М. Е. Лобашев к. В. Ватти


-сурет. Ортаға байланыс-ты жебежапырақтағы жапырақ пішінінің



жүктеу 8,1 Mb.
Pdf просмотр
бет161/275
Дата29.04.2022
өлшемі8,1 Mb.
#38344
түріЛекция
1   ...   157   158   159   160   161   162   163   164   ...   275
Lobashev

72-сурет. Ортаға байланыс-ты жебежапырақтағы жапырақ пішінінің 
өзгергіштігі. 


Модификациялық өзгергіштіктің маңызы. Жебе тәрізді (су бетіне шы-ғатын), жүрек 
тәрізді  (қалқып  тұра-тын)  және  лента  тәрізді  (су  түбінде  кездесетін)  әр  түрлі 
жапырақтары бар жебе жапырақ өсімдігі (За^іііагіа за^ііШоііа) де модификациялық өз-
гергіштікке мысал бола алады (72-су-рет). Демек, жебе жапырақтың жапы-рағының 
белгілі  бір  формасы  емес,  тіршілік  ету  жағдайларына  қарай  бұл  формапы  кейбір 
шекте өзгерту қабіле-ті түқым қуалай детерминацияланған, бүл сөз жоқ, организмнің 
бейімдел-гіштік  ерекшелігі   болып  табылады, 
оның үстіне бірдей генотипі бар барлық особьтар сыртқы жағ-дайларға бірдей жауап 
қайтарады.  Модкфикациялық  өзгергіш-тіктің  жаппай  сипаты  бар,  сондықтан  да 
өзгергіштіктің осы түрін Ч. Дарвин 
айқын өзгергіштік 
деп атаған. 
Ашытқы  (Зассһаготусез  сегеуізіае)  клеткаларының  ерекше  субстрат—
галактозаны  ашыту  қабілетіне  ие  болуы  модификациялық  езгергіштіктің 
адаптациялық  маңызына  жақсы  мысал  бола  алады.  Ашытқылар  әдетте  глюкозаны 
ашытады, бірақ егер клетканы тек галактоза бар ортаға орналастырсақ, біраз уақыттан 
кейін  клеткалар  галактозаны да  ашыта бастайды,  Сірә,  клеткаларда  бұрынғы  активті 
емес 
заттардан 
субстраттың  қатысуы-мен 
оларға 
галактозаны 
ашытуға 
жәрдемдесетін  арнаулы  фер-менттер синтезделетін болса  керек.  Егер  мұндай жаңа 
жағдай-ларға адаптациялаиған клеткаларды қайтадан глюкозасы   бар 
ортаға көшіретін болсақ, олар қайтадан глюкозаны ашыту қабілетін қалпына келтіреді. 
Мұндай  адаптациялық  өзгерістер  көптеген  микроорганизмдерден  байқалады  да, 
түрдің таралуына және оның тіршілік үшін күресте сақталуында сөзсіз маңызды роль 
атқарады. 
Модификациялық  өзгергіштіктің  мәні  сапалық  белгілер  мысалынан  ерекше  жақсы 
көрінеді:  организмде  белгінің  даму  қабілеті  тұқым  қуалайды,  бұл  қабілеттің  байқалу 
дәрежесі генотип пен сыртқы орта жағдайларының өзара әсеріне байланысты болады- 
Сиырдың  белгілі  бір  түқымынан  әр  түрлі  шаруашылық-тарда  түрліше  мөлшерде: 
мысалы, бір шаруашылықта 2105 кг-нан 4203 кг-ға дейін, екінші шаруашылықта 3008 
кг-нан  4954  кг-ға  дейін  сүт  сауылады.  Бұл  әр  түрлі  күтіп-бағу  және  азықтандыру 
жағдайындағы  бірдей  генотиптердің  өзара  әсер  етуімен  анық-талады,  ал  белгілі  бір 
тұқымның жануарларынан әр түрлі жағдайларда түрліше мөлшерде (2105 кг-нан 4954 
кг-ға) сүт сауы-луы оларда реакция нормасының тұқым қуалағандығын білді-реді. 


Сол шаруашылықтардағы басқа тұқымды жануарлардан  1008 кг-нан 2956 кг-ға 
дейін  сүт  сауылуы  мүмкін,  яғни  басқа  ге-нотйптің  соидай  күтіп-бағу  және 
азықтандыру  жағдайларымен  өзара  әсер  етуіне  байланысты  олардың  басқа  реакция 
нормасы болуы мүмкін. Демек, мүйізді ірі қараның бірде-бір тұқымында жылына 2000 
немесе  5000  кг  сүт  сауу  сияқты  тұқым  қуалайтын  белгі  жоқ,  бүл  белгінің 
тұқымқуалауды  қамтамасыз  ететін  реакция нормасы  ғана  бар  деп  айтуға  болады.  Ал 
белгінің  байқалу  дәрежесі  генотиптің  нақты  азықтандыру  және  күтіп-бағу  жағ-
дайларымен өзара әсер етуімен анықталады. 
Әр  түрлі  белгілердің  реакция  нормасы  да  түрліше  болады.  Оны  органиамд,ерді 
әр түрлі тіршілік ету жағдайларына, оның ішінде белгілер максимум байқалу шегіне 
жететін оптимальды жағдайларға орналастыру арқылы толық дәрежеде айқындауға 
болады.  Мүйізді  ірі  қаралардың  белгілері осыған  мысал бола  алады.  Мәселен,  айтып 
өткеніміздей,  рең  іс  жүзінде  ешқандай  жағдайда  да  езгермейді,  яғни  оның  бір 
мағыналы реакция нормасы болады. Негізінен азықтандыру және күтіп-бағу жағдай-
ларына  байланысты  сүт  өнімділігінің  реакция  нормасы  өте  кең  болады.  Сүттегі 
майдың  проценттік  шамасы  сияқты  белгі  аралық  орын  алады.  Ол  сауылатын  сүт 
мөлшеріне қарағанда аз дә-режеде азықтандыру жағдайларына тәуелді және болмашы 
дә-режеде өзгереді. 
Адамнан  да  бір  мағыналы  реакция  нормасы  бар  белгілерді  (қан  тобы,  шаштың 
түсі  және  т.  с.  с.)  және  реакция  нормасының  кеңдігімен  сипатталатын  белгілерді 
(бойы, массасы және т. с. с.) атауға болады. 
Реакция  нормасын  білудің  ауыл  шаруашылығы  практика-сында  өсімдіктерден 
мол  түсім  алу  үшін  және  жануарларды  оп-тимальды  күтіп-бағу  жағдайларында, 
есімдіктер  мен  жануарларды  жаңа  климаттық  аудандарға  кешіруде,  олардан  мол 
енімалу  үшінзор  маңызы  бар.  Организмдердің  табиғи  жағдайлардағы  адаптация 
процесінде  реакция  нормасы  кеңдігінің  айтарлықтай  маңызы  бар,  өйткені 
модификациялық  өзгергіштік  тұ-қым  қуаламайтын  өзгергіштікке  жатқанмен,  түрдің 
сақталуы мен өркеидеуін реакция нормасының кеңдігі анықтауы мүмкін. 

жүктеу 8,1 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   157   158   159   160   161   162   163   164   ...   275




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау