Литературоведение



жүктеу 9,27 Kb.
Pdf просмотр
бет17/86
Дата28.11.2017
өлшемі9,27 Kb.
#2113
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   86

Қазақ мемлекеттік қыздар  
педагогикалық университеті                                                                                Хабаршы №3 (51), 2014 ж.  
 
37 
 
ТІЛ БІЛІМІ МӘСЕЛЕЛЕРІ 
ПРОБЛЕМЫ ЯЗЫКОЗНАНИИ 
PROBLEMS OF LINGUISTICS  
ӘОЖ 681.142.37 
 
СТУДЕНТТЕРДІҢ ТАНЫМДЫҚ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚТАРЫН ИННОВАЦИЯЛЫҚ 
ТЕХНОЛОГИЯЛАР АРҚЫЛЫ АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ 
 
М.З. Беркутбаева, 
оқытушы 
(Алматы қ., Қазақ мемлекеттік  
қыздар педагогикалық университеті) 
 
Аңдатпа:  Берілген  мақалада  студенттердің  танымдық  белсенділігін  дамытуда 
ақпараттық  технологияларды  қолдану  қарастырылады.  Студенттердің  маман  ретінде 
қалыптасуына ең алдымен оның оқып білуі, сапалы білім алуы басты негізгі күш болады. 
Сабақ  беру  нысандарын  таңдау  кезінде  студенттердің  танымдық  мүмкіндіктерін  ескеру 
қажет.  Дәстүрлі  әдістерден  гөрі  ізденімпаздық  жұмысты  неғұрлым  кеңірек  пайдалануда 
танымдық  қызығушылықты,  студенттердің  танымдық  белсенділігін  қалыптастыруға 
септігін тигізеді. 
Түйін  сөздер:  ақпараттық  технологиялар,  педагогикалық  қарым-қатынас, 
инновациялық әдіс, оқытудың әдіс-тәсілдері, студенттердің  танымдық белсенділігі, білім 
сапасы.  
Ұстаздар  қауымының  алдында  тұрған  басты  мақсат  –  рухани  жан  дүниесі  бай, 
бәсекеге  қабілетті,  өз  пікірін  ұсына  және  қорғай  алатын,  өмірге  икемді  жан-жақты 
жарасымды  дамыған  жеке  тұлғаны  қалыптастыру.  Бүгінгі  таңда  білім  берудің  негізгі 
күретамыры  –  білім  беру  ісіндегі  озық  үлгілермен,  тұғырлы  ұстанымдармен  тығыз 
байланыстыра отырып дамыту, жас ұрпақтың қабілеті мен талантын ашу, шығармашылық 
қабілетін  жетілдіру,  өзіне  деген  сенімін  нығайту,  өз  жолын  өзі  таңдауына  түрткі  болу. 
Еліміздің  болашақ  азаматтарын  аса  маңызды  әлеуметтік  экономикалық  және  мәдени 
қажеттіліктеріне  бейімдеу,  кәсіптік  мамандыққа  баулу  –  ұстаздардың  қолында. 
Педагогтық  мамандық  білімділікті  қажет  етеді.  Мұғалім  белгілі  бір  мамандықты  жетік 
меңгерген мамандық иесі. Болашақ ұстаздың біліктілігі оқу орнында алған білімі арқылы 
қалыптасады.  Студенттер  үшін  ұстаздың  рухани  жан  дүниесі,  өздеріне  деген  қөзқарасы 
маңызды.  
Педагог-психолог  Ж.  Аймауытұлы  «Білімге  деген  ынталанушылық  –  адам 
бойындағы ой еңбегі күшінің қайнар көзі, сондай көздерді көбірек ашу, бөгетсіз саулатып 
ағызу, өркендету жері – мұғалімнің бойына біткен қасиет болу керек» деп атап өткендей, 
ұстаздың  басты  мұраты  –  баланың  рухани  өсуіне  басшылық  жасау  болып  табылады. 
Болашағы  зор  ұлағатты  елдің  саналы  азаматы  болар  білімді  де  өнегелі  жас  ұрпақтың  – 
XXI ғасыр ғаламның сан түрлі құпияларын ашатын, бабаларымыз баса алмаған биіктерді 
басатын,  ел  үшін,  халықтың  жарқын  болашағы  үшін  үлкен  қадамдар  жасайтын, 
болашағынан  зор  үміт,  жақсылық  күттіретін  ғасыр.  Дүниежүзілік  өркениеттілікке  жету 
жастардың қолында. «Еліміздің ертеңі – бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың 
тағдыры  –  ұстаздың  қолында»  деп  Елбасы  Н.Ә.Назарбаев  айтқандай  білімді  іскер 
еліміздің  болашағына,  оның  гүлденуіне  үлес  қосатын  жас  жеткіншектерді  даярлауда 
ұстаздың  атқаратын  қызметі  орасан  зор.  Білім  беру,  тәрбиелеу  мен  оқытудың  үздіксіз 
процесс  екені  заңды  нәрсе.  Қазіргідей  білім  реформасы  жүріп  жатқан  өркениеттілік 
көшіне  ұмтылып  жатқан  уақытта  тіпті  маңызды.  Олай  дейтініміз,  өз  білімін  көтеріп,  өз 


 
 Казахский государственный женский 
 педагогический университет                                                                                  Вестник №3(51), 2014 г. 
 
38 
бетінше  жетілдіріп  отырмаса,  тынбай  ізденбесе,  мұғалімнің  балаға  берер  білім  дәрежесі 
жеткіліксіз  болары  анық.  Осы  орайда  атақты  педагог  В.А.  Сухомлинский  «Оқытушы 
жұмысының  жемісті  болуы  –  балаға  жүрек  жылуын  ұсына  отырып,  оқыту  мәселесін 
бірінші  орынға  қойғаны»  деген  болатын.  Бүгінгі  таңда  студенттердің  кәсіби  біліктілігін 
арттыру, тұжырымды ойлау мәдениетін дамытып, ішкі әлемі жан-жақты дамыған саналы 
жеке  тұлғаны  қалыптастырып,  оны  дамыта  оқыту,  жоғары  оқу  орындарында  оқыту 
үдерісінің негізгі мақсаты болып табылады. 
Тілдік  емес  жоғары  оқу  орындарында  ағылшын  тілін  оқыту  үдерісінде  ақпараттық 
білім  беру  технологияларын  қолдану  студенттердің  ағылшын  тілін  меңгеруге  деген 
ынталарын арттыруға ықпал етіп, жан-жақты білім алуына жол ашып, мемлекетіміздің үш 
тұғырлы тіл саясатына сай жақсы, жан-жақты дамыған студент иесі ретінде танылуларына 
негіз  бола  алады.  Мультимедиялық  құралдар  мен  электронды  оқулықтарды  қолдануға 
деген  қызығушылығы,  кәсіби  шыңдалудағы  ақпараттық  технологияның  ролі,  оқу 
материалдарын  өз  қажеттілігіне  қолдану  студенттердің  ақпараттық  мәдениетін 
қалыптастырады. Мультимедиалық, электрондық оқулықтар студенттердің ағылшын тілін 
үйрену оқу іс-әрекетінің негізгі көзі болып табылады. 
Жоғары  оқу  орындарында  ақпараттық  технологияларды  қолданудың  негізгі 
бағыттары  электронды  оқулықтар  мен  интернет  технологиясын  пайдалану  болып 
табылады,  сонымен  қатар  дүниежүзілік  интернет  желісі  студенттердің  білім  өрісін 
кеңейтуге  ықпал  етеді.  Егер  ағылшын  тілінен  оқу  материалдары  иллюстрация, 
анимациялық,  дыбысы  бар  объект  түрінде  құрылса,  студенттердің  даму  ерекшеліктеріне 
сәйкес  ағылшын  тіліндегі  материалдардың  мазмұнын  тез  қызыға  қабылдауға,  түсінуге, 
білімін  өз  бетімен  жетілдіруге  негізгі  түрткі  бола  алады.  Білім  беруді  ақпараттандыру 
процесі  мұғалімнің  дайындық  деңгейі  мен  мамандық  сапасына  үлкен  талап  қояды.  Ол 
мұғалімнің  өзін-өзі  дамуына,  өзіндік  білім  алуына  және  шығармашылық  түрде  өздігінен 
қызметтерін  іске  асыруға  мүмкіндік  береді.  Осы  міндеттерді  шешу  әр  мұғалімнің 
күнделікті  ізденісі  арқылы  жүзеге  асады.  Ал  мұғалім  ізденісі  дегеніміз  –  қажетті 
өзгерістерді,  жаңа  мағлұматтарды,  жаңа  әдіс-тәсілдерді  дер  кезінде  қабылдап,  дұрыс 
пайдалана  білу.  Ақпараттық  технологияларды  қолдану  –  студенттердің  ағылшын  тілін 
үйренудегі  іздену,  қажетті  ақпараттарды  жинастыру  және  талдай  білу,  ақпарат  көздерін 
үйлесімді пайдалану  дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндіктерін береді, сонымен қатар 
студенттердің танымдық дағдыларын дамытуға оң ықпалын тигізері анық. 
Жеке  тұлғаның  қалыптасуын  қамтамасыз  ететін  оқытудың  модульдік,  деңгейлеп 
саралап  оқыту,  сын  тұрғысынан  оқу  мен  жазу,  электрондық  оқыту,  жобалап  оқыту  т.б. 
студенттерді  дамыта  отырып  оқытуға  негізделген  технологиялардың  негізгі  қағидалары: 
студентке ізгілік тұрғыдан қарау; студенттің танымдық күшін қалыптастыру және дамыту; 
оның  өз  бетімен  әрекеттену  әдістерін  меңгерту;  студенттің  танымдық  және 
шығармашылық қабілетін дамыту болып табылады. 
Осы міндеттерді шешу әр мұғалімнің күнделікті ізденісі арқылы жүзеге асады. Ал 
мұғалім  ізденісі  дегеніміз  –  қажетті  өзгерістерді  дер  кезінде  қабылдап,  дұрыс  пайдалана 
білу.  Жоғары  оқу  орнындағы  оқыту  үрдісі  студенттің  ынталы,  белсенді  танымдық 
әрекетіне негізделетіні белгілі.  Ал белсенді танымдық әрекет  кредиттік оқыту жүйесінде 
қазіргі заман талабына сай сапалы маман дайындаудың  негізі болып отыр. Сонымен қатар 
бұл  жүйеде  жан-жақты  жетілген,  көп  тілді  меңгерген  жеке  тұлғаны  қалыптастыру  және 
дамытуға,  оның  қоғамның  экономикалық,  саяси  және  мәдени  өміріне  қатыса  білуін 
тәрбиелеуге ерекше назар аударылады.  
Жоғары  білім  алу 

  адам  әрекетінің  ең  маңызды  бөлігі.  Өйткені  жоғары  білім 

 
әлемдік білім кеңістігіне толығымен кірудің, еліміздің экономикалық, әлеуметтік жағынан 


жүктеу 9,27 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   86




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау