Қазақ
мемлекеттік қыздар
педагогикалық университеті Хабаршы №3 (51), 2014 ж.
29
В данной статье примером истинных дружеских отношений показывается
взаимодействие и взаимопонимание первых исследователей казахской духовной культуры
Алихана Букейханова и Султанмахмут
Торайгырова, основателей Алашорды.
Ключевые слова:
личность, идея алаш, национальное сознание, поэт, призыв алаш,
духовная культура.
SUMMARY
Naimanbayev А.,
teacher
(city Almaty, Almaty university of continuous education)
IMAGE OF
PERSONALITY
In this paper, an example of true friendship is shown as mutual interaction between
Alikhan Bukeykhanov and Sultanmakhmut Toraigyrov, the first researchers of kazakh spiritual
culture, founders of Alashorda.
Keywords:
personality, idea of Alash, national
consciousness
, poetry, motto of Alash,
spiritual culture.
ӘОЖ 821(574)
ҚАЙРЫЛҚАН АҚЫН ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ
С.Ж.Сүйіндікова,
филология магистрі
(Алматы қ., Қазақ мемлекеттік
қыздар педагогикалық университеті)
Аңдатпа: Бүгінгі біздің мақаламызға өзек болар ақын – қалың бұқараның сөзін
сөйлеп, жоғын жоқтаймын деп өз халқына «жау» атанып, сұрқия саясаттың құрбаны
болған Қайрылқан Еркебайұлы. Талантты ақын қызыл империяның «қанды құрығына»
жиырма жеті жасында ілігіп, «бай баласы» деген желеумен 1937 жылы «халық жауы»
болып ұсталады. Сол жаладан біржолата құтылып кете алмай, 1943 жылы бұ дүниемен
қош айтысады. Мақалада қызыл империя құрбаны болған талантты ақын Қайрылқан
Еркебайұлының шығармашылығы туралы айтылады.
Түйін сөздер: уақыт, ақын,
кеңес империясы, заман, жинақ.
Тарихқа табан тіреп, өткенмен есептесіп отыру – болашақты ойлайтын адамға
борыш, бүгінгі үшін де салиқалы сабақ.
Ерте есейген еңселі елдер мен тамырын тарихтың терең қойнауларынан тартқан
тағылымды жұрттардың қай-қайсысы да өткен күнге ойлы көзбен қарап келген. Кешегісін
айтқанда келешегін ойға алып отырады. Өткенді ойлау – өткенмен ойнаудан
сақтандырады. Анықтап айтқанда, кешегіні ойлау – кемел келешекті ойлау деп білеміз.
Өткендегі нәрселер өткенмен бірге із-түзсіз кетпейді. Бүгінгі – кешегінің жалғасы,
өткеннің салдары, болашақтағының себепшісі. Адам өткенге қарап өседі, бүгінгіге қарап
бой түзейді, болашақты болжап күн кешеді. Өткенге қарап өсу – кеткендерді келемеж ету
үшін емес, өткен-кеткендердің кереметін алып, керегі жоқ кемшіліктерін қайталамау
үшін қажет.
Уақыт атты ұлы өлшем алға жылжып, тарих тамыры тереңдеген сайын қоғамның
барлық саласы жаңару, даму процесін бастан кешіп отырады. Бұл әдебиет саласына да тән
құбылыс. Ұлттық әдебиетіміздің өткен тарихына бүгінгі қол жеткен биіктерден көз
Казахский государственный женский
педагогический университет Вестник №3(51), 2014 г.
30
салсақ, уақыт межесі алшақтаған сайын әр дәуірдегі әдебиетті жасаушы тұлғалар мен
олардың туындылары да бұрын байқалмаған жаңа бір қырынан таныла бермек.
Ғалым Р.Нұрғалиевтің: «Уақыттың құдіретті қасиеттерінің бірі – жылдар өткен соң
көп нәрсені өзі екшеп, ақ пен қараны, жақсы мен жаманды айырады. Қара қылды қақ
жарған үкім – уақыт үкімі. Қоғамдық құбылыстар, өнер мұралары, әдеби шығармалар,
дара тұлғалар жайлы түптің түбіндегі әділ қазы – уақыт», – деп айтқан сөзі бұл пікірімізге
дәлел бола алады.
Әр заманның өзіне лайық өзгеден ойы озық, өресі биік дара тұлғалардың болғаны
тарихтан мәлім. Олардың қатарына ғұлама ғалымдар, белгілі ел басшылары, қоғам
қайраткерлерімен қатар табиғат берген талант иелері – қаламгерлер кіреді. Себебі, қай
қоғамда болмасын жаңалықтың жаршысы, өз заманының жақсысы мен жаманын зерделей
танып, дәл
бейнелей алатын нақты суреткер, сол дәуірдегі ақын-жазушылар екені белгілі.
Ақын деген сөздің екінші мағынасы – парасатты ойдың иесі, абзал азамат, халықтың
мұң-мүддесін ойлап, сөзін сөйлеп, жоғын жоқтап, қамын көздеген ер десе артық емес.
Ақын қашан да өз көкейіндегіні халықтың ой-сезімімен қабыстыра жырлағанда, сол
бұқараның атынан сөйлегенде
ғана азамат атанып, есімі тарихта қалмақ.
Кеңес империясының жетпіс жылдан астам уақытқа созылған отаршылдық
үстемдігінің нәтижесінде, қазақ халқы биліктің қыспағынан тайсалмай, халықтың ауыр
тағдырын, елдің мұңын тура айтқан қазақ әдебиетінің өкілдері үнемі қуғындалып, түрмеге
жабылды, тіпті ату жазасына кесілді.
Бүгінгі біздің мақаламызға өзек болар ақын – сол қалың бұқараның сөзін сөйлеп,
жоғын жоқтаймын деп өз халқына «жау» атанып, сұрқия саясаттың құрбаны болған
Қайрылқан Еркебайұлы. Талантты ақын қызыл империяның «қанды құрығына» жиырма
жеті жасында ілігіп, «бай баласы» деген желеумен 1937 жылы «халық жауы» болып
ұсталады. Сол жаладан біржолата құтылып кете алмай, 1943 жылы бұ дүниемен қош
айтысады.
1910 жылы дүниеге келген Қайрылқан небәрі отыз үш жыл өмір сүрсе де артына
өшпес мұра қалдырып кетті. Аз ғана ғұмырында өзін ұстаздық, ақындық, жазушылық
қырынан көрсете білді. Ұқыптылық, жинақылық қабілетін таныта білді. Оған дәлел –
аякөздік тума талант, қайымдасып айтысудан алдына жан салмаған ақын – Адық
Оралбайұлының мұрасын алғаш
жинақтап, баспа бетіне жариялауы.
1934 жылдан бастап Қайрылқан Еркебайұлы Семейдегі жетіжылдық мектеп
мұғалімдерін даярлайтын курсты басқарады. Басшылық қызметін атқара жүріп, ақындық-
жазушылық қызметінен қол үзбейді.
Әрбір адамды ақын етіп қалыптастыратын заманы, өзі өмір сүрген ортасы.
Сондықтан да ақын өз қоғамының айнасы іспетті. Артына сөз қалдырған ақын да,
қаламын қырық үйірген жазушы да, ең алдымен, өзі өмір сүрген ортасының тірлігін, бет-
бейнесін өзіндік бояу-өрнектермен, тек өзіне ғана тән оқшау, жалқы талғам-түсінігімен
сомдап, мейлінше шынайы бейнелеп беруге күш салады.
Қайрылқан өлеңдерінің сүбелі саласы да осы бір замана бедерін берер, ондағы
адамдар мінезін айқындар әлеуметтік тақырыпқа арналған.
Бұл жылдардағы баспа беттерін парақтай отырып байқағанымыз, Қайрылқан
қаламының әжептәуір көсілгендігі, айтар ойының дәлдігі. Басқа жылдарға қарағанда осы
1934 – 1936 жылдардағы газет-журналдардың жақсы сақталғандығын және осы мерзімді
басылымдарда («Социалды Шығыс», «Қазақ әдебиеті», «Екпінді» т.б.) Қайрылқан
шығармаларының көптеп жарияланғанын айта кетуіміз керек.
Халық мұрасына қамқор ақын жүрегі қай уақытта да жай жата алмайды. Ұлы ұстазы
Абай мұрасына арналған «Абайдың 30 жылдығы», Сәкеннің әдеби қызметінің жиырма