М. Х. Дулати атындағы Тарму-нің доценті, ҚР-ның құрметті спорт қайраткері



жүктеу 364,4 Kb.
Pdf просмотр
бет3/13
Дата04.02.2020
өлшемі364,4 Kb.
#28203
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

 

Қорыта  айтқанда,  мен  алдымен  жеке  тұлғаның  әлеуметтік, 

құзіреттілігін дамытуды керек еттім. Сол арқылы ұжымдық зерттеуге қол 

жеткіздім, яғни оқушының өзін-өзі басқарудағы әлеуеті артты. 

Дене тәрбиесі жаттығулары негізгі амал болып табылады, өйткені ол 

білім  беру,  тәрбиелеу,  сауықтыру  секілді  дене  тәрбиесінің  міндеттерін 

орындайды. Табиғаттың сауықтыру күші мен гигиеналық факторлар дене 

тәрбиесінің  қосымша  амалдары,  бұлар  дене  жаттығуларымен  бірге 

қолданылады. 

Қимыл  -  әрекетті  тиімді  жолмен  орындау  жаттығудың  тәсілі, 

техникасы - деп аталады. Тиімділік дегеніміз жаттығудың ағзаға ұтымды 

әсер  етуі  (мысалы,  күшін  өсіру,  бұлшық  ет  топтарын  жаттықтыру)  және 

әрекеттің нәтижелілігі (мысалы, жүгіріп келіп үзаққа секіру жаттығуының 

техникасын дұрыс, тиімді орындау кезінде барынша алысқа секіру). 

Қай  жаттығудың  орындалу  техникасын    алсақ  та  олар  бір   -  біріне 

кеңістік,  уақыт,  кеңістікті  -  уақыт  және  қозғалыс  тәрізді  сипаттамаларда 

болады. Кеңістік сипаттамасына жататындар: дене  мен дене мүшелерінің 

тұрысы,  қалпы,  қозғалыс  траекториясы.  Уақыт  сипаттамасы  -  уақыт 

ұзақтығы,  қарқын  және    қимыл  ырғағы  деп  бөлінеді.  Кеңістікті-уақыт 

сипаттамасы  -  жылдамдық  және  үдеу. Қозғалыс сипаттамасы. Адамның 

қозғалу  үрдісі  кезінде  ішкі  және  сыртқы  күштердің  біріге  жұмыс  істеуі 

қозғалыс сипаттамасын көрсетеді. 

Дене  тәрбиесі  және  спорт  тәжрибесінде  өте  көп  мөлшерде  дене 

тәрбиесі  жаттығулары  қолданылады.  Дене  жаттығуларының  қасиетін 

танып,  оларды  тиімді,  дұрыс  пайдалану  үшін  оларды  топтарға  бөле 

қолдана білу қажет. Олар алты топқа бөлінеді:  

1.  Дене  тәрбиесі  жаттығуларын  тарихи  қалыптасып  қалған  белгі 

бойынша  топтау.  Бұл  белгі  бойынша  барлық  жаттығулар    төрт  топқа 

бөлінеді:  а)  гимнастикалық  жаттығулар  (жалпы  дене  дамыту 

жаттығулары,  гимнастикалық  снарядтағы  жаттығуларт.б.);  ә)  ойын 

жаттығулар  (ойын  кезінде  орындалатын  қозғалмалы  және  спорттық 

ойындар  элементтері);  б)  туристік  жаттығулар  (туризмнің  әр  түрінде 

кездесетін жүру, атқа міну, велесипед, шаңғы тебу, қайықта ескек есу т.б 

жаттығулар); 

в) 

спорттық 



жаттығулар-спорттың 

әр 


түрінде 

қолдаланылатын негізгі жаттығулар (100метрге жүгіру, ұзындыққа секіру 

т.  б.).  2.  Дене  қуатын  қасиеттерін  дамыту  бағыты  бойынша  топтау.  3. 

Жаттығуларды  білім  беру  мақсатына  қарай  топтау:  негізгі,  дайындық, 

жақындататын  жаттығулар.  4.  Дененің  бұлшық  еттерін  дамытатын 

жаттығулар. 4. Қозғалыс құрылысына байланысты топталған жаттығулар: 

а) циклді жаттығулар (жүру, жүгіру, ескек есу т.б.); ә) ациклді жаттығулар 

(снарядтағы  гимнастика,  жеке  сайыс  т.б.)  б)  аралас  жаттығулар  (циклді, 

ациклді  жаттығулары  бар  спорт  ойындары).  6.  Жаттығуларды  күш 

қарқынына  қарай  топтау:  а)  өте  жоғары  қарқынмен  орындалатын 




жаттығулар  (20  секунд  аралығында  орындалады);  ә)  жоғарғы  қарқынмен 

орындалатын  жаттығулар    (20секундтан  5  минөтке  дейін);  б)  қатты 

қарқынмен  орындалатын  жаттығулар  (5  минөттен  30  минөтке  дейін);  в) 

қалыпты қарқынмен орындалатын жаттығулар (30 минөттен көбірек). 

Табиғаттың  табиғи  сауықтыру  күштері  мен  гигиеналық  факторлар 

дене тәрбиесінің қосымша амалдары 

Өзін-өзі бағалауға тапсырма: 

Дене тәрбиесінің негізгі және қосымша амалдары. 



Дене тәрбиесі жаттығулары. 

Жаттығулардың техникасы, орындау кезеңдері. 



Қозғалыс техникасының сипаттамасы. 

Жаттығуларды топтау. 



Табиғаттың табиғи күші  -  дене тәрбиесінің қосымша амалы. 

Гигиеналық себептер \факторлар\ - дене тәрбиесінің қосымша амалы. 



 

Дене тәрбиесінің әдістері 

 

Дәріс мақсаты: дене тәрбиесі және спорттың әдістерін оқу, үйрену. 



Тақырып бойынша сұрақтар: 

Терминдер мен түсініктер, дене тәрбиесінің әдістерінің топтары 



Жарыс және ойын әдісі 

Қатаң шектелген жаттығулар әдістері. 



Дене тәрбиесінің жалпы әдістері. 

Тақырыптың қысқаша мазмұны: 

Дене  тәрбиесінің  әдістері.  Әдіс,  әдістеме,  әдістемелік  тәсіл 

ұғымдары.  Дене  тәрбиесінің  барлық  әдістері  арнайы  (тек  қана  дене 

тәрбиесі  процесіне  тән)  және  жалпы  (дидактиқалық  білім  беру  және 

тәрбие  бағытында  қолданылатын)  болып  екі  топқа  бөлінеді.  Дене 

тәрбиесінің  арнайы  әдістері:  1.  Қатаң  шектелген  жаттығулар  әдістері.  2. 

Ойын  әдісі.  3.  Жарыс  әдісі.  Дене  тәрбиесінің  жалпы  әдістері:  1.  Сөз 

қолдану әдістері. 2. Көрнекі қолдану әдістері. 

 

Ойын  және  жарыс  әдісі.  Дене  тәрбиесі  үрдісінде  спорттық  және 



қозғалмалы ойындардың элементтерін қолдану  -  ойын әдіс деп аталады. 

Дене тәрбиесі жаттығуларын жарыс, бәсеке түрінде орындауды жарыс 

әдісі дейміз. 

 

Жаттығу  кезіңде  көп қайталанып  жүктеме  мен  тынығуды  алмастыра 



орындайтын  қимыл-әрекетті  біз  қатаң  шектелген  жаттығу  әдістері  деп 

атаймыз.  Қатаң  шектелген  жаттығулар  әдістері  екі  топқа  бөлінеді  :  1. 

қимыл - әрекетке үйрету және дене қуаты қасиеттерін жетілдіру. Қимыл - 




әрекеттердің күрделілігіне қарай тұтас та, бөлшектеп те үйретуге болады. 

Күрделі  қозғалыс  техникасын  үйренуді  жеңілдету  үшін  жақындататын 

жаттығулар  қолданылады.  Жақындататын    жаттығулардың  техникасы 

негізгі,  күрделі  жаттығудың  бөлшектеріне  ұқсас  болып  келеді.  Бұл 

жаттығулар  бір  тұтас  түрде,  оқушыларға  түсінікті  және  қолайлы  болуы 

керек. 


Дене  қуатының  қасиеттерін  дамыту  үшін:  бірқалыпты  орындау, 

қайталау, өзгермелі орындау, аралық орындау, шеңберлі орындау әдістері 

қолданылады. 

Дене  тәрбиесінің  жалпы  әдістері.  Сөз  қолдану  әдісі.  Сөз  қолдану 

әдісі үш топқа бөлінеді:  

1.  Баяндау,  әңгімелесу,  түсіндіру  әдістері.  Бұл  әдістерді  қолдану 

кезінде сөз оқушыларға білім беру мақсатында пайдаланылады. 

2.  Бұйрық  беру,  тапсырма,  нұсқау  беру  әдістері.  Бұл  әдістер 

жаттығушылардың  әрекеттерін басқаруға пайдаланылады.  

3.  Талдау,  бағалау  әдістері.  Бұл  әдістер  жаттығушылардың  әрекетін 

талдауға,  баға  беруге  арналған.  Көрнекі  ықпал  ету  әдісі.  Бұл  әдістер 

жиынтығы көру, есту және үйренетін жаттығудың қимылын қабылдауды 

қамтамасыз етеді де, үш топқа бөлінеді: көру көнекілігі, есту көрнекілігі, 

қимыл көрнекілігі әдістері. 

Өзін-өзі бағалауға арналған тапсырмалар: 



<<Әдістемелік тәсіл>>, <<Әдіс>>, <<әдістеме>> дегеніміз не? 

Дене тәрбиесінің арнайы және жалпы әдістері. 



Қатаң шектелген  жаттығулар әдістері. 

Қимыл- әрекетке үйрету әдісі. 



Дене қуаты қасиеттерін дамыту әдістері. 

Ойын әдісі. 



Жарыс әдісі. 

Сөз қолдану әдісі 



Көрнекілікті қолдану әдістері. 



<<Жүктеме>>, жүктеменің көлемі, қарқыны. 

Жатығу орындаған кездердегі тынығу аралықтары, түрлері. 



Шеңберлі орындау әдісі, оның варианттары. 

Бірқалыпты және аралықты орындау әдісі. 



Қайталап және өзгермелі орындау әдістері 

 

Дене тәрбиесі қағидалары 

 

Дәріс  мақсаты:  дене  тәрбиесі  және  спорттың  қағидаларын,  қимыл  - 

әрекетке үйрету кезеңдерін оқу, үйрену. 

Тақырып бойынша сұрақтар: 




жүктеу 364,4 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау