Linux операциялық ЖҮйесі



жүктеу 411,47 Kb.
Pdf просмотр
бет6/13
Дата29.05.2018
өлшемі411,47 Kb.
#18227
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

15 

 

Пакетті орнату үшін –i  кілті қолданылады: 



 

sudo  dpkg  –i / жолы / пакет.deb 

 

Бағдарлама  пакеттің  қайда  орналасқандығын  білмейтіндіктен  пакеттің 



орналасу  адресін  толық  көрсету  керек.  Пакетті  өшіру  үшін  –r    кілті 

қолданылады:  

 

sudo  dpkg  – r  пакет 



 

dpkg  бағдарламасы  пакеттердің  тәуелді  болуына  рұқсат  бермейді.  Егер 

орнатылатын  пакет  басқа  да  пакеттерді  қамтитын  болса,  онда  оны  қажетті 

пакетті орнатқанға дейін баптау керек:  

sudo  apt  -get  install  package 

 

Бұл бағдарламаның графикалық менеджерден еш айырмашылығы жоқ. 



 

3.4 Бақылау сұрақтары 

 

3.4.1  Репозитарий дегеніміз не? 



3.4.2  Репозитарий түрлерін атаңыз. 

3.4.3  Графикалық менеджер қалай жүктеледі? 

3.4.4  Репозитарийлерді баптау жолдары қандай? 

3.4.5  dpkg бағдарламасының ерекшелігі неде? 

3.4.6  Пакетті өшіру кілті қандай? 

3.4.7  Егер орнатылатын пакет басқа да пакеттерді қамтитын болса, онда 

оны баптау қажет пе? 

 

 



4 Зертханалық жұмыс

 

№4. Пайдаланушылар және топтар 

 

 

 Жұмыстың мақсаты: пайдаланушылар және топтар бағдарламасымен 

жұмыс жасау. 

 

4.1  Жұмыс тапсырмасы 

 

1) Тіркеу жазбасын іске қосу. 

2) Жаңадан тіркеу жазбасын құру. 

3) Root тіркеу жазбасымен жұмыс жасау. 

 

4.2  Теориялық мәліметтер 

 



16 

 

Операциялық  жүйелер  бірміндетті  және  көптміндетті  болып  жіктеледі. 



Бірміндетті операциялық жүйе - бір уақытта тек бір ғана тапсырманы орындай 

алатын  операциялық  жүйе.  Оған  МS  DOS  операциялық  жүйесін  мысалға 

келтіруге  болады.  Көпміндетті  операциялық  жүйе  бір  мезгілде  бірнеше 

тапсырманы  орындауға  мүмкіндік  береді.  Мысалы:  Windows  операциялық 

жүйесінде компьютерде мәтін тере отырып, әуен тыңдауға және дәл осы сәтте 

басқа құжатты баспаға жіберуге болады.  

Операциялық  жүйені,  пайдаланушылардың  санына  байланысты, 

жалғызпайдаланушылық және көппайдаланушылық деп бөлуге болады.    

Операциялық жүйелерді үлкен екі топқа бөледі:  

-  Microsoft фирмасының Windows операциялық жүйелері; 

-  Linux жүйесінде құрылған операциялық жүйелер. 

Linux  көпміндетті,  көппайдаланушылық  операциялық  жүйе.  Linux 

пайдаланушылар мен топтарды басқаруға мүмкіндік береді.  

Linux  Ubuntu  операциялық  жүйесінде  негізгі  қызмет  атқаратын  тіркеу 

жазбасы  root  деп  аталады.  Root  тіркеу  жазбасы  жүйені  толығымен  басқару 

құқығына  ие.  Қауіпсіздік  шарасы  ретінде  root  тіркеу  жазбасы  өшірулі.  Бірақ 

арнайы командалар көмегімен оны іске қосуға болады. 

 

4.3  Зертханалық жұмысты орындау реті 

 

4.3.1  Тіркеу  жазбасын  іске  қосу  үшін  келесі  командалар  тізбегі 

орындалады: 

 

Жүйе (Система) – Администраациялау (Администрирование) –  



Пайдаланушылар және топтар (Пользователи и группы) 

 

Нәтижесінде ашылған терезе тіркеу жазбасын қосуға, өзгертуге, өшіруге 



арналған.  тіркеу  жазбасын  өшіру  үшін  тіркеу  жазбасының  атын  белгілеп, 

өшіру  батырмасын  басамыз.  Тіркеу  жазбасын  өзгерту  үшін  сол  жазбаны 

белгілеп,  «Қасиеттері»  пернесін  шертеміз.  Онда  пайдаланушы  атын,  ол 

туралы ақпараттарды және парольді өзгертуге болады. Пайдаланушыға қандай 

да бір операцияларды орындауға рұқсат беруге немесе бермеуге болады.  

4.3.2  Жаңадан  тіркеу  жазбасын  құру  үшін  «Пайдаланушылар  және 

топтар»  терезесінен  «Пайдаланушы  қосу»  пернесін  қолданады.  Нәтижесінде 

жаңадан пайдаланушы қосу терезесі ашылады. Оның бір ерекшелігі   - мұнда 

жаңадан  қосылған  пайдаланушының  администратор  немесе  қарапайым 

пайдаланушы  екендігін  анықтайтын  профиль  тізімі  бар.  Жаңадан  құрылған 

тіркеу жазбасымен қатар сол аттас топ пайда болады.  

4.3.3 .root тіркеу жазбасымен жұмыс жасауды қарастырайық. Қауіпсіздік 

шарасы  ретінде  root  тіркеу  жазбасы  өшірулі.  Бірақ,  арнайы  командалар 

көмегімен  оны  іске  қосуға  болады.  Егер  root  мүмкіншіліктерімен  команда 

орындау қажет болса, онда терминалдан келесі команда теріледі:  

 



17 

 

sudo команда 



 

Бұдан соң сіздің құпия кодыңыз сұралады:  

 

Password: 



 

Енгізген  символдар  экраннан  көрінбейді.  Парольді  енгізіп,  Enter 

пернесін басасыз.  

Root  құқығына  ие  графикалық  бағдарламаларды  жүктеу  үшін  gksudo 

бағдарламасын  пайдаланған  жөн.  Себебі  sudo  графикалық  бағдарламалармен 

тиімді  жұмыс  жасай  алмайды  және  біршама  уақыт  өткен  соң  экранға  қате 

туралы мәлімет шығады. 

 

4.4   Бақылау сұрақтары  



 

4.4.1 Тіркеу жазбасы дегеніміз не? 

4.4.2  Root тіркеу жазбасының ерекшелігі неде? 

4.4.3  Көппайдалынушық қандай мүмкіндіктер береді? 

4.4.4  Тіркеу жазбасын қалай өзгертуге болады? 

4.4.5  Пайдаланушы қосу терезесінің ерекшелігі неде? 

4.4.6  Root құқығына ие графикалық бағдарламалар қалай жүктеледі? 

          4.4.7 Пароль енгізудің ерекшеліктері қандай? 

 

 

5 Зертханалық жұмыс



 

№ 5. Файлдық жүйемен жұмыс 

 

 

 Жұмыстың мақсаты: файлдық жүйемен жұмыс жасау.  

 

5.1  Жұмыс тапсырмасы 

 

1) Каталог құру. 

2) Каталогтар мен файлдардың көшірмесін алу, орнын ауыстыру. 

3) Каталогтар мен файлдардың атын өзгерту. 

4) Каталогтар мен файлдарды жою. 

5) Файлды архивтеу және жөнелту. 

6) Сілтеме құру. 

 

5.2 Теориялық мәліметтер  

 

Операциялық  жүйелер  ақпаратты  дисктерде  файлдық  жүйелер 

көмегімен  сақтайды.  Әдеттегі  файлдық  жүйе  бірінің  ішіне  бір  салынған 

бумалардан  тұрады(папка  деген  атауы  да  бар),  олардың  ішінде  файлдар 

орналасады.  Ең  жоғарғы,  басты  бума  файлдық  жүйенің  түбірі  деп  аталады, 



жүктеу 411,47 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау