М. Е. Лобашев к. В. Ватти


-тарау. ТҰҚЫМ ҚУАЛАУШЫЛЫҚТЫҢ ХИМИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ



жүктеу 8,1 Mb.
Pdf просмотр
бет164/275
Дата29.04.2022
өлшемі8,1 Mb.
#38344
түріЛекция
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   ...   275
Lobashev

15-тарау. ТҰҚЫМ ҚУАЛАУШЫЛЫҚТЫҢ ХИМИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
 
Тұқым  қуалаушылықтың  молекулалық  негіздері  туралы  осы  кездегі  түсініктерді 
баяндаудан 
бүрын 
молекулалық 
генетиканың 
негізгі 
объектісі 
— 
микроорганизмдердің ерекшелігін өте қысқаша түрде сипаттау қажет. 
1. МОЛЕКУЛАЛЫҚ ГЕНЕТИКАНЫҢ ЗЕРТТЕУ   ОБЪЕКТІСІ РЕТІНДЕП 
МИКРООРГАНИЗМДЕРДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕР! 
        Микроорганизмдер  тобын  бөліп  көрсетуде  особьтың  шамасы  крйтерйи  ретінде 
пайдаланылды/Сондықтан,  бір  жағынан,  күрдёлі  қүрылымды  организмдер  ыағыз 
ядролары мен жоғары сатыдағы организмдерге тән хромосомалары (эукариоттары) 
бар  балдырлар  мен  саңырауқүлақтар,      екінші      жағынан,  вирустар  мен  фагтар 
микроорганизмдерге 
жатқызылды. 
Вирустар 
мен 
фагтар 
бактерияларда 
(бактериофагтар), өсімдіктер мен жануарларда (вирустар) паразиттік тіршілік ететін 
клеткасыз  фор-малар  болып  табылады.  Оларда  хромосоманың  ролін  ДНҚ  немесе 
РНК  молекуласы  атқарады.  Бактериялар  (прокариот)  аралық  орын  алады. 
Вирустарға  қарағанда  бактериялар  едәуір  күрделі  құрылымды  келеді,  бірақ  олардың 
ядросы  цитоплазма-дан  бөлінбеген,  ал  хромосоманьщ  қызметін  мұнда  да  ДНК  жіп-
шелері атқарады. Қлетка ұршық түзбестен бөлінеді. Микроор-ганизмдердің шамасы 10 
нм-ден бірнеше ондаған микрометрге дейінгі кең шекте өзгереді. 
Алайда  микроорганизмдерде  молекулалық  генетиканың  объ-ектісі  еткен  жалпы 
ерекшеліктер бар. Тіршілік циклінің қыс-қалығы  негізгі  ерекшелігі  болып  табылады. 
Мәселен,  көптеген  бактериофагтарда,  вирустар  мен  бактерияларда  бір  бөлінуден 
екінші  бөлінуге  дейінгі  уақыт  20—30  минут,  'санырауқұлақтарда  —  1—2  сағат,  ал 
хлорелла  балдырында  —  1  тәулік  болады.  Олардың  мұндай  ерекшелігі  қысқа мерзім 
ішінде  орасан  көп  ұрпақ  алуды  қамтамасыз  етеді.  Микроорганизмдердің  келесі 


ерекшелігі — өте жылдам көбейетіндігі — бір мезгілде орасан көп мөлшерде особьтар 
алуды  қамтамасыз  етеді,  бұл  миллион-ға  біреу  және  одан  да  сирек  кездесетін 
генетикалық құбылыс-тарды табуға мүмкіндік береді. Көптеген микроорганизмдерде 
көбеюдің  екі  әдісінің  (жыныссьііз  және  жынысты)  болуы  —  үшінші  ерекшелік.  Бұл 
жынысты  жолмен  көбею  барысында  рекомбинациялар  алуға  және  жыныссыз 
жолмен кебеюде мейоздан соң, гаплофазада тікелей рекомбинация өнімдерін зерттеу-
ге мүмкіндік туғызады. 
Мұның бәрі генетикалық талдаудың шешуші қабілетін айтарлықтай арттырады. 
Фагтар  мен  вирустарда  олардың  иесінің  клеткасына  бірнеше  бөлшектің  бірден 
ену қабілеті жыныс процесінің езіндік алмасуы болып табылады. Бұл бөлшектердің 
бірге  көбеюі  ке-зінде  олардың  генетикалық  материалы  рекомбинацияланады. 
Езсһегісһіа  соіі  В.  (ішек  таяқшасы)  бактериясына  екі  фагты  бірге  жүқтырудан 
кейін екі бастапкы объектінің белгілері (ли-зис сипатын) үйлескен формалар пайда 
болатыны суреттен (V таблица, 
В) 
көрінеді. 
Онан  басқа  белгілі  бір  қүрамдағы  сұйық  немесе  қатты  ортаны  пайдаланып, 
температура  және  т.  б.  жағдайларды  реттей  отырып  микроорганизмдерді  қатаң 
бақыланатын жағдайларда оңай өсіріледі. 
Микроорганизмдер  генетикасын  зерттеуде  зерттеушілер  же-келеген  особьтардың 
белгілеріне диагноз қоюда кәптеген қиын-дықтарға кездесті. Алайда мұның шешімі 
табылды  және  тіпті  ол  тамаша  нәтиже  -берді:  клондардың,  штаммалардың,  коло-
ниялардың белгілеріне баға берілді. 
Белгілер  бірнеше  топқа  бөлінеді.  Морфологиялық  белгілер  колонияғіың 
формасымен  немесе  мәлшерімен,  оның  сыртқы  бетінің  сипатымен  және  т.  б. 
байланысты. Олар, әдетте, көз мөлшермен бағаланады. 
Биохимкялық  белгілер  белгілі  бір  заттардың  синтезіндегі  өзгерістермен 
байланысты. 
Селективтік 
орта 
әдісін 
пайдалану-дың 
арқасында 
олар 
микроорганизмдерде  барынша  оңай  зерт-теледі.  Бұл  әдістің  мәні  мынада.  Жабайы 
типтегі  организм-дер  —  прототрофтар  —  минералдық  тұздар  мен  углеводтар  бар 
ортада  тіршілік  етіп,  көбеюге  қабілетті  келеді,  бұл  заттардан  олар  өзінің  тіршілігіне 
қажетті барлық заттарды синтездейді. Мұндай ортаны 
минимальды 
орта деп атайды. 
Белгілі  бір  зат-тарды  синтездеу  қабілетінен  айрылған  организмдер  —  ауксотрофтар 
прототрофтардан  өзгеше,  минимальды  ортада  тіршілік  ете  алмайды.  Олар 
толық 


ортада, 
яғни  клетканың  тіршілігіне  қажетті  барлық  метаболиттер  бар  ортада  өсе 
алады.  Ауксо-трофтардың  белгілі  бір  клонын  қандай  биохимиялық  мутация 
сипаттайтынын дәл анықтау үшін селективтік ортаны, яғни толық ортадан белгілі бір 
метаболиттің  (витаминиің,  амин  қышқылының  немесе  азотты  негіздің)  жоқтығымен, 
ал  мини-мальды  ортадан  осы  заттың  барлығымен  ажыратылатын  орта-ны 
пайдалану  қажет.  Мысалы,  талданатын  клон  тек  амин  қышқылы  ғана  қосылатын 
минимальды  орта  болып  табылатын  талғағыш  ортада  тіршілік  ететін  болса,  онда  ол 
амин  қышқылдары  жөнінен  ауксотрофтар  болып  табылады,  яғни  белгілі  бір  амин 
қышқылын  синтездеуге  қабілетсіз  деген  сөз^.  Ал  қандай  амин  қышқылын  синтездей 
алмайтынын кейбір амин қышқыл-дары  бар  селективтік  ортаны  пайдалана  отырып 
оңай анықтау-ға болады. 
Ауксотрофтардың пайда болу  жиілігі шамалы,  сондықтан  жұмысты тездету үшін 
таңбалар  әдісін 
қосымша  пайдаланады.  Колонияны  қайта  себу  жұмысын  жеңілдету 
үшін  Петри  табақ-шасының  мөлшері  мен  формасындай  арнаулы  барқыт  кесегін 
қолданады.  Алдымен  барқыт  кесегіне  ішінде  толық  ортада  өскен,  талданатын 
колониялары  бар  табақшаны  басады.  Барқыттың  бүрлерінде  жекелеген 
колониялардың  клеткалары  қалады.  Осыдан  кейін  бұл  кесекке  минимальды  және 
толық  орталары  бар  екі  табақшаны  басады.  Мұндай  таңбаларды инкубациялаудан 
кейін толық және минимальды ортада өскен колонияларды  салыстырады. Іс жүзінде 
мұны  былайша  істейді:  минимальды  ортасы бар  табақшаны  ұқсас  колониялары  бір-
біріне  сай  келе-тіндей  етіп,  толық  ортасы  бар  табақшаның  үстіне  қояды.  Үйлес-
тірілген  екі  табақшаны  жарыққа  үстап  қарай  отырып,  толық  ортасы  бар  табақшадан 
минимальды ортаеы бар табақшада өс-пеген колонияларды белгілейді. Бүл мутантты 
колонияларды анықтауға мүмкіндік береді (74-сурет). 
Бүдан кейін толық ортада өскен мутантты колониядан се-лективті ортаға  кешіріп 
себу жұмысын жүргізеді. 
Сонымен  қатар  биохимиялық 
мутанттарды 
анықтауға  жұмсалатын  уақыт  пен 
еңбекті  азайту  мақсатында  арнаулы  шоғыр-ландыру әдістері бар. Олардың біреуінің   
мәні мынада: бакте-риянын, сұйық минимальды ортадағы суспензиясына пенициллин 
антибиотигін  қосады.  Пенициллиннің  бөлінетін  клеткалар-ды  ғана  зақымдайтыны 
анықталған.  Минимальды  ортада  жа-байы  түрдегі  бактериялар  ғана  кебейетіндіктен, 
негізінен  солар  зақымданады.  Минимальды  ортада  көбеймейтін  биохимиялық 


мутанттар  зақымданбайды.  Осыдан  кейін  клеткаларды  пени-циллиннен  жуып 
тазартады  да,  Петри  табақшасыидағы  толық  ортаға  себеді.  Жабайы  түрдегі 
клеткалардың  көп  бөлігін  пе-нициллин  жойып  жібергендіктен,  толық  ортада  әсетін 
коло-ниялардың  ішінде  биохимиялық  мутанттар  колонияларының  салыстырмалы 
саны артқан болып шығады. 
Өсіп  шыққан  колониялардан  минимальды  ортаға  таңбалар  түсіреді  де 
мутанттарды бөліп алады. 
Селективтік  орта  принципінің  өзі  генетика  мен  селекция  үшін  жаңалық  емес 
екенін ескерте кету керек. 
Белгілердің  үшінші  тобы  төзімділікке  —  микроорганизм-дердің  абиотикалық 
(температура,  жарық,  химиялық  заттар  және  т.  б.)  және  биотикалық  (фагтар, 
вирустар  және  т.  б.)  фак-торларға  сезімталдығына  жатады.  Бұл  белгілерді  зерттеу 
үшін  де  көбінесе  селективтік  орта  әдісі  пайдаланылады.  Мәселеи,  антибиотикке 
тәзімділікті  тексеру  үшін  оны  ортаға  қосады.  Тәзімді  микроорганизмдер  тірі  қалады 
да, сезімталдары өліп қалады. 
Алайда  бұл  жағдайда  селективті  ортада  шындығында  да  бүрын  болған 
мутациялар анықтала ма деген күдік тууы мүмкін. Мүмкін, өсіп шығатын колониялар 
клеткалардың  бір  бөлігінің  қоректік  ортаға  қосылған  антибиотикке  тікелей 
адаптациялануы салдарынан төзімділікке ие болатын шығар. Бұл сұрақты ше-шуге 
де таңбалар әдісі көмектеседі   (75-сурет).  Мысалы, егер 


 
 

жүктеу 8,1 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   ...   275




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау