50
шоттар корреспонденциясындағы «Күмəнді қарыздар бойынша резервтер» шотының дебетінде
жүргізіледі. Егер дебитор өзінің бережағын толық қайтарған болса, осы бережақты бойынша есептелген
резерв сомасы, дебиторлық бережақ жойылған есепті кезеңнің пайдасына бірігеді. Операция «Күмəнді
қарыздар бойынша резервтер» шотының дебетінде жəне «Сатудан тыс табыстар мен шығындар» немесе
«Басқа да табыстар мен шығындар» шотының кредитінде жүргізіледі. Осындай жазулар күмəнді
қарыздардың резерві құрылған есепті кезеңнің сонына дейін қолданылмағанда жүргізіледі.
Аталған табыстар мен шығындар түрлерінің əрбіреуі үшін жасалған операциялардың қаржылық
нəтижесін анықтау мүмкіндігін қамтамасыз ететін аналитикалық шоттар ашылады. «Сатудан тыс табыстар
мен шығындар» жəне «Басқа да табыстар мен шығындар» синтетикалық шоттармен жасалған операциялар
пайда жəне зиян туралы қаржылық есепті жасауға қажетті ақпаратты қалыптастыруда есепті жылдың
басынан жинақталған жолмен көрсетіледі. Аталған шоттардың аяқталған, яғни ең соңғы нəтижесі пайда
немесе зиян түрінде ай сайын қорытынды қаржылық нəтижелер шотына «Пайдалар жəне зияндар»
беріледі.
10 –Дəріс: Міндеттемелердің жəне капиталдың есебі.
10.1. Меншікті капитал есебі
10.2. Міндеттемелер есебі
10.1. – сұрақ: Меншікті капитал есебі
Кəсіпорынның жарғылық капиталы қызметті бастауды қамтамасыз ету үшін жаңадан құрылған
кəсіпорынның жасаған қаражаттарының сомасы болып табылады.
Ол акцияларды орналастырудың немесе сатудың, жеке капиталын салудың, мемлекеттік
қаражаттарының, материалдық емес активтердің жəне басқа да мүліктердің немесе мүліктік құқықтарының
есебінен құрылады. Сонымен қоса, жарғылық капитал жаңадан құрылған заңды тұлғалар өз қызметін бастау
үшін бастапқы материалдық базасы болып та табылады, ол құрылтайшылардың (акционерлердің,
қатысушылардың) қатысу үлесін жəне кепілдік сипатын анықтайды.
Шаруашылық серіктестіктердің жарғылық капиталына салынатын салымдары, ақша да, бағалы
қағаздар да, мүлік те, мүліктік құқық та жəне басқа да мүліктер (интеллектуалдық қызметтің нəтижесіне
берілген құқын да қоса алғанда) болуы мүмкін.
Құрылтайшылардың (қатысушылардың) жарғылық капиталына натуралды нысанда салынатын
салымдары немесе барлық құрылтайшылардың жалпы жиналысының шешімі бойынша мүліктік құқығы
ақшалай нысанда бағаланады. Осындай салымдардың құнының сомасы жиырма мың айлық есептік
көрсеткіштен асып түсуі керек, бірақ сол бағалауды тəуелсіз эксперт (бағалаушы) қуаттауы керек.
Шаруашылық жүргізуші субъектілер қайта тіркелген кезде қатысушылардың ақшалай салымдары
бухгалтерлік құжаттармен не болмаса аудиторлық есеп берулермен қуатталып бағалануы мүмкін.
Осындай бағалану кезеңінен бастап, бес жыл бойы шаруашылық жүргізуші субъектілердің
құрылтайшылары өздері қосқан сомаларының шегінен артық бағаланған салымдарына субъекті
кредиторларының алдында бірлесіп жауап береді.
Егер де салым ретінде субъектіге мүлікті пайдалану құқы берілсе, онда бұл салым үшін төленетін
төлемнің мөлшері, құрылтайшылардың құжаттарында көрсетілген барлық мерзімі үшін есептелген сомадан
анықталады.
Мүліктік құқы жоқ жəне басқа да материалдық емес игіліктерді жеке салым ретінде жасауға рұқсат
етілмейді, сондай-ақ қатысушылар серіктестікке бір-бірінің қарызын өзара есептесуге жатқызуына
болмайды.
Қосымша жəне жауапкершілігі шектелген серіктестіктердің жарғылық капиталының бастапқы
мөлшері құрылтайшылардың салым сомасына тең болады жəне құжаттарын мемлекеттік тіркеуден өту үшін
берген күнінде, оның мөлшері жүз айлық есепті көрсеткіштен кем болмауы керек.
Алған серіктестіктер тіркеуге дейін өздерінің жарғылық капиталының жалпы сомасының 25%-тей
мөлшерінде соманы төлеуге міндетті. Бірақ ол жарғылық капиталының минималды сомасынан кем
болмауы керек. Жалпы жиналыстың шешімімен бекітілген мерзімде серіктестіктің барлық қатысушылары
жарғылық капиталына берешегін толығымен өтеуі тиіс.
Ол мезгіл серіктестіктің тіркелген күнінен бастап саналады жəне ол бір жылдан аспауы керек. Егер де
серіктестіктердің қатысушылары белгіленген мерзімде өз үлестері бойынша міндеттемесін орындамаса,
онда қатысушылар өзінің есебінен бермеген үлесінің бір бөлігін қосуы керек, болмаса олардың жарғылық
капиталы қосатын үлесіне дейін азайтылады.
Акционерлік қоғамның жарияланған жарғылық капиталының мөлшері бірыңғай валюта көрсетілген
барлық шығарылған акцияның номиналды (атаулы) құнына тең болады. Қоғам өзінің шығады деп жариялап
қойған акцияларының барлығын немесе тек бір бөлігін ғана шығаруы жəне орналастыруы мүмкін. Ол
жағдайда жабық акционерлік қоғам мемлекеттік тіркеуден өтпес бұрын жарияланған жарғылық
капиталының толық төленуін қарастырады. Ашық акционерлік қоғамы өзінің жарияланған жарғылық
капиталының кем дегенде 25% тіркеместен бұрын төлеуі тиіс.
51
Жарияланған жарғылық капиталының минималды көлемі акционерлік қоғам үшін – бес мың
минималды есептік көрсеткішін, ал жабық қоғам үшін – жүз минималды есептік көрсеткішін құрайды.
Акционерлердің жалпы жиналысында анықталған əрі жарияланған санының шегінде акцияны
шығарудың жағдайы, мерзімі, саны директорлар Кеңесінің шешімімен белгіленеді.
Қоғамның шығарылған (төленген) жарғылық капиталының деңгейі шығарылатын акцияның
номиналдық (атаулы) құнына тең болады. Шығарылған (төленген) жарғылық капитал жаңадан шығарылған
немесе сатып алынған жəне жойылған акцияларына сəйкес өзгеруі мүмкін. Бұл жерде шығарылған
акйияның номиналды құнының жиынтық сомасы əрбір қоғам типіне белгіленген минималды деңгейден
төмен болмауы керек.
Қоғамның жарияланған жарғылық капиталы түгелдей төленіп жəне орналастырып біткен соң ғана,
ұлғайтуға рұқсат беріледі; жарияланған капитал мен шығарылған капиталдың арасында айырмасы болса,
онда сол сомаға жарғылық капитал азайтылады.
Жарияланған жарғылық капиталын ұлғайту жəне азайту туралы шешім акционерлердің жалпы
жиналысында қабылданады, бірақ оларды минималды деңгейден төмендетуге рұқсат етілмейді.
Барлық кредиторларға кем дегенде 30 күн бұрын хабарланған соң, жарияланған жарғылық капиталын
азайтуға рұқсат етіледі. Бұл жағдайда кредиторлар өзінің алашағын толық деңгейде, əрі тез арада талап
етуге құқылы.
Қоғам акциялары жай жəне айрықша болып келеді.
Заңға сəйкес акциялар акционерлердің келесі құқықтарын қанағаттандырады:
- дивиденттер алуын;
- қоғамды басқаруына қатысуын;
- қоғам жойылғаннан кейін одан қалған мүлікті бөлісуге қатыса алатындығын.
Қоғам тек иесі жазулы (атаулы) акцияны шығаруға құқы бар. Иесі жазулы (атаулы) акцияның
қозғалысы, яғни акцияның өз ұстаушысын ауыстыру, қатаң тəртіпте арнайы құжатта – акционерлік
қоғамның акционерлерінің тізімінде белгіленеді. Иесі жазулы (атаулы) акцияның құқын, тек тізімге
енгендер ғана пайдалана алады.
Жарғылық капиталдың қолда бары жəне қозғалысы 5010-ші «Жай акциялар», 5020-ші «Айрықшалығы
бар акциялар», 5030-ші «Қосқан үлестер мен жарналар» шоттары енетін 50-ші «Жарғылық капиталы» деген
шоттар бөлімшесінде жүргізіледі.
50-ші «Жарғылық капитал» бөлімшесінің шоттары бойынша қалдығы, оның құрылтай құжаттарында
көрсетілген жарғылық капиталының мөлшеріне сəйкес келуі керек. 50-ші бөлімшенің шоттары бойынша
жазу жарғылық капиталдың белгіленген тəртібі бойынша жүреді, олардың ұлғайған немесе азайған
жағдайында құрылтай құжаттарында да тиісті өзгерістер енгізіледі.
50-ші «Жарғылық капитал» бөлімшесінің шоттары бойынша операцияларын қарастырайық.
5010-ші «Жай акциялар», 5020-ші «Айрықшалығы бар акциялар» шоттарының кредиті бойынша
акционерлік қоғамның жарғылық капиталына салынатын салымдары бойынша қатысушылардың қарыз
сомасы көрініс табады, ал ол 5110-ші «Төленбеген капитал» шотымен корреспонденцияланады.
Шығарылған акциялардың (салымдардың) немесе жарналардың номиналдық құны төленсе, онда ол:
1030 дебеті бойынша жəне 5110 шоттың кредиті бойынша көрініс табады.
Егер де шығарылған акциялардың номиналдық құны негізгі құралдармен, материалдық
құндылықтармен жəне басқа да активтермен төленсе, онда мына шоттар дебеттеліп: 1310. 1320. 1330 жəне
5101 шоты кредиттеледі.
Капиталдың қозғалысы бойынша операциялардың дұрыс көрсетілуінің маңыздылығы əрбір кəсіпорын
үшін зор болып саналады. Төменде капиталдың қозғалысы бойынша тиісті операциялар көрсетілген.
Төленбеген капиталдың есебі. Төленбеген капиталдың есебін жүргізу үшін 511-ші «Төленбеген
капитал» шотын пайдаланады. Бұл шотта заңды жəне жеке тұлғалардың шаруашылық серіктестіктің
жарғылық қорына қасқан үлестері бойынша қарыздарының сомасы туралы ақпарат жинақталады.
5110 «Төленбеген капитал» шоты шоттардың Бас жоспарында, «меншік капиталы» ретінде сналса да,
яғни баланстың пассивтік шоттарының қатарында болса да, ол өзінің табиғаты бойынша активтік шот болып
табылады.
Сондай-ақ, 5101 шоты тек қана жалған капиталды көрсетеді, яғни ол бар болғаны табыс табуға
арналған жалған капиталдарды тіркейді (акцияларды, облигацияларды, кепілдік парақтарды, т.б.), демек сол
капиталдарға иелік құқығы бар екенін ғана білдіреді.
Жарияланған (белгіленген тəртіппен белгіленген) жарғылық қор сомасына 5101-ші «Төленбеген
капитал» шоты дебеттеледі де, 50-ші «Жарғылық капитал» бөлімшесінің шоттары – 5010-ші «Жай
акциялар», 5020-ші «Артықшылықты акциялар» (акционерлік қоғамдарда) жəне 5030-ші «Қосқан үлестер
мен жарналар» (серіктестіктердің акционерлік қоғамдардан басқа түрлерінде) шоттары кредиттеледі.
Жарғылық қорға салымдардың салынуының жүзеге асырылуына қарай 511-ші «Төленбеген капитал»
шоты кредиттеліп отырады, ал салым шоттары дебеттеледі:
- материалдық емес активтерді жарғылық қорға жарна ретінде төлеу кезінде – 2710.2730 шоттары;
- материалдар мен тауарларды жарғылық қорға жарна ретінде төлеу кезінде 1310 шоттары;
- ақшалай қаражаттарды жарғылық қорға жарна ретінде төлеу кезінде - 1010.1030 шоттары
дебеттеледі.
Достарыңызбен бөлісу: |