Литературоведение



жүктеу 9,27 Kb.
Pdf просмотр
бет25/86
Дата28.11.2017
өлшемі9,27 Kb.
#2113
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   86

Қазақ мемлекеттік қыздар  
педагогикалық университеті                                                                                Хабаршы №3 (51), 2014 ж.  
 
53 
 
таңбаларының  жалған  байланысын  жасау;  3)  тіл  нормаларының  бұзылуы;  4) 
аудармашының  қатесі;  айтылым  –  1)  таңбалар  тізбегі;  2)  хабарлама  бірлігі;  3)  сөйлеу 
бірлігі;  4)  мәтіндік  шындықтың  кіші  бөлігі;  5)  сөйлеу  барысында  рәсімделген  аяқталған 
ой, тұжырым; шығыс тіл – 1) аударма тілі (машиналық аудармада); 2) аударма жасалған 
тіл; 3) салғастырылушы тіл; 4) мәтін тілі және т.б. 
6.  Омонимия.  Омонимдер 

  айтылуы  бірдей,  мағыналық  жақындығы  жоқ  сөздер. 
Омонимдердің  пайда  болу  себебі  әртүрлі:  1)  көпмағыналы  сөздердің  арасындағы 
семантикалық  байланыс  үзілуі  арқылы  жасалады;  2)  сөздердің  тарихи  дыбыстық 
өзгерістерге  ұшырауы  арқылы;  3)  кірме  сөздер  мен  төл  сөздердің  дыбысталуы  жағынан 
сәйкес келуі  арқылы жасалады. Мысалы:  сәйкестік  І – бір-біріне сай үйлестік, ұқсастық; 
сәйкестік  ІІ  –  аударма  жайындағы  ғылымның  ең  негізгі  категорияларының  бірі. 
Аудармадағы  абсолютті  сәйкестік  бастапқы  және  аударма  мәтіндерінің  формалды, 
мағыналық  және  ақпараттық  құрамдас  бөліктерінің  сәйкес  келуі  арқылы  сипатталады, 
алайда  іс  жүзінде  оған  қол  жеткізу  мүмкін  емес  деуге  болады.  Сәйкестік  категориясы 
аудармада  «сөзбе-сөздік  аударма  –  еркін  аударма»  оппозициясында  көрінеді.  Сондай-ақ, 
сәйкестік  деп  бастапқы  мәтін  бірлігін  аудару  нұсқаларының  бірін  айтады;  түпнұсқа  І  – 
алғашқы  негіз,  бастапқы;  түпнұсқа  ІІ  –  аудармадағы  бастапқы  мәтін,  аударма  осы 
мәтіннен жасалады; бейімдеу І – жуықтау, жақындау, икемдеу; бейімдеу ІІ – 1.рецепторға 
бірдей  әсер  ету  мақсатында  сипатталған  жағдаятты  өзгерту  нәтижесінде  сәйкестіктерге 
қол жеткізу амалы. 2. мәтіннің түрлі өңделуі; 3. қажетті дәрежеде дайын емес оқырмандар 
үшін  мәтіннің  әзірленуі;  қабылдау  І  –  адам  миында  болатын  түсіну,  сезіну  процесі; 
қабылдау  ІІ  –  аудару  барысында  бастапқы  тілде  оқу  немесе  тыңдау  іс-әрекетінің 
бастамасын  білдіреді;  нақтылау  І  –  дәлдей  түсу,  анықтау,  айқындау;  нақтылау  ІІ  – 
бастапқы  тіл  бірлігіне  қарағанда  аударылған  бірлік  мағынасының  нақты  болуына 
байланысты аударма амалдарының бірі. 
Сонымен  бірге,  аударматану  терминдік  бірліктерінің  материалы  негізінде 
салааралық  терминдер-омонимдер  түрлері  де  анық  байқалады.  Мысалы,  транслят  – 
транслят  (аударматану  –  радио,  теледидар);  селектор  –  селектор  (аударматану  – 
байланыс жүйесі) және т.б. 
7. Синонимия. Тілде белгілі бір ғылыми-техникалық ұғымды бірнеше терминдермен 
атау  қажеттілігі  пайда  болуы  мүмкін.  Мысалы,  терминологиялық  жүйе  және  терминдер 
жүйесі  т.б.  Терминдер  синонимділігі  құбылысы  автордың  ғылыми  сөз  байлығын 
көрсетуімен сипатталады. Ал мына аударматану терминдерінің концептуалдық мағынасы 
бірдей  болады:  бастапқы  айтылым,  бастапқы  хабарлама  –  бастапқы  мәтін; 
кинетикалық  тіл  –  ым,  ишара  тілі;  когнитивтік-танымдық;  конвенция  –  норма; 
таңбаның  коннотативтік  мағынасы  –  таңбаның  прагматикалық  мағынасы;  қисынды 
предикат  –  қисынды  баяндауыш;  қисынды  субъект  –  қисынды  бастауыш;  механикалық 
аударма – нақпа-нақ аударма.  
8. Антонимия. Антонимия құбылысы дербес және көмекші сөздер арқылы берілетін 
семантикалық  қарама-қарсылықты  білдіреді.  Антонимия  көркем  әдебиетте  антитеза 
сияқты
 
әртүрлі стильдік фигураларды жасап, экспрессия үшін қолданылады. 
Антонимия  құбылысы  терминологияда  терминологиялық  өрістің  шеткі  нүктелерін 
белгілеуге,  сондай-ақ  терминологиялық  жүйенің  қисынды  мүмкіндіктерін  сұрыптауға 
жағдай жасайды. Мысалы: кеңейту – тарылту, сәйкестік – сәйкессіздік, ауызша аударма 
–  жазбаша  аударма,  кіріс  тіл  –  шығыс  тіл,  кіріс  сөздік  –  шығыс  сөздік,  кіріс  сөйлем  – 
шығыс сөйлем, лексикалық жайылма – лексикалық ықшамдау және т.б. 
Терминдерді  терминологиялық  өрістен  бөліп  қарауға  болмайды.  Терминологиялық 
өріс  бойынша  моносемантикалық  термин  жасалуы  тиіс.  Терминдерді  талдау  барысында 
ұғымдық  өріс  ерекшелігіне  басты  назар  аудару  қажет.  Бұл  тілден  тыс  негіздемесіз 


 
 Казахский государственный женский 
 педагогический университет                                                                                  Вестник №3(51), 2014 г. 
 
54 
терминологиялық  өріс  қалыптасуы  мүмкін  емес.  Себебі  жай  лексикалық  өрістен 
терминологиялық  өрістің  айырмашылығы 

  оның  құрамына  жай  сөздер  емес,  арнайы 
ұғымдарға сәйкес келетін арнайы лексика жатады. 
Терминологиялық  өріс  теориясында  сөздердің  басым  көпшілігі  жасанды  жолмен 
туындайтын  болған  соң,  сөзжасамға  ерекше  мән  беріледі.  Сол  себепті  әрбір 
терминологиялық өрісте жалпы лексикаға және өрістің басқа түрлеріне тән емес өзінің сөз 
тудырушы  және  сөз  түрлендіруші  парадигмалары  қалыптасады.  Мысалы,  аударматану 
өрісіндегі  балама  терминіне  зат  есімді  баламалық,  сын  есімді  баламалық  терминдері 
сәйкес келеді. 
Ұлттың  қоғамдық-саяси,  рухани-мәдени  өмірінде  болып  жататын  өзгерістердің 
барлығы  оның  тілінен  көрініс  таппай  қалмайды.  Тіл  тек  қатынас  құралы  ғана  емес, 
халықтың танымы мен білімінің жинақтаушысы да болғандықтан, солай болуы заңды да. 
Ғылым  тілінің  даму  тарихын  да  халық  өмірінде  болған  өзгерістермен  байланыстырмай, 
бөліп алып қарауға болмайды. Терминдерге қатысты ғылымда біраз дау-дамайлар көптеп 
кездесіп жатады. Соған орай біршама пікірлерді келтіре кетсек. 
1935 жылғы съезде бекітілген Қ.Жұбановтың термин сөздерге қатысты он қағидаты 
сол  кезеңнен  бастап  90-шы  жылға  дейін  басшылыққа  алынып  келді.  Ғалымның 
«халықаралық терминдер» деп жүрген терминдерді өзгеріссіз тілімізге енгізу қажет деген 
пікірі  байқалады.  Бұған  ғалымның  өз  сөздері  дәлел:  «Біз  бірыңғай  интернационал 
терминдер – қазақ тілінде оларға сәйкес келетін сөздер табылсын, табылмасын аударылып 
алынбасын  дейміз.  Қазақ  тілінің  терминдері  жайлы  біздің  ұстаған  жолымыз  осы»  [1.353 
б.].  Мына  ұстанымдарда  айтылып  өткендей  «халықаралық»  ретінде  таңба  басқан  сөздер 
біздің ана тілімізге де сол қалпында беріледі.  
Ал  Ш.Біләлов  өзінің  «Ұлттық  ғылым  тілін  қалыптастырудың  өзекті  мәселелері» 
атты  еңбегінде  осы  кезеңде  қабылданған  он  қағидаттың  екеуіне  ғана  келісу  қажеттігін 
ескертеді.  Басқасымен  келіспейтіндігін  айтады.  Ғалым:  «Бұл  қағидалар  орыс  тіліндегі 
атаулар жасау негізін басшылыққа алған. Әр тілдің өз ерекшеліктері,  өзіндік даму жолы 
есепке алынбаған.  
Ғылыми  тұрғыдан  дәйекті  түрде  тиянақталмаған,  түбегейлі  зерттелмеген  мәселені 
жаппай міндеттеу орынды іс емес, әрине. Бірақ мемлекет, қоғам даму бағыты осы жолды 
еріксіз  таңдауға  мәжбүр  еткен  іспетті.  Сонымен,  мемтерминком  бекіткен  атау  жасау 
қағидалары  ұлт  тілінің  даму  аясын  барынша  тарылтып,  оның  еркін  дамуына  нұқсан 
келтірді», – дейді [2. –Б.92-102].  
Ө.Айтбайұлының  да  Қ.Жұбанов  қағидаттары  жөнінде  осы  мазмұндас  пікірі 
қалыптасқан.  Дегенмен  Қ.Жұбановтың  жасаған  қағидаттары  қазақ  терминологиясының 
даму  тарихында  ерекше  орын  алды  десек  те,  ол  тілімізге  орыс  сөздерінің,  орыс  тілі 
арқылы шетел сөздерінің көптеп енуіне әкеліп соқты.  
Ал  Р.Сыздықованың  ұстанымы  «тіліміздегі  сөз  қазынасын  мүмкіндігінше  сарқа 
пайдалану»  болып  табылады.  Ол:  «Көптеген  интернационалдық  терминдердің  беретін 
мағыналары  біз  жапа-тармағай  ұсынып  жатқан  балама  сөздерден  әлдеқайда  өзгеше,  кең 
екендігін  де  ескертеміз.  Әрбір  халықаралық  терминде  өзіне  хас  мағыналық  реңктер 
болатындығын ескеріп, көптеген тілдер оларды аудармай, дәстүрлі ортақ элемент ретінде 
пайдаланып  отыр,  әйтпесе  олар  беретін  мағыналық  ұзын-ырғасын  білдіретін  сөздер 
тілдердің  қай-қайсысынан  да  табылар  еді  ғой»,  –  дей  келеді  де,  автор  орыс,    жапон 
тілдеріндегі интернационалдық терминдердің шектен тыс көптігін мысалға келтіреді [3.6 
б.].  
Ғалымдардың  бұл  пікірлерінен  байқайтынымыз  –  қазақ  терминологиясының 
қалыптасу  кезінде  халықаралық  терминдердің  ұлт  тіліне  аударылу,  аударылмау 


жүктеу 9,27 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   86




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау