«Ұлттық рухани қҰндылықтарды дамыту мақсатындағы инновациялық технологиялар»



жүктеу 1,32 Mb.
Pdf просмотр
бет34/37
Дата27.12.2019
өлшемі1,32 Mb.
#25103
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37

«ҰЛТТЫҚ РУХАНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ДАМЫТУ МАҚСАТЫНДАҒЫ  ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР»  

атты республикалық ғылыми-тәжірибелік симпозиумының материалдар жинағы 

 

 

69 


-  кері  байланыс  рөлін  атқаратын  оперативті  диагностика  және  өзіндік  диагностика; 

білім беру үрдісіне педагогикалық кәсіби маңызды қасиеттерінің арнайы ұйымдастырылған 

тренингтерін ұйымдастыру; 

-  мотивациялық-  қажеттілік  саланы  белсенді  түрде  жетілдіру,  шығармашылық 

қызметке деген қабілеттілік, рефлексивті қабілеттерді дамыту; 

-  қажетті  ақпараттарды  іріктеу,  сақтау  және  қолданудың  қағидалары  мен  әдістерін 

меңгеру,  шығармашылық  қабілеттерді  дамыту  мақсатында  идеяларды  жалпылай  алу 

іскерлігін және студенттердің кәсіби іс- әрекет тәжірибесін игеру; 

-  тұлғалық  бағдарлы  оқытуды  және  заманауи  педагогикалық  технологияларды 

қолдану; 

-  студенттерге  ЖОО-да  оқу  кезеңінде  психологиялық-  педагогикалық  көмек  пен 

қолдау көрсету; 

- оқу үрдісін ақпараттандыру. 

Осыдан  болашақ  педагогтардың  кәсіби  ұтқырлығын  қалыптастырудың  негізгі 

бағыттарын  атап  өтугеде  болады.  Яғни,  болашақ  педагогтардың  кәсіби  ұтқырлығын 

қалыптастырудың негізгі бағыттары: танымдық, адамгершілік, әлемдік, ұлттық, салауатты 

өмір  салты,  дүниетаным  деп  жіктеледі.  Сондықтан  да  болашақ  маманның  кәсіби- 

ұтқырлығын  қалыптастыруда  әрбір  оқытушы  осы  бағыттарды  жетік  біліп,  оны  педагог 

бойына дарыта алуы керек. 

Қорыта  келе  айтарымыз,  ұлы  Абай  армандаған  толық  адам,  бүгінгі  заманның 

өлшеміне  айналған  саналы  адам,  яғни  дербес  тұлға.  Дербес  тұлға  –  арманы  асқақ,  жүрегі 

таза,  тегеурінді  дарын  иесі.  Мұндай  тұлғалар  келешекте    қоғамдық  ырыс,  әлеуметтік 

дәулет,  ұлттық  игілік  жаңашыры  болып  үлкен  белестерге  бастайтын  көшбасшы 

болатынына сеніміміз мол. Демек, кәсіби ұтқыр тұлға   – ол саналы азамат, өзіндік бейнесі 

бар  адам.  Яғни  ойлау  қабілеті,  сезімі,  әсерленуі  дамыған  және  оларды  үйлесімді  игеріп, 

басқара алатын, өмірін қиыншылықтары мен кемшіліктерін, қауіп-қатерді қандай болмасын 

жолмен жеңіп, бастаған ісін аяқтап шығатын және өзгелерге нәтижелі көмек бере алатын, 

белсенділігі нақты  іспен  көрінетін,  мінезі  қалыпты, тартымды,  өзінің  көзқарасы  бойынша 

әрекет ететін, оны қорғай білетін адам.  

Сонымен,  кәсіби  ұтқырлығы  қалыптасқан  педагог  –  бұл  рухани  дамыған  әрі 

әлеуметтік  тұрғыдан  есейген,  педагогикалық  құралдардың  барлық  түрлерін  шебер 

меңгерген  білікті  маман,  оқу  процесін  «шексіз  кеңейте  алатын»  сиқыршы,  өзін-  өзі 

әрдайым жетілдіруге ұмтылатын шығармашыл тұлға. 

 

ӘДЕБИЕТТЕР: 

1.  Сластенин В.А. Педагогика / В.А.Сластенин и др. – М.: Школа- Пресс, 2002. – 512с. 

2.  Кузьмина 

Н.В.  Акмеологическая  теория  повышения  качества  подготовки 

специалистов образования / Н.В.Кузьмина. – М.: 2001. – 144 с. 

3.  Сластенин В.А. Педагогика профессионального образования / В.А. 

4.  Қалиев  С.  Оқушылардың  жеке  тұлғасын  қалыптастырудың  теориялық  негіздері.  -А. 

2002ж.  

 

 



 

 

 

 

 

 

 

 

 


«ҰЛТТЫҚ РУХАНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ДАМЫТУ МАҚСАТЫНДАҒЫ  ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР»  

атты республикалық ғылыми-тәжірибелік симпозиумының материалдар жинағы 

 

70 


ӘОЖ 001. 

 

ЭТНОМӘДЕНИЕТТІК ФАКТОРЛАРДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК- ЭКОНОМИКАЛЫҚ 

ДАМУҒА ЫҚПАЛЫ 

 

Сапарова А., Тулешова Г.Б. 

І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, Талдықорған қ. 

 

Қaзақстан  eгемeндік  алып,  өзінің  ғылыми-техникaлық  дәрежесі  өз  қолына  тиюі 



ғалымдардың  алдына  көптеген  міндеттерді  қойды.  Соның  бірі  өз  қазақ  ұлтымыздың 

өзіндік  психикалық  қасиет  сaпаларын  анықтау  және  ұлттың  қабілeт  мәсeлесін  көтеріп, 

ұлтаралық  қарым-қатынас  мәселелерін  шешуде,  республикамыздың  түпкілікті  этнос 

өкілдерінің алатын орнын белгілеу. Ал оның одан әрі дамуы мен өркениетті мемлекеттер 

қатарына  қосылуына  ықпал  ететін  мәселелер  тереңірек  зерттеуді  қажет  етеді.  Солардың 

бірі  біздің  зерттеуімізге  арқау  болып  отырған  тақырып  –көп  этносты  Қазақстандағы 

ұлттардың  экономикадағы  рөлі.  Бұл  тақырыпта  жүргізілген  зерттеулер  аз  емес.  Ұлттық 

саясат  мәселелеріне  Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Ә.  Назарбаев 

еңбектерінде  ерекше  көңіл  бөлінген.  Олар  теориялық-методикалық  және  қолданбалы 

жағынан  маңызды.  Статистикалық  мәліметтерге  қарағанда,  Қазақстанның  2016  жылғы 

демографиялық  көрсеткіштері  берілген.  Оған  сай  Қазақстанда  тұратын  жан  саны  ең  көп 

этнос – орыстар. Олар Қазақстан халқының 20,1 пайызын құрайды. Сәйкесінше, өзбектер 

3,1,  украиндар  1,58,  ұйғырлар  1,45,  татарлар  1,13,  немістер  1  пайызды  құраса,  қалған 

этностар жан саны халық санының 1 пайызына жетпейді.  

Көп  этносты  Қазақстан  қоғамын  топтастыруда  экономикадағы,  әлеуметтік 

саладағы,  мораль  мен  мәдениеттегі  келеңсіз  құбылыстарды  жеңу  проблемалары  ең 

бірінші  кезекте  тұр.   Осыған  орай,  В.К.  Шабельниковтің  пікірінше,  белгілі 

полимәдениетті және полиэтникалық өзaра әрекет механизмінің пайда болуынан, ерекше 

қоғамдық (еуропалық) сананың дамуы анықталады. Әртүрлі мәдениеттің өзара әрекет етуі 

өзара  бейнелеуге,  өзара  рeфлексияның  пайда  болуынa  ыңғай  туғызады.  Ендеше,  жеке 

адамның әлеуметтену ерекшелігі оның психикaсын нақтылы ашу болып табылады [1]. 

Этникaлық  психологияның  ерекшеліктерін  түсіндірудің  әдістемелік  негіздерінің 

бірі  –  оның  табиғатын  және  жалпы  адамгершілік,  таптық-әлеуметтік,  этникалық 

арақатынасын  ажырaта  білу.  Халықтардың  психологиясы  этностық  рухани  бейнесінің 

негізгі  әрі  маңызды  жағының  бірі  болып  есептелінеді.  Этностaрдың  психологиялық 

ерекшеліктері  халықтардың  табиғи  мaтериалдық  жағдайларының  көрінісімен  адам 

санaсында қалыптасады. Ол өзінің түп тaмырымен халықтар тарихының терең түкпірінен 

орын  алып,  оның  пайда  болған  негізінен  бастап  дамуда.  Хaлықтардың  психологиялық 

ерекшеліктері  –  жалпы  ұлттық  категория.  Этникaлық  психология–  қоғамдық,  әрі  жaлпы 

психологияның  бірі.  Ол  үнемі  өзгеріп  отырaды.  Қоғaм  дамуының  белгілі  кезеңдерінде,  

әлеуметтік - экономикaлық және жaңа мазмұн қабылдайды.  

«Этнос» aнықтамасы ғылыми айналымда ХІХ ғасырдан бастап қолданыла бастады. 

Әлеуметтік экономика мен антропология сұрaқтары саяси экономика мектеп өкілдерімен 

қaрастырылып 

келеді. 

Халықтардың 

этникалық 

ерекшеліктеріне 

байланысты 

шaруашылықпен  айналысу  ерекшеліктеріне  А.  Смит  ерекше  көңіл  бөлген.  Ал  Ф.  Лист 

елдердің    әр  уақыттағы  дамуын  қарастырып,  ондағы  ұлттық  ауытқуларды  анықтаған. 

Ұлттардың жекешелігінің ерекшелігін А.Мюллер де зерттеп, оны ерекше ағзаға теңеген. 

М.  Вебер  өзінің  еңбектерінде  экономикалық  ерекшеліктер  ұлттық  дәстүрге,  өнегеге, 

ұстанымға  байланысты  дамиды  және  әр  ұлт  өкілінің  атқаратын  шаруашылығы  да  соған 

байланысты  болады  деген.  «Әлеуметтік  ортадағы  адамдардың  экономикалық  қарым- 

қатынастары  қажеттіліктеріне,  әдеттері  мен  тәжірибесіне  байланысты  анықталады»-                     

Й. Шумпетер [5]. 



жүктеу 1,32 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау