6
MBR-ге орнатсаңыз, Windows-тің MBR-н қалпына келтіруіңізге тура келеді.
Сондықтан LILO –ны өз бөліміндегі 1- ші секторға орнатқан жөн;
1.3.5 инсталляция біткен соң Linux-ты жүктеуші дискета көмегімен
жүктеңіз. Егер сіз Lilo-ны Linux-тың бөліміне орнатсаңыз және MBR-ге
тиіспесеңіз, Linux-ты жүктейтін басқа мүмкіндігіңіз жоқ;
1.3.6 Linux-тың жүктеуші секторын файлға көшіріңіз. Ол Windows
NT/2000 жүктеушісі Linux-ты жіберуі үшін керек. Ол үшін таза дискетада
монтировка жасау керек.
1.3.7 Мысалы: [root]#mount-t vfat/dev/fdal/mnt/floppy жасап /mnt/floppy
каталогына көшу керек. [root]#cd/mnt/floppy келесі команданы орындау керек:
[root]#dd if=/dev/hda3 of=/mnt/floppy/bootsect.Inx bs=512 count=1
бұл команда дискінің жүктелу секторын былай жазуға мүмкіндік береді:
/dev/hda3-ті /mnt/floppy/bootsect.Inx файлына жазады. Айта кететін бір жайт,
егер диск С:(/dev/hda1) Fat жүйесінде форматталса, онда бірден bootsect.Inx
файлын түпкі каталогта құруға болады. Егер бірінші бөлім NTFS жүйесінде
форматталған болса, онда дискетасыз жүктеу жүруі де, жүрмеуі де мүмкін.
1.3.8 Linux-та Windoows NT-ні жүктеу үшін мына команданы береміз:
[root]#shutdown-h now
Негізгі жүктелуші жазба өзгермегендіктен Windows NT жүктелуі керек.
Жүктелуден кейін /mot/floppy/bootsect.inx файлын С: түбір каталогының
бөліміне көшіру керек, нақтырақ айтсақ Windows NT жүктелетін түбір
каталогқа көшіру керек. Windows NT қалай орнатуыңызға байланысты ҒАТ16
немесе NTFS бөлімдері болуы мүмкін. Керек бөлімдерді білу үшін ntldr
немесе boot.ini файлдарын тексеру керек. Бұл файлдар жасырын тұруы
мүмкін. Bootsect.inx файлына read-only атрибутын меншіктеуге болады.
1.3.9 NT жүктелгеннен кейін boot.ini файлын тауып келесі жолға
қосыңыз:
C:\bootsect.Inx=”Linux”
Компьютерді қайта жүктеп, Linux операциялық жүйесін таңдаймыз,
сонда Linux–ты жүктейтін Lilo жіберіледі. Енді Lilo-ны дискінің негізгі
жүктелу жолына орналастырған жағдайда қарастырамыз. Бұл жағдайда
Windows NT жүктелу жазбасы өшіп қалады да, Windows NT-ні жүктеу мүмкін
болмайды.
1.3.10 Егер сіз Lilo-ны емес NT Loader жүктеушісін қолдансаңыз,
жоғарыдағы қадамдар былай болады:
- жүктеуші дискетасынан Windows NT-ні жүктеңіз. Жүктеуші мәзірінен
Recover командасын таңдап аласыз да, одан кейін Command mode режимін
таңдаймыз. Сұраныс бойынша жүйенің администраторы ретінде тіркелесіз;
7
1.3.11 Дисктің негізгі жүктелу жазбасын қалпына келтіру керек. Бұл
үшін fdisk/mbr командасын таңдап аласыз. Арнайы fixboot және fixmbr
командалары бар. Көрсетілген нұсқау бойынша командаларды ретімен
орындаңыз. Осыдай кейін Windows NT қайта дұрыс жүктеледі.
- жүктеуші дискетадан Linux-ты жіберіп, администратор ретінде
тіркеліңіз (root);
- cd/etc командасын енгізіп, lilo.conf файлын ашамыз. Файл басында
жүктелетін бөлімге сілтеме бар. Мысалы /dev/had;
1.3.12 Кез-келген редактор көмегімен, мысалы Midnight Commander-дің
CoolЕdit редакторының көмегімен диск және бөлім мәнін Linux-тың түбір
каталогы орналасқан диск және бөлім мәнін алмастырып жазу керек. Егер
Linux /dev/hdcl бөлімінде орналасса, dev/had-ны dev/hdcl-ға алмастыру керек.
Егер қай жерге орналастырғаныңыз есіңізде жоқ болса соңғы /etc/lilo.conf
айнымалы файлында image айнымалысын табыңыз. Онда барлық мәндер
сақталған.
1.3.13 /dev/hdcl бөлімге жүктеу жазбасын жазу үшін /etc/lilo командасын
орындау керек. Бөлім дискте бірінші бөлім емес екендігі туралы хабарлама
шығады. Бізге Windows 2000жүктелу жазбасы өзгермей қалғандығы керек.
1.3.14 Жоғарыда келтірілген алгоритмнің 6-8 қадамдарын орындаңыз.
Екі қайта жүктеуі бар қадамдардың орындауымыздың себебі тек Linux-тың
жүктелу секторын MBR-дан Linux-ке арналған бірінші бөлімге көшіру.
Осымен орнату жұмысы (кезеңдері) аяқталады, яғни компьютер іске қосылып
жүктеу этабында компьютерді басқаратын операциялық жүйені таңдап алу
мүмкіндігіне ие болдық.
1.4
Бақылау сұрақтары
1.4.1 Операциялық жүйе дегеніміз не?
1.4.2 Операциялық жүйенің негізгі бөліктеріне не кіреді?
1.4.3 Ашық кодты операциялық жүйе ұғымын түсіндіріңіз.
1.4.4 Linux операциялық жүйесінің ерекшеліктері қандай?
1.4.5 Recover командасының атқаратын қызметі қандай?
1.4.6 Дисктің негізгі жүктелу жазбасын қалпына келтіру командаларын
атаңыз.
1.4.7 /dev/hdcl бөлімге жүктеу жазбасын жазу командасын атаңыз.
2 Зертханалық жұмыс № 2. Дистрибутивті орнату
Жұмыстың мақсаты: дистрибутивті орнату.
2.1 Жұмыстың тапсырмасы
1) Loadin.exe арқылы жүктелгенде Linux операциялық жүйесін орнату.
8
2) Дистрибутивті орнату ерекшеліктерімен танысу.
2.2 Теориялық мәліметтер
Дистрибутив - операциялық жүйенің негізгі 4 құраушы ядро, файлдық
жүйе, команда интерпретаторы және утилита және кейбір қолданбалы
бағдарламалар кіретін бағдарламалық қамсыздандыру.
Дистрибутивта басқа да дистрибутив тізіміне сілтемелер бар, керек
болса әлемдегі бағдарламалар барлығы туралы мәліметтер алуға болады.
Дистрибутивтер
арасында
айырмашылық
аз,
бүгінгі
күні
дистрибутивтерді 3 топқа бөлуге болады: Red Hat, Slackware, Debian. Қандай
крийтерий бойынша дистрибутивті таңдау алуға болады деген сұрақ туады.
Біздің елімізде екі критерий бойынша дистрибутивті таңдауға болады,
біріншіден, орыс тілінде болу керек, екіншіден дистрибутивті қолдауды
қамтамасыз ететін өңдеуші программистер тобы болуы керек. Бұл топ осы
дистрибутивті өңдегеннен, жасағаннан пайда көріп, коммерциялық фирма
ретінде жұмыс істесе жақсы. Соңғы жылдары орысшаланған дистрибутивті
қолдайтын, құратын програмисттердің 3 тобы пайда болды. Осы команданың
біреуі логика институтында құрылған.
Финляндиядан 2000 жылы SOT фирмасы ұсынған BestLinux және
RostLinux дистрибутивтері шыққан. Қазіргі таңда 3 дистрибутивті таңдау
тиімді: Red Hat Linux Cyrillic Edition, Linux Mandrake Russian Edition (оның
арғы тегі AltLinux ) және ASPlinux. Бұл дистрибутивтер негізінде бір атты
америкалық фирма Red Hat Linux негізінде құрылған дистрибутивтер
құрамына жатады. Red Hat - әлемдегі ең көп таралған дистрибутивтердің бірі.
Бұл дистрибутивтердің әр қайсысында орнату процедурасы жеткілікті,
жүйенің
инсталияция
процедурасын
жеңілдету
үшін
аппараттық
қамсыздандырудың көптеген компоненттерін автоматты түрде таниды.
RPM-дестелерінде болғандықтан бағдарламалық қамсыздандыру -дың
қосымша программлары оңай орнатылады (Windows-тің астында setup сияқты
бағдарламалық қамсыздандыру). Дистрибутивтер програмисттер құрған
бағдарламамен тұрақты өңделіп тұрады, сондықтан сіз Linux-тің соңғы
версияларымен жұмыс істейсіз. Версияның нөмірленуі туралы тоқталайық.
Дистрибутивтер версиясының нөмірі мен ядро версиясының нөмерін
айыра білу керек. Linux версиясы туралы айтылғанда ядро версиясы
көрсетіледі немесе операциялық жүйе Linux ядросымен анықта- латынын
көреміз. Линус Торвальдс ядро өнімін өзгертуін жалғастырып келе жатқанына
байланысты дистрибутивтер сияқты бұтақталмай ядро версиясы да өзгеріп
отырады. Linux ядросының версиялары нүктемен ажыратылған 3 санмен
анықталады.
DOS бөлімінде тек жүктелетін файлдар және ядро бейнелері болып қана
қоймай, Linux-тің бүкіл жүктелуін DOS ұйымдастыруы мүмкін. Бұл үшін
Хансон Лермен ( Hans Lermen, lermen@elser.ffm.fgan de ) жасаған loadin.exe
бағдарламасы бар. Бұл бағдарлама Red Had сияқты дистрибутив терде
қолданылады
және
CD-ROM-нан
Linux-ты
орнату
процедурасын
Достарыңызбен бөлісу: |