almaty-akshamy.kz
almaty-aksham@mail.ru
1 ЖЕЛТОҚСАН — ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КҮНІ
№142 (5805) 26 ҚАРАША 2019 жыл
4
Д
ДҮНИЕ-ДҮРМЕК
ҚАЗАҚСТАН
ТМД
БІЛЕСІЗ БЕ?
ӘЛЕМ
ӘЗІЛ
Осыған орай, Түрксіб ауданындағы №76
жалпы білім беретін мектепте сыбайлас
жемқорлыққа қарсы мəдениетті қалып-
тастыру мақсатында Қазақстан Респуб-
ликасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-
қимыл агенттігінің тапсырмасы негізінде
жалпыреспубликалық «Адалдық сағаты»
интерактивті сабағы өткен еді.
Еліміздегі сыбайлас жемқорлық деңгейін
төмендету бағытында, ең алдымен, өскелең
ұрпақтың тəрбиесіне көңіл аудару маңызды.
Осы мақсатта қаламыздың білім ошақ-
тарында түрлі іс-шаралар ұйымдастырылуда,
соның бірі барлық мектептерде «Адал ұрпақ»
ерікті мектеп клубтары құрылған. Біздің
мектебімізде де «Адал ұрпақ» ерікті мектеп
клубы 2016 жылдан бастап өз жұмысын
атқарып келеді. Бүгінгі күні 120 оқушы өз
жұмыстарын адалдық, парасаттылық, əділдік
пен сеніммен орындап келеді.
Ш.Құдайбердіұ лыны ң «Бізше ад ам
өмірін тү зеуге, барлық адамдар тату
тұруға негізгісі – адал еңбек, ақ жүрек, арлы
ақыл болуы керек. Дүниеде бұл үшеуі үстем
болмай, адам баласына тыныш өмір сүруге
мүмкіндік жоқ» деген сөзі өскелең ұрпақтың
сыбайлас жемқорлыққа қарсы мəдениетті
қалыптастырудың бастамасы сияқты.
А.ЖҮСІПОВА,
№76 мектеп директорының тəрбие ісі
жөніндегі орынбасары.
Оқушылар
«Адалдық
сағатына»
қатысты
Қазақстан Республикасының
Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев
«Жемқорлық мемлекеттің орнықты
дамуына, ұлттық қауіпсіздікке
қатер төндіреді. Жемқорлықпен
күрес ымырасыз жүруі тиіс жəне
бұл тек Үкіметтің ғана емес, əрбір
адамның міндетіне, керек десеңіз
парызына айналуы тиіс» деген еді.
Н.Ə.Назарбаев тек қана Қазақстан
Республикасының ел басшысы болған
жоқ, елінің жанашыры, қазақ халқының
данагөй ақылшысы, биі, төресі, шешені
болды. Тарихқа үңілетін болсақ, сонау
XVIII ғасырда үш жүздің басын қосқан
Абылай хан болса, XX ғасырдың соңы
мен XXI ғасырдың басында əлемге
қазақ деген тəуелсіз мемлекеттің бар
екенін танытқан жəне елімізде 130-дан
астам ұлт пен ұлыстың басын қосқан
ол біздің Тұңғыш Президентіміз
Н.Ə.Назарбаев болды. Оған дəлел – екі
алып елдің ортасында тəуелсіз мем-
лекет қалыптастыра отырып, əлемнің
өзге де дамыған мемлекеттерімен бей-
бітшілікте, достықта, саяси-экономи-
калық ынтымақтастықта болу да іскер-
лікті танытады. Нақты айтар болсақ,
Қазақстан Республикасы егемендігін
жариялады, төл теңгеміз айналымға
келді, еліміздің сапалы қорғаныс
күштері қалыптасты, конституциямыз
бен мемлекеттік рəміздеріміз бекітілді.
Елбасының тапсырмасымен еліміздің
орталығында, тарихында мəңгі аты
қалатын жаңа, əсем астанамыз – Нұр-
Сұлтан қаласы бой көтеріп, айнала
жасыл желекпен көмкерілді. Адамзатқа
қауіп төндірген Семей полигоны
жабылды, бұрын-соңды тарихта
болмаған үш бірдей қазақ ғарышкеріміз
айға ұшып, ғарышты бағындырды.
Елбасының арқасында жеткен ең үлкен
жетістігіміз төрт құбыламызды
түгендеп, мемлекеттік шекарамызды
белгілеп бөліп алдық. Сондай-ақ, қазақ
жастары əлемнің түкпір-түкпіріндегі
мықты оқу орындарында оқуларына
мүмкіндік алды. Н.Ə.Назарбаевтың
бастамасымен Нұр-Сұлтанда əлемдік
дін басыларының басқосуы, бүкіл-
əлемдік ЭКСПО, Қысқы универсиада
өткізіліп, əлемдік деңгейдегі мемлекет-
аралық келіссөздер алаңына айналды.
Бұл да біздің еліміздің жəне Тұңғыш
Елбасымыздың əлем алдындағы
беделінің бір көрінісі.
Елбасының елі үшін жасаған
еңбектерін ұлықтап, келер ұрпаққа
дұрыстап жеткізу барлығымыздың
парызымыз. Н.Ə.Назарбаевтың көре-
гендігі ел қамын ерте ойлайды жəне
оны алдын-ала қолға алып бағдар-
ламалар қабылдай білді. Бұл дегеніміз,
Қазақстанның Тұңғыш Президенті
сарабдал саясаткер, реформатор,
стратегиялық ойлау қабілетінің иесі
екенін көрсетеді. Қазіргі күнде
Қазақстан Республикасы өзін əлемге
паш етті, əлемдегі дамыған өркениетті
елдермен тең дəрежеде қарым-қатынас
орната алды. Қазақстан Республи-
касының Тұңғыш Президенті Н.Ə.На-
зарбаев БҰҰ-ның мінберінде қазақ
тілінде баяндама оқыды. Осының бəрі
Елбасының еңбегі. Елінің еңсесін
көтеруде ерен еңбек еткен, түбі бір
түркі мемлекетінің негізін қалаған
Кемал Ататүріктің ізін жалғастырушы
десек болады. Осындай елі үшін
аянбай еңбек еткен тұлғаларымыздың
тарихымызда қалатыны жəне келер
ұ р паққа ү л гі бол аты ны а қиқат.
«Қолда барда алтынның қадірін біл»
дегендей, халқы үшін аянбай еңбек
еткен елінің жанашыр азаматтарын
қай кезде де ұлықтап, қадірлеу артық
болмайды.
Амангелді ТЫНЫБАЕВ,
№179 жалпы білім беретін мектебі
тарих пəнінің мұғалімі.
ЕЛІ СЕНГЕН
ЕЛБАСЫ
Қазақстан Республикасының
Тұңғыш Президенті
Н.Ə.Назарбаев алғаш сонау
тоқыраған тоқсаныншы
жылдары ел тізгінін қолына
алып, халқы үшін ел есінде
мəңгі қалатындай еңбек етті.
Тамыры терең
тарихымыздың парақтарына
қарайтын болсақ, тəуелсіз,
еңселі, егеменді ел болу
қазақ халқының аңсаған
арманы болғанын білеміз.
Кеңес Одағы ыдыраған
кезеңде елі сеніп тапсырған
міндетті аянбай адал
атқарып, мемлекетіміздің
дамуында өзіндік ерекше
қолтаңбасын қалдырды.
Тек қазақша түсінеді
Атырау қаласында қазақша түсінетін
қызметтік ит көпшілікті таңқалдырды. Оның
қызмет бойынша елордадан өңірге ауыс-
қанына бір айға жуық уақыт болған. Қазіргі
көрсеткіші Гиннестің рекордтар кітабына
енген голландиялық төбеттің деңгейіне жетіп
қалыпты. Оны Жан деп атайды. Елдос Жұ-
манбетов есімді азамат Жанды күшік кезінен
асырап, 2017 жылдан бері бірлесе жұмыс істеп
келеді.
Кинолог маман ерекше жануардың сезім
мүшелерін дамытып, қызметке араластыруға
3 ай жұмсапты. Жан өте тілалғыш. Берілген
тапсырмаларды мүлтіксіз орындайды. Жəне
бір ерекшелігі – ол қазақша түсінетін ит. Тек
қазақша берілген тапсырмаларды орындайды.
Орысша айтылған бұйрықтарды атқармайды.
Жан өзін сан қырынан көрсетіп, талай
қылмыскердің жолын кесті. Қызметтегі иттер
8 жасында зейнетке шығады. Ал Жанның
жасы 13-те. Соған қарамастан оған тең келер
ит жоқтың қасы. Жан күніне бір рет тамақ-
танады. Салмағы 45 келіден өзгермейді.
Қыз жетіспейді
Əзербайжан елінде 115 ұлға 100 ғана қыз бала туады екен.
Сондықтан аталған елде қыз баладан ұл бала көп. Көпшілік
оны жоспарлы түсік жасатудан деп отыр.
Жүкті əйелдер көбінесе ішіндегі баласының қыз екенін
білсе, түсік жасататын көрінеді. Өйткені, ұлды ерекше
бағалайды. Десе де, елде қыз баланың санының азаюы
демографиялық мəселе туындатуда. Сондай-ақ, əйелдерге
тиесілі кəсіпті игеретін маман жетіспеуде. Соған сай бала
күтіміне əйелдер ғана емес, ерлер де шығатын болды.
Көпшілік арасында отбасында қыз баланың бағасын көтеру
жолында жұмыс жасайтын ұйымдар да пайда болған.
Тарих бойынша жер
бетіндегі алтындардың
200-ден астам бөлігі мұ-
хиттарда кездеседі.
Иттердің тері бездері
аяқтарының астында
болады.
Бірде 70 жастағы шал
түс көреді. Түсіне бақилық
болған ағасы кіреді. Сөйтіп,
бұны қол бұлғап, өзіне
шақырады. Қария түсі
туралы өзінің 90 жастағы
ағасына айтады. Сөйтсе,
ағасы:
– Енді түсіңе кірген кезде
мені сұраса, көрген жоқпын
деп айта сал, – деген екен.
1920 адамның өміріне араша болған
АҚШ штаттары н ың б ірін дегі П уэ бло
қаласының тұрғыны Дейв Махалик 34 жыл-
да 303 литр қан тапсырған. Сөйтіп, ол 1920 адам-
ның өмірін құтқарған.
Қария ең алғаш рет қанды 34 жыл бұрын өт-
кізген. Сол кезде анасына қан құю керек болған.
Дейв Махаликтің айтуынша, қан өткізу ең алды-
мен оның үйреншікті ісіне, кейіннен əдетіне ай-
налып кеткен. Ол ауруханаға келіп, мұқтаж жан-
дарға көмектесу үшін əр екі апта сайын 160 ша-
қырым жол жүріп келеді. 34 жылдың ішінде
Дейв Махалик 1920 адамның өмірін құтқарды.
640-шы рет донор болғанда оған арнайы төсбелгі
берген екен.
– 70-80 жаста ешкімге сенің көздерің, жүрегің,
бүйрегің керек емес. Алайда, үнемі қан тапсыра
алатының ғажап, – деді америкалық. Қария егер
адам қайырымдылықпен айналыса алмаса, қан
тапсырып, өзгелердің өмірін осы əдіс арқылы
құтқара алатынын айтады.
– Егер сіз қайырымдылық жасай алмасаңыз,
қан тапсыруыңызға немесе соның көмегімен адам-
дардың өмірін сақтап қалуыңызға болады. Менің
ойымша, бұл керемет əрі қоғамымыз үшін пай-
далы, – деді ол.