«Ұлттық рухани қҰндылықтарды дамыту мақсатындағы инновациялық технологиялар»



жүктеу 1,32 Mb.
Pdf просмотр
бет33/37
Дата27.12.2019
өлшемі1,32 Mb.
#25103
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37

«ҰЛТТЫҚ РУХАНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ДАМЫТУ МАҚСАТЫНДАҒЫ  ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР»  

атты республикалық ғылыми-тәжірибелік симпозиумының материалдар жинағы 

 

 

67 


Білім беру жүйесі психологиялық-педагогикалық талаптарды ұстанған жағдайда болашақ 

педагогтардың  кәсіби  бағыттылығы  талапқа  сай  қалыптасады.Олай  болса,  кәсіби  ұтқырлық 

дегеніміз – педагогтың мақсатының орындалуы ғана емес, оның ерік-жігерінің іске асуы, яғни 

өзі  жөніндегі  ойын,  еркін  іске  асырудың  дайындығы  және  оны  іске  асыруының  нәтижесі, 

көрінісі. Ерік-жігер механизмі дегеніміз – адамның өзіне тән жеке басы қасиеттерін іске асыруы. 

Адам  ойына  келген  іс-әрекетті  іске  асыруда  ерікке  жол  береді.  Бірақ  адам  бір  нәрсені  істерде 

алдымен еркін ақыл-парасат таразасына салып, осы істі іске асыру жөн бе, басқалар оған қалай 

қарар  екен  деген  ойға  қалады.  Ендеше,  ерік-жігердің  іске  асырылуы  ақыл  мен  санаға 

бағынышты. 

Педагогтардың кәсіби ұтқырлығының ерекшеліктері, қорқыныш пен үрейді ақыл-санаға, 

ерік-жігерге жеңгізіп, қиыншылық атаулыға шыдап бағады. Бұл жағдайда өмір сүрудің көкжиегі 

кеңейеді.  Сондықтан  адамды  қиыншылықты  жеңе  білуге  үнемі  баулып,  оның  ерік-жігерін 

жастайынан  шындау  керек.  Ерікті  шындау  өмір  сүру  үшін  күресе  білудің  алғышарты  болып 

табылады. 

Кәсібилік  психологиялық  және  тұлғалық  білім  беру  сияқты  кәсіби  білім,  дағдылармен 

ғана  емес,  сондай-ақ  кәсіби  мәселелерді  қою  мен  шешудің  айтып    жеткізуге  болмайтын 

өнерімен, шындықты ерекше ұғынумен де сипатталады.  

Мамандықты  меңгеру  барысында адам психологиясында елеулі өзгерістер орын  алады. 

Олар  индивид  психикасы  дамуының  негізгі  формалары  мен  бағыттарын,  оның  санасын,  іс-

әрекетін,  тұлғасын  қозғайды.  Бозбалалық  шақтағы  немесе  ерте  жастық  шақ  кезеңіндегі 

өзгерістердің айтарлықтай айрықша динамикасы студенттік шақ тобында байқалады. Олардың 

заңдылықтарын  жетік  білу  болашақ  педагог  ұтқырлығын  және  болашақ  кәсіби  маманның 

даралығын  толыққанды  дамытудың  педагогикалық  шарттарын  құру  бойынша  іс-әрекет 

жасаудың ғылыми негізін құрайды. 

Жоғары  білім  беруде  болашақ  маман  ұтқырлығының  қалыптасуының  орталық  түйіні 

танымдық және кәсіби  мотивтердің дамуы болып табылады. Жалпы алғанда,  мотив бұл  - осы 

мотив анықтайтын іс-әрекетке енгізілген қандай да бір іс-әрекетті жасауға адамды анықтайтын, 

ынталандыратын, талаптандыратын түрткі. 

Педагогтың кәсіби- ұтқырлығын қалыптастыру мен кәсіби даярлау табиғатынан әртүрлі 

алайда,  бір  –  біріне  балама  емес  өзара  байланысты,  бірін  –  бірі  толықтыратын  және  өзара 

қамтамасыз  ететін  екі  үрдіс  ретінде  қарастырылады.  Болашақ  педагогтың  кәсіби 

ұтқырлығының қалыптасуының  жаңа  мүмкіндіктері  маманды  даярлау  үрдісінде  өнделетін 

іс  –  әрекеті  мен  өмірінің  неғұрлым  күрделі  әрі  алуан  түрлі  құрылымдарына  енген  сайын 

ашылуда.  Екінші  жағынан  алып  қарағанда,  күрделі  және  алуан  түрлі  кәсіби  іс-  әрекетке 

даярлау  педагогтың  шығармашылық  қабілеттерін,  дербес  ойлауын,  кәсіби  маңызды 

қасиеттерін дамытуды талап етеді.  

Болашақ  педагогтың  кәсіби-ұтқырлығын  қалыптастыруына  әсер  ететін  барлық  

факторлардың  жиынтығын  сыртқы  және  ішкі,  объективті  және  субъективті  деп 

қарастыруға  болады  [1].  Сыртқы  факторлар  бұл  -  болашақ  маманның  доминантты  бағыт-

бағдарларына,  үміттеріне,  талаптануына  әсер  ете  отырып,  оның  тұлғасының  мінез-кұлық 

логикасын және өзін-өзі дамытуын анықтайтын сыртқы әсер ететін күштер. Ішкі факторлар 

–  идеалға  ұмтылу;  студенттің  сыртқы  әлемге  және  өз-өзіне,  әлеуметтік  және  кәсіби 

болмыстың  шындықтарына  қатынасын  қалыптастыратын  жағдайлар,  қажеттіліктер  және 

мүдделер. 

Н.В.  Кузьмина  факторларды  кәсіби  қызмет  шыңына,  яғни  жоғары  жетістіктерге 

жетелейтін  даралықтың  өзіндік  қозғалысын  қамтамасыз  ететін  себептер  ретінде 

сипаттайды [2]. Ғалым факторлардың үш түрін бөліп көрсетеді: ізделіп отырған нәтижеге 

қол жеткізуге бағытталған, іс-әрекеттердің бірізділігі мен шынайы жүйесімен байланысты 

объективті себептер; кәсіби кызмет табыстылығы өлшемінің субъективті алғышарттарымен 

байланысты  (мотивтер,  бағыттылық,  қабілеттер,  ұтқырлық,  құзыреттілік,  ептілік, 

қанағаттылык, шығармашылық) субъективті себептер, кәсіби орта құрумен, жетекшілердің 

кәсібилігімен байланысты объективті-субъективті себептер. 




«ҰЛТТЫҚ РУХАНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ДАМЫТУ МАҚСАТЫНДАҒЫ  ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР»  

атты республикалық ғылыми-тәжірибелік симпозиумының материалдар жинағы 

 

68 


В.А.  Сластенин  объективті  факторларды  анықтай  отырып,  оларды  болашақ 

маманның  өзінің  кәсіби-ұтқырлығын  қалыптастыруына,  болашақ  мамандығында 

шеберлікке  қол  жеткізуіне  қатынасын  анықтайтын  әлеуметтік-мәдени,  экономикалык, 

саяси, заңды, кәсіби жағдайлардың кешені бола отырып, белгілі бір субъектілердің еркінен, 

соның  ішінде  студенттің  өзінің  еркінен  тәуелсіз  күштер  деп  ескереді.  Субъективті 

факторлар      -  бұл  белгілі  бір  субъектілердің  еркі  мен  бастамашылығынан  туындайтын 

күштер.  Оған  болашақ  маманның  тұлғасының  өзі  және  оның  үміттері  мен  ниеттері, 

бағалауы  мен  өзін-өзі  бағалауы,  белсенділігі  және  өзін-өзі  танытудың  ұнамды  саласы  да 

жатқызылады [3]. 

Факторлардың  бүкіл  осы  жиынтығын  басқа  негіз  бойынша,  яғни  ықпалдардың 

ұйымдасу  деңгейі  бойынша  -  мақстақа  бағытталған  және  ретсіз  (басқарылатын  және 

басқарылмайтын)  деп  жіктеуге  болады.  Ретсіз  факторлардың  әсері  бағдарламалауға 

келмейді,  болашақ  маманның  өзін  -  өзі  дамытуға  бағытталуын,  әдеттегі  тіршілік 

әрекетіндегі  тәртібін  өзгертетін  ықпалдардың  педагогикалық  мақсатты  логикасына 

келіспейді.  Мақсатқа  бағытталған  факторлар  студент  тәрбиелігінің  шынайы  деңгейі  мен 

күнделікті  тұрмыстағы  проблемаларын  ескере  отырып,  оның  санасының  және  тәртібінің 

өзгеруіне әсер етеді.  

Педагогтың  кәсіби  маман  болып  қалыптасуы  оның  тұлғасын  дамытумен  тығыз 

байланысты.  Сонымен  қатар,  кәсіби  қасиеттер  қалыптасқан  сайын  педагогқа  оң  ықпал  ете 

бастайды, яғни кәсіптегі табыс педагогқа қанат беріп, оны ынталандырады. Болашақ маманның 

кәсіби  –  ұтқырлығын  қалыптасуына  оның  кәсіби  әдепті  сақтау,  жекелей  және  әлеуметтік 

жауапкершілік,  ішкі  бақылау,  икемділік  пен  шапшаңдылық,  мағыналы  шығармашылық, 

қалыпты өзін – өзі бағалау және өзінің кәсібилік деңгейін дифференциалды бағалауға әзір болу 

сияқты педагогтың сипаттары айтарлықтай әсер етеді [4]. 

Маманның  психологиялық  қалыптасуы  адам  психикасында  бұрын  тіпті  болмаған 

немесе  өзгеше  түрде  болған  жаңа  қасиеттердің  пайда  болуын,  сондай-ақ,  кәсіби  іс-әрекет 

пен кәсіби қарым-қатынастың жаңа түрлерінің туындауын білдіреді. 

Педагогикалык  іс-әрекетте  кәсібиліктің  шыңына  жетудің  объективтік,  субъективтік 

және объективті-субъективтік факторлары болады: 

-  объективтік  факторлар  педагогтың  мақсат  еткен  нәтижеге  жету  жолындағы 

әрекеттердің байыптылығы және накты жүйесімен байланысты; 

субъективтік  факторлар  мұғалімнің  шығармашылығымен,  мотивтерімен 



бағыттылығымен, икемділігімен, құзыреттілігімен, қабілеттілігімен байланысты; 

-  объективтік-субъективтік    факторлар      кәсіби      ортаны      ұйымдастыру, 

жетекшілердің кәсібилігі, басқару сапасымен байланысты. 

Болашақ педагогтың кәсіби-ұтқырлығын қалыптастыу - бұл динамикалық үрдіс және 

ол  келесідей  педагогикалық  кезеңдерді  қамтиды:  жаңашыл  білім  беру  жүйесіне,  қазіргі 

заман жағдайындағы кәсіби ойлау мен кәсіби әрекет салтына бейімделу;   студентті   кәсіби   

іс-әрекеттің      талаптары      мен      нормаларына  сәйкестендіру;  өзінің  кәсіби  рөлдері  мен 

функцияларын  шығармашылық  тұрғыда  жүзеге  асыру  мүддесіндегі  шығармашылық 

жағынан өзін-өзі дамыту мен өзінің әлеуетін көтеру. Психологиялық тұрғыда бұл - оңтайлы 

өзін-өзі дамыту үрдісі аясындағы жоғары оқу орны студенті психикасының сапалық және 

сандык  өзгеріске  түсу  үрдісі.  Бұл  үрдіс  ақыл-ой  және  дене  мүмкіндіктерін  жетілдірумен, 

болашак  мұғалімге  тандалған  мамандық  арқылы  анықталатын  жаңа  іс-әрекет  түрлерін 

жүзеге  асыруға  мүмкіндік  беретін  жана  қабілеттер  мен  психикалык  кұрылымдарды 

қалыптастырумен байланысты. 

Болашақ  маман  өткір  алмас  тәрізді,  одан  жан  -  жағына  сәуле  шашатын  гауһартас 

жасау керек. Бұл- зергерлік жұмыс. 

Педагог зерттеушілер жұмыстарындағы болашақ педагогтың кәсіби  ұтқырлығының 

қалыптасуын жетілдіру мәселелерін зерттеу  мен талдау нәтижесінде елеулі педагогикалық 

шарттар ретінде келесілерді бөліп көрсетуді жөн көрдік: 



жүктеу 1,32 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау