Linux операциялық ЖҮйесі



жүктеу 411,47 Kb.
Pdf просмотр
бет13/13
Дата29.05.2018
өлшемі411,47 Kb.
#18227
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

36 

 

While операторының жазылуы:  



 

While 1-тізім do 2-тізім done  



 

12.3  Зертханалық жұмысты орындау реті 

 

12.3.1 Шартты операторлармен жұмыс жасау. Шартты көшу операторы 

жағдайында  таңдалынған  оператор  тек  қайсыбір  шарт  ақиқат  болса  ғана 

орындалады.  Егер  шарт  жалған  болса,  else  сөзінен  кейінгі  оператор 

орындалады. Оператордың толық жазылуы:  

 

if  1-шарт then 1-оператор elif 2-шарт then 2-оператор else 3-оператор fi 



 

12.3.2  Циклдермен  жұмыс  жасау.  Bash  интерпретаторы  қайталанушы 

құрылымды алгоритмдердің төрт түрін қамтиды. Олар: For, While, Until және 

select. 


for операторының жалпы түрі: for айнымалы in 1-тізім do 2-тізім done  

While операторының жазылуы: While 1-тізім do 2-тізім done  

 

12.3.3   Күрделі сценарий құру: Жүйе – Параметрлер – Сеанстар - Құру 



 

12.4   Бақылау сұрақтары 

 

12.4.1  Шартты оператор дегеніміз не? Олардың түрлері. 



12.4.2  Цикл дегеніміз не? Циклдік операторлар. 

12.4.3  Күрделі сценарий қалай құрылады?  

12.4.4  for операторының жалпы түрде жазылуын көрсетіңіз. 

12.4.5 While және Until командаларының айырмашылығы қандай? 

12.4.6  Цикл параметрі дегеніміз не? 

12.4.7  Шартсыз көшу операторы дегеніміз не? 



 

13 Зертханалық жұмыс

 

№ 13. Тапсырмаларды жобалау 

 

Жұмыстың мақсаты: тапсырмаларды жобалау. 

 

13.1  Зертханалық жұмысқа берілген тапсырмалар 

 

1)  Anarcon тапсырмаларды жобалаушымен жұмыс жасау. 

2)  Atd тапсырмаларды жобалаушымен жұмыс жасау. 

 

13.2Теориялық мәліметтер  



 

Көп  жағдайда  бірнеше  тапсырманы  қайта-қайта  жүктеу  қажеттілігі 

туындайды.  Егер  ол  тапсырмалар  күнде  жүктелетін  болса,  онда 



37 

 

тапсырмаларды жобалаушыны қолдану қажет.  



Ол  үшін  Жүйе  –  Администрациялау  –  Қызметтер  командасы 

қолданылады.  Қызметтер  тізімін  қарастырсақ,  Anarcon  және  Atd 

тапсырмаларды жобалаушыларын көреміз. Anarcon ұзақ мерзімді тапсырмалар 

тізімін  қолдану  үшін,  ал  Atd  тапсырмаларды  жобалаушы  белгілі  бір  уақыт 

аралығында ғана тапсырмалар тізімін қолдану үшін пайдаланады. 

Atd  тапсырмаларды  жобалаушы  көмегімен  бір  команданы  белгілі  бір 

уақытта орындауға болады. Мысалы, компьютерді 23.55-те өшіру.   

Anarcon тапсырмаларды жобалаушының негізгі файлы: /etc/anarcrontab.  

Atd  тапсырмаларды  жобалаушыны  пайдалану  жеңіл.  Ол  үшін  келесі 

команданы енгізу жеткілікті:  

at уақыт [мерзім] 

 

Егер  мерзім  көрсетілмесе,  онда  командалар  сол  күннің  көрсетілген 



уақытында  орындалады  деп  есептеледі.  Enter  пернесін  басқаннан  соң 

көрсетілген  уақытта  орындалуы  қажет  командалар  тізімі  енгізіледі.  Енгізуді 

аяқтау үшін Ctrl+D қолданылады.  

Орындалуға  кезекте  тұрған  тапсырмалардың  номерін  көру  командасы: 

atq. Келесі команда көрсетілген номерлі тапсырманы өшіреді: 

 

atrm тапсырма номері 



 

Мысалы:  at  11:55pm  жазылуы  команданың  орындалу  уақыты  11:55 

екендігін білдіреді. 

  

13.3   Зертханалық жұмысты орындау реті 



 

13.3.1 Anarcon тапсырмаларды жобалаушымен жұмыс жасау үшін Жүйе 

–  Администрациялау  –  Қызметтер  командасы  қолданылады.  Anarcon 

тапсырмаларды жобалаушының негізгі файлы: /etc/anarcrontab. 

13.3.2  Atd  тапсырмаларды  жобалаушымен  жұмыс  жасау:  at  уақыт 

[мерзім].  Егер  мерзім  көрсетілмесе,  онда  командалар  сол  күннің  көрсетілген 

уақытында  орындалады  деп  есептеледі.  Enter  пернесін  басқаннан  соң 

көрсетілген  уақытта  орындалуы  қажет  командалар  тізімі  енгізіледі.  Енгізуді 

аяқтау үшін Ctrl+D қолданылады. 

 

13.4   Бақылау сұрақтары 

 

13.4.1  Тапсырмаларды жобалаушы дегеніміз не? 



13.4.2 Тапсырмаларды жобалау не үшін керек? 

13.4.3 Anarcon тапсырмаларды жобалаушының атқаратын қызметі  

қандай? 

13.4.4  Atd тапсырмаларды жобалаушы қызметінің ерекшелігі неде?  

13.4.5    /etc/anarcrontab қандай файл? 



38 

 

13.4.6    Енгізуді аяқтау командасын көрсетіңіз. 



13.4.7   Орындалуға  кезекте  тұрған  тапсырмалардың  номерін  қалай  

көруге болады? 

 

14 Зертханалық жұмыс

 

№ 14. Резервті көшірме алу 

 

 Жұмыстың мақсаты: резервті көшірме алу. 

 

14.1  Зертханалық жұмысқа берілген тапсырмалар 

 

1) Резервті көшірме алу. 

2) Резервті көшірмені сақтау. 

 

14.2 Теориялық мәліметтер 

 

Кез-келген  операциялық  жүйеде  жұмыс  істеген  кезде  маңызды 

ақпараттың  резервті  көшірмесін  жасау  қажеттігі  жиі  туындайтыны  белгілі. 

Ондай  жұмыс  үшін  архиватор-бағдарламалар  және  сығу  бағдарламалары 

қажет. 

Линукс  ОЖ-нің  жеткізу  жинағына  негізінде  бірден  бірнеше  архивтеу 



және/немесе  сығу  бағдарламалары  кіреді.  Бірақ  Unix-like  ОЖ  үшін  tar 

архиваторы және gzip(GNU zip) сығу бағдарламасы de facto стандарты болып 

табылады. 

Tar  (GNU  tar  –  GNU  tape  arhiver)  –  архивтер  жасауға  арналған 

бағдарлама.  Қазіргі  заманғы  tar  сығуды  қамтамасыз  етеді,  бірақ  Линукс  пен 

Юникстің  ертерек  версияларымен  сәкестендіру  үшін,  сығылған  tar  архивін 

қолданған дұрыс, немесе оны сығу утилиттарының біреуін жасаған соң сығуға 

болады.  

Tar  архиваторының  көптеген  параметрлері  мен  қасиеттері  бар.  Біз 

олардың ішіндегі ең көп қолданылатынын қарастырайық: 

-c – архив жасау; 

-r – файлдарды архивке қосу; 

-A – tar-файлдардың құрамын архивке қосу; 

--delete  –  файлдарды  архивтен  жою  (архивтік  ленталарда  қолдану 

мүмкін емес); 

-t – архивтегі файлдар тізімін шығару; 

-x – архивтен файлдар шығарып алу; 

-f – ақпарат файлдан шығарылып алынатын болады; 

-v – орындалып жатқан әрекеттер жайлы ақпаратты кеңінен шығару. 

Gzip options  filename  -  файлдарды компресстеу  (сығу)  утилиті.  filename 

файлын сығуды,  декомпресстеуді жүргізу немесе options қасиеттеріне сәйкес 

басқа да қатар әрекеттер: 

тек қана файл атауы – осы файлды сығады; 

-d – файлды декомпресстеу; 




39 

 

-t – архивтің бүтіндігін тексереді; 



-v – орындалып жатқан әрекеттер жайлы ақпаратты кеңінен шығару. 

Көптеген  файлдардан  сығылған  архив  жасау  үшін  бірден  осы  екі 

утилитті  каналдар  арқылы  ақпараттар  жіберу  арқылы  қолданыңыз  немесе 

оларды командалық жолдардан тізбектеп жіберу арқылы. 

  

14.3   Зертханалық жұмысты орындау реті 

 

14.3.1  Резервті көшірме алуды архиваторлар көмегімен орындаймыз. 

14.3.2  Резервті көшірмені сақтау жанама мәзір көмегімен жүзеге асады. 

 

14.4 Бақылау сұрақтары 

 

14.4.1  Резервті көшірме дегеніміз не? 



14.4.2  Қандай жағдайларда файлдық жүйе зақымдалады? 

14.4.3 Резервті көшірме қалай құрылады?  

14.4.4 Резервті көшірмені сақтау ережелері. 

14.4.5 Файлды декомпресстеу командасын атаңыз. 

14.4.6  Архивтің бүтіндігін қалай тексеруге болады? 

14.4.7 Орындалып жатқан әрекеттер жайлы ақпаратты кеңінен  

шығару қалай жүзеге асады? 

14.4.8 Gzip options filename утилитінің атқаратын қызметі қандай? 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 



40 

 

Әдебиеттер тізімі 



 

 

1  Гане М. От Windows к Linux. –М.: Бином-Пресс, 2005. 

2  Д.Н.Колисниченко.  Linux  глазами  хакера.  –  СПб.:  БХБ  Петербург, 

2007. 


3  В.Г.Соломенчук.  Mandriva  Linux  для  вашего  компьютера.  –  СПб.: 

БХБ Петербург, 2008. 

4  Р.Стоун, Н.Мэттью. Основы программирование в  Linux. – СПб.: БХБ 

Петербург, 2009. 

5  Б.К.Любанович.  Linux.  Системное  программирование.  –  СПб.:  БХБ 

Петербург, 2008. 

6  А.М.Скловская.  Команды  LINUX.  Справочник.  –  Изд-во  Диасофт. 

2004. 


7  Моли  Б.  Unix/Linux:  Теория  и  практика  программирования.  –  Изд-во 

КУДИЦ-ОБРАЗ, 2010. 

8  http://www.linuxjournal.com 

9  http://pluto.xTech.RU/Russian/Unix-Doc 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 



41 

 

Мазмұны 

 

      


Кіріспе………………………………………………………………..... 



 

 

1.1 



1.2 

1.3 


1.4 

Зертханалық  жұмыс  №1.  Ubuntu  linux  операциялық  жүйесінің 

мүмкіндіктері  және  оның  пайдаланушылық  интерфейсімен 

танысу……......................................................................................… 

Жұмыс тапсырмасы……………………………….......……………. 

Теориялық мәліметтер…………………………………..………….... 

Зертханалық жұмыстың орындау реті…………………..…………... 

Бақылау сұрақтары……………………………………........................ 

 

 





2.1 



2.2 

2.3 


2.4 

Зертханалық жұмыс №2. Дистрибутивті орнату……………………. 

Жұмыс тапсырмасы…………..………………………………………. 

Теориялық мәліметтер…………..…………………………………… 

Зертханалық жұмыстың орындау реті……………………...……….. 

Бақылау сұрақтары……………………………………………………. 





 11 

 12 


 

3.1 



3.2 

3.3 


3.4 

Зертханалық  жұмыс  №3.  Бағдарламалық  қамтамасыз  етуді 

жүктеу……......................................................................................... 

Жұмыс тапсырмасы…………………………………......……………. 

Теориялық мәліметтер………………………...........………………… 

Зертханалық жұмыстың орындау реті…...………………………….. 

Бақылау сұрақтары……………………………...…………………….. 

12 


 

12 


12 

14 


15 

4.1 



4.2 

4.3 


4.4 

Зертханалық жұмыс №4. Пайдаланушылар және топтар……......... 

Жұмыс тапсырмасы……………………......................………………. 

Теориялық мәліметтер……………………………………................. 

Зертханалық жұмыстың орындау реті………………………........... 

Бақылау сұрақтары……..………………............................................ 

15 

15 


15 

16 


17 

5.1 



5.2 

5.3 


5.4 

Зертханалық жұмыс №5. Файлдық жүйемен жұмыс…...............….. 

Жұмыс тапсырмасы………………………………………….............. 

Теориялық мәліметтер……………………………………………...... 

Зертханалық жұмыстың орындау реті……………………............... 

Бақылау сұрақтары……………………………………….................... 

17 

17 


17 

18 


19 

6.1 



6.2 

6.3 


6.4 

Зертханалық жұмыс №6. GRUB конфигурациялық файлы............... 

Жұмыс тапсырмасы............................................................................ 

Теориялық мәліметтер....................................................................... 

Зертханалық жұмыстың орындау реті.............................................. 

Бақылау сұрақтары................................................................................. 

19 

19 


19 

21 


21 

  7 


 

 7.1 


 7.2 

 7.3 


 7.4 

Зертханалық жұмыс №7. Файлдар мен каталогтармен жұмыс 

жасауға арналған командалар…………………………...................... 

Жұмыс тапсырмасы………………………....................…................ 

Теориялық мәліметтер…………………….......................................... 

Зертханалық жұмыстың орындау реті................................................. 

Бақылау сұрақтары……........................................................................ 

 

22 



22 

22 


26 

26 


 

Зертханалық жұмыс №8. Қатынас құру құқығын өзгертуге 



арналған командалар……………………….………............................ 

 

27 




42 

 

8.1 



8.2 

8.3 


8.4 

Жұмыс тапсырмасы…………...………………………...................... 

Теориялық мәліметтер……………….………………..……………… 

Зертханалық жұмыстың орындау реті………………….......……… 

Бақылау сұрақтары…………....…………………................................ 

27 


27 

29 


29 

 



9.1 

9.2 


9.3 

9.4 


Зертханалық жұмыс №9. Процестерді басқаруға арналған 

командалар….......................................................................................... 

Жұмыс тапсырмасы……………........…………….............................. 

Теориялық мәліметтер………...……………………………………… 

Зертханалық жұмыстың орындау реті………………..……………... 

Бақылау сұрақтары……………....…………………............................ 

 

30 


30 

30 


31 

31 


10 

10.1 


10.2 

10.3 


10.4 

Зертханалық жұмыс №10. Жүйе туралы ақпараттар……………… 

Жұмыс тапсырмасы……………………………………..................... 

Теориялық мәліметтер…………………………………….....…....… 

Зертханалық жұмыстың орындау реті…………………...............… 

Бақылау сұрақтары……………………………………………......….. 

31 

31 


32 

33 


33 

11 


11.1 

11.2 


11.3 

11.4 


Зертханалық жұмыс №11. Bash интерпретаторы……………............ 

Жұмыс тапсырмасы……………………………………............……. 

Теориялық мәліметтер……………………………………............… 

Зертханалық жұмыстың орындау реті…………………………....... 

Бақылау сұрақтары…………………………………………..........….. 

33 


33 

33 


34 

34 


12 

12.1 


12.2 

12.3 


12.4 

Зертханалық жұмыс №12. Bash интерпретаторын қолдану……....... 

Жұмыс тапсырмасы…………………………………….............……. 

Теориялық мәліметтер……………………………………................. 

Зертханалық жұмыстың орындау реті……………………………… 

Бақылау сұрақтары…………………………………………………… 

35 

35 


35 

36 


36 

13 


13.1 

13.2 


13.3 

13.4 


Зертханалық жұмыс №13. Тапсырмаларды жобалау……................. 

Жұмыс тапсырмасы…………………............................................... 

Теориялық мәліметтер…………………………...…..……………… 

Зертханалық жұмыстың орындау реті…………………................. 

Бақылау сұрақтары…………………………………………………... 

36 


36 

37 


37 

38 


14 

14.1 


14.2 

14.3 


14.4 

Зертханалық жұмыс №14. Резервті көшірме алу…………………… 

Жұмыс тапсырмасы…………………………......……………………. 

Теориялық мәліметтер……………………......……………………… 

Зертханалық жұмыстың орындау реті…………………………….... 

Бақылау сұрақтары……………….......……………………………….. 

38 

38 


38 

39 


39 

   


Әдебиеттер тізімі……………………..………………………………. 

40 


 

 

 



 

 

 



 

 



43 

 

                                                              2014 ж. қосымша жоспары, реті 18 



 

Кожамбердиева Мергул Иманбекқызы 

  

 

LINUX ОПЕРАЦИЯЛЫҚ ЖҮЙЕСІ  

 

5В070400 – Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету 



мамандығының студенттері үшін зертханалық жұмыстарды орындауға 

арналған әдістемелік нұсқаулықтар 



 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



Редактор Б.С. Қасымжанова 

Стандарттау бойынша Н.К. Молдабекова 

 

 

 



 

 

 



 

Басуға .___._____ қол қойылды               

Пішімі 60х84 1/16 

Таралымы __50_ дана.                           

 

Баспаханалық қағаз №1 



Көлемі  2.6 оқу- бас. т.                         

 

Тапсырыс _. Бағасы 1300 теңге 



 

 

 



 

 

 



 

 «Алматы энергетика және байланыс университеті» 

Комерциялық емес акционерлік қоғамның  

көшірмелі – көбейткіш бюросы  



 050013, Алматы, Байтурсынұлы, 126 

жүктеу 411,47 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау