«Ұлттық рухани қҰндылықтарды дамыту мақсатындағы инновациялық технологиялар»



жүктеу 1,32 Mb.
Pdf просмотр
бет36/37
Дата27.12.2019
өлшемі1,32 Mb.
#25103
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37

«ҰЛТТЫҚ РУХАНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ДАМЫТУ МАҚСАТЫНДАҒЫ  ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР»  

атты республикалық ғылыми-тәжірибелік симпозиумының материалдар жинағы 

 

 

73 


апаратын күш тек білімде ғана екені баршамызға белгілі. Қай елдің болмасын өсіп өркендеуі, 

өркениетті  дүниеде  өзіндік  орын  алуы–оның  ұлттық  білім  жүйесінің  деңгейіне,  даму 

бағытына байланысты. 

Өзім  еңбек  етіп  жүрген  гимназия  мектебінде  дамыта  оқытудың  әртүрлі 

технологиялары оқу үрдісіне енгізіліп, кең түрде қолданылуда. Жаңа оқыту технологиясын  

сабақта  қолдану,  меңгеруде  мен  оқушыларды  сын  тұрғысынан  ойлауға  (бұдан  әрі  СТО) 

баулу әдістерін қолданамын. СТО  – бұл теориялық білімді жетекшілікке ала отырып, оқыту 

мен  оқу  барысында  қарапайым  бақылаулар,  өмір  заңдылықтарына  көздерін  жеткізу, 

қорытынды жасауға дағдыландыру. Сабақта СТО қолдану ұлттық құндылықтардың бірі ата-

бабаларымыздың қанымен дарыған еркін даланың ерікті ұрпағына тән қасиет ой еркіндігін, 

сөз еркіндігін бала бойында қалыптастыруда баға жетпес әдіс деп айта аламын. Яғни, аталған 

әдіс-тәсілді  оқу  мен  оқыту  үдерісінде  оқушыларға  зерттеу  сұрақтарын  қою,  «өз 

көзқарасыңды білдір», «бұл мәселені қалай шешер едің» т.б. сияқты мәселелер қою арқылы 

жүзеге асырамын.  

Ұлттық құндылықтар – тұтас бір жүйе деп жоғарыда атап өттік.  Ал сол жүйенің ең 

құндысы – ұлттың тілі. Тарихымыздан белгілі болған жайт, Ресейдің патшалық  және  Кеңестік 

дәуірлерінде  кемсітуге, қысымға ұшыраған түрі де сол – ұлт  тілі.  Жүз елу жылдық орыс және 

жетпіс  жылдық  орыс-кеңестік  отаршылдықтың  зардаптары,  өкінішке  орай,  өз  ізін  қалдыруда. 

Еліміздің барлық аймақтарында деп айта алмаймын, бірақ қала мектептерінің басым бөлігінде 

оқу  мен  оқытуда  қазақ  мектептерінің    өзінде  орыс  тілінде  сөйлеу  басымдылыққа  ие  болып 

отырғаны жасырын емес. Ал бұл үрдіс,әрине, ұлттық құндылықтармен қаруланған білімді ұрпақ 

тәрбиелеуде  өз  кедергісін  келтіретіні  анық.  Мысалы,  жаңа  оқу  мен  оқыту  технологияларын 

жүзеге  асыруда  мұғалім  көбінесе  сабақта  оқушыны  ізденіске  жетелеуге,  өзіндік  мүмкіндігін 

меңгеруге  жағдай  жасауды  қарастырады.  Өкінішке  орай,  оқыту  тілін  жете    түсінбеген  оқушы 

өздігінен  мәтінмен  жұмыс  істеу,  ой-қорытынды  жасау,  жан-жақты  зерттеу  сұрақтарына  жауап 

беруде  өз  мүмкіндіктерін  көрсете  алмау  жағдайлары  кездесіп  жатады.  Тілдік  кедергілердің 

себебін  анықтауды  мақсат  ете  отырып,  оқушы  және  ата-ана  арасында  сауалнама  жүргіздім. 

Оқушылармен  жүргізілген  сауалнамаға  талдау  жасау  барысында  орыс  тілінде  сөйлеудің 

басымдыққа ие болған екі жағы анықталды: 1. Қоршаған орта ықпалы 2. Отбасында орыс тілінде 

сөйлеу.Осы жерде  экономикасы да, білімі де ұлттық құндылықтарды басшылыққа ала отырып  

дамыған Жапон мемлекеті сияқты ел тәжірибесінен мысал келтіргім келеді. Әрине, біз сияқты 

жас  мемлекеттердің  әлем  тәжірибесіне  сүйене  отырып  дамуы  заңдылық  деп  есептеймін.  

Баланың дүниетанымын ерте жастан дамыту қағидасын берiк ұстанатын жапон халқы бала iште 

жатқан  сәттен  бастап  он  бiр  жасқа  дейiн  оған  өз  ұлтының  салт-дәстүрi,  наным-сенiмi,  тарихы 

туралы жалықпай айтып, елiне, жерiне деген сүйiспеншiлiктiң iргетасын мықтап қалайды екен.  

Сондай-ақ барлық сабақ пен берiлетiн бiлiм тек қана жапон тiлiнде  жүредi. Бесiншi сыныптан 

кейiн ғана  шет тiлi мен өзге елдердiң тарихы туралы пәндер сабақ кестесiне енгiзiлген. Сонымен 

қатар  жапон  баласы  баратын  балабақша  мен  мектептiң  iшкi  безендiрiлу  үлгiсi  мiндеттi  түрде 

ұлттық нақышпен бейнеленедi. Әрбiр батыры мен танымал тұлғасын дәрiптеп, оның асқан ерлiгi 

арқылы жапон халқының кереметтiгiн үйретуде ата-ана мен мұғалiм, тәрбиешiлердiң  сiңiретiн 

еңбегi  шексiз.  Содан  болса  керек,  жапондар  ұлттық  мүдденi  бәрiнен  биiк  қояды,  сол  үшiн 

қызмет етеді. 

Әрине, баланың әрбір жас кезеңдерінің даму үрдісіне, оның ойнайтын ойыншықтарының 

түрлеріне  дейін    мұқият  мән  беретін  жапон  халқын  қай  жағынан  алып  қарасақ  та  алдыңғы 

қатардағы мемлекет екенін әлем мойындап отыр.  

Сонау    балабақшадан  бастап,  мектепте,  арнайы  оқу  орындарда  ұрпақ  санасына  ұлттық 

құндылықтарды қалыптастыратын, үнемі дамытып отыратын  тәрбиелік мазмұны зор шараларға 

аса үлкен мән берілуі керек.  

Бүгінгі ұрпаққа патриоттық тәрбие беруде ұлт мақтанышы ретінде  біздің бұрынғы өткен 

тарихымыздың  тұлғалары  ғана  үлгі  болуы  шарт  емес.  Жаңа  ұрпақты  отансүйгіштікке  бүгінгі 

замандастар  жетістіктерін  де  алға  тарта  отырып  тәрбиелеу  де  өз  нәтижесін  бермек.    Аталған 

бағытта өткізілген іс-шараның бірінен мысал келтіре кетейін. 




«ҰЛТТЫҚ РУХАНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ДАМЫТУ МАҚСАТЫНДАҒЫ  ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР»  

атты республикалық ғылыми-тәжірибелік симпозиумының материалдар жинағы 

 

74 


10-сынып  оқушыларымен    Елбасының    «Мәңгілік  Ел»  жобасын  кең  түрде  насихаттау, 

елін,  жерін,  тілін  құрметтейтін      азамат  тәрбиелеуді  мақсат  ете  отырып,    «Жастар  –  «Жаңа 

бағыттың»  қозғаушы  күші»    деген  тақырыпта  тәрбие  сабағын  өткіздім.  Сабақ    «Болашақ» 

бағдарламасы бойынша шет елдерде білім алған жас мамандармен кездесу-сұхбаттасу  түрінде 

өтті. Сабақтың қорытынды кезеңінде сұхбаттан алған әсерлерін шығармашылықпен шыңдауына  

мүмкіндік  жасауды  мақсат  ете  отырып,  үш  топқа  «Болашақ»  бағдарламасының  еліміздің 

дамуына  ықпалы  туралы  өз  ойлары  мен  тұжырымдарын  постерде  бейнелеп  көрсету  және 

ауызша қорғау тапсырмасы берілді. Тапсырманы аса бір қызығушылықпен, шығармашылықпен 

орындаған оқушылар өз жұмыстарын мынандай жалынды ұрандармен қорытындылады: 

І топ :  «Ана тіліміз – Мәңгілік елімізбен бірге,Мәңгілік тіл болады» 

ІІ топ:  «Білімді ұрпақ –Мәңгілік Ел  тірегі» 

ІІІ топ: «Туған Жер – Мәңгілік Ел  жүрегі» 

Кездесу-сұхбаттасу  барысында    оқушыларды  қызықтырған  сұрақтар  өте  көп,  алған 

әсерлері де өте зор  болды. Әсіресе өз тілін қорсынып, басқа ұлт (орыс) тілінде сөйлейтін кейбір 

оқушыларға  жас мамандардың  сұхбаты ой салғандай болды.  Шет елде білім алып келсе де өз 

еліне,  туған  жеріне  деген  сүйіспеншілік,    ана  тіліне  деген  тазалық  жас  мамандар  сұхбатынан 

ерекше байқалып тұрды. Кездесу соңында әр оқушымен жүргізілген  кері байланыстан  өмірге 

шынайы көзбен қарай алатын, өз тағдырларына өздері иелік ете алатын азамат пен азаматшалар 

және    еліміздің    болашағы  мен    «Мәңгілік  Елге»  айналуы      өз  қолдарында  екенін  түсініп,  ой 

түйіндей  білген шәкірттерімді көргендей болдым.  

Сонымен бірге баланың тілдік кедергіге ұшырауына отбасындағы қарым-қатынас тілінің 

ықпалы  өте  зор.  Өйткені  бала  уақытының  басым  бөлігін  отбасында  өткізеді  емес  пе?! 

Сондықтан, қазіргі  уақыттың  маңызды проблемасы оқушылардың    тәрбиесінде   мектеп пен 

отбасының педагогикалық ынтымақтастығын толық жүзеге асырудың қажеттілігі   туындайды.  

Балада  кездесетін    тілдік  кедергілерді    болдырмауда    отбасы  мен    бала-бақшадағы  тәрбие, 

бастауыш сыныптағы білім тек ана тілінде жүруін мемлекеттік   деңгейде қадағалануын, қоғам 

болып қолға алуын қолдар едім. 

Ұлттық құндылықтарымыздың тұтас жүйесінің  басты бөлігінің бірі – туған ел тарихына  

деген  құрмет.  Отбасында,  балабақшада,  мектеп  қабырғасында    қазақ  елінің  тарихын  бала 

санасына  сіңіру  арқылы  тәрбие  беру  патриотизмнің  ең  жақсы  үлгісі  болары  белгілі.  Өткен 

тарихын білу арқылы туған жерге, елге деген сүйіспеншілігі қалыптасады. Оқушыларымыздан 

жазғы және қысқы демалыстарын қайда, қалай өткізгені туралы  эссе, шығарма жазуға тапсырма 

беріледі.  Аталған  тақырыптағы    оқушы  жұмыстарын    тексеру  кезінде  туған  жері,  ата-әжелері 

тұратын ауылға барғандары жайлы жазылған  ой-тоғауларды өте сирек кездестіреміз. Керісінше, 

шетелде  өкізген  қызықты  күндері,  теңізге  шомылуы,  әсем  қалалары,  сол  елдің  тарихи 

ескерткіштері туралы тамсана жазады. Әрине, жер көру, шет елдерді аралау, танысу бала үшін 

зиянды деген ойдан аулақпын. Бірақ әр нәрсе өз кезегімен, яғни бірінші кезекте бала санасының 

қалыптасу  кезеңінде  өз  елінің,  туған  жер  табиғатының  сұлулығын  сезініп,  тарихи  

құндылықтарымен танысып, елiне, жеріне деген сүйіспеншілікті қалыптастыруды  әрбір ата-ана, 

тәрбиеленіп отырған ортасы өзінің басты міндеті деп санауы керек. Сонда ғана  ұрпақ бойында 

тарихи  саналылық  пен  ұлт  құндылықтарын  қалыптастыра  аламыз  деп  ойлаймын.  Тарих, 

өлкетану сабақтарында оқушылармен туған ел тарихынан  сыр шертетін  орындарда экскурссия 

сабақтарын ұйымдастыруды жүзеге асырудың маңызы зор болмақ.  

Елбасының  жақын арада (13.04.2017) жарияланған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» 

атты  мақаласында  аталған  мәселенің  өзектілігі  туралы  былай  деп  атап  көрсетеді:  «Біз  жат 

идеологиялардың  әсері  туралы  айтқанда,  олардың  артында  басқа  халықтардың  белгілі  бір 

құндылықтары  мен  мәдени  символдары  тұрғанын  есте  ұстауымыз  керек.  Тиісінше,  оларға 

өзіміздің ұлттық құндылықтарымыз арқылы ғана төтеп бере аламыз». 

Тарихымызда жас ұрпақ біліп өсуге тиіс жер атауының төркіні туралы әртүрлі аңыздар, 

ел  қорғаны  болған  батырлар,  ел  есінде  сақталар  біртуар  перзенттері  бар.  Олай  болса  ұрпақ 

санасына ұлтымыздың бай тарихы, салт-дәстүрi, наным-сенiмi  туралы жалықпай айтып, елiне, 

жерiне  деген  сүйiспеншiлiктiң  iргетасын  мықтап  қалауды  қоғам  болып  қолға  алар  болсақ 




жүктеу 1,32 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау