9. Ақшалай қаражаттардың есебі.
10. Еңбек жəне еңбекақы.
11. Дебиторлық қарыздар жəне басқа да активтер.
12. Инвестицияны есептеу.
13. Меншікті капитал.
14. Өндіріс шығындарының есебі жəне құрылыс өнімінің (қызметінің) өзіндік құнын
калькуляциялау.
15. Мерзім шығындары.
16. Сату, табыс жəне баға.
17. Есеп беру.
18. Түсініктеме.
Кəсіпорынның есеп саясатын оның бас бухгалтері немесе арнайы есеп бөлімі
құрастырады. Есеп саясаты кəсіпорын құрылған сəттен бастап дайындалады. Дайындалған
есеп саясатын кəсіпорынның басшысы өзінің бұйрығымен бекітеді. Осы кəсіпорынның
қабылдап, бекіткен есеп саясаты сол кəсіпорынның есеп қызметін атқаруы барысында негізгі
құжат ретінде қолданылады.
Келісімге түсінік.Оның мазмұны.Келісім арқылы құрылыс өндірісін бағалау.Тапсырушы
мен мердігерлер арасындағы шаруашылық- өндірістік қатынас.Одан туындайтын есеп
айырысу ерекшеліктері.Келлісім бойынша төлем.Құрылыс өндірісінің орындалуына
байланысты есеп айырысуда болатын өзгерістер.Претензия операциялардың есебі.Құрылыс
шығынының келісім-шарт бойынша есептелінді.Құрылыс өндірісін басқару шығынының
есебі.Келісім-шартта қарастырылмаған шығындар есебі.
Тақырып -3. Құрылыстағы шығындардың классификациясы жəне өзіндік құнның есебі.
3.1. Шығындар есебінің мəні жəне жіктелуі
3.2. Өндірілген өнімнің өзіндік құны жəне калькуляциялау əдістері
3.3. Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың жəне шығынды есепке алудың
халықаралық тəжірибеде қолданылатын əдістері
3.1. Шығындар есебінің мəні жəне жіктелуі
Жалпы кəсіпорын немесе оның бөлімшелері өндірісінің тиімділігін сипаттайтын
көрсеткіштер жүйесінде басты орынды өнімнің өзіндік құны алады. Өзіндік құн құрамы оны
құрайтын шығындармен анықталады.
Құрылыс саласында өндіріс шығындарын басқару – күрделі процесс. Өзінің мəні
жағынан сол кəсіпорынның бүкіл қызметін басқаруды білдіреді, өйткені болып жатқан
өндіріс процестерінің барлық жақтарын қамтиды.
Шығындар есебі мəнінің көпшілік қабылдаған анықтамасы, бұл – шығындар есебі
кəсіпорында белгілі уақыт аралығында болған жабдықтау, өндіріс жəне өнім өткізу
процестерін, оларды сандық өлшеу, заттай жəне құнды көрсеткіштермен тіркеу, топтастыру
жəне талдау арқылы көрсетуге бағытталған шаралар жиынтығы болып табылады. Мұндай
көрсету кəсіпорынды (немесе кəсіпорындар бірлестігін) басқару мен оның қызметін қаржы
нəтижелерін анықтау арқылы бағалауға қажетті мəлімет алуды қамтамсыз етеді.
Бірақ, мұндай тəсіл басқару есебінің даму барысында жəне дамыған өндірістік есеп
теориясында пайдалану бағыттары бойынша шектелген. Біздің ойымызша, өндіріске
жұмсалған шығындар есебінің маңызын анықтау, техникалық жағынан басқа, өндіріске
жұмсалған шығындар есебін түрлендіруді немес басқару есебінің өндірістік қызметін
ұйымдастыруға əртүрлі тəсілдерді қамтуы тиіс. Осылайша, шығындар есебінің мазмұнын
анықтау кəсіпорындарда оны ұйымдастыруды үлгілеудің шынайы алғы шарттарын жасайды.
Басқарудың кері процесіне сəйкес, есеп ақпараттық жүйе ретінде тек қана іс-əректті ғана еме,
сондай-ақ болашақта кəсіпорын экономикасын белгілі бір бағыт үшін ақпараттар
дайындайды.
Егер қндіріске жұмсалған шығындар есебі басқару үлгісіне сəйкестендіріліп бұрынғы,
қазіргі жəне болашақтағы өндірістік қызметі нəтижелері мен шығындарын пайдалануды
көрсету процесі ретінде қарастырылса, онда есептің мұндай жүйесі өзіндік құнды басқарудың
негізгі міндеттеріне сəйкес келеді.
Нақты бір кəсіпорынның өндіріске жұмсалған шығындары есебінің негізгі міндеттері:
1)
кəсіпорын əкімшілігін басқару шешімдерін қабылдау үшін ақпаратпен
қамтамасыз ету;
2)
болашақтағы
экономикалық
стратегияны
қалыптастыру
мен
ауыртпашылықтарды табу мақсатында нақты шығын деңгейін мөлшерлі жіне жоспарлы
шығындармен салыстыра отырып бақылау;
3)
дайын өнімді бағалау жəне қаржылық нəтижелерді есептеу үшін
шығарылатын өнімнің өзіндік құнын есептеу;
4)
құрылымдық бөлімшелердің өндірістік қызметінің экономикалық
нəтижелерін анықтау жəне бағалау;
5)
ұзақмерзімді
сипатқа
ие,
өндірістік
жəне
технологиялық
бағдарламалардың өзін-өзі ақтауы, өнім түрлерінің пайдалылығы, негізгі қорлар мен
өндірістік қосалқыларға салынған күрделі салымдардың тиімділігі туралы шешімдер
қабылдау үшін өндірістік қызметті басқару есебінің ақпараттарын жүйелендіру.
Кез келген өнімді (жұмыс, қызмет) өндіру белгілі бір шығындармен
байланысты.Сондықтан да шығындарды жіктеу өндірістік есептің маңызды элементі болып
табылады. Əдетте, топтау қағидаларына калькуляция баптарының номенклатурасы сəйкес
келеді. Өзіндік шығындарды дұрыс есептеу үшін оның ғылыми негізделген жіктелімі аса
қажет. Құрылыс саласында шығындарды өндірістік үрдістің барлық жағын қамти отырып,
яғни оның ерекшеліктеріне қарай белгілі бір топқа жатқыза отырып, орындау қажет.
Өндірілген өнімді калькуляциялау жəне бағалау үшін шығындар былай топталады:
-
негізгі - өндірістің технологиялық процесімен тікелей байланысты (шикізатты,
технологиялық қажеттіліктерге кеткен материалдық шығындар, негізгі өндірістік
жұмысшыларға жалақы төлеу, машиналар мен құрал-жабдықтарды ұстау мен пайдалануға
кеткен шығындар т.б.);
-
үстеме шығындар (өндірісті ұйымдастыру, оған қызмет ету жəне басқарумен
тікелей байланыста пайда болады);
-
тікелей - өнімнің нақты бір түрін өндірумен байланысты жəне оның өзіндік
құнына тікелей кіреді;
-
жанама шығындар жекелеген өнім түрлерінің құнына тікелей емес, жанама
түрде бөлінеді. Олар өнімнің өзіндік құнына əртүрлі əдістердің көмегімен (ставка, пайыз,
коэффициенттер) жанама жолмен қосылады;
-
кірістік шығындар - қолда бар жəне сатып алынған ресурстар, келешекте
табыс əкелуі ықтимал;
-
өткен шығындар, олар келешекте табыс əкелу қабілетін жойған ресурстар.
Тəжірибеде шығындар келесідей топтастырылады:
- құрамы бойынша;
- түрлері бойынша;
- өндіріс процесіндегі экономикалық рөлі бойынша;
- өнімнің өзіндік құнына жатқызу тəсілі бойынша;
- өндіріс көлемі бойынша;
- шығындардың тиімділігі бойынша.
Құрамы бойынша бірэлементті жəне кешенді шығындар деп жіктеледі. Бірэлементті
шығындар – бір элементтен тұратын шығындар (енбекақы, материалдар, ақша аударулар).
Кешенді шығындар – бірнеше элементтен тұратын шығындар (барлық элементтер кіретін
цехтық шығындар).
Достарыңызбен бөлісу: |