М. Х. Дулати атындағы Тарму-нің доценті, ҚР-ның құрметті спорт қайраткері



жүктеу 364,4 Kb.
Pdf просмотр
бет6/13
Дата04.02.2020
өлшемі364,4 Kb.
#28203
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

1. 

адамға  кеңістікте  қозғалуға  көмектесетін  қозғалыс  шеберлігі  мен 

дағдылары. Олар: жүру, жүгіру, суға жүзу, шаңғы тебу;  

2. 


адам қозғалғанда оның денесін басқаруға керек дене қалыптары мен 

тұрыстарының  дағдылары.  Олар:  негізгі  тұрыс,  бастапқы  қалып,  әр 

түрлі дене қалыптары, тұрыстары, саптық жаттығулар және т.с.с.;  

3. 


әр  түрлі  қозғалыстарды  спорттық  құралдармен  орындау  дағдылары. 

Олар:  доптармен,  скакалкалармен,  гантельдермен,  гимнастикалық 

таяқтармен орындаулар;  

4. 


қол, аяқ қозғалыстарын дененің басқа мүшелерінің қозғалыстарымен 

үйлестіре  басқара  білу  дағдылары.  Олар:  аунап  түсулер,  ілініп 

тұрулар, жоғары көтерулер, тірелулер, тепе-теңдік сақтаулар;  

5. 


Қолдан  жасалған  кедергілерден  өтуді  қамтамасыз  ететін  кешенді 

қозғалыстарды  орындайтын  дағдылар.  Олар:  тіреле  секірулер, 

өрмелеулер, ұзындыққа және биіктікке секірулер; 

2. Дене мәдениеті мен спорт саласында керекті білімді қалыптастыру. 

Оқушылар  білуі керек:  

1. 


дене тәрбиесі жаттығуларының ережелері мен жолдарын;  

2. 


ағзаның негізгі жүйелеріне дене тәрбиесі жаттығуларының әсерін; 

3. 


өз бетімен жаттықтырулардың ережелері мен әдістерін;  

4. 


дене  жаттығулары  сабақтары,  жаттықтырулары  кезіндегі  өзін-өзі 

бақылаудың негізгі тәсілдерін;  

5. 

жанұядағы дене тәрбиесінің рөлін; 



Мектеп  жасындағы  балалардың  жас  ерекшеліктеріне  байланысты 

дене  дамуы  мен  дене  қуаты  дайындығы.  Ғалымдардың  дәлелдеулерінше 

осы  кезеңдегі  негізгі  денсаулық  белгісі  -  оқушылардың  дене  дамуы. 

Балалардың  бойы  мен  салмағына  қарап  олардың  өмір  сүру  жағдайы  мен 

сыртқы ортаның бала ағзасына жағымды, жағымсыз әсерін білуге болады. 

Балалардың  бойы  мен  салмағы  олардың  денсаулықтарын  анықтайтын 

санитарлы - гигиеналық, дәрігерлік- қоғамдық көрсеткіш болып табылады. 

Мектеп оқушыларынан жылына екі рет, қыркүйек, мамыр айларында 

алынатын,  олардың  дене  қуаты  дайындығы  деңгейін  көрсететін  сынақ 

жаттығулары.  Осы  көрсеткіштер  бойынша  оқушылардың  дене  қуаты 

қасиеттерінің  даму  деңгейін  анықтап,  келешек  жұмыстарға  өзгерістер 

енгізуге  болады.  Бұл  стандарттық  сынақ  жаттығулары  қарапайым  және 

дене қуаты деңгейі туралы көп ақпараттар береді. 1. 1000 м жүгіру. Сынақ 

жаттығуы төзімділік деңгейін анықтауға арналған. 2. 10 м 5 рет қайталап 

жүгіру. Сынақ жаттығуы жылдамдық және ептілікті бағалауға арналған. 3. 

Кермеде  тартылу  (ер  балалар).  Сынақ  жаттығуы  қол  мен  иық  деңгейінің 

күш  төзімділігін  бағалауға  арналған.  4.  Кермеде  салбырай  асылу  (қыз 

балалар).  Сынақ  жаттығуы  қол  мен  иық  деңгейінің  статикалық  күш 

төзімділігін бағалауға арналған. 5. Шалқалап жатқан қалыпта 30 сек бойы 

кеудені көтеру. Сынақ жаттығуы кеудені көтеру бұлшық еттерінің күшін 

15 



бағалауға арналған. 6. Отырған қалыптан алдыға еңкею. Сынақ жаттығуы 

омыртқа мен жамбас-сан буынының икемділігін өлшеуге арналған. 

Өзін-өзі бағалауға арналған тапсырмалар: 

Мектеп жасындағы балалардың дене тәрбиесінің міндеттері. 



Білім беру міндеті, оған сипаттама 

Мектеп  жасындағы  балалардың  жас  ерекшеліктеріне  байланысты 



дене дамуы. 

Оқушылардың  дене қуаты дайындығы 



 

Сабақ - мектептегі негізгі оқу түрі 

 

Дәрістің  мақсаты:  мектептердегі  дене  тәрбиесі  жұмыстарының 

түрлерін,  дене  тәрбиесі  сабағының  мазмұны,  құрылымын  және  сабақ 

өткізу негіздерін студенттерге үйрету. 

Тақырып бойынша сұрақтар: 

1. 


Мектептегі дене тәрбиесі жұмыстарын ұйымдастыру түрлері. 

2. 


Дене тәрбиесі сабағы, сабақтың құрылымы мен мазмұны. 

3. 


Дене тәрбиесі сабағына мұғалімнің даярлығы. 

4. 


Сабақтарды жүйелеу. 

5. 


Денсаулығы нашар оқушылармен дене тәрбиесі жұмысын жүргізу. 

Тақырыптың қысқаша мазмұны: 

Мектеп оқушыларының дене тәрбиесі және спорт жұмыстары арнайы 

ұйымдастырылған  екі  түрде  жүргізіледі.  Ол  дене  тәрбиесі  сабағы  және 

басқа  жаттықтыру  жұмыстары  деп  аталады.  Дене  тәрбиесі  үрдісін 

орындайтын  негізгі  түр-дене  тәрбиесі  сабағы.  Дене  тәрбиесі  сабағы 

мұғалімнің  басшылығымен,  арнайы  мемлекеттік  бағдарлама,  белгіленген 

сабақтар  кестесі  бойынша,  1-11  сынып  оқушыларына  міндетті  түрде 

жүргізіледі. 

Жаттықтыру  жұмыстары  оқушылардың  қозғалыс  белсенділіктерін 

жоғарылату,  денсаулықтарын  нығайту,  дене  жаттығуларына  деген 

қызығушылықтарын  арттыру,  жаттығулардың  ағзаға  керектігін 

қанағаттандыру  мақсатында  төмендегідей  топтарға  бөлініп  жүргізіледі. 

Олар: 


1. 

Күн тәртібі ішіндегі сауықтыру жұмыстары.  

2. 

Сыныптан тыс дене тәрбиесі және спорт жұмыстары. 



3. 

Мектептен тыс дене тәрбиесі және спорттық жұмыстар.  

4. 

Жанұяда орындалатын дене тәрбиесі жаттығулары. 



Оқу сабағы жалпы білім беретін мектептерде басқа пәндермен қатар 

сабақтар  кестесі  бойынша  аптасына  үш  рет  жүргізіледі.  Дене  тәрбиесі 

сабағының  бір-біріне  байланысты  сабақтың  мазмұны  және  сабақтың 

құрылымы деген екі түрі болады. 

16 



Мұғалімнің  сабақ  өткізуге  дайындалуы.  Сабақтың  ойдағыдай  өтуі, 

мұғалімнің жақсы даярлығына байланысты. Дайындық 12 түрлі дайындық 

іс-әрекеттері арқылы орындалады. 

Барлық сабақтар мазмұнына байланысты құрама және пәндік сабақтар 

деп екі үлкен топқа бөлінеді. 1. Пәндік сабақтардың негізгі бөліміне оқу 

бағдарламасында  берілген  бір  спорт  түрінің  негізгі  жаттығулары 

кіргізіледі.  Мысалы,  шаңғы  спорты,  гимнастика,  спорт  ойыны  волейбол 

ж.т.с.с. 2. Құрама сабақтарда, бір сабақтың негізгі бөліміне әртүрлі спорт 

түрлерінің  негізгі  жаттығулары  кіргізіледі.  Пәндік  және кұрама  сабақтар 

орындайтын  міндеттеріне  байланысты  оқу,  жаттықтыру,  бақылау, 

құрастырылған сабақтар деп бөлінеді. 

Денсаулықтары  және  дене  қуаты  дайындығы  деңгейіне  байланысты 

мектеп  оқушылары  үш  топқа  бөлінеді:  негізгі,  дайындық  және  арнайы. 

Арнайы  дәрігерлік  топтардың  негізгі  жұмыс  міндеттері:  денсаулықты 

нығайту,  тыныс  алу  органдарының  жұмыстарын  жақсарту,  ағзаны 

шынықтыру, дене қуаты жұмыс қабілеттілігін, дене тәрбиесі жаттығулары 

арқылы  ақыл-ой  жұмыс  қабілеттілігін  жоғарылату,  ағзаның  ауырудан 

әлсіреген  дене  қимылы  белсенділігін  арттыруға  бағытталған.  Сонымен 

қатар  теориялық  білім  беру  және  қимыл  ептілігі  мен  дағдысын  меңгеру 

жұмыстары жүргізіледі 

Өзін-өзі бағалауға арналған тапсырмалар: 

Мектептегі дене тәрбиесі жұмыстарын ұйымдастыру түрлері. 



Сабақтарды дене тәрбиесі бағыты бойынша топтау. 

Сабақтарды мазмұны мен міндеттеріне байланысты топтау. 



Дене тәрбиесі сабағының құрылымы мен мазмұны. 

Дене тәрбиесі сабағының бөлімдері, сипаттама. 



Дене тәрбиесіндегі үй тапсырмасы, оның маңыздылығы. 

Дене тәрбиесі сабағына мұғалімнің даярлығы. 



Денсаулығы нашар балалардың дене тәрбиесі. 

Денсаулығы нашар балалармен сабақтар жүргізу ерекшеліктері 



 

Дене тәрбиесі сабағын педагогикалық бақылау, бағалау 

 

Дәрістің  мақсаты:  дене  тәрбиесі  сабағын  талдау,  бағалау  түрлеріне, 



оны ұйымдастыру жолдарына студенттерді үйрету. 

Тақырып бойынша сұрақтар: 

1. 

Дене тәрбиесі сабағының тығыздығы. 



2. 

Дене тәрбиесі сабағында жүктемені мөлшерлеу. 

3. 

Сабақты талдау, бағалау 



Тақырыптың қысқаша мазмұны: 

Дене  тәрбиесі  сабағының  тығыздығы,  ол  оқушыларға  мұмкіншілік 

болғанынша  көбірек  жаттығулар  орындату,  оларды  бос,  тыныштық 

17 



жүктеу 364,4 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау