М. Х. Дулати атындағы Тарму-нің доценті, ҚР-ның құрметті спорт қайраткері



жүктеу 364,4 Kb.
Pdf просмотр
бет4/13
Дата04.02.2020
өлшемі364,4 Kb.
#28203
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

1. 

Дене тәрбиесі қағидаларының топтары.  Саналылық және белсенділік 

қағидасы. 

2. 


Көрнекілік, жүйелілік қағидалары. 

3. 


Біртіндеушілік, реттілік және даралық қағидалары. 

4. 


Дене  тәрбиесі  мен  спорттағы  үйрету  үрдісі,  оның  теориялық  және 

тәжірибелік бөлімі. 

5. 

Қимыл-әрекетін таныстыру, үйрету және жетілдіру кезеңдері. 



Тақырыптың қысқаша мазмұны: 

Саналылық және белсенділік қағидасы. Бұл қағиданың мақсаты - дене 

тәрбиесі  үрдісі  кезінде  жаттығушылардың  санасында  дене  тәрбиесі  мен 

спорт  әрекеттеріне  деген  саналы  терең  ой,  тұрақты  ынтығушылық, 

қызығушылық  қалыптастыру  және  олардың  осы    әрекеттерге  белсенді 

ұмтылуын ұйымдастыру. 

Көрнекілік қағидасы. Көрнекілік дегеніміз адамның сезім мүшелерін 

тану,  түсіну,  ұғыну  үрдісінде  қолдану.  Ал  дене  тәрбиесі  мен  спорт 

үрдісінде  көрнекілік  қағидасы  үйрету  және  тәрбиелеу  кездерінде 

қолданылады.  Қозғалысқа  үйретуді  көру  арқылы  ғана  емес,  есту  және 

бұлшық   ет түйсігі арқылы да түсіне білу керек. Әр түрлі анализаторлар 

белгілері  оқушылардың  санасында  үйренетін  жаттығу  туралы  толық 

түсінік тудырады. 

Жүйелілік  қағидасы.  Дене  қуаты  қасиетін  дамытудағы  және 

қозғалысқа  үйретудегі  жақсы  нәтиже  тек  қана  дене  тәрбиесі 

жаттығуларын  жүйелі  орындағанда  ғана  болады.  Жүйелілік  -  сабақтар 

арасында ұзақ үзіліс болмауы, сол арқылы жаттығушылардың дене қуаты 

дайындығы деңгейін түсірмеуі. 

Реттілік қағидасы. Қимыл әрекетке үйрету және дене қуаты қасиетін 

дамыту реттілігіне арналған талаптар үш дидактикалық ережеден тұрады: 

1. Жеңілден - қиынға. 2. Қарапайымнан - күрделіге. 3. Меңгерілген қимыл 

әрекеттен  -  меңгерілмеген қимыл-әрекетке. 

Біртіндеушілік  қағидасы.  Орындайтын  жаттығулар  техникасының 

біртіндеп  күрделенуін,  жүктеме  көлемі  мен  қарқыны  біртіндеп  өсуін 

біртіндеушілік қағидасы дейміз. 

Даралық  қағидасы  -  дене  тәрбиесі  үрдісінде  оқушылардың  жеке 

ерекшеліктерін ескеру түрінде жүргізіледі. Даралық қағидасы әр адамның 

дайындық деңгейіне, жыныс және жас ерекшеліктеріне байланысты. Жеке 

басының,  психикасының  ерекшеліктеріне,  жүктемеге  шыдамдылығына, 

сыртқы  орта  әсерін  сезіну  мүмкіншіліктеріне,  жұмыс  істеу  стиліне  

байланысты. 

Дене  тәрбиесіндегі  оқыту  дегеніміз  адамның  дене  қуатына    және 

психологиялық  жетілуіне  бағытталған  арнаулы  білім  жүйесінің  қимыл- 

әрекетке үйрету, қалыптастыру, меңгеру, жетілдіру  үрдісі. Ол үш кезеңге 

бөлінеді.  Теориялық  мағлұматтың  көлемі  мен  мазмұны  жалпы 

10 



педагогикалық 

қағидалармен 

(жүйелілік, 

ұғынықтылық 

т.с.с.) 

анықталады,  оқу  мақсатына,  оқушылар  тобының  ерекшеліктеріне 

байланысты  төрт  топқа  бөлінеді.  Олар:  дене  тәрбиесінің  әлеуметтік 

керектігі  туралы  (денсаулықты  нығайту,  жұмыс  қабілеттілікті  арттыру 

т.б.),  дене  тәрбиесі  жаттығуларын  қолдану  ережелері  туралы  (футбол, 

баскетбол, волейбол ойындарын ойнау ережелері және т.б.), медициналық  

-  

биологиялық  (дене  гигиенасы,  шынығу,  ұйықтау,  тамақтану,  жаттығу 



режимдері туралы  баяндаулар,  әңгімелер),  үйрететін  қимыл    -  қозғалыс 

техникасы  туралы  мағлұматтар.  Теориялық  мағлұматтар  алу  көздері: 

қимыл тәжрибелілігі, арнайы оқулық, сөз және көрнекі қабылдау әдістері, 

мұғалімнің әрекеті, кино және бейнефильмдер көрсету т.б. 

Нақтылы дене тәрбиесі және спорт тәжірибесінде қимыл-әрекеттердің 

техникасын  үйрету  үш  кезеңнен  тұрады:  таныстыру,  үйрету  және 

жетілдіру. 

Қимыл-әрекетін  таныстыру  кезеңі.  Бұл  кезеңнің  міндеті  -  

оқушыларға  үйренетін  жаттығу  туралы  түсінік  беру  және  соны  үйренуге 

ынтасын  ояту.  Түсіну,  ұғыну  үрдісі  қалыптасу  кездерінде  бір-біріне 

байланысты,  сабақтасты  үш  кезең  пайда  болады:  1.  Үйрену  міндеттерін 

ұғыну.  2.  Орындау  жобасын  кұру.  3.  Жаттығуды  орындап  көру.  Қимыл-

әрекетке  таныстыру  кезеңінің  негізгі  әдістері:  Тұтас  және  бөлшектеп 

үйрету  әдістері.  Сөз  қолдану  әдістері:  түсіндіру,  баяндау.  Көрнекі 

қабылдау  әдістері:  қимыл-  әрекетті  көрсету,  көрнекі  құралдар  қолдану 

ж.т.б. 


Қимыл  -  әрекетіне  үйрету  кезеңі.  Бұл  кезеңнің  міндеттері, 

оқушыларға техника негізін үйрету, оны тұрақты орындауға жеткізу және 

осылар  арқылы  қимыл  шеберлігін  қалыптастыру.  Оқушының  әрбір 

жаттығу  техникасы  бөлшегіне  ықылас  сала  орындайтын  қимыл  әрекетін 

қимыл шеберлігін дейміз. Құрылым жоспары бойынша үйрету кезеңі екі 

бөлімге  бөлінеді:  

1. Қимыл шеберлігін қалыптастыру.  

2. Қимыл шеберлігін жетілдіру. 

Қимыл-әрекетін  жетілдіру  кезеңі.  Бұл  кезеңнің  мақсаты  -  қимыл 

дағдысын  қалыптастыру,  сол  арқылы  жоғары  қимыл  шеберлігіне  жету. 

Жаттығуды  көп  қайталағаннан  соң  қимыл  шеберлігі  дағдыға    айналады. 

Қимыл  дағдысы  деп-  жеке  қозғалыстарға  емес, нақты  әрекет  нәтижесіне 

бағытталған  қимыл  әрекетін  автоматтандыра  орындай  алу  қабілеттілігін 

айтамыз.  Жоғары  қозғалыс  шеберлігі  дегеніміз  қалыптасқан  қимыл 

дағдыларын нақты өмір жағдайларында қолдану шеберлігі (жүгіру, секіру 

және  басқа  өнеркәсіптік,  әскери  әрекеттер).  Жоғары  қозғалыс  шеберлігі 

үйрету үрдісінің соңғы межесі. 

Өзін-өзі бағалауға арналған тапсырмалар: 

Дене тәрбиесі мен спорттың қағидалары, оларды топтау. 



11 


жүктеу 364,4 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау