Литературоведение



жүктеу 9,27 Kb.
Pdf просмотр
бет26/86
Дата28.11.2017
өлшемі9,27 Kb.
#2113
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   86

Қазақ мемлекеттік қыздар  
педагогикалық университеті                                                                                Хабаршы №3 (51), 2014 ж.  
 
55 
 
мәселелері.  Дегенмен,  «халықаралық  терминдер»  деп  аталып  жүрген  сөздеріміздің 
көпшілігі  қазақ  тіліне  орыс  тілі  арқылы  енгені  және  әлі  де  толыға  түсетіні  баршамызға 
белгілі.  
Ғалым Ш.Құрманбайұлы бұл жөнінде: «Өзге тілдерден сөз қабылдамай, сөз алмасу, 
термин алмасу үдерісіне мүлде тосқауыл қойып тастау мүмкін де, қажет  те емес. Тілдер 
арасындағы  өзара  сөз  алмасу  қашан  да  болған,  бола  да  береді.  Шет  тілдері  терминқор 
қалыптастырудың  сыртқы  көзі  ретінде  орнымен  пайдаланылса  дұрыс,  ал  ұлт  тіліндегі 
термин  шығармашылығын  шектеп,  өзге  тілдерден  термин  қабылдауға  жаппай  жол  беріп 
қарап  отыру  –  шарасыздық.  Тілдің  бағын  байлайтын,  мүмкіндігін  шектейтін  ондай 
әрекетсіздіктің жалғаса беруіне немқұрайды қарауға болмайды» [4.126 б.]. Ғалымның бұл 
пікірін тілімізге халықаралық терминдерді қабылдау барысында негізге алуымыз қажет.  
Ал осы халықаралық немесе орыс сөздерінің қазақ тіліне ену кезеңдері  жөнінде де 
түрлі көзқарастар бар. Лингвистер қазақ тілінің сөздік қорының халықаралық және орыс 
лексикасымен ену кезеңдерін төңкеріске дейін, төңкерістен кейін деп екіге бөледі. Ғалым 
Б.Сүлейменова  үш  кезеңге  бөлуді  ұсынады:  «Тарихи,  әлеуметтік-экономикалық,  мәдени 
және  тілдік  факторларды  ескере  отырып,  біз  тілімізге  лексикалық  кірігуді  үш  кезеңге 
бөліп қарастырамыз: 
1-кезең  –  ХVІІІ  ғасырдың  басы  мен  ХІХ  ғасырдың  70-жылдары,  2-кезең  –  ХІХ 
ғасырдың  70-жылдары  мен  1935-1940  жылдар  аралығы,  3-кезең  –  1935-1940  жылдардан 
бастап осы уақытқа дейін» [5.71 б.].   
Ал ғалым Ө.Айтбайұлы орыс тілінен және орыс тілі арқылы енген кірме сөздер мен 
интернационалдық  терминдердің  тілімізге  енуін  алты  кезеңге  бөліп  қарастыруға  болады 
дейді. Яғни, Қазақстанның Ресейге қосылуына дейінгі кезеңнен (1731) бүгінге дейін [6.62 
б.].  Және  де  түрлі  салаға  жататын  халықаралық  терминдердің  тілімізге  ену  кезеңі  де 
біркелкі емес. Мәселен, К. Молдабеков: «саяси-қоғамдық халықаралық сөздер қазақ тіліне 
ХІХ  ғасырдың  соңында  енсе,  жаратылыстану,  әсіресе,  техникалық  халықаралық 
терминология, шын мәнінде, Кеңес өкіметі кезінде енді», – дейді [7.145 б.].  
Сонымен, халықаралық терминдердің тілімізге дәл қай уақытта енгенін ешкім нақты 
айта  алмайды.  Өзге  тілдердің  терминдері  орыс  тіліне,  орыс  тілінен  біздің  тілімізге  бір 
уақытта  енуі  мүмкін  емес.  Егемендік  алғанға  дейін  қазақ  тілінің  терминологиялық 
лексикасын  халықаралықтандыру  ісі  қарқынды  жүргізілді.  Себебі,  бұл  кезеңге  дейін 
термин шығармашылығына орыс тілінің ықпалы айрықша болды.   
Атап  айтар  болсақ,  латын  тілінен:  амплитуда  –  амплитуда  (amplitudo),  аппарат  – 
аппарат (apparatus), арматура – арматура (armatura), ауытқу – флуктуация (fluctuatio), 
ақау-дефект  (defectus),  антенна  –  антенна  (antenna),  балама  –  эквивалент 
(aequus+valentis), бейімделу – адаптация (adaptatio), вакуум – (vacuum), вектор – вектор 
(vector),  генератор  –  генератор  (generator),  индукция  –  индукция  (inductio), 
интерференция  –  интерференция  (inter+ferens),  коммуникация  –  коммуникация 
(communicatio),    көрсеткіш-индикатор  (indikator),  навигация  –  навигация  (navigatio), 
радио  –  радио  (radiare),  растр  –  растр  (rastrum),  релаксация  –  релаксация  (relaxatio), 
рефлектор  –  рефлектор  (reflectere),  спектр  –  спектр  (spectrum),  трансформатор  – 
трансформатор (transformare), іріктегіш – селектор (selector).  
Ағылшын тілінен: блок – блок (block), бит – бит (bit), декодер – декодер (decoder), 
мазер  –  мазер  (maser),  миксер  –  миксер  (mixer),  радар  –  радар  (radar),  телекс  –  телекс 
(telex),  телеграф  –  телеграф  (telegraph),  телефакс  –  телефакс  (telefacs),  транзистор  – 
транзистор (transistor).  
Грек  тілінен:  автомат  –  автомат  (automatos),  анод  –  анод  (anodos),  ареометр  – 
ареометр  (araios+метр),  фаза  –  фаза  (phasis),  фотон  –  фотон  (phos),  электр  – 
электричество (electron), энергия – энергия (energeia), эфир - эфир (aither).     


 
 Казахский государственный женский 
 педагогический университет                                                                                  Вестник №3(51), 2014 г. 
 
56 
Француз тілінен: аэрация – аэрация (aeration), баланс – баланс (balanse), батарея – 
батарея  (batterie),  каскад  –  каскад  (cascade),  оқшаулағыш  –  изолятор  (isolation),  реле  – 
реле (relias), сүзгі – фильтр (filtre), экран – экран (ecran).  
Голланд  тілінен:  кабель  –  кабель  (kabel),  торуыл  –  пеленг  (peiling),  шлюз  –  шлюз 
(sluis). 
Неміс тілінен: абонент – абонент (abonnent), квант – квант (quant). 
Итальян тілінен: апат – авария (avaria), түпше – цоколь (zoccolo).  
Орыс тілінен: канал – арна, прибор – аспап, диапазон – ауқым, отклонение – ауытқу, 
связист – байланысшы, единица – бірлік, точность – дәлдік, частота – жиілік, система – 
жүйе,  нагрузка  –  жүктеме,  установка  –  қондырғы,  соединитель  –  қосқыш,  катушка  – 
орауыш, вероятность – ықтималдық, влияние – ықпал, расщепление – ыдырау, величина – 
шама, лампа – шам, өткізгіш – проводник, отражение – шағылысу. 
Құрылымына назар аударсақ, орыс тілі арқылы тілімізге енген терминдердің басым 
бөлігі  латын  тілінен  енгенін  және  зат  есім  арқылы  жасалғандығын  көреміз.  Латын  тілі 
сөздерінің халықаралық қолданыстағы терминдер қатарындағы үлесі едәуір. Өлі тіл болса 
да латын тілінің сөздері терминдік элемент ретінде дайын күйінде пайдаланылып жатады. 
Ал зат есімдердің терминологияда бірінші орында тұруының ең басты белгісі – оның тілде 
атқаратын қызметіне байланысты екендігі мәлім. Яғни, терминологияда заттық ұғымдағы 
терминдердің  басым  болуының  ең  басты  себебі  –  осы  сөз  табының  деректі,  дерексіз 
ұғымдардың  атауы  болып,  атауыштық  қызмет  атқаруында.  Сондай-ақ,  тіліміздегі 
халықаралық терминдер сын есімнен, етістіктен, есімдіктен т.б. сөз таптарынан да жасала 
алатындығы  да  белгілі.  Яғни,  қабылданған  терминдердің  сол  тілде  және  орыс  тілінде 
дыбысталуында көп алшақтық білінбейді.  
Терминдерді  өзге  тілдегі  күйінде  қабылдау  қазіргі  кезеңде  де  сол  қалпын  сақтап 
отыр.  Себебі,    интернационалдық      терминдер  болып    табылатын    грек,  латын  тілдердің 
материалдарын көбірек пайдаланып, термин ретінде қалыптастыру қолайлы. Алайда шет 
елден  енген  терминдерді  аудармай,  оның  өз  тілімізде  баламасын  іздемеу  керек  деген 
қарама-қарсы  пікірге  салынуға  да  болмайды.  Ел  Президенті  Н.Назарбаев  «Қазақстанның 
болашағы – қазақ тілінде» деген баяндамасында: «...Түбірі латын, грек тілдерінен алынып, 
Еуропа  тілдерінің  бәріне  сіңісті  болып  кеткен  термин  сөздерді  орынсыз  қозғаудың  реті 
жоқ,  тілімізде  бұрын  бар  сөзді  қолдан  жасаған  жаңа  терминге  таңбасақ  та  ешқайда 
кетпейді,  тілдік  қорымызда  сақталады.  Ал  түбірі  таза  орыс,  славян  тілдерінен  алынған 
сөздерге қазақша балама табуға болады деген пікірді толық қуаттаймын...» деген еді [9.7 
б.]. Елбасымыз ендігі жерде әрбір терминді бекітуде оның орыс, түрік, еуропа тілдеріндегі 
нұсқаларына  салыстырмалы  талдау  жасап,  қазақ  тілінің  тілдік  нормасына  сәйкесін  ғана 
қабылдаған жөн екендігін атап көрсетеді.    
Біздің  сөздеріміз  де  өзге  тілдерге  мыңдап  енгені  белгілі.  Мәселен,  жоғарыда 
көрсетілген  «электрон»  грек  тіліндегі  «жақұт»  (янтарь)  яғни,  электр  (электричество) 
мағынасын  білдіретін  грек  сөзі  туралы  дәлелдемелер  болмаса  да,  О.Чечина  өз 
мақаласында  бұл  сөздің  түрік  тіліне  қатысы  барын  айтады.  Ғалым:  «...казахском  языке 
есть слова  «әл»  –  сила, мощь и  «әлек»  – мучение, хлопоты, возня. Можно полагать, что 
именно  далекие  тюрские  предки  современных  казахов  первыми  обратили  внимание  на 
существование в природе некоего источника силы, энергии, который вызывает движение, 
совершает  работу.  Имеет  смысл  и  «аффикс»  понудительного  залога  «тыр»,  который 
участвует  в  образовании  слова  «электрон»  (элементарная  подвижная  частица,  носитель 
электрического  заряда)».  Сондай-ақ,  автор  радиотехника  саласында  қолданылатын 
«когерентный»  термині  туралы  да  сөз  қозғайды.  «Когерентті  тербелістер»  –  уақыт 
бойынша  үйлесе  жүретін,  яғни  фазаларының  арасындағы  қатынас  өзгермейтін 


жүктеу 9,27 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   86




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау