан сүйектерде остеоциттерден басқа остеобластар мен остеокластар (blastos-ұрық, clao-қирату, талқандау) бар. Сүйек ұлпасының жасушааралық заттары – негізгі минералды тұздардан және талшықтардан тұрады. Талшықтар-коллаген, бірақ оларды оссеин деп атайды.
Қан (sanguis, haema)-жасушааралық сұйық заттан-плазмасы мен қалқып жүрген пішінді элементтерден тұрады.
Лимфа
Бұлшық ет ұлпасы
Нерв ұлпасы
Сүйектер туралы ілім (osteologia)
Cүйек ұлпасы. Сүйек-мүше. Құрылысы. Жасына байланысты ерекшеліктері. Сүйек байланыстары және олардың өзгеруі.
Салыстырмалы анатомияның қорытындыларына қарағанда, қаңқа сүйектері тарихи даму кезінде үш сатыдан (жарғақты, шеміршекті, сүйекті) өткендігі байқалады. Шеміршек пен сүйек жануарлардың судан құрлыққа шығып тіршілік етуіне байланысты дамып жетілген мүшелеріне жатады. Омыртқалы жануарлар мен адамдардың да кейбір сүйектерінен шеміршектерді кездестіреміз.
Сүйек мүше, өйткені ол бірнеше ұлпалардан түзілген. Барлық сүйектердің сыртында сүйек қабығы бар. Бұл жұқа, бірақ дәнекер ұлпадан тұратын тығыз қабат. Буын беттерінде ғана қабығы болмайды, олар шеміршектен түзілген.
Сүйек қабығы, сүйектің өте қажетті бөлімі, оған қан тамырлары мен нервтер арнаулы тесіктері арқылы еніп қоректендіреді және нервтендіреді.
Сүйектің сыртқы бөлігі тығыз немесе жинақы заттан түзілген, оның астында кемік зат орналасқан. Тығыз қатты қабатының қалыңдығы сүйекке түсетін күшке байланысты, тығыз заттар, әсіресе сүйектің орта (диафиз) бөлімінде қалың болады. Кемік зат бірнеше жұқа сүйекті қабыршақты тақташықтардан тұрады. Тақташықтардың орналасу тәртібі сүйекке түсетін күштің сығу, созылу бағыттарына сәйкес келеді. Бұндай құрылыс, сүйекке беріктік пен жеңілдік қасиет береді. Ұзын сүйектердің тек екі ұшы (эпифиздері), ал қысқа, жалпақ сүйектер тұтасымен және аралас сүйектердің кейбір бөліктері кемік заттардан тұрады.
Сүйектің қатты заттары негізінен үш қабаттан тұрады. Олардың сырты бір-біріне қабатталып, айнала оршаған цилиндрлерден түзілген. Ол цилиндрлер сүйекті пластинкалардан (тақташықтардан) құралған.
Тұлға сүйектерінің дамуы және оның жасына қарай қалыптасуы
Қабырға ұрықтың эмбриогенездік дамуында екі айда шеміршекке айнала бастайды. Олардың жоғарғы 9 жұп қабырғаларының алдыңғы ұштары өзара қосылып, төс сүйегін түзе бастайды. Төстің сүйектенуі де ерте басталады. Туылғаннан кейін қабырғалардың омыртқаға жалғасатын артқы ұшындағы иіндері 2 жасқа дейін тереңдей береді. Қабырғаның толық сүйектенуі 15-20 жаста аяқталады. Төс сүйегінің тұтқа мен дене бөлігі 15-16 жаста, ал дененің семсер тәрізді өсіндісімен бірігіп кетуі 25 жастан кейін басталады.
Омыртқа бағанасы да дамуында үш кезеңді толық өтеді. Омыртқалардың денесі мен доғаларында сүйектену нүктелері екі айлық эмбриогенездік дамуда-ақ басталады. Мойын, көкірек, бел омыртқа бөлімдерінде сүйектену 20 жаста, сегізкөзде 25 жаста, құйымшақта 30 жаста аяқталады.
...ер балаларда омыртқа бағанасының өсуі 20 жаста толық тоқтайды, ал қыздарда 18 жаста-ақ өсу тоқталады. Орта есеппен омыртқа жотасының ұзындығы ер адамдарда 70-73 см, әйелдерде 66-69 см. Омыртқа бағанасының түтігі 5 жасқа дейін өте тез кеңейіп 10 жаста тоқталады.
...Омыртқа жотасының екі иіні (дөңесі) алға қараған, оны мойын және бел лордозы дейді. Ал қалған екі иіні (дөңесі) артқа қараған, оны кеуде және сегізкөз кифозы деп атайды.
Мойын мен көкіректің иіндері 7 жаста, ал бел иіндері 12 жаста тұрақты болып қалыптасады.
Қол мен аяқ сүйектерінің онтогенезі
Эмбриогенездік даму кезінде қол мен аяқ сүйектері шамамен үш апта болғанда, қалаққа ұқсап пайда болады. Екі айлық кезінде қол-аяқтың үш бөлімі де, саусақтары да пайда болады. Қол-аяқ сүйектерінің бұғанадан басқа барлық сүйектер үш (жарғақ, шеміршек және сүйекті) кезеңнен өтеді.
Бұғана сүйегі ұрықтың 6-7 апталық кезінен сүйектене бастаған кезде оның эпифиз бөлімі толық сүйекке айналады. Жауырын ұрықтың 2 айлығында шеміршектеніп, ал туғанда, оның денесі мен қыры сүйектенген болады. Бұл сүйектердің толық сүйектенуі 18-25 жаста бітеді.
Тоқпан жілік, шынтақ пен кәріжілік туған кезде олардың диафиздері сүйекті, ал эпифизі шеміршекті болады. Бұл сүйектердің эпифиздері 11-13 жаста сүйектеніп, оның диафизбен бірігуі 20-24 жастарда аяқталады. Тоқпан жіліктің төменгі басының сүйектенуі 15-18 жаста аяқталады.
Жаңа туған нәрестелерде білезік сүйектері болмайды, олар алғашқы бір жастың ішінде шеміршекті болып дамиды. Білезік сүйектерінің сүйектену орталықтары: томпақ және ілмек сүйектерде 3-5 айда, 2-3 жаста-үш қырлы сүйекте, 3-4 жаста-жарты ай тәрізді сүйекте, 4-5 жаста-қайық тірізді сүйекте, 4-6 жаста-көп қырлы сүйектерінде пайда болады. Бұршақ тәрізді сүйектің сүйектену орталығы 5-15 жаста басталады.
Саусақ сүйектерінде алғашқы сүйектену орталықтары олардың диафизінде басталады. Сүйектену тырнақ сүйектерінде-ұрықтың екі айлығында, ал орталық және негізгі бақайшақта туғаннан кейін 3-4 айдан соң басталады.
Жаңадан туған нәрестелерде жамбас сүйектері үш бөлек сүйектен түзілген болады. Алғашқы үш жастың ішінде артқы жағы төмен түсіп, алдыңғы жағы көтеріліп көлденең күйіне келеді. 7-8 жаста шат сүйектері бірігеді. 14-16 жаста жамбастағы үш сүйек толық қосылады. Жамбастың тұтас сүйекке айналуы 20-25 жаста бітеді.
Ортан жіліктің эпифиздері шеміршекті болады. Оның сүйектенуі, мысалы үлкен ұршығы 3-4 жаста, ал кіші ұршығы 9-12 жаста басталып, толық сүйектенуі 17-20 жаста аяқталады. Үлкен жіліншіктің жоғарғы ұшы 3-5 жаста, ал төменгі басы-2 жаста сүйектенеді. Тізе тобығы 3-5 жаста сүйектеніп, 10 жаста толық жетіледі. Аяқтағы жіліктердің диафизі мен эпифиздерінің бірігуі 18-24 жаста аяқталады.
Аяқ басы сүйектерінің сүйектенуі мына тәртіпте жүреді. Өкше және топай сүйектері ұрық дамуының 7-8 айында, текше тәрізді-туар кезде, үшінші сына тәрізді-1 жаста, бірінші сына тәрізді- 1,5-2 жаста, екінші сына тәрізді -3-4 жаста, ал қайық тәрізді сүйек-4-5 жаста сүйекке айналады. Табан және башпай сүйектерінің диафизі мен эпифиздерінің бірігуі ер балаларда 17-21 жаста, ал қыздарда 14-19 жаста бітеді. Буындардың да толық бекуі 22-25 жасқа келгенде жетіледі.
Адамның қаңқасы. Тұлға сүйектері. Омыртқаның құрылысы. Кеуде қуысы. Қабырға. Төс сүйегі. Тұлға сүйектерінің байланысы
Адамның қаңқасы: тұлға сүйектері (омыртқалар, қабырғалар, төс), бас сүйегі (ми сауыты, бет), қолдың қозғалмайтын иық белдеуі (жауырын, бұғана), қолдың еркін қозғалатын бөлігі (қар, білек, қол басы), аяқтың қозғалмайтын жамбас белдеуі (жамбас) және аяқтың еркін қозғалатын бөлігі (ортан жілік, сирақ және аяқ басы) болып бөлінеді.
Тұлға сүйектері. Тұлға сүйектеріне (ossa trunci) омыртқа жотасы (columna vertebralis), 12 жұп қабырғалар (costae) және төс сүйегі (sternum) жатады.
Омыртқа бағанасы жұмысы мен пішініне, жатқан орнына байланысты: мойын бөлімі-7, көкірек бөлімі-12, бел бөлімі-5, сегізкөз бөлімі-5, құйымшақ бөлімі-4-5 омыртқалардан тұрады.
Кеуде қуысы (compages thoracis) алдыңғы және бүйір жағынан төс сүйегі мен 12 қабырғадан, артқы жағынан 12 көкірек омыртқасынан құралған.
...Кеуде қуысының төменгі қуыстық тесігі ХІІ көкірек омыртқасынан, ХІ және ХІІ жұп қабырғалардан, ҮІІ-Х қабырғалардың шеміршек доғасы және төстің семсер тәрізді өсіндісімен қоршалып түзіледі. Бұл оның төменгі шекарасы болып есептеледі.
Тұлға сүйектерінің байланыстары. Тұлға сүйектері өзара диартрозды, әрі синартрозды типте байланысады. Тұлға сүйектерінің диартрозды, яғни қозғалмайтын болып байланысуына төс, сегізкөз бен құйымшақ сүйектері, ал синартрозды немесе буынды байланысуына қалған сүйектерінің арасындағы буындар жатады.
Бас сүйектерінің шығу тегі. Бас сүйек бөлімдері. Бет бөлімінің сүйектері. Топографиясы. Бас сүйектерінің дамуы.
Бас сүйектерінің шығу тегін салыстырмалы анатомия мен палеозоологияның зерттеулері бойынша анықтауға болады. Бас сүйек басқа мүшелерге қарағанда күрделі дамыған. Мысалы: алғашқы бас сүйегі денемен тұтас болып (балықтарда), кейіннен (қосмекенділерде, бауырмен жорғалаушыларда) біртіндеп қозғалмалы болып дами бастаған. Құстар мен сүтқоректілерде бас сүйектер жақсы дамыған. Әсіресе, сүтқоректілердің арасында маймыл мен адамда ми сауыты тез дамып күрделі өзгеріске ұшырады.
Адамдарда ми сауыты бет бөліміне қарағанда үлкен болып келеді. Бұл мидың тез үлкейіп дамып келе жатқанын көрсетеді.
Бас сүйегі (cranium)-23 сүйектен құралған күрделі құрылысы бар, ол ми мен бастағы көп мүшелерді қорғап тұрады. Бұл сүйектер қызметтеріне қарай ми сауыты және бет бөлімі болып екіге бөлінеді. Ми сауытының іші қуыс, онда ми орналасқан, бет бөлімінде тыныс алу және ауыз қуысы, сезім мүшелері жатады.
Ми сауыты сүйектерінде: шүйде, төбе (жұп), маңдай, самай (жұп), сына тәрізді сүйек, төр тәрізді сүйектер жатады.
...Бет бөлімінің сүйектері алуан түрлі жұп және тақ сүйектерден құралған. Олар-жоғарғы жақ сүйегі, мұрын сүйегі, көз жас сүйегі, төменгі мұрын қалқаны, таңдай сүйегі, төменгі жақ сүйегі, тіласты (құрмау) сүйегі және кеңсірік сүйектері.
...Бас сүйектері тұтас алып қарағанда, оның төменгі жағын негізі не табаны, жоғарғы жағын ми қақпағы деп те атайды. Ми күмбезін маңдай сүйегі, екі төбе сүйегі, шүйде сүйегі қоршап жатады. Бас қаңқасының түбін түзетін сүйектер мыналар: артқы жағынан шүйде сүйегі, алдыңғы жағынан маңдай сүйек пен тор сүйек, ортада сына тәрізді сүйек, ал сына сүйек пен шүйде сүйектер арасының екі жағында қос самай сүйектері жатады. Осы сегіз сүйек бірігіп ми сауытының қуысын түзеді.
Қол сүйектері. Қолдың еркін қозғалатын сүйектері. Қол сүйектерінің байланысы
Қолдың сүйектері иық белдеуі және еркін қозғалатын болып екі бөлімге бөлінеді. Иық белдеуінің сүйектеріне екі бұғана және екі жуырын жатады.
Бұғана (clavicula) иілген жұп сүйек, бұл сүйекті кещеге сүйегі деп те атайды. Бұғананың денесі және екі ұшы болады.
...Жауырын (scapula) жалпақ үш бұрышты жұп сүйек, кеудеқуысының арқа жағында ІІ-ҮІІ қабырға тұсында орналасқан. Жауырынның жоғарғы, төменгі және шеткі бұрышы мен жиектері бар, сондай-ақ ол жалпақ болғандықтан ішкі және сыртқы беті болады.
Қолдың еркін қозғалатын сүйектеріне тоқпан жілік, білек сүйектері (оған шынтақ пен кәрі жілік), қол басы сүйектері (оған білезік, алақан және саусақ сүйектері) жатады.
Тоқпан жілік (humerus) іші қуыс ұзын сүйектерге жатады. Жіліктің ортаңғы бөлігін денесі не диафиз дейді. Жіліктің тұлғаға жақын ұшын проксималь басы, ал одан алшақ басын дисталь деп атайды.
...Білек сүйектеріне шынтақ (ulna) және шыбық немесе кәрі жілік (radius) жатады. Шыбық жілігінің жоғарғы басы цилиндр тәрізді болады. Шынтақ жілігінің жоғарғы басында үлкен жарты ай секілді ойығы болады.
Қол басы сүйектері (ossa manus) негізінен білезік сүйектері(ossa carpi), алақан сүйектері (ossa metacarpalia) және саусақ сүйектрінен (phalanges digitorum manus) тұрады.
Қол сүйектерінің өзара байланысы иық белдеуінің және еркін қозғалып тұратын сүйектердің байланысуы деп екіге бөлінеді. Бұл аталған байланысудың барлығы буынды немесе қозғалмалы байланыстарға жатады. Синартрозды байланысу қол сүйектерінің байланысуында кездеспейді.
Қолдың иық белдеуі төс-бұғана буыны және иық-бұғана буыны жауырынның жалған байламдары және бұлшық еттер арқылы тұлға қаңқасына, сондай-ақ иық буыны арқылы қолдың еркін қозғалып тұратын бөлігіне жалғасып жатады.
Төс-бұғана буыны (articulatio sternoalavicularis) ер тәрізді болып, буын капсуласы бірінші қабырғамен бұғанаға дейін созылған байламмен бекіген. Латераль бөлігінде бұғана жауырынның құс тұмсық өсіндісі арқылы жалпақ буын құрап, байлам арқылы құс тұмсық өсіндісі-бұғана байламы арқылы бекиді. Бұл буындарда жоғары, төмен және алға, артқа қозғалулар болады.
Аяқ сүйектері. Аяқтың еркін қозғалатын сүйектері. Аяқ сүйектерінің байланыстары
Аяқтың сүйектері жамбас белдеуі мен аяқтың еркін қозғалатын сүйектері болып екіге бөлінеді.
Жамбас белдеуі сүйектері біріккен сақина немесе түбі ашық астауға ұқсайды. Жамбас белдеуі екі жамбас, сегізкөз және құйымшақ сүйектерінен тұрады.
Жамбас сүйектері (ossa coxaes innominatum) қозғалмайтын (синартроз) жолымен байланысқан үш сүйектерден құралады. Жамбас сүйегінің құрамына: мықын, шонданай және қасаға (шат) сүйектері.
...Мықын сүйек (os ilium) жамбас сүйегінің жоғарғы жағын құрайды және жамбас сүйегінің ең үлкен бөлігін түзетін жұп сүйек. Мықын сүйегі дене және қалқан бөлігінен тұрады.
Шонданай (отырғыш) сүйегінің (os ischii) денесі және екі бұтағы болады.
Шат сүйегінің де (os pubis) денесі және екі бұтағы болады.
Аяқтың еркін қозғалатын сүйектері: ортан жілік, сирақ және аяқ басы сүйектеріне бөлінеді.
Ортан жілік (femur) адам қаңқасының ішіндегі ең ұзын түтікті сүйек.
Тізе тобығы немесе тізе тиегі (patella) үшкілденген домалақ тиек тәрізді сүйектердің ең үлкені. Ол төрт басты бұлшық еттердің сіңірінің ішінде орналасып, тізе буынын бекітуге қатысады.
Сирақ сүйектері (ossa cruris) үлкен жіліншік және кіші жіліншіктен, яғни білек сүйектеріне ұқсаған, екі сүйектен құралған.
Үлкен жіліншік (tibia) ұзын түтікті, сирақтың медиал жағында орналасқан.
Кіші жіліншік (шыбық) (fibula) жіңішке, ұзын түтікті тәрізді, сирақтың латеральді жағында орналасқан.
Аяқ басы сүйектері (ossa pedis) үш бөлікке: тілерсек (ossa farsi), табан сүйектеріне (ossa metatar salia) және бақай сүйектеріне (ossa digitorum pedis) бөлінеді.
Тілерсек сүйектері (топай, өкше, қайық, текше тәрізді және үш сына сүйектері).
Аяқ сүйектерінің еркін қозғалмайтын жамбас белдеуі және еркін қозғалып тұратын сүйектер байланысы болып екіге бөлінеді.
...Аяқтың еркін қозғалатын сүйектеріне жамбас-сан буыны, тізе буыны және балтыр мен аяқ басы сүйектерінің буындары жатады.
Жамбас сан буыны, жамбас ортан жілік буыны, тізе буыны, аяқ басы бөлігі сүйектерінің байланыстары: балтыр топай буыны, топай-асты буыны, тілерсек-табан буыны, табан-бақай буыны, башпай аралық буыны.
Бұлшық еттер туралы ілім (myologia). Бұлшық еттердің құрылысы. Бұлшық еттердің күйі. Бұлшық еттердің жұмысы.
Бұлшық еттер (musculus) – тірек қимыл аппаратының негізгі бөлігі. Қимыл жұмысын атқаратын бұлшық еттердің болуы жануарлар ағзасының ерекшелігі және оның өсімдіктер дүниесінен айырмашылығының бірі болып табылады.
...Бұлшық еттің жұмысы негізінде оның жиырылғыштық қасиетіне және үнемі құрысу, сіресу (тонустық) қасиеттеріне байланысты.
Бұлшық еттің негізгі жұмысы механикалық, егер бұлшық ет жиырылу кезінде дене бір орыннан екінші орынға ауысса динамикалық, ал егер бұлшық ет жиырылғанда, дене қозғалыссыз қалса-статикалық жұмыс деп аталады.
...Адам денесіндегі бұлшық еттер бірыңғай салалы бұлшық еттер және көлденең жолақты (қаңқа) бұлшық еттер және жүрек бұлшық еттерінен тұрады. Бірыңғай салалы бұлшық еттердің эволюциялық шығу тегіне қарағанда, ол өте ертеде пайда болған бұлшық еттерге жатады. Өйткені олар омыртқасыз жануарларда өте көп кездеседі. Кейіннен ағзаның күрделі қозғалыстарға өтуіне байланысты көлденең жолақты бұлшық еттердің омыртқалы жануарларда көбейгені ғылымға мәлім.
Адамдарда бірыңғай салалы бұлшық еттер ішкі мүшелердің, тамырлардың және терінің құрамында ғана кездеседі. Көлденең жолақты бұлшық еттер дененің күшті және тез қимылдайтын бұлшық еттеріне жатады. Көлденең жолақты бұлшық еттер адамның еркіне байланысты денені қозғап жүргізеді, теңдікті сақтауға қатысады. Бұлшық еттер қол-аяқты адамның еркіне қарай қозғайды. Тыныс алуға, күйінгенде құрсақты сығып қатайтуға, сөйлеуге, ымдауға, шайнауға, зәр шығаруға да қатысады. Бірыңғай салалы және жүрек бұлшық еттері адамның еркінсіз де қызмет етіп тұрады. Оларды еріксіз бұлшық еттер деп атайды. Мысалы, жүректегі, ішек қарындағы, қуықтағы т.б. бұлшық еттерді айтуға болады.
Бұлшық еттердің құрылысы. Бірыңғай салалы бұлшық ет ұлпасы мезенхимадан пайда болады. Ұзындығы 0,1-0,5 мм ұршық тәрізді жасушалардан өзара жасуша қабығы арқылы жапырақталып не қабатталып, ал кейде топталып та бірігеді, мысалы, шаш түбіріндегі бұлшық ет.
Көлденең жолақты бұлшық еттер-ұсақ талшықтардан (фибриллдерден) түзілген. Фибриллдер протоплазмадан және олардың шеттері шашыранды түрде ядро және сарколемма деп аталатын қабықтардан түзіледі. Барлық бұлшық еттер сыртынан жұқа дәнекер ұлпалы шандыр қабықпен (фасциямен) қапталады. Шандыр қабық ішіндегі бұлшық еттер өздерінше жеке-жеке жиырыла алатын болады. Бұлшық еттердің түсі оның жұмысына қарай қызыл және боз (ақшыл қызғылт) болады. Егер бұлшық ет көп қызмет атқаратын болса, онда қан тамырлары көп болғандықтан бұлшық ет қызыл болады.
Бұлшық еттің күйі. Әрбір бұлшық ет өзінің морфологиялық (сыртқы пішініне байланысты) үш жағдайында болуы мүмкін: қалыпты, ұзару және қысқару. Қызметіне байланысты бұлшық ет кернеуде немесе босаңсу жайында болады. Осыған байланысты бұл күйлерден бірнеше нұсқалар тууы ықтимал: 1-кернеулі-І ұзарған, ІІ қалыпты, ІІІ қысқарған; қалыпты жағадайдан-босаңсу немесе қысқарғаннан кейін де босаңсу.
І – 1. Бұлшық ет ұзарған және кернеуде. Бекитін және басталатын жерлері бір-бірінен қашық орналасқан, бұлшық ет созыңқы, тығыз.
ІІ – 1. Бұлшық ет қалыпты жағдайда, кернеуде. Басталу жері мен беку жері өзгеріссіз, бұлшық етті сипағанда тығыз келеді.
ІІІ – 1. Бұлшық ет қысқарған және кернеуде. Бекіген жерлері жақындаған, бұлшық еттің қарны жуандау, бұлшық етті сипағанда тығыз келеді.
ІІ -2. Бұлшық ет қалыпты жағдайда, босаңқы. Бұлшық еттің кернеуі онша емес және табиғи тонусын қамтамасыз етеді.
ІІІ -2 .Бұлшық ет қысқарған және босаңқы. Беку орындары өте жақын орналасқан; бұлшық етті сипағанда жұмсақ және өзінің салмағының арқасында салбырап тұр (тұрақты табиғи тонусқа қарамастан).
Жоғарыда айтылған жағдайлардың ауыспалы түрлері де болуы мүмкін, ол бұлшық еттің босаңсу мен қысқару дәрежесіне сонымен бірге қысқару және ұзару шамасына байланысты.
Бұлшық ет қысқаруға және созылуға қабілетті бола тұрса да, оның өзіне тән күйге-тұрақты еріксіз кернеуде болады, оны тонус деп атағанбыз. Бұлшық ет созылуға қарсылық білдіреді. Тонус дәрежесін бұлшық еттің жұмсақтығына қарай бағалайды.
Бұлшық еттің тонусы орталық нерв жүйесімен реттеледі және рефлекторлық қасиеті бар, бұлшық еттерде әсіресе созылу кезінде пайда болған импульстерге байланысты. Егер бұлшық етке келетін нервтерді қиып жіберсе ол семіп қалады және оның тонусы төмендейді.
Бұлшық еттердің жұмысы. Бұлшық еттің негізгі қасиеті созылу, жиырылу. Бұлшық еттер жиырылғандағы жылулық тыныштықтағы бұлшық еттің жылулығынан артық болады. Мысалы, жүргенде, жүгіргенде, секіргенде, әртүрлі қара жұмыс істегенде денеміздің жылынып кететіні белгілі. Денедегі қимылдың барлығы бұлшық еттердің жұмысынан пайда болады. Бұлшық ет жиырылғанда оның пішіні өзгереді, ұзындығы қысқарады. Бұлшық ет жеке қысқарғанда алғашқы күйіне қарағанда 50-57%, ал буын арқылы қысқарғанда 35% қысқаратыны дәлелденген. Бұлшық ет қатайып жуандайды, ал жиырылу басылған соң бұлшық ет бұрыңғы қалпына келеді. Оны бұлшық еттің солуы дейді. Бұлшық еттер нерв жүйесі мен келген қозу арқылы әрқилы жұмысты атқарады. Қозу химиялық заттар, электр тогы, жылу не суық т.б. әсерінен болуы мүмкін.
Бастың бұлшық еттері мен шандыр қабықтары. Мойын бұлшық еттері мен шандыр қабықтары
Бастың бұлшық еттері шайнау және ымдау бұлшық еттері болып екіге бөлінеді.
Шайнау бұлшық еттеріне (m. masseter) төрт жұп, нағыз не меншікті шайнау бұлшық еті, самайдың бұлшық еті, ішкі (медиальді) қанатты бұлшық ет және сыртқы (латеральді) қанатты бұлшық еттері жатады.
Ымдау (мимика) немесе бет бұлшық еттері негізінде тері астында орналасқан. Басқа бұлшық еттерден айырмашылығы олардың шандырлы қабығы болмайды. Олар бір ұшымен бас сүйектеріне бекісе, екінші ұшымен бет терілеріне бекиді. Сондықтан да өздерінің жиырылу нәтижесінде бет терісінің орнын ауыстырып, жиырып және жазып ымдау құбылыстарын туғызады.
Осыған орай ымдау бұлшық еттері өздерінің топографиясы мен қызметіне байланысты ми сауытының, құлақтың, көз бен ауыз айналасының және мұрын аймағының бұлшық еттері деп бөлінеді. Адамның бұлшық еттері тамақты ұстау, көзді қорғау не ашу сияқты қызмет атқарса, адамдарда тілдің шығуына байланысты бұл бұлшық еттер басқа да ымдау бұлшық еттерімен қосылып, ағзаның биологиялық және психологиялық күйлерін белгілеуге қатысады. Сөйлеудің дамуына байланысты ауыз және көз аймағындағы бұлшық еттер жақсы жетілген.
Жоғарыда аталған ымдау бұлшық еттеріне ми сауытының үстіңгі, маңдай, шүйде, кербез (тәкаппар), көздің дөңгелек (сақиналы), қасты түю, ауыздың дөңгелек, езуді көтеретін, езуді төмен тартатын, ұрт, жоғарғы ерінді көтеретін, бет, күлкі, төменгі ерінді түсіретін, иекасты, мұрын және құлақ бұлшық еттері жатады.
...Мойын бөлігі жоғарғы жағынан жақпен, төменгі жағынан бұғанамен, төстің тұтқасы мен шектеледі.
Мойын бұлшық еттерінің қызметтері өте күрделі оған мойындағы түрлі мүшелерді қозғалысқа келтіретін (шайнау, жұту, тыныс алу, сөйлеу, ән салу, ымдау т.б. үлкенді-кішілі көптеген бұлшық еттер жатады. Осыған сәйкес мойын бұлшық еттерінің екі бүйіріндегі топ (латеральді), ортаңғы топ (медиальді) және артқы топ (дорзальді) бұлшық еттері деп бөлінеді.
Тұлға бұлшық еттері. Арқа бұлшық еттері мен шандыр қабықтары. Көкіректің бұлшық еттері мен шандыр қабықтары
Адамның денесіндегі барлық бұлшық еттерді қаңқаны бөлгендей ны да бірнеше бөліктерге, яғни тұлға бұлшық еттері, мойын бұлшық еттері, бас бұлшық еттері, қол бұлшық еттері және аяқ бұлшық еттері деп бөлінеді.
...Тұлғаның бұлшық еттері: арқа, мойын, көкірек және құрсақ бұлшық еттері болып бөлінеді.
...Арқаның беткі бұлшық еттеріне трапеция тәрізді, арқаның жалпақ, жауырынды көтеретін, ромб тәрізді, жоғарғы артқы және төменгі артқы тіс тәрізді бұлшық еттер жатады.
...Арқаның тереңдегі бұлшық еттеріне бас мойын белдеу бұлшық еті, омыртқа жотасын жазатын немесе сегізкөз арқа жоталық өсінділердің және көлденең арқа жоталық өсінділерінің бұлшық еттеріне жатады.
...Көкіректің бұлшық еттері (mm. thoracicus) тұлғаның алдыңғы бөлігінде жатады. Оның жоғарғы жағы мойынмен шектелсе, латераль шекарасы тарамды бұлшық етпен көкіректің үлкен бұлшық етінің аралық сайы бойымен қолтық ойысын бойлап өтеді. Төменгі шекарасы төс сүйегінің семсер тәрізді өсіндісінің тұсынан ҮІІ қабырғаны бойлай қолтық ойысына жетеді.
Көкіректің бұлшық еттері де беткі және тереңде жатқан бұлшық еттер болып бөлінеді. Оның беткі бұлшық еттерінің қол мүшесіне қатысы бар. Оларға көкіректің үлкен және көкіректің кіші бұлшық еті, бұғана асты және алдыңғы тіс тәрізді бұлшық еттері жатады.
...Диафрагма (diaphragma) кеуде-құрсақ аралық перде, немесе көкет. Ол құрсақ қуысын кеуде қуысынан бөліп тұрады.
Диафрагма тақ, жалпақ күмбез тәрізді бұлшық ет. Ол бұлшық етті және сіңірлі бөліктерден тұрады.Бұлшық етті бөліктерінің бір ұшымен кеуде қуысының төменгі жиегіне шеңберлене бекиді, екінші ұштары сіңірге айналып, күмбездің сіңірлі орталығын құрайды.
... Құрсақтың бұлшық еттері (mm. abdominis) жоғарғы жағынан кеуде қуысыныың төменгі шекарасын, төменгі жағынан жамбастың жоғарғы шекарасын, ал екі латеральді жағынан қолтық сызығының орталығын алып жатады, құрсақтың бұлшық еттері топографиялық жағынан бүйір, алдыңғы және артқы қабырға бұлшық еттері болып бөлінеді. Олардың алдыңғы қабырғалық бұлшық еттеріне құрсақтың тік және пирамидалық бұлшық еттері, ал бүйір қабырғалық бұлшық еттеріне құрсақтың сыртқы, ішкі қиғаш және құрсақтың көлденең бұлшық еттері, ал артқы қабырғалық бұлшық еттеріне белдің шаршы бұлшық еті жатады.
Қолдың бұлшық еттері мен шандыр қабықтары. Қолдың еркін қозғалатын бөлігінің бұлшық еттері. Қол басының бұлшық еттері мен шандыр қабықтары
Қолдың бұлшық еттері де оның қаңқасына ұқсас топографиялық ерекшелігіне қарай иық белдеуі мен қолдың еркін қозғалып тұратын бөлігінің бұлшық еттері деп екі топқа бөлінеді.
Иық белдеуінің бұлшық еттері (m. cingulimembri) қолды тұлғаға төс-бұғана буыны арқылы жалғастырады. Иық белдеуі көп арқа бұлшық еттерінің жәрдемімен мекемделіп тұрады. Олар трапеция тәрізді, кіші көкірек, ромб тәрізді, алдыңғы тіс тәрізді және жауырынды көтеретін бұлшық еттерден тұрады. Енді иық белдеуінде орналасып қолдың еркін қозғалып тұратын бөліктерін қимылдататын және оны мекемдейтін бұлшық еттерге: тарамды бұлшық ет, жауырын қырының үстіңгі, астыңғы, кіші жұмыр, үлкен жұмыр және жауырын асты бұлшық еттері жатады.
...Қолдың еркін қозғалатын бөлігінің бұлшық еттері: тоқпан жілік білек және қол басы бұлшық еттері болып үшке бөлінеді. Тоқпан жілік бұлшық еттері орналасуына қарай алдыңғы және артқы топқа бөлінеді. Алдыңғы топ бұлшық еттері жиырылғанда қолды иық буынынан жазып көтереді, шынтақ буындарынан бүгеді. Артқы топ бұлшық еттері жиырылғанда, ол буындарды жазады да қолды түсіреді. Тоқпан жілік бөліктің алдыңғы топ бұлшық еттеріне: құс-тұмсық-тоқпан жілік, екі басты және тоқпан жіліктің бұлшық еттері, ал артқы топ бұлшық еттеріне үш басты және шынтақ бұлшық еттері жатады.
Тоқпан жіліктің бұлшық етінің шандыр қабығы дельта тәрізді бұлшық еттермен және білек шандыр қабығымен жалғасып жатады. Бұл қабықтар тоқпан жіліктің медиальді және латеральді жағынан сол жіліктің сүйек қабығына бекіп, перде түзеді. Осы бұлшық ет перделері бүгуші топ бұлшық еттерінен жазушы топ бұлшық еттерін ажыратып тұрады.
Білектің бұлшық еттері (m.anterbrachii) екі топқа бөлінеді. Оның алдыңғы тобы қолды бүгуші және қол басын алға қарай айналдырушы (пронатор), артқы тобы қолды жазушы және қолды артқа қарай айналдырушы (супинатор) бұлшық еттерге жатады. Бұл бұлшық еттер топ-тобымен сыртынан шандыр қабықпен қапталып, артқы топ бұлшық еттерін алдыңғы топ бұлшық еттерінен ажыратып жатады. Білектен білезікке өткенде шандыр тығыз бөлігі қол басы сүйектерінің алдыңғы және артқы байламдарын құрайды.
Білек бұлшық еттерінің алдыңғы және артқы топ бұлшық еттері беткі және тереңдегі бұлшық еттерге бөлінеді.
Алдыңғы тобының беткі бұлшық еттеріне: жұмыр пронатор, шыбықтың қол басын бүгуші, алақанның ұзын бұлшық еті, саусақты бүгетін беткі және қол басын бүгуші шынтақ бұлшық етері жатады. Бұл бұлшық еттердің барлығы тоқпан жіліктің медиальді өсіндісінен, өсінді аралықтарынан және шандыр қабықтарынан басталады
...Қол басының бұлшық еттері мен шандыр қабықтары. Қол басының бұлшық еттері саусақтарды қимылға келтіретін ұсақ бұлшық еттерден тұрады.
Аяқтың бұлшық еттері мен шандыр қабықтары. Балтырдың бұлшық еттері мен шандыр қабықтары. Аяқ басы бұлшық еттері мен шандыр қабықтары
Аяқтың бұлшық еттері анатомиялық ерекшеліктеріне қарай жамбас белдеуінің бұлшық еттері және аяқтың еркін қозғалатын бөлігінің бұлшық еттері болып екіге бөлінеді.
Жамбас белдеуінің бұлшық еттері ішкі және сыртқы топқа бөлінеді. Бұл жамбасты іштей және сырттай қоршап орналасқан бұлшық еттер аяқтың сан бөліктеріне дейін жетеді. Сондықтан да жамбас-сан буыны датүрлі қозғалыстар жасайды. Жамбас белдеуінде жамбас пен сегізкөз арасы бірігіп қосылғандықтан, ол жерде қозғаушы бұлшық еттер болмайды.
Жамбастың ішкі бұлшық еттеріне мықын-бел, алмұрт тәрізді ішкі жапқыш бұлшық ет және құйымшақ бұлшық еттері жатады. Жамбастың сыртқы бұлшық еттеріне бөксенің үлкен, ортаңғы, кіші және санның жалпақ шандыр қабығына кіретін, егіз, шаршы және сыртқы жапқыш бұлшық еттері жатады.
...Жамбас белдеуінің шандыр қабықтары жамбас шандыр қабықтарының ішінде мықын-бел бұлшық етін қаптап жатқан мықын қабығы жақсы жетілген. Бөксе шандыр қабықтары-құрсақтың ішкі шандыр қабығының жалғасы. Жамбастың сыртқы бұлшық еттері бөксе шандыр қабығымен қапталған. Бөксе шандыр қабығының бірнеше жапырақшалары бөксе бұлшық еттерін жекелеп орап та жатады.
...Аяқтың еркін қозғалатын сүйектерінің бұлшық еттері сан, балтыр және аяқ басы бұлшық еттері болып бөлінеді.
Сан бұлшық еттері мен шандыр қабықтары. Сан бұлшық еттері өздерінің орналасуы мен қызметіне байланысты алдыңғы, ортаңғы және артқы топ бұлшық еттеріне бөлінеді. Оның алдыңғы топ бұлшық еттері санды жазу, ортаңғысы әкелу, ал артқысы бүгу қызметін атқарады.
Санның алдыңғы топ бұлшық еттеріне таспа, төрт басты және тізе-буын бұлшық еттері жатады.
...Санның ортаңғы (медиальді) топ бұлшық еттеріне нәзік, тарақша бұлшық еті, ұзын, қысқа және әкелуші бұлшық еттері жатады. Бұл бұлшық еттердің барлығы жамбастың шат және отырғыш (шонданай) сүйектерінен басталып, ортан жіліктің бұдырларына бекиді.
...Санның артқы топ бұлшық еттеріне санның екі басты бұлшық еті, жартылай сіңірлі бұлшық еті және жартылай жарғақты бұлшық еті жатады. Бұл бұлшық еттердің барлығы бөксе бұлшық еттерімен жабылған. Шонданай сүйектің дөңесінен басталып, тізені екі жағынан қоршай өтіп сирақ сүйектеріне бекиді.
Балтырдың бұлшық еттері мен шандыр қабықтары
Балтырдың бұлшық еттері де алдыңғы, шеткі және артқы топ бұлшық еттері болып үш топқа бөлінеді. Оның соңғы тобы беткі және тереңдегі бұлшық еттерге бөлінеді.
Балтырдың алдыңғы топ бұлшық еттеріне үлкен жіліншіктің алдыңғы, башпай жазушы, ұзын және үлкен бақайды жазушы ұзын бұлшық еттері жатады. Бұл бұлшық еттер екі жіліншіктен басталады.
Қан тамырлар туралы ілім. Қан айналу жүйесі. Қан түзу және иммундық жүйелер
Жүрек қан тамырлар тұйық жүйе құрайды, қан жүректің жиырылуы мен қан тамырларының қабырғаларының миоциттеріне байланысты қан жылжып отырады. Қан тамырлары артериямен жүректен шығатын; венамен жүрекке келетін қан тамырларымен берілген. Сонымен бірге микроциркуляторлық арнамен, олар артериолдар, прекапилляр артериолдарымен , капиллярлармен, псоткапиллярлармен, венулалармен, венула және артериолды-венулалар анастамоздарымен берілген.
...Қан тамырлар терінің жабынды эпителийінде және кілегей қабықтарда, шашта, тырнақта, көздің мүйізді қабықшасында және буын шеміршектерінде кездеспейді.
Қан тамырлары өздерінің аттарын баратын мүшелерден алады (бүйрек артериясы, талақ венасы т.б.), немесе үлкен тамырдан шығатын орындарынан (жоғарғы шажырқай артериясы, төменгі шажырқай артериясы), жақын жатқан сүйектерден (шынтақ артериясы); бағытына (медиальді артерия, санды айнала); терең орналасып жатуына (беткері немесе терең артериясы) көпшілік кіші тамырлар бұтақтары деп аталады.
Мүшелер мен ұлпаларды қан мен қамтамасыз етуіне байланысты париетальді (қабырғалық) , немесе висцеральді (ішкілік) ішкі мүшелерді қанмен қамтамасыз ету артериялары болып бөлінеді. Артерия мүшеге енгенше оны мүшелік, мүшеге енгеннен кейін мүше іші еп атайды.
Артериалардың қабырғалары үш қабықшадан тұрады: ішкі, ортаңғы және сыртқы. Ішкі қабықша эндотелийден, эндотелий асты қабат және ішкі серпімді жарғақтан тұрады. Эндотелиоциттер тамырдың ішін астарлап жатады. Олар ұзына бойы созылып азғана иірілген шекарадан тұрады. Эндотелий асты қабат жұқа серпімді және коллаген талшықтарынан тұрады оның үстіне біркелкі дәнекер жасушалар бар. Сыртына қарай ішкі серпімді жарғақ-торланған (терезе сияқты) серпімді талшықтар орналасқан. Артерийдің ортаңғы қабықшасы спираль орналасқан миоциттерден тұрады, олардың арасында онша көп емес коллаген және серпімді талшықтар кездеседі, және сыртқы серпімді жарғақ, ол ұзына бойы орналасқан жуан қиғашталған серпімді талшықтардан құралған. Сыртқы қабықша борпылдақ талшықты пішінсіз дәнекер ұлпадан тұрады. Құрамында серпімді және коллаген талшықтар бар, онда қан тамырлары мен нервтер өтеді.
Артерия қан тамырларының қабырғаларының дамуына байланысты үш түрге бөлінеді, олар бұлшық етті тамырлар, аралас және серпімді тамырлар. Бұлшық етті артерияның ортаңғы қабырға қабаты жақсы дамыған. Миоциттермен серпімді талшықтар спиральді пружина сияқты орналасқан. Ортаңғы қабаттың миоциттері өздерінің жиырылуының арқасында мүшелер мен ұлпаларға қанның келуін реттеп отырады. Диаметрі жұқарған сайын артерияның қабырғалары жұқарады, эндотелий асты қабат және ішкі серпімді жарғақтың қалыңдығы кемиді. Сонымен бірге миоциттер мен серпімді талшықтардың саны азаяды. Сыртқы қабатында тек серпімді талшықтар азайып, сыртқы серпімді жарғақ түгелімен жойылады.
Ішіндегі ең жұқа, бұлшық ет түрі-артериолалар, диаметрлері 100 мкм кіші және олар капиллярларға ауысып кетеді. Артериолалардың қабырғаларында ішкі серпімді жарғақ (мембрана) болмайды. Ортаңғы қабат бірен-саран миоциттерден құралған, спиральді бағытталған, араларында азғантай ғана серпімді талшықтар кездеседі. Сыртқы серпімді жарғағы ірі артериолаларда кездессе, ұсақ тамырларда жоққа жақын. Сыртқы қабат серпімді және коллаген талшықтарымен берілген. Артериолалар капилляр жүйесіне қанның келуін реттеп отырады.
Тамырлар жүйесінің құрылым негіздері. Артерия жүйесі. Қанмен қамтамасыз ету аймақтары және топографиясы
Әртүрлі мүшелерді қанмен қамтамасыз ету және артерия жолдары олардың құрылысына, атқаратын қызметіне, дамуына байланысты бірнеше заңдылықтарға бағынады.
Ірі артериялар қаңқамен нерв жүйесіне байланысты орналасады. Омыртқа жотасы мен жұлын бойына қолқа орналасса, бір қан тамыры бір сүйекті қанмен қамтамасыз етеді. Мысалы, тоқпан жілікті-аттас артерия, кәрі жілік пен шынтақ сүйектерінде сәйкес артериялар қамтамасыз етеді. Екі жақты симметрия мен сегментарлық адам дене құрылысында, сондықтан да артериялар жұп болса, ал көпшілік артериялар тұлғаны қанмен қамтамасыз ететін-сегментарлы болып келеді.
Артериялар белгілі мүшелерге барынша қысқа жолмен жеткізіледі (түзу сызық), мүше мен негізгі дің ді қосатын жер. Сондықтан әрбір артерия өзіне жақын жатқан мүшені қанмен қамтамасыз етеді. Егер іштей даму кезінде мүше орын ауыстырып қозғалса, онда артерия қан тамыры да ілесіп оның тұрақты орнына жылжып отырады. Осындай негізде артериялар дененің бүгілетін қысқа жағында орналасады, егер олар қарама-қарсы жағында болса, бүгілу кезінде қан тамырларының саңылауы жиырылуға (тарылуға) мәжбүр болар еді. Қан тамырлардың жұқа қабырғалары қорғанышты қажет етеді, жарақаттан, қысылудан. Бұл қызметті қаңқа сүйектері арналар мен сайлар орындайды сүйектерден, бұлшық еттерден және фасциялардан құралған.
Артерия қан тамырлары мүшеге-медиальді ойыс немесе ішкі жағынан енеді. Артериялардың көлденең қимасы және тарамдалуы сол мүшенің көлеміне және атқаратын қызметіне байланысты.
Буынның айналасында артерия торлары құрылады.
Түтікше тәрізді мүшелерде артериялар шеңбертәрізденіп, ұзына бойы немесе радиальді болып тарамданады. Талшықты құрылысы бар мүшелерге (бұлшық ет, байламдар, нервтер) артерия қан тамырлары бірнеше жерден еніп, талшық бойымен орналасады.
Мүшені қанмен қамтамасыз ету, тек өзінің ғана артериясы мен емес, сонымен бірге көрші жатқан мүшелерде-қанды анастамоз арқылы береді. Анастамоз (гректің anastomosis- қосылған, жабысқан жер) –бұл үшінші бір тамыр-екі тамырды жалғастырып тұратын. Сонымен бірге қанмен қамтамасыз етуде коллатераль қанайналымның маңызы зор. Коллатераль (латынша collateralis-бүйір) –бұл бүйір тамыр, қан ағысы айналып өтеді. Олардың екі түрі бар: біріншілері кәдімгі жәй құрылысы бар, екіншілері анастамоздардан қайта пайда болып дамиды және ерекше құрылысы бар. Коллатераль тамырлар артерия жүйесінде де, вена жүйесінде де кездеседі.
Адамның онтогенезінде артериялар көптеген өзгерістерден өтеді. Дүниеге келгеннен кейін саңылауы кеңейіп, қабырғалары жуандайды. 14-18 жасқа қарай тұрақталады. 40-45 жастан кейін артериялардың ішкі қабаты жуандайды, эндотелиоциттердің құрылысы өзгеріп, атросклероз қатпарлы табақшалары (бляшки) пайда болады, тамырдың саңылауы кішірейеді. Бұл өзгерістер адамның тамақтануына, тұрмысына байланысты. Аз қозғалу, жануар тектес майларды, көмірсуларды, ас тұзын көп мөлшерде пайдалану осындай өзгерістерге әкеліп соғады. Дұрыс тамақтану, денешынықтырумен айналысу (спортпенде) бұл үрдісті баулатады.
Үлкен қан айналу шеңберінің веналары. Жоғарғы қуыс венасының жүйесі. Қолдың веналары. Төменгі қуыс венасының жүйесі. Қақпа венасының жүйесі. Аяқ веналары. Лимфа жүйесі.
Үлкен шеңбер веналары артерияларымен параллель жатады. Қол- аяқ веналары теріасты және терең веналар болып екіге бөлінеді. Терең веналары қосарланып, аттас артериялармен параллель жатса, беткей веналары тері астында жәй көзге көрініп өтеді.
Адам денесіндегі вена тамырларын орналасуына қарай жәнен дененің қай бөлігіне жиналуына байланысты жоғарғы, төменгі қуысты және қақпа веналарының жүйесі болып үшке бөлінеді.
... оң жүрекше үлкен қан айналу шеңберінің барлық вена тамырларымен бірге жүрек вена тамырларының ашылатын жері болып саналады.
Жоғарғы қуыс венасының жүйесі. Бұл жүйе қанды бас, мойын, қол, көкірек қуысынан жинайды. Ол өте қысқа және жуан тамыр. Мұның өзі оң және сол иық-бас бағанының қосылуынан пайда болып оң жүрекшеге келіп ашылады, клапаны болмайды.
Көкірек қуысының веналарына сыңарлы және жартылай сыңарлы веналар жатады. Олар вена қанын көкірек қуысының қабырғасынан жинайды. Сыңарлы венаға барлық оң қабырғааралық веналар ашылса, жартылай сыңарлы венаға сол жақ қабырғааралық веналармен өңеш және кеңірдек веналары құяды. Жартылай сыңарлы вена омыртқа жотасының сол жағымен жоғары қарай көтеріліп, орта жерінен сыңарлы венаға қосылып кетеді.
Бас және мойын веналарына ішкі және сыртқы мойындырық (ярем) веналары жатады. Олардың ішкі мойындырық венасы ми сауытының табанынан басталып бұғанаға дейін жетеді.
...Бұл веналар мидың барлық бөлігінен және мойын мүшелерінен вена қанын жинайды. Сыртқы мойындырық венасы тері астында жатады.
...Жалпы алғанда сыртқы мойындырық венасы бастың шүйде бөлігінен және мойынның тері мен бұлшық еттерінен, бет бөліктерінен вена қанын жинақтап бұғанаасты венаға немесе венозды бұрышқа құяды.
Қолдың веналары орналасуына қарай теріасты және терең веналар болып бөлінеді. Теріасты немесе беткей жатқан веналар артерияларымен қабаттаспай тері астында орналасады.
...Қол веналарында клапандар көп болады, тек анастамозданған жерлерінде ғана клапандар болмайды.
Төменгі қуыс венасының жүйесі. Ол төменгі бел омыртқа тұсында оң және сол жалпы мықын веналарының қосылуынан пайда болады. Бұл венада көкірек қуысына қарай көтеріліп оң жүрекшеге ашылады. Жалпы төменгі қуыс вена жүйесі вена қанын дененің төменгі бөлігінен жинайды. Олар құрсақ және аяқ веналары деп бөлінеді.
Құрсақ веалары-орналасуына қарай қабырғалық (париетальді) және ішкі мүшелік (висцеральді) болып екіге бөлінеді. Оның қабырғалық веналарына бел веналары, диафрагма, сегізкөз веналары жатады.
Қақпа венасының жүйесі.Ол құрсақ қуысындағы тақ мүшелердің вена қанын өзіне жинайды. Құрсақ қуысында, ас қорыту мүшелерінің веналарынан жинақталған үш ірі вена түзіледі. Оларға көкбауыр, жоғарғы және төменгі шажырқай веналары жатады. Бұл үш вена ұйқы безінің тұсында бірігіп, бауырдың қақпа венасына айналады. Қақпа венасы өте ірі, қысқа келген тамыр. Ол бауырға қақпасы арқылы еніп, бауыр веналарына бөлініп капиллярларға тарайды.
...ағзада бауырдың қақпа венасының маңызы өте зор. Себебі ас қорыту мүшелерінен келген қанның құрамында қоректік заттармен бірге зиянды (улы) заттар болады. Оларды бауыр өзінің күрделі қызметі арқасында зиянсыздандырады. Осының нәтижесінде тазартылған қан бауыр венасы арқылы төменгі қуыс венасына, одан жүрекке, жүректен үлкен шеңбер арқылы ағзаға таралады.
...Лимфа жүйесі деп вена жүйесін толықтырып тұратын тамырлар жүйесін айтады. Лимфа жүйесінің ағза үшін маңызы өте зор. Себебі оның зат алмасу және фагоцитарлық үрдістерге қатысы бар. Ұлпааралық сұйықтық ағзаның ішкі ортасы болып есептелінеді. Осы ортада қан мен ұлпа арасындағы зат алмасу үрдісі лимфа арқылы іске асырылады. Себебі ұлпааралық сұйықтық қайтадан қанға толық сорылмай, ұсақ лимфа капиллярларына өтеді, олар біртіндеп жинақталып лимфа тамырларына айналады. Денедегі барлық лимфа тамырлары жинақталып көкірек және оң жақ лимфа өзектерін түзеді. Осы лимфа өзектері арқылы ұлпа сұйықтығы мойындырық және бұғанаасты веналарының қосылысынан пайда болған веноздық бұрышқа келіп ашылады. Қорытып айтқанда, лимфа сұйықтығы ұлпа аралығында қаннан пайда болып, ақыр аяғында вена қанына араласады.
Лимфа жүйесіне мыналар жатады: лимфа саңылаулары, лимфа капиллярлары, лимфа тамырлары,т лимфа бездері.
Лимфа саңылауларына іштіктің сероздық қуысы, плевра мен жүрек қабының қуысы, ми және жұлын қабықтарының аралықтары, ми қарыншаларының қуысы, жұлын арнасы, ішкі құлақтың лимфа қуысы, буын қуыстары жатады.
Лимфа капиллярлары өте ұсақ тамырлар, қабырғасы бір қабатты эндотелиальді жасушалардан түзілген. Олар бір-бірімен көлденең қосылыстар жасап, мүшелер мен ұлпаларда капилляр торларын түзеді.
Лимфа тамырлары лимфа капиллярларының бірігуінен пайда болады. Бұл тамырлардың қабырға құрылысы қан тамырлар қабырғасынан жұқа келеді. Оның ішкі қабаты-эндотелиальді, ортаңғысы-серпімді талшықтар мен бірыңғай салалы бұлшық ет ұлпасынан, ал сырт қабаты дәнекер ұлпадан түзілген. Лимфа тамырлары орналасуына қарай беткей және терең тамырлар болып бөлінеді. Олар бір-бірімен көлденең қосылыстар жасап байланысады.
Лимфа бездері лимфа тамырларының жолында топтанып жатады. Осыған орай лимфа тамырлары лимфа бездерінен өтеді. Лимфа бездері әр түрлі пішінде болады. Олардың сыртқы капсуласы жиырылып, ішіндегі сұйықтықты сығып шығаруға көмектеседі. Бездерде пайда болған ақ түйіршіктер (лейкоциттер) лимфа сұйықтығына араласып оның құрамын өзгертіп отырады.
...лимфа бездері тізе буынында, тақым астында, жамбас, шат, шынтақ буынында, қолтық, жақ астында, мойында, өкпеде, бронхыда, ішек шажырқайында кездеседі. Көптеген лимфа бездері жұтқыншақта көмей тесігінен айнала қоршап орналасқан.
Нерв жүйесінің дамуы және оның маңызы. Нейрондар. Синапстар. Рефлекторлық доға
Нерв жүйесі жануарлар мен адамдарда ұзақ эволюциялық даму нәтижесінде қалыптасқан. Ол сыртқы ортаның түрлі құбылыстарының әсерінен өзгеріп күрделеніп отырады. Осыған байланысты ішкі-сыртқы тітіркендіргенгіштерін қабылдап, оған жауап беріп ағзаны өзгермелі жағдайларға бейімдейді. Сонымен қатар әртүрлі мүшелердің , ұлпалардың және жасушалардың қызметін реттеп оларды өзара және сыртқы ортамен байланыстырып, ағзаның біртұтастығын жүзеге асырады. Нерв жүйесінің осы айтылған жұмысына байланысты ағзаның мүшелері мен ұлпаларының арасында күрделі физиологиялық үрдістер де жүреді. Нерв жүйесі тек қарапайым жануарлар өкілдерінде ғана болмайды. Бірақ тітіркену үрдісі барлық ірі материяға тән қасиет болғандықтан, оларда да тітіркену, тітіркендіргіштерді қабылдау, оған жауап қайтару процестері өтеді. Тітіркендіруден туған нерв үрдісін және оның нерв бойымен өтуін нерв импульсі деп атайды.
Адамда нерв жүйесі еңбекпен, спортпен айналысуына байланысты өте күрделі және жоғарғы дәрежеде дамыған, ол ой мүшесіне айналған.
...Нерв жүйесі ұрықтың даму кезеңінде өте ерте пайда бола бастайды. Екі апталық ұрықтың денесінің дорзальді бөлігінде эктодермадан (сыртқы ұрық жапырақшасынан) ми-нерв тақташығы қалыптасады. Даму нәтижесіне байланысты тақташықтың екі жақ ұзына бойы жиегі қалыңдап, бір-бірімен бірігіп, ұзынша келген нерв түтігін түзеді. Нерв түтігі хорданың үстіңгі жағында параллель жатады. Оның алдыңғы бөлігі біртіндеп ми бөліктеріне айнала бастаса, артқы ұзынша бөлігінен жұлын пайда болады. Ал түтіктің қалыңдап келіп қосылған жиегі ганглиозды тақташыққа айналады. Осы ганглиозды тақташықтан бара-бара омыртқааралық жұлын түйіндері мен ми нервтерінің түйіндері дамиды.
Нерв түтігінің алдыңғы жақ қуысы кеңейіп, өзгеріп ми қарыншаларын түзсе, артқы бөлігінің қуысы жұлын арнасына айналады.
Жалпы нерв жүйесі нерв ұлпасынан нейрондар мен нейроглиядан түзілген. Нейроглия нерв жасушасының тірегі болуымен бірге, оған белгілі бір пішін беріп, оларды қоректендіру (трофикалық) жұмысына қатынасады.
Нейрон-толық келген негізгі бөлімінен-денесінен және одан тарамдалған ұзынды-қысқалы өсінділерінен түзілген. Денесі сұр түсті протоплазма мен ядродан тұрады. Қысқа тарамдалған өсінділерін дендриттер, ал ұзын өсіндісін аксон (нейрит) деп атайды.
Аксон өсіндісі нерв импульсін жасуша денесінен шығарып отырса, дендриттер, керісінше, жасуша денесіне жеткізіп отырады. Осы аталған нерв жасушасының өсінділерін нерв талшықтары деп атайды.
...Нерв жасушалары бір-бірімен жалғасып нейрондар тізбегін түзеді. Бұндай жағдайда бір жасушаның екінші жасушамен байланысқан жерін синапс деп атайды. Нейрон бойындағы нерв қозуы жасушаның дендрит-дене аксон бағыты бойынша өтеді.
Ағзаның орталық нерв жүйесінің қатысуымен өтетін және ішкі-сыртқы тітіркендіргіштерге қайтаратын жауап реакциясын рефлекс деп атаймыз. Мысалы, төрт басты бұлшық еттің сіңірін, тізеден төмендеу жерден балғамен жайлап ұрсақ, еттің жиырылу нәтижесінен аяқ тізе буынынан дереу жазылады, жарық көзге түссе, көздің қарашығы дереу кішірейеді, ауызға бір нәрсе түссе сілекей бөлінеді. Рефлекстің (нерв импульсінің) жүретін жолын рефлекторлық доға деп атайды.
Бас ми бөлімдері. Ақ және сұр заттар топографиясы. Қызметі.
Нерв жүйесі ұрықтың арқа бөлімінде нерв тақташығы-эктодермадан пайда болады. Ол тақташықтың екі шеті жиырылып нерв түтігіне айналады. Оның алдыңғы толық бөлігінен алғашқы үш ми көпіршіктері пайда болады. Одан мидың бес бөлігі дамиды.
Осы ми бөлімдерінің әр түрлі қарқында дамуына байланысты алдыңғы және артқы ми көпіршіктері екіге бөлінеді. Алдыңғы ми көпіршігінен алдыңғы ми мен аралық ми пайда болса, артқы ми көпіршігінен артқы ми мен сопақша ми пайда болады. Ал ортаңғы ми көпіршігі көп өзгермей ортаңғы мидың өзін түзеді.
Ми бөліктерінің дамуына байланысты көпіршіктердің қуысы да өзгере бастайды. Алдыңғы ми көпіршігінің қуысынан екі ми сыңарларының ішінде жатқан екібүйір қарыншалары пайда болса, аралық мида-үшінші қарынша пайда болады. Ал ортаңғы мидың қуысы жіңішке түтік тәрізді болғандықтан оны су құбыры деп атайды. Ол жоғарғы жағынан үшінші қарыншамен байланысып жатса, төменгі жағынан төртінші қарыншаға жалғасады. Артқы ми қуысында төртінші қарынша пайда болады, ол төменгі жағынан жұлын арнасымен жалғасады. Бұл аталған ми қарыншалары мен түтіктері өзара тығыз байланыста жатып, ішіндегі жұлын-ми сұйықтығын бір-біріне өткізіп тұрады.
Ми бөлімдерінің әр түрлі дәрежеде дамуына байланысты ортаңғы ми тұсындағы төбе, артқы мидағы көпір, сопақша ми мен жұлын аралығындағы шүйде иіндері пайда болады.
Ми өзінің дамуына, құрылысына және атқаратын қызметіне қарай ми сыңарларының қыртысына, қыртыс асты бөлігіне және ми бағанына бөлінеді.
Ми сыңарларының қыртыстары мидың тарихи даму жолында жаңа өте күрделі бөлігі болып саналады. Ми сыңарлары ұрықтың 1-ші ми көпршігінен дамыған. Көлемнің үлкендігінен астыңғы жағында жатқан басқа ми бөліктерін қоршап жауып, жабындыға ұқсап жатады. Сондықтанда, оны ми жабындысы деп атайды. Оның сыртқы жағы өте қыртысты келеді, ал ішкі жағы ақ заттан түзілген. Осы ақ затта нейрондар жиынтығынан түзілген ядролар орналасады, оларды қыртысасты ядролар деп атайды.
Қыртысасты бөлімі де ұрықтың 1-ші ми көпіршігінен пайда болады. Бұл ми сыңарларының ақ затының ішінде терең жатқан сұр түсті ядролар бар. Олар нейрондардың шоғырынан түзілген.
Мидың баған бөлімі. Оған сопақшам ми, көпір, мишық, ми сабақтары мен төрт төмпешік жатады. Бұлар мидың тарихи ерте дамыған бөлімдері болып саналады. Олар ми сыңарларына қарағанда жай құрылысты, көлемдері де кіші келеді
Жұлын нервтері. Торабтары. Топографиясы. Нервтендіру аймақтары.
Адамда 31 жұп жұлын нервтері болады. Оларды жатқан жерлеріне қарай 8-жұп мойын, 12-жұп көкірек, 5-жұп бел, 5-жұп сегізкөз, 1-жұп құйымшақ нервтеріне бөледі.
Мойын торабы негізінде жоғарғы төрт жұп мойын нервтерінің алдыңғы бұталарының қосылысынан пайда болады. Ол мойын омыртқаларының жанында мойын бұлшық еттерінің астында орналасқан. Бұл торабтан таралатын нервтерді бұлшық ет, тері және аралас нервтер деп бөледі. Торабтан шығатын нервтер бастың тік және бүйір бұлшық еттерін, бас пен мойынның ұзын бұлшық еттерін, сатылы және төс-бұғана-емізікше бұлшық етерін нервтендіреді. Мойын торабынан төмендеу мойын нервісі, төмендеу тіласты нервісімен бірігіп мойын нерв ілмегін түзеді. Бұл нерв ілмегі тіласты сүйегінің төменгі жағындағы бұлшық еттерді нервтендіреді. Мойын торабынан бұлшық еттерге баратын қозғалтқыш нервтерден басқа, сезімтал нервтер де шығады. Оларға негізінде мойын терісіне тарамдалатын шүйделік кіші нерв, мойынның көлденең нервісі, бұғанаүсті нервтері жатады.
...Иық торабы мойынның төменгі төрт жұп нервісінің алдыңғы бұталарының өрімінен пайда болады. Бұл тораб мойынның екі жағында сатылы бұлшық еттердің аралығында жатады. Бұның бұғанаүсті бөлігінен шыққан қысқа нервтері адамның иық буынына, иық белдеуіне, көкіректің беткей бұлшық еттеріне тарамдалса, бұғанаасты бөлігінен шыққан ұзын нервтер қолдың ұзына бойына тарамдалып бұлшық еттері мен терісін нервтендіреді.
...Бел торабы негізінде төрт бел нервтерінің алдыңғы бұтақтарының өрімінен пайда болады. Бұл тораб бел омыртқаларының екі жақ бүйірінде, үлкен бел бұлшық еттерінің астында орналасқан. Одан шыққан қысқа нерв талшықтары бел-мықын және белдің шаршы бұлшық еттерін нервтендіреді. Торабтан шыққан ұзын нервтерінің жоғарғы бөлігі құрсақтың алдыңғы қабырғасын және жыныс мүшелерін нервтендіреді. Ұзын нервтердің төменгі тобына сан, қолсұғар, төменгі мықын-құрсақ және мықын-қасаға нервтері жатады.
...Сегізкөз торабы негізінде сегізкөз нервтерінің алдыңғы бұталарының өрімінен түзіледі, бұл ең ірі тораб болып саналады. Ол кіші жамбас қуысында алмұрт тәрізді бұлшық еттің алдында жатып қысқа және ұзын нервтерге тарамдалады.
Қысқа нервтерге жоғарғы және төменгі бөксе нервтері, ал ұзын нервтерге шонданай және санның артқы тері нервісі жатады.
Ми нервтері. Топографиясы. Қызметі.
Ми нервтері-12 жұп ми нервтері (ІҮ-нервтен басқасы) мидың астынғы жағынан тәртіппен басталып өздеріне тән аттарымен аталады. І-иіс нервісі, ІІ-көру нервісі, ІІІ-көз-қимылдату нервісі, ІҮ-шығыр н., Ү-үшкіл н., ҮІ-әкеткіш н., ҮІІ-бет н., ҮІІІ-кіреберіс-ұлу н., ІХ-тіл-жұтқыншақ н., Х-кезеген н., ХІ-қосымша н., ХІІ-тіласты нервісі.
І-иіс нервісі-cезімтал нервтер, ол (16-20) иіс нерв талшықтарынан түзілген. Иіс талшықтары мұрын қуысының кілегей қабықшасынан басталып, ми сауытының ішіне тор сүйегі арқылы еніп, иіс жолының нейрондары жатқан иіс жуашығына жетеді. Бұл нейрондардың талшықтары иіс жолы арқылы иіс бұрышына, одан белдеу, теңіз жылқысы қатпарының ілмегіне (иіс орталығына) келіп аяқталады.
ІІ-көру нервісі-сезімтал нервтер, бұл көз алмасының торлы қабықшасынан басталып, ми сауытының ішіне сына сүйектің көру арнасы арқылы енеді. Онда көру нервтерінің кейбір талшықтары айқасып көру жолы арқылы қыртысасты көру орталықтарына барып аяқталады. Қыртысасты көру орталықтары ортаңғы мидың жоғарғы қос төмпешігінде, сыртқы тізелі денеде және көру төпешігінің көпіршігінде орналасқан.
ІІІ-көз-қимылдату нервісі-негізінде қозғалтқыш нервтер қатарына жатады. Оның құрамында қарашықты тарылтатын және көздің әртүрлі қашықтықтағы заттарды көруін қамтамасыз ететін бұлшық еттерге баратын парасимпатикалық талшықтары да болады. Бұл нервтің орталығы ми сабақшаларының қақпақша бөлігінде жатады. Нервтің өзі, ми сабақшаларының арасынан ми бетіне теуіп, жоғарғы көз саңылауы арқылы көз шарасының ішіне еніп, көз алмасының жоғарғы, төменгі, ішкі тік бұлшық еттері мен төменгі қиғаш бұлшық етін нервтендіреді.
ІҮ-шығыр нервісі-қозғалтқыш нервтер. Нерв ядросы көз қимыл нервісі ядросының қасында, ми сабақшаларының қақпақша бөлігінде жатады. Бұл нервортаңғы мидың төменгі қос төмпешігінің астыңғы жағынан ми бетіне теуіп, жоғарғы көз саңылауы арқылы көз шарасына еніп, көз алмасының жоғарғы қиғаш бұлшық етін нервтендіреді. Маңдай сүйектің ілгектеніп тұрған өсіндісінен, жоғарғы қиғаш бұлшық етке тік түсіп тұруына байланысты оны шығыр нервісі деп атаған.
Ү-үшкіл нерв-аралас нерв болып саналады. Нерв орталығы ромбы ойысының жоғарғы бөлігінде, ми көпірінде жатады. Көпір бетіне үлкен және кіші түбірлерімен шығады. Үлкенін-сезімтал түбір, кішісін-қозғалтқыш түбіршік деп атайды. Сезімтал түбір айшық түйінін түзгеннен кейін түбіршекпен қосылып барып үш тарамға бөлінеді: көз, жоғарғы жақ және төменгі жақ нервілеріне. Осыған байланысты бұл нервті үшкіл нерв деп атайды.
ҮІ-әкеткіш нерв-қозғалтқыш нервтер қатарына жатады. Бұл нервтің де ядросы ромбы ойысының жоғарғы бөлігінде, ми көпірінің тұсында жатады. Нерв түбіршігі сопақша мидың пирамидасымен көпір аралығынан ми бетіне шығады. Жоғарғы көз саңылауы арқылы көз шарасына еніп, көз алмасының сыртқы тік етін нервтендіреді. Бұл бұлшық ет жиырылғанда көзді сыртқа қарай әкетеді (тартады), сондықтан бұл нервті әкеткіш нерв деп атаған.
ҮІІ-бет нервісі-аралас нервтерге жатады. Құрамында жақасты және тіласты сілекей бездеріне баратын парасимпатикалық талшықтары болады. Бұл нервтің де ядросы ромбы ойысының жоғарғы бөлігінде (ми көпірінде) жатады. Бет нервісі сопақша мидың зәйтун тұсынан ми бетіне шығып, самай сүйегінің тасша бөлігіндегі ішкі есту жолы арқылы жүріп отырып, ми сауытынан сыртқа теуіп, бетке тарамдалып, барлық ымдау бұлшық еттерін нервтендіреді. Нервтің сезімтал талшықтары тілдің алдыңғы бөлігіндегі дәм сезгіштігін қамтамасыз етеді.
ҮІІІ-кіреберіс-ұлу нервісі-соматикалық сезімтал нервтер қатарына жатады. Бұл нерв жеке кіреберіс ұлу деген екі бөліктен түзілген. Ұлу бөлігі есту толқынын ішкі құлақтан мидың самай бөлігіндегі жоғарғы есту қатпарына жеткізсе, кіреберіс бөлігі қозуды ішкі құлақтың тепе-теңдік мүшелерінен мишыққа береді.
Нервтің ұлу бөлігі ішкі құлақтың ұлу бөлігіндегі бұранда түйін жасушаларынан басталады. Бұл жасушалар есту жолының бірінші нейрондары болып саналады.
ІХ-тіл-жұтқыншақ нервісі-аралас нерв болып саналады. Бұл нерв құрамында шықшыт сілекей безін нервтендіретін парасимпатикалық нерв талшықтары болады. Нерв ядросы ромбы ойысының төменгі бөлігінде сопақша мида жатады. Ми бетіне зәйтун артынан шығып, шүйде сүйектің мойындырық тесігі арқылы ми сауытынан сыртқа тебеді. Нервтің талшықтары тілдің артқы бөлігімен жұмсақ таңдайдың кілегей қабықшасын, жұтқыншақты, көмей бездерін, ал қозғалтқыш талшықтары-жұтқыншақ бұлшық еттерін нервтендіреді.
Х-кезеген нерв-аралас нервтер қатарына жатады. Бұл нерв құрамында, көкірек қуысы мен құрсақ қуысында жатқан мүшелерді нервтендіретін парасимпатикалық талшықтар болады. Бұл нервтің де ядросы ромбы ойысының төменгі бөлігінде, сопақша мида жатады. Ми бетіне зәйтуннің артқы жағынан шығып, мойындырық тесігі арқылы ми сауытынан мойын бөлігіне қарай бағыт алады. Бұл нерв мойын бөлігінен көкірек қуысына одан құрсақ қуысына өтеді. Мойын бөлігінде-тіл түбірінің кілегей қабықшасын, көмекей бұлшық еттері мен кілегей қабықшасын, жұтқыншақ бұлшық еттерін; көкірек қуысында-жүректі, өңешті, өкпелер мен бронхыларды; құрсақ қуысында-ас қорыту мүшелерін тік ішекке дейін нервтендіреді. Сол себептен кезеген нерв, парасимпатикалық нервтердің ішіндегі ең ірісі және ең ұзыны болып табылады.
ХІ-қосымша нерв-қозғалтқыш нервтер қатарына жатады. Оның ядролары сопақша ми мен жұлынның жоғарғы сегменттерінде жатады. Осыған байланысты нервтің ми және жұлын бөліктеріндегі түбірлерді айырады. Нервтің төменгі жұлын түбірлері шүйде тесігі арқылы ми сауытына еніп, жоғарғы ми түбіршіктерімен қосылады. Осы қосылыстан пайда болған қосымша нервтің негізгі сабағы, кері ми сауытынан шығып, трапеция тәрізді және төс-бұғана-емізік бұлшық еттерін нервтендіреді.
ХІІ-тіласты нерв-қозғалтқыш нерв. Ядросы сопақша мида орналасқан. Бұл нерв сопақша ми пирамидасы мен зәйтун арасынан ми бетіне шығып, шүйденің тіласты арнасы арқылы ми сауытынан тілге қарай бағыт алады. Тіласты нерв тіл бұлшық еттері мен мойынның алдыңғы бетіндегі кейбір бұлшық еттерін нервтендіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |