4.
Арнайы орта оқу орындарының колледжердің оқушыларының дене
тәрбиесі.
5.
Кәсіптік техникалық училищелердігі дене тәрбиесі және спорттық
жұмыстары.
Тақырыптың қысқаша мазмұны:
Келешек жас маманның тұлға ретінде қалыптасуына, жан-жақты
жетілуіне жоғары оқу орнында оқыған уақыты өте қатты әсер етеді.
Келешек маманды кәсіптік жұмысына даярлайтын оқу-тәрбие жүйесіндегі
әртүрлі пәндер қатарындағы дене тәрбиесі пәні мен спорттық-сауықтыру
жұмыстарының маңызы өте зор. Жоғарғы оқу орнындағы дене тәрбиесінің
мақсаты - жоғарғы дәрежелі мамандардың жан-жақты дайындығына өз
үлесін қосу, жағымды әсер ету, көмектесу.
Студенттердің оқу үрдістері денсаулық күйлеріне, дене қуаты
дайындығына, спорттық дәрежелеріне, келешек мамандықтарына
байланысты жүргізіледі. Дене тәрбиесі жұмыстарын орындау жоғары оқу
орнының дене тәрбиесі кафедрасы мен спорттық клубқа жүктеледі. Оқу
жоспары және оқу бағдарламасы негізінде оқу үрдісін ұйымдастыруға
жауапты дене тәрбиесі кафедрасы болып табылады. Көпшілік - сауықтыру
және спорттық жұмыстарды дене тәрбиесі кафедрасы оқытушыларымен
бірігіп оқу орнының спорт клубы жүргізеді.
Жоғары оқу орнындағы дене тәрбиесі сабағы мен жұмыстары барлық
оқу ұзақтығы кезінде жүргізіледі. Ол жұмыстар мынандай түрлерге
бөлінеді: оқу және жаттықтыру сабақтары, өз беттерімен жаттығулар, күн
тәртібі ішіндегі дене жаттығулары, көпшілік-сауықтыру және спорт
шаралары.
Дене тәрбиесі кафедрасы оқу сабақтары түрлеріне, сабақтың
бағдарлама, оқу жоспары, кестесі арқылы өтуіне жауап береді. Жоғарғы
оқу орнының факультеттерімен оқу жоспары негізінде оқу кестесін
құрастыру, сабақ өткізілетін спорт залдарын белгілеу, сабақтың дұрыс
жүргізілуін, оқу топтарының уақытында сынақ тапсыруларын қадағалау
дене тәрбиесі кафедрасының міндеті. Өз бетімен жаттықтыру түрлерін,
көпшілік-сауықтыру және спорттық шаралар түрлерін спорт клуб, дене
тәрбиесі кафедрасының оқытушыларымен біріге тізе қосып жүргізеді.
Жарыстарды өткізу, марапаттау, спорт түрлерінен разрядтар, атақтар беру,
Республикалық жоғары оқу орындары арасындағы жарыстарға құрама
команда дайындау, жарыстарға апару оқу орнының спорт клубының
міндетіне жатады.
Студенттердің дене тәрбиесі жұмыстарының түрлері. Жоғары оқу
орнындағы дене тәрбиесі сабағы мен жұмыстары барлық оқу ұзақтығы
кезінде жүргізіледі. Ол жұмыстар мынандай түрлерге бөлінеді: оқу және
жаттықтыру сабақтары, өз беттерімен жаттығулар, күн тәртібі ішіндегі
дене жаттығулары, көпшілік-сауықтыру және спорт шаралары. Бұл дене
24
тәрбиесі жұмыстарының түрлері бір-бірлерімен тығыз байланысты бірін-
бірі толықтырып отырады.
1.
Дене тәрбиесі жұмыстарының негізгі түрі - оқу сабақтары болып
табылады. Оқу сабақтары барлық мамандықтардың оқу жоспарларына
кіргізіліп, оқу үрдісінің 1-2 курстарында жүргізіледі. Сабақты дене
тәрбиесі кафедрасының оқытушылары жүргізеді. Дене тәрбиесі сабақтары
үш түрлі оқу бөлімдерінде жүргізіледі. Олар: негізгі дене тәрбиесі
сабақтары, спорттық педагогикалық жетілдіру жаттықтырулары, арнайы
медициналық топтардағы сабақтар деп бөлінеді.
Негізгі топтардағы дене тәрбиесі сабақтарына дәрігерлік байқаудан
өтіп, денсаулықтары және дене қуаты дайындығы тексеріліп, негізгі және
дайындық топтарына жатқызылған студенттер жіберіледі. Дене тәрбиесі
сабағы жетісіне екі рет өткізіледі. Оқу курстарындағы сабақтар жоғарғы
оқу орындарының мемлекеттік бағадарламасы негізінде жүргізіледі. Оқу
бағдарламасын Білім және ғылым министрлігі бекітеді. Бағдарламаның
оқу материалы теориялық және іс-тәжірибелік деген екі бөлімге бөлінген.
Теориялық бөлімде теориялық мағлұматтар берілсе, бағдарламаның іс-
тәжірибе бөліміндегі материалдар мазмұны, спорт түрлерінің
жаттығулары студенттердің дене тәрбиесі міндеттерін нақты шешуге
бағытталған.
Спорттық педагогикалық жетілдіру жаттықтырулары. Ол сабақтар
түріне студенттердің әртүрлі спорт түрлерінен жаттықтырулары
кіргізіледі. Жаттықтырулар студент спортшылардың өздері айналысқан
спорт түрлерінен жоғарғы жетістіктерге жетулеріне бағытталған.
Жаттықтыру сабақтарына дәрігерлік комиссиядан өткен денсаулықары
мықты, негізгі топқа жатқызылған студенттер жіберіледі. Оқу-
жаттықтыру сабақтары жаттықтырушының басқаруымен, жаттықтыру
кестесі, арнайы бөлінген уақыттар арқылы орындалады. Спортшы
студенттер жылдық күнтізбелік жарыстар жоспары арқылы өз спорт
түрлерінен жарыстарға қатысып, спорт дәрежелерін орындайды. Спорт
түрлерімен тұрақты айналысып, оқу бағдарламасындағы сынақ түрлерінің
нормаларын, оқу талаптарын орындаған студент спортшылар негізгі
топтардағы оқу сабақтарынан босатылады. Олар оқу семестрі басындағы
сабаққа қатысып, бапкерінің спорт түрінен жаттықтыруға қатысуына
рұқсат қағазын, бапкерінің аты-жөнін, жаттықтыру өтетін жерінің адресін,
уақыттарын, негізгі топтағы оқытушыға хабарлауы қажет. Оқу
бағдарламасымен, сынақ нормаларымен, теориялық мәліметтердің
тақырыптарымен жақсы танысып, негізгі топтағы оқытушының талап
еткен кезінде келіп оқу нормаларын, теориялық мағлұматтарын тапсырып
отыруға міндетті. Семестр аяғындағы сессия кезінде бапкерінен
жаттықтыру сабақтарына тұрақты қатысқаны, спорт жарыстарындағы
орны, орындаған разрядтары туралы мөр басылған, қол қойылған
25