18
оның ішінде қалған бумалар мен файлдардың барлығы орналасады (немесе
одан файлдық жүйе өседі деп айтуға болады).
Linux- та түбірлік бума қысқа және нұсқа да – «/» деп белгіленеді.
Барлық қалған бумалардың толық аттары (жолдары) «/» белгісі мен оған оң
жағынан қосылған тізбектей бірінін ішіне бірі салынған бумалар аттарынан
тұрады. Жолдағы бумалар да «/» («слэш») таңбасымен ажыратылады.
Мысалы, /home жазбасы түбірлік бумада орналасқан («/») «home» бумасын
анықтайды, ал /home/user – «user» бумасы «home» бумасында орналасқанын
көрсетеді (ал ол, өз жағынан, түбірлік бумада орналасады). Осындай түрдегі
жазба, бумалар тізбегінен тұратын және соңында файлмен аяқталатын, файлға
дейінгі толық жол деп аталады.
Салыстырмалы жол толық жол сияқты да құрастырылады, бірақ
айырмашылығы – «/» белгісімен ажыратылған файлға дейінгі бумалар ретін
санауын ағымдағы бумадан бастайды, түбірлік бумадан емес. Linux толық пен
салыстырмалы жолдарды оңай ажыратады: егер объект аты «/» белгісінен
басталса – бұл толық жол, қалған жағдайларда – салыстырмалы.
Linux-та түбірлік бума тек біреу болады, басқа бумалар оның ішіне
салынған болып келеді, пайдаланушы үшін файлдық жүйе біртұтас нәрсе
ретінде көрсетіледі. Шынында, файлдық жүйенің әр түрлі бөліктері әр түрлі
құрылғыларда орналасуы мүмкін: қатты дискінің әр түрлі бөлімдерінде, түрлі
алынатын тасымалдауыштарда (компакт дисктер, дискеттер, флэш-карталар),
тіпті басқа компьютерлерде де орналасуы мүмкін (желі арқылы қатынас
құрылады). Осындай барлығынан біртұтас жүйені құру үшін тіркеу әрекеті
өткізіледі.
Linux үшін ең маңызды түбірлік файлдық жүйе (root filesystem) болып
келеді. Басқа құрылғылардағы барлық файлдық жүйелер оған қосылады
(тіркеледі). Назар аударыңыз, түбірлік буманың өзі де тіркеледі, бірақ басқа
файлдық жүйеге емес, «Linux-тың өзіне», тіркелу нүктесінің ролін «/»
атқарады (түбірлік бума). Сондықтан жүйе қосылған кезде түбірлік бума ең
бірінші болып тіркеледі, ал жүйе сөндірілген кезде соңғы болып тіркеуден
босатылады.
Linux-жүйесінің түбірлік бумасында әдетте аттары стандартты ішкі
бумалар орналасады. Одан әрі, аттарына қоса, олардың құрамасының түрлері
де стандартпен шектеледі. Бұл стандарт барлық Linux-жүйелерінде сақталады,
сол үшін сіз әр Linux-та /etc, /home, /usr/bin т.с.с. тауып, олардағы
құрамасының түрін көбінесе болжай аласыз. Файлдардың стандартты
орналасуы адамғы және бағдарламаға жүйенің белгілі бір бөлігін қайдан іздеу
керек екенін анықтауды мүмкін қылады. Пайдаланушы үшін осындай жағдай
кез-келген Linux жүйесінде керек нәрсені таба алатынын көрсетеді.
5.3 Зертханалық жұмысты орындау реті
5.3.1 Каталог құру командасы: Файл – Құру немесе Shift+Ctrl+N
19
5.3.2 Каталогтар мен файлдардың көшірмесін алу, орнын ауыстыру
үшін қажетті каталог немесе файлды белгілеп аламыз. Тышқанның оң жағын
басу арқылы ашылған жанама мәзірден қажетті команданы таңдаймыз.
5.3.3 Каталогтар мен файлдардың атын өзгерту үшін қажетті каталог
немесе файлды белгілеп аламыз. Тышқанның оң жағын басу арқылы ашылған
жанама мәзірден Атын өзгерту командасын таңдап, жаңа ат енгіземіз.
5.3.4 Каталогтар мен файлдарды жою үшін қажетті каталог немесе
файлды белгілеп аламыз да Del пернесін басамыз. Ubuntu операциялық жүйесі
файлды жоюды растауды қажет етпейді, сондықтан мұқият болу керек.
5.3.5 Файлды архивтеу және жөнелту үшін қажетті каталог немесе
файлды белгілеп аламыз. Тышқанның оң жағын басу арқылы ашылған жанама
мәзірден архивтеу командасын таңдаймыз. Ubuntu операциялық жүйесінде
әдетте .tar.gz архиві қолданылады. Ал файлды жөнелту үшін арнайы Жөнелту
командасы бар. Осы команданы басқанда пайда болған терезеде пошталық
файлды таңдауға болады.
5.3.6 Кез-келген файлға сілтеме жасауға болады. Тышқанның оң жағын
басу арқылы ашылған жанама мәзірден «Сілтеме құру» командасын
таңдаймыз.
5.4
Бақылау сұрақтары
5.4.1 Файл дегеніміз не?
5.4.2 Түбірлік файлдық жүйенің ерекшелігі не?
5.4.3 Файлдық жүйенің әр түрлі бөліктері қайда орналасады?
5.4.4 Файлдармен қандай командаларды орындауға болады?
5.4.5 Файлды архивтеу және жөнелту қалай жүзеге асады?
5.4.6 Del пернесінің атқаратын қызметі қандай?
5.4.7 Shift+Ctrl+N атқаратын қызметі қандай?
6 Зертханалық жұмыс
№ 6. GRUB конфигурациялық файлы
Жұмыстың мақсаты: GRUB конфигурациялық файлымен жұмыс
жасау.
6.1 Жұмыс тапсырмасы
1) GRUB конфигурациялық файлын жүктеу және баптау.
2) Операциялық жүйені таңдау.
3) Фонды және түсті өзгерту.
6.2 Теориялық мәліметтер
20
Lіnux орындамалық жүйесінің барлық файлдары бір-бірімен
иерархиялық байланысып, тұтас файлдық құрылымды түзетіп, каталогтарда
ұйымдастырылған. Файлға қатынас жасағанда оның орналасқан орнын толық
көрсету керек. Lіnux орындамалық жүйесі файлдармен жұмыс істейтін
командалар күрделі операцияларды бағыныңқы каталогтары бар тұтас
каталогтарды көшіру, жылжыту орындайды. Fіnd, cp, mv және Ln
командалары файлды табу, көшіру, бір орыннан басқа орынға жылжыту және
сілтемелер құру мүмкіндіктерін береді.
Файл аты ұзындығы 256 символға дейін бола алады. Файл цифрдан
және нүктеден басталмауы тиіс. Файл атында мына символдар болуы тиіс: ?, /,
*.
Егер сіз fіle командасын оның аргументтерімен жазатын болсаңыз, онда
оның аргументтерінің мазмұны жайлы мәлімет аласыз.
$ fіle Monday reports
mjnday: text
reports: dіrectory
-f опциясы файлдан файл аттарын оқиды: келесі мысалда myfіles
файлынан файл аттары оқылады.
$ fіle –f myfіles
clas .c: C progrom text
proj: executable
new data: empty
Яғни, Cals .C-Си бағдарламалық мәтінді proj-орындалған файл (exe),
new data бос файл деген мәлімет аламыз.
Файлдары иерархиялық каталогтар жүйесі түрінде ұйымдастырылған.
Ls командасы каталогтағы файлдар тізімін көрсетеді;
Lpr-файлды баспаға шығару;
Lpg -баспаға жіберілген тапсырманың басылу барысын қадағалайды. Ол
арқылы экранға тапсырма иесі, тапсырма идентификаторы, байт мөлшері
және оның уақытша файлын көрсетеді. Мысалы:
$ Lpg
owner іo chars fіlename
chrіs 00015 360 /usr/lpd/cfa 00015
Тапсырманы баспаға шығаруды болдырмау үшін Lprm командасын
пайдаланыңыз. Оның алдында Lpg командасын қолданып, тапсырма
идентификаторын біліп , оны Lprm үшін жазамыз.
$ Lprm 00015
Жүйеде әр баспа құрылғысының өз атауы бар. Баспа құрылғысы Р-
опциясымен және атауымен беріледі. Келесі мысалда my data файлы evansl
құрылғыысында шығарылады.
$ Lps-Pevansl my data
Каталог құру командасы mkdіr, ал жою rmdіr командасы.
$ mkdіr reports
$ mkdіr /home/chrіs/leffers.