Linux операциялық ЖҮйесі


  Зертханалық жұмыс № 1. Ubuntu Linux операциялық жүйесі және



жүктеу 411,47 Kb.
Pdf просмотр
бет2/13
Дата29.05.2018
өлшемі411,47 Kb.
#18227
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

 

1  Зертханалық жұмыс № 1. Ubuntu Linux операциялық жүйесі және  



оның пайдаланушылық интерфейсімен танысу 

 

 

 Жұмыс мақсаты: Ubuntu Linux операциялық жүйесімен танысу. 

 

1.1 



Жұмыс тапсырмасы 

 

1) Ubuntu Linux операциялық жүйесін жүктеу. 

2) Ubuntu Linux операциялық жүйесімен танысу. 

 

1.2 Теориялық мәліметтер 

 

Ubuntu  -  бұл  Linux  операциялық  жүйесі  дистрибутивтерінің  бірі. 

GPL(GNU  Public  License)  лицензиясының  ешқандай  шектеулерінсіз  Ubuntu 

тегін  таралады.  Басқа  өндірушілер  өздерінің  дистрибутивтарына  әр  түрлі 

шектеулер қоя бастады, ал кейбір бағдарламалар ақылы.  

GPL  келістімі  бойынша  дистрибутивтерді  тегін  таратуға  болады, 

компьютерге  шексіз  рет  орнатуға,  тіпті  оны  өз  атынызбен  шығаруыңызға 

болады!  Тағы  бір  ерекшелігі:  Linux-тың  кейбір  дистрибутивтарын 

интернеттен тегін алуға болады.  

«Ubuntu»  сөзі  «басқалармен  салыстырғанда  қарапайым»  деген 

мағынаны  білдіреді.  Дистрибутив  операциялық  жүйемен  жұмыс  жасауды 

үйренушілерге 

арналған. 

Графикалық 

интерфейсі 

қарапайым, 

бағдарламаларды орнату жеңіл, қолдануға ыңғайлы.  

Linux  әр  түрлі  ажыратылған  терминалдар  хостымен  жұмыс  жасайтын 

қолданушыларға  барлық  жүйелік  ресурстарды  бере  алады.  Linux-ты  кез-

келген  жергілікті  торапта  интегралдауға  болады.  Linux  операциялық 

жүйесінің  жүйелік  жадысы  4Кбайт  көлемді  бет  түрінде  ұйымдастырылған. 

Егер  операциялық  жүйе  толығымен  толса,  онда  ол  көптен  бері  қолданбаған 

жады  беттерін  іздейді.  Егер  бұл  беттердің  қайсыбіреуі  керек  болса,  Linux 

дисктен  оларды  қайтадан  қалпына  келтіреді.  Алғашында  Linux  Intel  386/486 

негізіндегі  дербес  компьютерге  арналған,  қазір  Pentium  негізіндегі 

микропроцессорлармен жұмыс істеуге болады. 

Ubuntu-да бағдарламалар көп емес. Мынандай ережеге негізделген - бір 

тапсырма,  бір  ұсыныс.  Бір  мәтіндік  процессор,  бір  видео  ойнатқыш,  дискіге 

жазуға  арналған  бір  бағдарлама.  Бұл  өте  ыңғайлы.  Себебі,  басқа 

жобалаушылар дистрибутивтерге көптеген бағдарламалар енгізуге тырысады, 

бұл прогаммалар жұмысын баяулатады. Яғни, саны бар, сапасы жоқ.  

«Linux»  сөзінің  нақты  мағынасы  «ядро»  деген  сөзді  білдіреді.  Linux 

операциялық  жүйесі  туралы  нақтырақ  айтқанда  «Linux  негізгі  ядросындағы 

операциялық жүйе» деп айту керек.  

Linux операциялық жүйесінің ядросы Линус Торвальдс жетекшілігімен 

өңделеді,  бағдарламалық  қамсыздандыру  саны,  утилита  және  қолданбалы 




 

бағдарлама ретінде GPL  лицензиясы  негізінде  тәуелсіз  таралады.  Linux  үшін 



бағдарламалық  қамсыздандырудың  тәуелсіз  таралуының  салдары  ретінде 

тәуелсіз  програмистер  тобы  әр  түрлі  фирмалар  мен  компаниялар  Linux 

дистрибутивтері деген атаумен өз өнімдерін таратты.  

Дистрибутив  – операциялық жүйенің негізгі 4 құраушы ядро, файлдық 

жүйе,  команда  интерпретаторы  және  утилита  және  кейбір  қолданбалы 

бағдарламалар кіретін бағдарламалық қамсыздандыру.  

Linux  дистрибутивінің  құрамына  кіретін  барлық  программлар  GPL 

шартына сәйкес таратылады. Бұдан дистрибутивті кім болса да шығара алады 

деген  ой  келуі  мүмкін,  дәлірек  айтсақ,  ерінбей  тәуелсіз  бағдарламалық 

қамсыздандыруды  іздеп,  тауып  коллекция  ретінде  жинауға  болады.  Бұл 

қандай да бір деңгейде шын, бірақ дистрибутивті құраушы басқа операциялық 

жүйеде  жоқ.  Операциялық  жүйе  орнататын  программның  инсталляциясы 

жасалуы  керек.  Программист  әр  түрлі  дестелерге  қарсы  келмейтін,  өзара 

сәйкес  келетін  бағдарлама  жазуы  керек.  Әлемде  жүзден  аса  әр  түрлі  Linux 

дистрибутивтері бар, уақыт өткен сайын жаңа бағдарламалар шығып отырады.  

 

1.3 Зертханалық жұмыстың орындау реті 



 

Бізде  /dev/hda2  бөлімінде  Windows  NT  орнатылсын,  яғни  OS  Loader 

компьютерде  бар.  Оны  Linux-ті  жүктеуге  қолдануға  болады.  Барлық 

бағдарламалардың резервті көшірмелерін жасау керек. Осыдан кейін Linux-ты 

орнатуға көшуге болады. Орнату кезеңі төмендегідей ретпен жүзеге асады.  

1.3.1   Linux  операциялық  жүйесін  орнатпастан  бұрын  Windows  NT-ны 

қайта  қалпына  келтіруге  және  жүктеу  жүргізу  дискеталарыңызды 

дайындаңыз.  Жүктеу  дискетасын  жасау  үшін  форматталған  дисктаға 

жүктеуші  дискінің  түбір  каталогынан  ntldr,  ntdetect.com,  boot.ini  файлдарын 

көшіру  жеткілікті.  Windows  2000  үшін  қалпына  қалпына  келтіртін  дискета 

жасау бағдарламасын басқару панелінен жіберуге болады. 

1.3.2   Portation  Magic  бағдарламасының  көмегімен  дискінің  бір  бөлігін 

босатып, бос кеңістікте ext2 және swap бөлімдер құрыңыз.  

1.3.3  Сіздегі  бар  дистрибутивтен  Linux-ты  орнатуды  сұрақтарға  жауап 

бере отырып бастаңыз. Орнату үрдісі кезінде мына мәселелерді елеп кетіңіз:  

операциялық 

жүйені  орнату  барысында  операциялық  жүктеу 

дискетасын  құруды  сұрағанда  Yes,  make  a  boot  DISK  командасын  таңдап 

алыңыз.  Диск  келесі  этаптарда  керек  болады.  Бұл  дискетаны  Linux-ты 

жүктегенде  қолданасыз.  Dos-тағы  жүктеу  дискетасындағы  сияқты  мұнда 

дискетан дисководтан алуды сұрамайды. Бірақ бұл әдіс өте ыңғайлы емес, бұл 

әдісті  тұрақты  қолданудың  керегі  жоқ.  Бұл  қордағы  вариант.  Көп  вариантты 

жүктеуде бұл дискетаның маңызы зор

1.3.4  Linux-ты орнату барысында Lilo-ны дискінің негізгі бөліміне емес

бірінші  секторға  Linux-тың  түбір  каталогына  орнату  керек.  Анықтық  үшін 

айтып кетейік, Linux /dev/hda3 бөлімінің 1-ші секторына орналасады. Lilo-ны 



жүктеу 411,47 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау