М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік



жүктеу 0,84 Mb.
Pdf просмотр
бет28/52
Дата27.01.2020
өлшемі0,84 Mb.
#27386
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   52

 
54 
. Бухгалтерлік есеп – субъектілердің активтері, меншікті капиталы, міндеттемелері, табыстары жəне 
шығыстары жөніндегі ақпаратты жинақтау, тіркеу жəне қорытындылау жүйесі. 
Қаржылық  есеп  беруді  жасамас  бұрын  оның  деректерінің  шынайылығын  қамтамасыз  ету  үшін 
«Бухгалтерлік  есеп  жəне  қаржылық  есеп  беру  туралы»  Заңға,  24  «Бухгалтерлік  қызметті  ұйымдастыру» 
бухгалтерлік есептің стандартына сəйкес субъект мүлікті жəне міндеттемелерді түгендеуге міндетті. 
Қаржылық есеп берудің элементтері: 
 
Активтер субъектінің құнмен бағаланатын мүлкі, мүліктік жəне жеке мүліктік емес игіліктері мен 
құқықтары. 
 
Активтер пайдалану мерзіміне байланысты екі топқа бөлінеді: ұзақ мерзімді активтер, ағымдағы 
активтер. 
 
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің активтері белгілі бір көздерден құралады. Субект 
активтерінің құралу  
Меншікті капитал- субъект қызметінің бүкіл кезеңіне арналып бекітіледі, оның негізгі жəне айналым 
қаржысының құралу көздері болып табылады. 
   Міндеттемелер- бұл белгілі тұлғаның ( борышкердің) басқа бір тұлғаның, яғни қарызгердің 
(кредитордың) пайдасына белгілі бір іс əрекет жасау міндеттемесі : мəселен, мүлікті тапсыруы, жұмыс 
атқаруы, ақша төлеуі жəне басқалар, не болмаса белгілі бір іс əрекеттен бас тарта тұруы, ал борышкерден 
оның міндеттемелерін атқаруды талап етуге қарызгердің құқы бар. 
Міндеттемелер ұзақ мерзімді жəне 
ағымдағы болып міндеттемелер болып бөлінеді. 
 
Табыстар- бұл активтердің көбеюі жəне міндеттемелердің азаюы. 
 
Шығыстар- бұл активтердің азаюы жəне мндеттемелердің көбеюі. 
Есептік  кезеңдегі  тугендеу  санын,  оның  жүргізілетін  күнін,  оның  əрбіреуін  тексеретін  мүлік  тізбесін 
субъект белгілейд. Субъект түгендеуді жүргізу міндетті мына жағдайларда қалыс қалады: 
~          жылдық  бухгалтерлік  есеп  беруді  жасау  алдында,  алайда  есептік  жылдың  қараша  айынан  бұрын 
бастамауы керек ; 
-          субъект  мүлікті  жалға,  сатуға,  сатып  алуға,  сондай-ақ  шаруашылық  жүргізуші  субъектінің  қайта 
кұрылуына тапсырғанда ; 
-     материалды-жауапты тұлға ауысқанда (істі қабылдау-тапсыру күні) ; 
-      талан-тараж  жəне  қаскүнемдік  фактілерін  белгілегенде,  сондай-ақ  құндылықтар                 
бүлдірілгенде мұндай фактілерде дереу түгендеу ; 
- төтенше жағдайдан болатын өрт немесе 
СТИХИЯЛЫҚ 
(дүлей) апат кезінде, бұл апаттар       басылғаннан 
кейін түгендеуді дереу қолға алу ; 
-  тарату (бөліністік) балансы жасалмастан бұрын субъектіні таратуда (қайтаұйымдастыруда);  
-  негізгі  құралды  жəне  тауарлы-материалдық  қорларын  қайта  бағалауда  -субъектінің      есептік   
саясатымен      белгіленген    мерзімде      жəне      Қазақстан  Республикасы  заңында  қарастырылған  басқа 
жағдайлар. 
Аяқталмаған құрылысты түгендеу барысында оның бар-жоқтығын (его наличие) жəне заттай көлемі 
тексеріледі,  сонымен  бірге  оның  құрамына  құрал-сайман,  құрастырылмай  есептен  шығарылған  монтаж 
кіретінін немесе кірмейтінін анықтау; құрылыс-монтаж жұмыстарының құрамында - жоспарсыз жұмыстың 
бар-жоғы  анықталуы  керек;  тоқтатылған  жəне  уақытша  тоқтатылған  құрылыс  объектілерінің  жағдайын 
анықтайды. 
Аяқталмаған  күрделі  жөндеулерді  түгендеу  нақты  өндірістің  заттай  жұмысын,  оның  көлемін  жəне 
құнын белгілеуді білдіреді. 

Банктегі шот, несие бойынша, салық бойынша банкпен есеп айырысу, 
бюджетпен, қызметксрлермен еңбекақы бойынша, жабдықтаушылармен, мердігерлермен жəне басқадай 
кредит  берушілермен  бастапқы  құжаттардың  негізінде  түгенделеді,  мұнда  қалдықтардың  нақтылығы 
белгіленіп,  бұл  шотқа  жататын  соманы  мұқият  тексереді.  Берешектің  пайда  болған  мерзімін,  оның 
нақтылығын, талап мерзімін өткізіп алған кінəліні анықтайды. Барлық дебиторлармен жəне кредиторлармен 
кəсіпорын қағаздық шоттан үзінді көшірме алмасуы керек жəне оларға түгендеу комиссиясын ұсыну керек. 
Баланстан берешектің есептеп шығаруын тексеріп, 3 жылдың ішінде өндіріп алу мүмкіндігін бақылауды 
жүзеге асыру аса қажет. 
Егер  айырысуларды  түгендеу  дебиторлық  жəне  кредиторлық  берешектер  сомасын  негіздсу  жəне 
қысқарту,  айыппүл  төлеуге,  тұрақсыздық  төлеміне  (айыбы)  жəне  күмəнді  қарыз  бойынша  резерв  пайда 
болуына жол бермеу үшін төлем тəртібінің сақталуын қадағалау, бекітідген келісімшарт бойынша өзара есеп 
айырысутөлем мерзімін нақтылау максатында жүргізіледі. 
    •   есеп беруші тұлғалармен есеп айырысу Қазақсган Респубтосасы заңында белгіленген іссапар 
жəне  өкілдік  щығындардың  орнын  толтыру  нормасына,  субъектінің  кассалық  операцияларды  жүргізу 
Ережесіне  сəйкес  апаруашылық,  өкілдік  жəне  іссапар  шығындарына  арналған  ақшалай  қаражатты  беру 
негіздемесінің дұрыстығын тексереді. Ақшалай қаражатты беру жəне шағын кəсіпорындардағы 24 «Шағын 
кəсіпкерлік субъектілерінің есебі жəне есеп беруі» Стандартына сəйкес тексеріледі; 
   •    кредиттерді  алу  жəне  өтеу  бойынша  банкпен  есеп  айырысу  —  тексеру  барысында  ағымдық, 
корреспонденттік  немесе  жинақ  шоттары  мен  оларға  тіркелген  қосымша  ақтау  құжаттарына  қатысты  банк 


 
55 
жазулары  салыстырылады.  Ақшалай  кредит  сомасының  есептелу  мерзіміне  жəне  процент  төлеміне 
(кредиттік келісімішартпен анықталады) сəйкес тексеріледі; 
Заемды белгілі орны бар банктер коммерциялық келісімшарт негізінде несиелік қабілеттілігі жоғары кəсіпорындарға береді. 
Банк заемы – банк белгілі  мерзімге сыйақысын  төлеу арқылы клиентке соманы бөледі немесе  беретін  келісімшарт болып 
табылады. 
Банктік емес мекемелердің заемдары – бір жақ – «заем беруші» - екінші жаққа – «заем алушыға» - ақша немесе материалдық 
қорларды қайтарып беру шарты бойынша бір периодқа қарызға беру туралы келісімшарт. 
Банк заемдарының түрлері: 
-  қысқа мерзімді- 1 жылға дейінгі,бірақ 2 жылдан кем емес; 
-  орта мерзімді- 1 жылдан 3жылға дейінгі; 
-  ұзақ мерзімді-3 жылдан жоғары.  
Орта жəне ұзақ мерзімді заемдар кəсіпорынның өндірістік жəне əлеуметтік дамуына қолданылады.  
Несиелендіру түрлері: 
-  аванстық - өнім дайындаушы кəсіпорындарға бөлінеді; 
-  бланкілік(сенімхат) –қаржылық тұрақты субъектілерге,сенімді төлеушілерге сенімді түрде беріледі; 
-  консорциалық  несие-  үлкен  мақсатты  жобаларды  несиелеу  үшін  заем  алушы  екі  немесе  одан  көп  банктерде 
қарастырылады; 
-  ипотекалық- мүлікті кепілдікке алып берілетін ұзақ мерзімді ссудалар; 
-  овердрафт-  банк  клиенттерінің  шоттарынан  қорларды  шығару  арқылы  жүзеге  асырылатын  қысқа  мерзімді 
несиелендіру формасы; 
-  кредиттік  сызық  –  минималды  төлемдер  шегінде  несиелер  немесе  «заем  алушы»  алдындағы  банктердің  құнды 
түрде құжатталған міндеттемесі; 
-  тұтынушы  мақсаттарына  арналған  несие:  несиеге  алынған  тауарларға;  жеке  құрылыстарға;  жеке  басқа  да  жеке 
қажеттіліктерге несиелер; 
-  Стэнд – бай – халықаралық валюталық қор елдерінен берілген несиелер. 
Инвестицияиы түгендеуде құнды қағаздарға жұмсалған шығынды растайтын құжаттар, олардың дұрыс  
 
a.  . №1 форма бухгалтерлік баланс  
        Кəсіпорынның  қаржылық  жағдайын  талдауда  негізгі  ақпарат  көзі  қызметін  бухгалтерлік  баланс 
атқарады.  Баланс-  есепті  жылдың  басындағы  жəне  соңындағы  кəсіпорынның  қаржылық  жағдайын 
сипаттайды  жəне  маңызды  қызметтер  атқарады.  Біріншіден,  баланс  меншік  иелерін  шаруашылық 
субъектісінің мүліктік жағдайымен таныстырады. Осы арқылы олар бұл субъект нені иеленеді, материалдық 
құралдардың  сандық  жəне  сапалық  қорлары  қандай,  кəсіпорын  жақын  арада  үшінші  жақ  алдындағы  өз 
міндеттемелерін ақтай ала ма, соны білдіреді. Екіншіден, басшылар кəсіпорынның басқа ұқсас кəсіпорындар 
жүйесіндегі өз орнын, таңдап алынған стратегиялық бағытының дұрыстығы туралы, ресурстарды пайдалану 
тиімділігін  салыстырмалы  сипаты  жəне  кəсіпорынды  басқару  бойынша  əртүрлі  сұрақтарға  шешімдер 
қабылдау  туралы  түсінік  алады.  Үшіншіден,  баланстың  мазмұнымен  ішкі  қолданушылар  сияқты,  сыртқы 
қолданушыларға  да  пайдалануға  мүмкіндік  береді.  Баланс  ақпараттары  негізінде  сыртқы  қолданушылар 
берілген кəсіпорынмен өзінің серіктесі ретінде жұмыс жүргізудің мақсатқа сəйкестігі жəне оның шарттары 
туралы  шешімдер  қабылдай  алады,  өз  салымдарының  мүмкін  болатын  тəуекелділіктерін  жəне  берілген 
кəспорынның  акцияларын  иеленудің  орындылығын  жəне  басқа  шешімдерді  бағалайды.    Баланстың  
маңыздылығы  соншалық,  көп  жағдайда  қаржылық  жағдайды  талдауды  баланстық  талдау  деп  атайды. 
Бухгалтерлік  баланс-  қаржылық  есептің  негізгі  түрі  бола  отырып,  ол  есепті  кезеңдегі  кəспорын  мүлкінің 
құрамы  мен  құрылымын,  ағымдағы  активтердің  айналымдылығы  мен  өтімділігін,  меншікті  капитал  мен 
міндеттеменің  қолда  барын,  дебиторлық  жəне  кредиторлық  борыштың  динамикасы  мен  жағдайын  жəне 
кəсіпорынның несие қабілеттілігі мен төлеу қабілеттілігін анықтауға мүмкіндік береді. Баланс көрсеткіштері 
кəсіпорынның  капиталын  орналастыру  тиімділігін  ,  оның  ағымдағы  жəне  алдағы  кезеңдегі  шаруашылық 
қызметке  жетуі,  қарыз  көздерінің  көлемі  мен  құрылымен,  сондай-  ақ  оларды  ынталандыру  тиімділігін 
бағалауға  мүмкіндік  береді.  Осылайша,  бухгалтерлік    баланс-  талдау  үшін  жəне  кəсіпорынның  қаржылық 
жағдайын  бағалауда  ақпараттың  ең  қажетті  түрі  болып  табылады.  Сыртқы  түрі  бойынша  бухгалтерлік 
баланс  кесте  болып  көрінеді  де,  оның  сол  жақ  бөлігінде  мүліктер  құрамы  мен  орналасуы  бойынша,  яғни, 
баланс активі көрсетіледі. Оң жақ бөлігінде осы мүліктердің қалыптасу көздері, яғни, баланс пассиві көрініс 
табады. Актив пен пассив жиынтықтарының арасында теңдік болуы тиіс. Мұның өзі баланстың активі мен 
пассиві қорлардың сол  бір ғана жиынтығын екі түрлі топтарда көрсетілетіндігімен түсіндіріледі. Баланстық 
бап  бухгалтерлік  баланстың  негізгі  элементі  болып  табылады.  Ол  мүліктердің,  міндеттемелердің  түріне, 
қалыптасу  көздеріне  сəйкес  келеді.  Яғни,  бухгалтерлік  баланс  бабы  деп  -  кəсіпорын  мүлкінің  жекелеген 
түрлерін, оның пайда болу көздерін, міндеттемелерін сипаттайтын баланс активі мен пассивінің көрсеткішін 
айтады.  Баланс  актив  бөлігінің  құрамына  сай  ерекшелік  бұл,  яғни,  баланс  бөлімдері  мен  баптарының  əр 
бөлім ішінде қатаң белгілі бір дəйектілермен орналасуы, яғни, олардың өтімділік дəрежесіне аз активтерден 
өтімділігі көп активтерге дейін, демек, басында баланстың өтімділігі жағынан төмен бөлімдері  мен баптары 
жазылады,  содан  кейін  өтімділігінің  өсу  деңгейіне  байланысты  жоғары  өтімді  активтер  жазылады.  Баланс 
пассивінің  бөлімдері  мен  баптары  төлем  мерзімінің  жеделдік  дəрежесіне  байланысты  мына  принципке 
байланысты құрылады: төлем мерзімінің жеделдігі аз бағыттарынан жеделдігі көп бағыттарға дейін. 


жүктеу 0,84 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   52




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау