М к И.Ә. Абеуова білім беру саласындағы психологиялық Қызмет: Әдіснама, технология, практика э в е р о алматы 2015 Эверо



жүктеу 27,33 Mb.
Pdf просмотр
бет28/29
Дата19.11.2018
өлшемі27,33 Mb.
#21109
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29

ретінде  болуы  керек  деп  белгілеген  (1983,  254  б.).  Қазіргі  кездегі 

психологияның  ұстанымдарына  сәйкес,  элем  бейнесі,  барлық таным 

процестерімен  туындатылатын,  солардың  интегралды  сипаттамасы. 

Әлем  бейнесі  әрбір  секунд  сайын  адам  мінез-құлқын  басқарады,  ол 

континуалды  тұрғыда  рефлексивті  емес,  дегенмен  белгілі  дэрежеде 

жэне  дамудың  белгілі  кезеңдерінде  ұгынылуы  мүмкін.  Сенсорлық 

модальдік  емес, 

психикалық  қатынас  деңгейінде  түсінілетін

психикалык бейне белсеңді және таңдамалы [46].

Әлем  бейнесін тануға қол жеткізуден  стимуляцияға қарсы  жүру 

когнитивті  болжамдарды  үздіксіз  құру  және  тексеру  формасында 

болады.  Осы  жагдайда  элем  бейнесінің  өзі  түрлі деңгейдегі  үздіксіз 

болжамдардың  жиынтыгы  түрінде  түсінілуі  мүмкін.  Жоғарғы 

деңгейге қандай да сезімдік модальдіктерде (көру, есту және т.б.) іске 

асырылган  перцептивті  болжамдарды  жатқызады.  Әлем  бейнесінің 

тереңдегі 

деңгейлерінде 

болжамдар, 

мәндер 

мен 


тұлғалық 

маңыздылыктар тілінде түжырымдалады.

Саналы түрде  ұғынылатын әлем  бейнесінде сананың 3  қабатын 

бөліп  көрсетеді:  оның 



сезімдік бөліиегі

  (сезімдік бейнелер); 



мәндер, 

заттық  және  операциялық  мэндерді  интериоризациялау  негізінде 

калыптастырылатын  белгілік  жүйелер; 

түлзалық  магына.

  Бірінші 

қабатын сананың сезімдік бөлігі  құрайды,  бүл —

 сезімдік  күйзелістер. 

Сананың  екінші  қабатын  мәндер  қүрайды.  Мэндердің  иеленушілері 

ретінде:  материалдық жэне  рухани  мәдениет заттары,  салт жоралары 

мен  дәстүрлерде  бекітілген  мінез-қүлық  бейнелері  мен  нормалары, 

белгілік  жүйелер,  ең  алдымен,  тіл,  болып  табылады.  Мәндерде 

болмыста  және  болмыспен  эрекет  етудін  қоғамда  жасалынган 

тәсілдері  бекітілген.  Белгілік  жүйе  негізіндегі  операциялық  жэне 

заттық  мәндердің  интериоризациясы ұғымдардың (сөздік  мэндердің) 

туындауына  әкеледі.  Сананың  үшінші  қабатын  түлғалық  магынапар 

құрайды. 

Накты 


оқиғалар, 

қүбылыстар 

немесе 

ұгымдардың 



объективті мазмұны, ягни олардың қогам, оның ішінде психолог үшін 

магыналыгы, ол,  индивидтің өзі үшін ашатынымен сәйкес  келмеуі де 

мүмкін.  Адам  қандай да бір оқиғалар  мен  қүбылыстардың объективті 

мазмүнын  жай  ғана  бейнелеп  қоймайды,  қызыгу,  эмоция  түріндегі 

оган  деген  өзінің  катынасын  да  бекітеді.  Магына  ұгымы  контекст 

(мән-мәтін)  емес,  аффективті-еріктік  сфераға  тиісті  мәтінмен 

біріктіріледі.  Кез  келген  жекеленген  іс-эрекет  пен  жалпы  өмірді 

аныктайтын магыналар жүйесі әрдайым өзгеріп жэне дамып отырады, 

ал гылым негізінен мэндерді өндеумен айналысады.

79



А.А.Ухтомский  әлемнің  интегралды  бейнесін  функционалды 

ағзалар қатарына жатқызады.  Мұндай ағзалар морфологиялық ретпен 

қалыптасқандардан  болекше.  Функционалды  ағзаны,  ол,  белгілі 

жетістікке  жетуге  қабілетті  қандай  да  бір  күштердің  уақытша 

жиынтығы  деп  түсінген.  Функционалды  агзаның  ерекшелігі,  бір 

функцияны  физиологиялық  қүрылымдардың  эртүрлі  жиынтыгы 

орындай  алады,  ал  қандай  да  бір  құрылым  эртүрлі  жагдайларда 

мүлдем эртүрлі процестерге қатысуы мүмкін [47].

А.Н.Леонтьев,  жеке-даралық  әлем  бейнесінің  негізінде  тек 

сезімдік  қана  емес,  тіпті  субъектінің  бүкіл  әлеуметтік  —  мәдени 

тэжірибесі 

жатады 


деп 

ерекше 


көңіл 

аударған. 

Әлемнің 

психологиялық  бейнесі  жаңа  сезімдік  елестермен  келіп  түсетін 

ақпараттарға  тор  қабық  түрінде  салынатын  өзгермейтін  және  қатып 

калган  емес  өзгермелі  жэне  дамымалы  болады.  Әлем  бейнесін,  бір 

жагынан 

субъектінің 

мінез-қүлқын 

анықтайтын, 

іс-әрекеттің 

этикалық  және  қүлықтық  нормаларын  өзіне  енгізген  жалпы  жеке- 

даралық  мэдениетімен  себептелінген  институтционалды  деңгей, 

түжырымдамалы  негіздер,  адамгершілік  ұстанымдар,  моральдік 

қагидалар  қалыптастырады.  Екінші  жагынан,  санасыздық  аумагымен 

тыгыз  байланысқан  сананың  тұрмыстық  деңгейі  қалыптастырады. 

Осындай  жагдайда,  әлем  бейнесінің  тұрақтылығы  мен  тұлгалық 

себептелінуі,  көбінесе  «біздің  эмоция,  аффект,  талаптарымыздың 

бізде  түрақты  болуы,  олардың  өмір  сүруінің  белгілі  кезеңдерінің 

барысында  субъект  түлгасының  бірлігі  мен  оның  мінез-қүлқының 

бірізділігін  қамтамасыз  ете  отырып  сезінілмейтін  психологиялық 

багдарлар  ретінде  көрінуінде”[48].  Сонымен,  әлем  бейнесі  сана 

астындагымен 

өзектелінеді, 

ол 

да 


түлганың 

мінез-қүлқын 

себептендіреді  жэне  де  адамныц  тіршілік  әрекетінің  тиімділігінің 

негізі  болады.  Әлем  бейнесін  осылайша  бөлектеп,  жіктеп  қарастыру 

онша  тиімді  емес,  себебі  шындыгында,  ол  —  біртұтас  интегралды 

құрылым.  Екі  деңгейге  бөлу  де  —  шартты  түрде,  өйткені  нақгы 

тіршілік  әрекетінде  әлем  бейнесі,  элемге  қатысты  белгілі  гештальт 

түрінде  көрінеді  және  қарастырылган  екі  фактордың арақатынасы да 

әрқашанда дербес.

Тұлганың  дамуындагы  гылыми  білімдердің  рөлін  зерттеуге 

арналган 

ецбектер, 

психология 

гылымыныц 

негұрлым 

кең 


қарастырылган  және  маңызды  бөлігі.  Әлемнің  гылыми  бейнесі, 

субъектінің мақсатқа багытталган,  рационалды іс-әрекетін анагүрлым 

децгейде шартгандырады (басқарады).

80



жүктеу 27,33 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау