Үлгілік оқу жоспары техникалық және кәсіптік білім



жүктеу 0,84 Mb.
бет3/3
Дата22.05.2018
өлшемі0,84 Mb.
#16139
1   2   3


Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің

2013 жылғы «____»___________

№______бұйрығына 120-қосымша

«0515000 «Менеджмент (салалар және қолдану аясы бойынша» мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік білім берудің үлгілік білім беретін оқу бағдарламалары
Пәндер циклдері және кәсіптік практика бойынша білім беру бағдарламасының мазмұны (орта буын маманы)


Қысқартылған пәндер циклының атауы (коды)

Оқу пәндерінің циклдері мен кәсіптік модульдер

Көлемі

(сағ)


Пәндердің атаулары мен кәсіптік модульдердің бөлімдері

ЖГП.00

Жалпы білім беру пәндері

ЖГП.00

Жалпы гуманитарлық пәндер

ЖГП.01

Кәсіби қазақ (орыс) тілі (оқыту қазақ тілінде жүргізілмейтін топтар үшін):

Кәсіби қарым-қатынас жасауға қажетті мамандық бойынша лексикалық-грамматикалық материалдар.

Сөйлеу дағдыларының түрлері және сөйлеу формалары (ауызша, жазбаша, монолог, диалог);

Мәтіндерді кәсіби түрде аудару техникасы..



Білімдер:
- кәсіби қарым-қатынасқа қажетті мамандық бойынша лексикалық-грамматикалық материалдар;

Іскерліктер: - сөйлесу іскерліктерінің түрлерін және сөйлеу формаларын (ауызша, жазбаша, монолог, диалог) ажыратуды;

БҚ 1

ЖГП.02

Кәсіби шетел тілі

Кәсіби қарым-қатынас жасауға қажетті мамандық бойынша лексикалық-грамматикалық материалдар. Іскерлік – қатынастарға арналған терминдер;

Кәсіби құжаттар (іскерлік хат, келісім шарт, резюме, құжаттарды толтыру және т.б.).

сөйлеу іскерліктерінің түрлері және сөйлеу формалары (ауызша, жазбаша, монолог, диалог);

Кәсіби түрде мәтіндерді аудару техникасы..


Білімдер:

- кәсіптік қарым – қатынасқа қажетті кәсіби терминологияны;

Іскерліктер:

- мамандық бойынша монологты және диалогті құрастыра білуді;

- іскерлік құжаттарды құрастыруды;

- әріптестермен шет тілінде қарым-қатынасты жүргізуді;


БҚ 1

ЖГП.03

Дене тәрбиесі

Маманды дайындауда денешынықтыру мәдениетінің рөлі, оның салауатты өмір сүру салтын қалыптастыру. Денешынықтыру мәдениетінің әлеуметтік-биологиялық және психофизиологиялық негіздері. Дене және спортты шынықтырудағы өзін-өзі жетілдірудің негіздері



Білімдер:

-жалпы мәдениеттегі, кәсіби және әлеуметтік дамудағы дене шынықтырудың рөлін;

- адамның мекендеу орталарындағы қауіпті жағдайлар және зиянды факторларын бағалауды;

- олардан қорғану тәсілдерін;



Іскерліктер:

- денсаулық нығайтуына арналған дене тәрбиелік - спорттық әрекетті қолдануды;

- дене шынықтыруды тіршілік және кәсіпшілік мақсаттарға жетуі үшін қолдануды;

- зардаптарды жою және кез келген қауіп-қатерлер болған оқиғаларда көмек көрсетіп, өзара жәрдем беруді;


БҚ 2

ӘЭП.00

Әлеуметтік - экономикалық пәндер

ӘЭП.01

Мәдениеттану:

Мәдениеттану және оның қоғам өміріндегі рөлі; Мәдениетті зерттеудің көп түрлілігі;

Мәдениет және өркениет;

Мәдениеттің қалыптасуы;

Конфуциялық – даосистік мәдениет үлгісі;

Үнді - буддалық мәдениеттің үлгісі;

Исламдық мәдениет әлемі;

Мәдениеттің христиандық үлгісі;

Батыс еуропалық мәдениет және оның әлем дамуына ықпалын тигізуі;

Африкалық мәдениеттің ерекшелігі ;

Нәсілшілдік мәселесі;

көшпелі өркениеттің пайда болуы;

Орта ғасыр дәуіріндегі Қазақстан мәдениеті;

ХVII-XIX ғасырдағы қазақ мәдениетіндегі дәстүрлер.

Қазіргі Қазақстанның мәдениеті.


Білімдер:

- мәдениеттанудың негізгі түсінігін;

- конфуциялық – даосизм мәдениетін; қытай өнерін, иеороглификасын;

- үнді мәдениетінің ерекшеліктері мен оның негізгі жетістіктерін;

- Ислам, Мұхаммед, құрайшы,Құран, Аллах, Мекке ұғымдарын;

-христиан дінін оқудағы негізгі принциптері және оның бағыттарының құндылықтарын;

- Франция мәдениеті Ашельдік мәдениетті;

- көшпенділердің өмір салты және құндылықтаржүйесін;

- Қазақстанның орта ғасырлық мәдениетіне түркі және араб мәдениетінің ықпал жасауы туралы;

Іскерліктер:

- қазақ халқының ерекшеліктерін ашуды;

- мәдениеттану түсініктерін еркін қолдануды;

- мәдени салттарын бақылап;

- көшпенділердің материалдық және рухани мәдениетінің ерекшілігін көрсетуді;

- Адамның, қоғамның ішкі мәдениетін анықтауды;.



БҚ 3


ӘЭП.02

Философия негіздері:

Философиялық білімінің спецификасы; Философияның тарихи түрлері. Әлем нақтылықтың негіздемесі. Материя және сана. Диалектика және оның альтернативалары. Адамның және қоғамның рухани өмірі: білу теориясы, қоғамдық сана және оның формаларының көп түрлілігі. Философиядағы адамның мәселелері. Тұлға, бостандық және жауапкершілік; Адамзаттың болашағы. Философияның өнегелі жағдайлары: мораль және өнеге, жалпы адамзаттың моральдық құндылықтары



Білімдер:

- әлем және адам өмірінің мағынасы туралы философиялық, ғылыми және діни көзқарастарды;

- әлеуметтік және этикалық мәселелерді шешудегі ғылымның, оның салаларының, әдістері мен құрылымының рөлін;

Іскерліктер:

− дүниеге деген көзқарасты қалыптастыруды;

- диалектика заңдары мен категорияларын тәжірибеде түсіндіруді;

- қоғамда адамдар арасындағы қарым қатынастарының өнегелі нормаларын жөнге салуды



БҚ 4

ӘЭП.03

Әлеуметтану және саясаттану негіздері:

Әлеуметтану ғылым ретінде;

қоғам әлеуметтік - мәдени жүйе ретінде;

Әлеуметтік жалпылық;

Әлеуметтік және этнохалықтық қатынастар. әлеуметтік үрдістер;

Әлеуметтік институттар және ұйымдар;

Адам: оның әлеуметте рөлі және әлеуметтік мінез-құлқы;

Саясаттану пәні;

Саяси билік және биліктік қатынастар; саяси жүйе; Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық үрдістер;


Білімдер:

- заңдылықтарды түсінудегі әлеуметтік қадамдар туралы;

- әлеуметтік құрылым, әлеуметтік қабаттар, әлеуметтік қарым-қатынастар туралы түсініктерді;

- тұлғаның әлеуметтану үрдісінің ерекшеліктерін және оларды реттеудің түрлерін;



Іскерліктер:

- әлеуметтік қозғалыстарды дамыту және әлеуметтік өзгерістердің басқа факторларын дамытуды;

- биліктің мазмұнын, саясаттың субъектілерін, саяси қатынастарды және саяси үрдістерді;

- саяси жүйелер және саяси тәртіптер туралы түсініктерді қалыптастыруды;



БҚ 5

ӘЭП.04

Экономика негіздері:

Экономика және оның қоғамдағы рөлі. Жалпы экономикалық жүйесінің негізі; Қоғамның жеке меншігі және әлеуметтік экономикалық қатары; Өндірісті ұйымдастырудың жалпы түрлері. Ақшаның тарихы мен қазіргі жағдайы. Нарық және нарық функцияларының заңдылықтары. Бәсеке. Өндіріс және жаңа бағаның айналуы. Бизнес; Жеке капиталдың өндірілуі. Табысты бөлудің жүйесі. Макроэкономика. Дүние жүзі экономикасы және дүние жүзі нарығы.




Білімдер:

- экономика ұғымын және басты функцияларын;

- қоғамдық өндірістің құрылымын, өндірістік қатынастың жүйесін;

- ақша және оның қызметтерін;

-тауар өндірісінің заңдарын, нарық және оның қызметтерін;

- табыстың пайда болуы мен экономикалық рөлін;

- макроэкономиканың негізгі сипатын және ерекшелігін;

Іскерліктер:

- экономика заңдылықтарының іс - әрекетін түсіндіруді;

- экономикалық қатынастардың түрлеріне баға беруді;

- кәсіпорын іс - әрекетінің экономикалық талдауын жасауды;





ӘЭП.05

Құқық негіздері:

Құқық ұғымы, жүйесі, көздері, Қазақстан Республикасының Конституциясы – заңға сүйінген жүйе түйіні;

Адам құқығының жалпы декларациясы. Адам, құқық, құқықтық мемлекет. Заңгерлік жауапкершілік және оның түрлері. Құқықтың негізгі салалары, Қазақстан Республикасының сот жүйесі, құқық қорғау органдары.


Білімдер:

- адам мен азаматтардың бостандығы мен құқықтары;

- оларды орындау механизмдерін;

- кәсіпшілік қызмет сферасында заңға сүйенген және өнегелі-этикалық нормаларды;



Іскерліктер:

- маманның кәсіпшілік қызметін реттейтін нормативті - заңға сүйінген құжаттарды;



БҚ 7

ЖКП.00

Жалпы кәсіптік білім беру пәндері

ЖКП 01

Экономистерге арналған математика

Технологиялық матрица және оптималды жоспарлаудың міндеттері. Тауарлардың кеңістігі, баға векторлары. Бюджеттің көпшілігі. Сұраныстың сызықтық қызметтері және ұсыныс, тең бағаны анықтау. Нарықтың өрмекші тәріздес моделі . Экономикада қолданылатын атқарымдық тәуелділік. Экономикада туындыларды қолдану. Фирма табысы. Жеке туындыларды қолданудың экономикалық маңызы. Өзіндік аткарымдылықтың пайдасы. Тұтынушының өзіндік таңдауды оптимизацияның міндеті. Нәтижелер және тәуекелділік матрицасы. Анықталмаған жағдайда шешім қабылдау. Жартылай анықталмаған жағдайда шешім қабылдау. Тәуекелділік орташа квадраттық ауытқу.



Білімдер:

- математиканың экономикадағы рөлін;

- сызықтық алгебраның тағайындалуын;

- экономикада өндірістікті пайдалануды;



Іскерліктер:

- тепе-тең нүктені табуды, экономикалық есептерді шешу үшін өндірістік қызметті қолдануды;

- технологиялық матрицаларды шешу үшін сызықтық алгебраны қолдануды;

- толық және жартылай белгісіз шарттарда шешімдерді қабылдауды;



БК 9

КҚ 3.1.1


ЖКП 02

Экономикалық информатика:

Экономикалық информатика пәнінің мақсаты мен міндеті, оны өңдеу құралдары, экономикалық ақпараттарды сақтау және жіберу әдістері, ақпараттық технология және оның даму кезеңі, экономикалық ақпаратты өңдеудің технологиялық концепциясы, есептеу үрдісінің негізгі ұғымдары, есептеу түрлері, есептеуіш машиналардың тәжірибеде қолданылуы; құрылымдық және операциялық

жүйеге қызмет көрсету бағдарламалары; электрон-

дық кестелер, мәтін редакторлары, басқару жүйесін меңгеру..




Білімдер:

- есептеуіш машиналардың тағайындалуын,

- есептеуіш техникалық құралдардың жіктелуін;

- экономикалық ақпаратты өңдеу технологиясының концепциясын;

- есептеуіш үрдісті ұйымдастырудың тиімділігін және оның сипатталуын;

- есептеу түрлерін;

- есептеуіш машиналардың тәжірибеде қолданылуын;

- операциялық жүйеде қызмет ету бағдарламасын;

- деректер базаларын басқару жүйелерін;

Іскерліктер:

- дайын қолданбалы бағдарламаларды қолдануды;

- ұйымдарда және кәсіпорындарда арнайы компьютерлерді қолдануды;

- есептік бағдарламаны өңдеуді;

- ЭЕМ жұмыс кезінде бағдарламалық пакетті қолдануды;

- операциялық жүйеге қызмет ету бағдарламаларын қолдануды;

- мәтін редакторларын, электронды кестелерді;

- ЭЕМ-дың мәліметтер базасын басқару жүйесін;


БҚ 10

КҚ 3.1.2


ЖКП.03

Салық және салық салу:

Салық, түсінігі, салықты жинау және басқа да бюджетке міндетті төлемдер туралы түсінік; Салықтардың экономикалық маңызы, әлеуметтік-экономикалық мәні, Қазақстан Республикасының салықтық жүйесінің құрылымы мен маңызы, салық салудың негізгі қағидалары, салық салудың объектілері, салықты жинауды ұйымдастыру, Қазақстан Республикасының «Салық туралы, салықты жинау және басқа да бюджетке тиісті төлемдер» кодексі.




Білімдер:

- мемлекет экономикасындағы салықтың рөлін және олардың қызметін;

- салық салу қағидаларын; салық төлеушінің салықтық міндеттемелерін;

- салық ұйымдарының салық саясаты мен мақсаттарын;

- қолданыстағы салық түрлерін және басқа да міндетті төлемдердің бюджетке түсуін;

- Қазақстан Республикасының салық Кодексінің, салық құқықтық қатыныстарын зерттейтін негізгі баптарын;

- салық салуда құқықтық қатынастарды реттеуді;

- салық салу субъектілері мен объектілерін, салық базаларын, салық мөлшерлерін қолдануды;

- салық заңнамаларына сәйкес салық сомасын, жинақтау мен төлемдерді есептеуді;

- салық есептерінің құжаттарын толтыруды;



БҚ 7

КҚ 3.1.3


ЖКП.04

Маркетинг негіздері

Маркетинг түсінігі, оның мақсаттары, қызметтері, қағидалары, жіктелуі; нарықтық әрекеттің негізгі концепциялары; нарықты сегменттеу; маркетингтің объектілері және субъектілері; маркетингтік орта; маркетингтің құралдары; сұранысты зерттеу әдістері, құру, болжамдау және икемділігі, өткізуді ынталандыру, нарықта тауарлар мен қызметерді өткізу; жарнама; өткізу және баға саясаты; баға құрудың міндеті мен стратегиясы; бағаның жіктелуі; нарықты маркетингтік зерттеу; маркетингтің ақпараттық жүйесі; маркетингтің стратегиясы мен тактикасы



Білімдер:

- маркетинг түсінігін, оның мақсаттарын, қызметтерін, қағидаларын, жіктелуін;

- нарықтық әрекеттің негізгі концепцияларын;

- баға құрудың стратегиясы және бағаның жіктелуін;

- маркетингтің ақпараттық жүйесін, маркетингтің стратегиясы мен тактикасын;

Іскерліктер:

- нарықты сегменттеуді анықтауды;

- маркетингтік ортаны қолдануды;

- маркетингтің құралдарын қолдануды;

- сұранысты зерттеу әдістерін, құруды, болжамдауды;

- жарнамалауды;

- өткізуді анықтауды және баға саясатын;

- нарық маркетингін зерттеуді;.



БҚ 6

КҚ 3.1.4


ЖКП.05

Cтатистиканың жалпы теориясы:

Кез – келген экономикалық -статистикалық зерттеулердегі статистиканың рөлі мен маңызы. Әлеуметтік-экономикалық құбылыстардың сандық жақтарын талдау әдістемелерін меңгеру. Экономикалық зерттеулердегі статистикалық көрсеткіштерді қолдану жағдайлары.

Статистикалық әдістер, мақсаттары, ұйымдастырылуы және ерекшеліктері жөнінде білу. Статистика көрсеткіштерін жинақтау және өңдеу әдістері. Экономика-математикалық, графикалық әдістер мен кестелерді талдау мен болжау арқылы статистикалық есептеудің дұрыс құрылуын реттеу.


Білімдер:

- кез – келген экономикалық -статистикалық зерттеулердегі статистиканың рөлін, маңызы мен қызметін;

- статистиканы ұйымдастырудың міндеттері, әдістері, қызметтері;

-статистикалық категориялар және көрсеткіштер туралы түсінік;

- экономикалық-статистикалық зерттеулердің кезеңдерін;

- индекс пен динамика көрсеткіштеріне қатысты орта деңгеймен есептеу әдістерін;



Іскерліктер :

- экономикалық ақпаратты жинақтай, өңдей және талдай білуді;

- статистикалық көрсеткіштердің түрлерін ажырата білу және оларды есептеуде қолдануды;

- қатысты, орта деңгейлі көрсеткіштерін қолдануды;

- иновациялық -ақпараттық технологияларды қолдана отырып, кестелер мен графиктерді құрастыруды;

- динамика мен индекс қатарындағы көрсеткіштерді есептеуді, қолдануды және талдауды;.



БҚ 9

КҚ 3.1.5


ЖКП.06

Микро- және макроэкономика негіздері

Сұраныс пен ұсыныс теориясының делдалдылығымен тұтынушы нарығындағы шаруашылық субъектілерінің тәртәбін талдау. Өндіріс теориясы. Өндіріс шығындары. Монополия және алигополистикалық ортада жетілген бәсекелестік жағдайларда фирмалардың барынша пайда түсіру мүмкіндіктері. Өндіріс факторларының нарығы. Нарықтағы жалпы тепе-теңдік. Қоғамдық игілік пен сыртқы тиімділік түсініктері.

Макроэкономикалық көрсеткіштер: ұлттық өнімнің жиынтығы, бағалар деңгейі, таза экспорт. Қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді кезеңдеріндегі нарықтық тепе-теңдіктің макроэкономикалық модельдері, нарық қарым-қатынастарының модельдері және ақшалы-несиелі (монетарлы), салық-бюджетті (фискальдық) және сыртқы саясат әсерлерінен болатын өзгерістер. Құнсыздану, жұмыссыздық, экономикалық құлдырау мен өсудің мәселелері..


Білімдер:

- сұраныс пен ұсыныс теориясының делдалдылығымен тұтынушы нарығындағы шаруашылық субъектілерінің тәртәбін;

- өндіріс теориясын;

- өндіріс шығындарын;

- өндіріс факторларының нарығын;

- нарық құрылымы мен түрлері;

- макрэкономикалық көрсеткіштерді;

- нарықтық тепе-теңдіктің макроэкономикалық модельдерін;

- ақшалы-несиелі (монетарлы), салық-бюджетті (фискальдық) саясатты;

- инфляция, жұмыссыздық, экономикалық өсудің түсінігін;



Іскерліктер:

- тепе-теңдік бағаны және тепе-теңдік сату көлемін есептеуді;

- өндіріс шығындарын;

- қорытынды табысты (шығынды);

- ұлттық өнімнің жиынтығы, таза экспортты есептеуді;

- инфляция деңгейін;

- жұмыссыздық деңгейін;


БҚ 6

КҚ 3.1.6


ЖКП. 07

Іскерлік қарым-қатынастың әдебі мен психологиясы:

Эстетикалық мәдениет; этикалық мәдениет; қарым-қатынас психологиясы, әрекет ортасындағы қарым-қатынас мәдениеті; коммуникация, іскерлік қарым-қатынастағы этикет; жүрістік этикеттің негізгі ережелері; имидж, тіл мәдениеті; қызмет көрсету техникасы және этикасы; дипломатиялық этикет туралы түсінік; халықаралық қарым-қатынас тәжірибесіндегі кездесулер, келісім сөздер протоколы;

халықаралық қарым-қатынастағы ережелер, дәстүрлер, келісімдер; жұмыс орынның интеръері іскерлік этикет аумағы; жұмыс орнын ұстау ережелері.


Білімдер:

- психология туралы жалпы мәліметтерді;

- қарым-қатынастың қызметтерін, түрлерін, құралдарын;

-серіктестік қарым-қатыныста жүргізілетін этика қағидаларын;

- қызмет көрсететін ұйымға және оның қызметіне талаптарды қоюды;

- клиенттермен өзарабайланыс этикасын;

- қазіргі этикеттің нормалары мен ережелерін;

Іскерліктер:

-мамандық бойынша

кәсіби қызмет сферасында мәдени пікірлесуді қолдануды;

- өзін ұстау техникасы мен іскерлік пікірлесу этикетін қолдануды;

-іскерлік шараларды ұйымдастыруды;

-жалпы іскерлік хат алмасу ережелерді;

-дау-дамайды кәсіби қызметте шеше білуді.


БҚ 11

КҚ 3.1.7




ЖКП. 08

Кәсіпкерлік қызметті құқықтық реттеу:

Пәннің мақсаты мен міндеттері. Азаматтық кодекс, оның негіздері. Бизнесті құрудың құқықтық негіздері, ұйымдастырылуы, жүргізілуі. Кәсіпкерлік құрылымның формалары.

Фирманы құру және жою тәртібі.

ҚР-ндағы интелектуалды жеке меншік және авторлық құқықтың дамуы; кәсіпкерлік әрекеттегі ҚР-ның еңбек заңнамалары және басқа да нормативтік және құқықтық нормалар.




Білімдер:

- адам мен азаматтық құқығын және бостандығын;

- оны іске асыру механизмін;

- құқықтық мемлекет құрудағы заңдар мен құқық ерекшеліктерін;

- кәсіби қызмет саласындағы маманның этикалық, құқықтық және рухани нормасын;

- құқықтық тәртіптің әдістері мен түрлерін;

- мемлекеттің ұйымдасқан – құқықтық қоғамдағы ролін, әлеуметтік маңызын, құқықтық мазмұнын;

Іскерліктер:

- кәсіби қызметтегі құқықтық сауаттылықты қалыптастыру, дамыту және нормативті, құқықтық нормаларды пайдалануды;

- қазіргі ортада барлық бұқара топтың мінез – құлқы мен ойлау мәдениетерін саяси құқықтық жүйеге қалыптастыруды;



КҚ 3.1.8

ЖКП. 09

Қаржы және несие:

Қаржы, несие мен ақшаның мәні мен қызметтері. Нарықтық экономикадағы қаржы мен несиенің орны, рөлі. Қаржы-несиелік қызметтің және саясаттың негізгі бағыттарын анықтайтын заңдар мен нормативтік құжаттар. Шаруашылық субъектісінің қаржысы. ҚР қаржы-несиелік жүйесінің құрылымы. Құнды қағаздар мен олардың айналу реті. Инвестициялық қызмет. Қазақстан Республикасының валюталық жүйесі.



Пәнді оқу нәтижесінде білім алушы

Білімдер:

- мемлекеттің қаржы-несиелі, қаржылық, әлеуметтік, инвестициялық және антикризистік саясаты;

- ақша айырылысу түрлері;

- мемлекеттің және кәсіпорынның оқу көздері және қаржылық құралдары;



Іскерліктер:

- қожайлық субъектілердің қаржыларын басқаруды;

- қаржылық операцияларда көзделген әрекеттерді орындау;

- қаржылардың әлеуметтік-экономикалық процестерге әсері;

- ҚР қаржылық саясатындағы қаржылық механизмінің рөлі;


БҚ 9

КҚ 3.1.9


ЖКП. 10

Бухгалтерлік есеп негіздері:

Бухгалтерлік есеп және есеп беру түрлері, мақсаты, міндеті, тәртібі, бухгалтерлік баланс пен шот жүйесі, шаруашылық құралдар және олардың жіктелуі, бухгалтерлік есеп шоты, олардың орналасуы, шот жоспарлары, шаруашылық операциялардың құжаттамасы; сауда кәсіпорындары мен ұйымдардағы бухгалтерлік есепті ұйымдастыру, құжаттардың рәсімделуі, ақшаға, есептік опреацияларға есеп жүргізу, қолма – қол ақшаға есеп жүргізуді ұйымдастыру қағидалары, кассалық операцияларды жүргізу ережелері, құжаттардың рәсімделуі, есептік және валюталық шоттарда ақша есебін жүргізу, ақшасыз айырысу түрлері мен формалары, тұтынушы мен тапсырыс беруші, дебитор мен кредитор, бюджет арасындағы есеп айырысу, еңбекке ақы төлеу, кәсіпорынның есеп саясаты, бухгалтерлік есеп беру, табыс, шығын және қаржылық көрсеткіштер есебі.




Пәнді оқу нәтижесінде білім алушы

Білімдер:

- бухгалтерлік есеп және есеп беру туралы ережені, мақсатын, міндеттерін;

- бухгалтерлік есеп, тіркеу, олардың құрылуын топтастыруды;

- құжаттарды толтыру тәртібін;

- қолдағы құралдардың есебін ұйымдастыру қағидалары;

- ақшасыз есеп айырысудың негізгі түрлерін және формаларын;

- кәсіпорынның есеп саясатын, шығындары мен табыстарының есебін;

Іскерліктер:

- есеп жоспарларын іске асыруды;

- шаруашылық операцияларды құжаттауды;

- бухгалтерлік балансты және шоттар жүйесін ұйымдастыру;

- бухгалтерлік балансты және шоттар жүйесін бақылау;

- тауар қозғалысы, тауарлардың жоғалуы туралы есеп құрауды;

- есептік операциялар мен ақшалай құралдар есебін жүргізуді;

- есептік және валюталық шоттағы ақшаға есеп жүргізуді;

- бухгалтерлік есепті жүргізуді;


БҚ 9

КҚ 3.1.10






Арнайы пәндер

АП.01

Кәсіпорынды техникалық жабдықтау және еңбекті қорғау (сала бойынша):

Саладағы ғылыми-техникалық прогрестің бағыттары; жабдықтардың жіктелуі; жекелеген топтарының сипаттамасы; тағайындалуы, әрекет ету қағидалары, құрылғылардың ерекшеліктері; таңдау критерийлері; қауіпсіздік ережелері; құрылғыларды жабдықтауды ұйымдастыру және техникалық қызмет көрсету; еңбекті қорғау; құқықтық және нормативтік база; өндірістік жарақат және ауру; еңбек шарттарына әсер етуші факторлар; еңбекті қорғауға арналған іс-шаралар; қауіпсіздік техникасы: алдын алу шаралары түрлері, құралдары,

.


Білімдер:

- жабдықтардың жіктелуін;

- тағайындалуын, сипаттамаларын, әрекет ету қағидаларын, құрылғылардың ерекшеліктерін, таңдау критерийлерін, жекелеген топтарды қауіпсіз қолданудың ережелерін;

- еңбекті қорғауды;

- құқықтық және нормативті базаны;

- еңбек шартына әсер ететін факторлар;

- қауіпсіздік техникасының түрлерін, құралдарын, ескерту шараларын;

Іскерліктер:

- техникалық қызмет көрсетуді ұйымдастыру құралдармен жабдықтауды;

- өндірістік жарақат кезіндегі алғашқы дәрігерлік көмек көрсетуді;

- еңбекті қорғау бойынша іс–шаралар өткізуді;



БҚ14

КҚ 3.1.11



АП.02

Саланы ұйымдастыру және сала технологиясы :

Сала туралы түсініктеме, рөлі, ерекшеліктері, дамуы және сипаттамасы, оның инфрақұрылымы. Сала кәсіпорынның жіктелуі және олардың орналасуы. Оның әрекетінің ерекшеліктері.




Білімдер:

- халық шаруашылықтағы маңызы, мінездемесі және өзара байланысын;

- кәсіпорынның өндірістік инфрақұрылымын;

- кәсіпорынның өндірістік құрылымын;

- өндіріс цехтарындағы негізгі жұмыстарды және өнімдерді өндіру процестерін ұйымдастыруды;

Іскерліктер:

- өндірістің стратегиялық жоспарларын іске асыруды;

- технологиялық циклдар және процесстер түрлерін анықтауды;

- шикізат түрлері мен классификацияларын;

- шығарылған өнімнің сапасын анықтау тәсілдерді;

- жабдықтауды ұйымдастыруды;

- өндірісте технологиялық үрдістерді қолдануды;

- кәсіпкорындардағы еңбекті нормалауды;



БҚ 14

КҚ 1.1.12



АП.03

Кәсіпорын экономикасы (сала бойныша):

Ұлттық экономика жүйесіндегі кәсіпорын. Кәсіпорынның ұйымдық – құқықтық және кәсіпкерлік қызметі. Өндірісті ұйымдастыру және оның типтері. Кәсіпорынның еңбек ресурстары мен материалдық – техникалық базасы. Кәсіпорында еңбекақы тиімділігін пайдалануды, өндіріс шығынын, калькуляцияны, тауардың өзіндік құнын, өнім бағасын қалыптастыру. Кәсіпорын қаржысы. Қаржылық көрсеткіш пен шаруашылық қызметтегі тиімділіктерді талдау. Кәсіпорын қызметін, инвестиция және инновациялық қызметтерді жобалау кәсіпорын әрекетіндегі тәуекел мен қауіптің құлдырауы



Білімдер:

- ұйымдық – құқықтық түрдің мақсаты мен қызметін;



- кәсіпорынның өндірістік сипаты мен ұйымдастырылу құрылымын;

- Бизнес жоспар түрі мен құрылымы, маңызы, ішкіфирмалық жоспарлаудың негізгі кезеңдерін;

- кәсіпорынның негізгі және айналым капиталының құрамы мен құрылымын;

- еңбек өндірісінің маңызын, еңбек төлемінің түрі мен жүйесін;

- инвестициялау мәнін;

- тауардың өзіндік құнын, бағаның қалыптасуын, есеп шығаруды, шығындарды топтастыруды;

- қаржы ресурстарын қалыптастырудың қайнар көздерін;

- рентабельділікті жоғарылату жолындағы шығындар, қаржылық ресурстарды қалыптастыру жолдарын;



Іскерліктер:

- негізгі айналымдағы капитал мен еңбек ресурстарының қалыптасу жағдайы мен тиімділігін пайдалануды талдауды;

- Бизнес – жоспардың негізгі көрсеткіштерін есептеуді;

- өнімнің өзіндік құнының есебін калькуляциялау;

- кәсіпорынның қаржылық – шаруашылық қызметінің тиімділігін, негізгі көрсеткіштерді есептеу және анықтауды;


БҚ 9

КҚ 3.1.13



АП.04

Ұйымдағы менеджмент:

Менеджменттің мәні. Даму тарихы.Менеджменттің принциптері, функциялары және әдістері. Ұйымдастырушылық үрдістер. Инновациялық менеджмент. Сапаны басқару. Дағдарысқа карсы менеджмент.



Білімдер:

- менеджмент категорияларын және маңызын;

- менеджменттің мақсаттары мен функцияларын;

- менеджменттің кадрлік саясатын;



Іскерліктер:

- менеджмент әдістерін қолдануды;

- менеджменттің дамуымен тиімділігін жоспарлауды;

-менеджементті ұйымдастыруды;



БҚ10

КҚ 3.1.14



АП.05

Персоналды басқару:

Еңбек ресурстарын басқару жүйесі; еңбек ресурстарындағы қажеттілікті жоспарлау; ұйымды алу; кадрларды таңдау; ұйымдағы кәсіпкерлік хабардар болу және әлеуметтік бейімделу; кадрларды дайындау; қызмет көрсету нәтижелерін бағалау; басқарушы кадрларды дайындау; қызметтегі жоғарылатуды басқару; еңбекті ұйымдастыруды жетілдіру; кадрлар жұмысын бақылау.

.


Білімдер:

- кадрларды қабылдау қағидалары және ережелері; - еңбекті, жұмыс орындарын ұйымдастыру формасы;

- адамгершілік және материалдық құттықтау мәселелері;

Іскерліктер:

- еңбек ресурстарды басқаруды;

- кадрларды қабылдауды;

- басқару кадрларын дайындауды;

- еңбекті ұйымдастыруды жетілдіру;


БҚ 10

КҚ 3.1.15



АП.06

Халықаралық менеджмент:

Халықаралық бизнестің мәні, дамуы, ерекшеліктері. Халықаралық бизнесті басқару формалары, қызметтері және басқару әдістері. Халықаралық бизнестің сыртқы ортасы. Халықаралық менеджментінің қазіргі технологиялары. Шетел серіктестік іздеу және сыртқы нарыққа шығу. Халықаралық компаниялар және олардың басқару ұйымы. Халықаралық бизнестегі қаржыларды және инвестицияларды басқару.





Білімдер:

- халықаралық менеджменттің технологиясына және ұйымдастыруына жаңа қадамдар;

- халықаралық бизнес деңгейінде кәсіпорынды басқару формалары;

- халықаралық экономикалық қатынастардың негізгі формалары;

- халықаралық этикет;

Іскерліктер:

- халықаралық бизнесті басқаруды;

- сыртқы нарыққа шығу үшін шетел серіктестерді табуды;

- халықаралық бизнесте қаржыны және инвестицияларды басқаруды;



БҚ 10

КҚ 3.1.16



АП.07

Қаржылық менеджмент негіздері:

Сауда кәсіпорындары қаржысына басшылық етудің әдістемелік негіздері. Инвестиция, капиталды басқару. Дағдарысқа қарсы басқарым.

Қаржы менеджменті басқару жүйесі ретінде: маңызы, сипаттамасы, басқару органдары, қаржылық механизм, оның құрылымы, қаржы ресурстардың және капиталдың құрамы, ұйымдастыру құралдар көздерінің рационалды құрастырылуы, компаундинг, жылжымайтын мүлікті бағалау, несие, ұйымның қаржылық жағдайы және даму болашағын бағалау; төлеу және қаржылық тұрақтығының көрсеткіштері, құнды құжаттар,құнды құжаттар портфелін басқару; қаржылық тәуекел, қаржылық менеджменттің тәсілдері, қаржыны жоспарлау және талдау әдістемесі


Білімдер:

- қаржы менеджментінің мақсаттары мен есептерін;

- кәсіпорынды басқару жүйесіндегі қаржы менеджменттің орны;

- фирма әрекеттін басқарудың қаржылық жағынан көзқарастарының ерекшеліктерін;



Іскерліктер:

- фирма әрекетінің қаржылық көрсеткіштерінің есеп алысуды өткізуді;

- қаржы толқындарының жоспарларын құрастыру;

- құнды құжаттар портфелін басқару;

- қаржыларды жоспарлау және талдау;


БҚ 9

КҚ 3.1.17



АП.08

Кәсіби қызметтегі ақпараттық

технологиялар:

ақпараттық және коммуникациялық технологиялардың негізгі қағидалары, әдістері және қасиеттері; автоматтизацияланған жұмыс орындары, (АЖО), локальді және салалық жүйелер, қосымша бағдарламалық қамсыздандыру және менеджмент ортасындағы ақпараттық ресурстар; интегралданған ақпараттық жүйелер; жағдайлық-хабардар әрекет ортасындағы бағдаламалық қосымша пакеттер; эксперттік жүйелер және шешім қабылдауды қолдау; кәсіпкерлік әрекетті модельдеу және болжамдау.

Білімдер:

  • ақпараттық және коммуникациялық технологиялардың негізгі қағидалары, әдістері және қасиеттері;;

  • менеджменттегі қосымша бағдарламалық қамсыздандыру;

Іскерліктер:

  • компьютерлік жүйелерде жұмыс істеуді;

  • мәліметте базасымен жұмыс ісетуді;

  • қажетті ақпаратты іздеуде Интернеттен арнайы бағдарламаны қолдану;

БҚ 12

КҚ 3.1.18



АП.09

Менеджерлерге арналған бизнес жоспар

Бизнес жоспар түсінігі және құрылымы. Оның тағайындалуы. Негізгі бөлімдер мазмұны. Дайындау. Рәсімдеу. Презентация .



Білімдер:

-бизнес жоспар мазмұнын және құрылымын;

-құру ережелері мен рәсімдеуді;

Іскерліктер:

- өз ісінің бизнес жоспарын дайындаудыр;

- техникалық-экономикалық негіз жүргізуді;

- қайтарылымды ақша ағымдарын анықтауды;

-презентация жасау мен қорғауды білу;


КҚ 3.1.19

ТП.04

Саланың мамандануын ескеретін пән

Сала бойынша пәннің рөлі мен мақсаты, даму ерекшеліктері, байланстары. Құрамы мен инфрақұрылымы, салалық норматвтік базасы, сала қызметінің ерекшіліктері, сала тораптарының орналасуы, саланың шикізаттық және материалды-техникалық базасы, салалық өндірістік-технологиялық үрдістері



- Білімдер:

- саланың рөлі мен мақсаттарын;

- салалалық даму ерекшелерін;

- салалалық құрамы мен инфра құрылымын;

- салалалық нормативтік базасын;

- өндірістік-технологиялық үрдістерін;



Іскерліктер:

- салалалық даму болашағын көре білуін;

- салалық даму ерекшеліктерінде жол таба білуін;

- стратегиялық жоспарларды іске асыруды;

- салалалық-технологиялық үрдістерін анықтай білуді;

- алдыңғы қатарлы жетістіктерді талдап, меңгере білуді;;



КҚ 3.1.12

ӨОжәне КП

Өндірістік оқыту және кәсіптік практика

КП 01

Кәсіптік практика




Танысу практикасы

Танысу тәжірбесін өту реті, мақсаты мен тапсырмасы. Кәсіпорынның базасымен танысу және еңбек пәнінде практиканттарға қойылатын талаптар, кәсіби этика.. Мамандықтың географиялық орналасуы, қала мен аумақтағы кәсіпорынның мамандану концентрация. Даму деңгейі .

Кәсіпорын туралы ақпарат жинау: тұратын жері, басшылық, өнім, нарық, құрылу тарихы, түйіндеме дайындау. Танысу тәжірбесі жайлы есеп дайындау.

Оқу практикасы

Оқу тәжірбесін өтудегі мақсат, рет және ережелер. Оқу тәжірбесінің бір бөлімінен басқа бөлімшеге логика мен технологиялық үдеріске сәйкес аудару арқылы зерттеу.. Өндірістік ғимарат және құрал-жабдық . кәсіпорынның базалық технологиялық үдерісін және өндірісті ұйымдастыру. Кәсіпорында қолданылатын технологиялар. Кәсіпорынның техникалық жабдықталуы. Құрал-жабдық түрі. Құрал-жабдықты жұмыста қолдану ережелері мен қағидалары. Шешім қабылдау. Түрлі оқиғаларда жоспарлау. Ұйымдастыру. . Мотивация. Бақылау. Іскерлік коммуникацияда (ақпарат алмасуда) іскерлік этикет ережелерін қолдану, презентация жүргізу техникасы мен дайындығы. Тиімді уақытты басқару. Персоналды басқару. Негізгі экономикалық көрсеткіштер есебі. Басшыларға арналған қаржы.



Өндірістік практика

Оқу тәжірбесін өтудегі мақсат, рет және ережелер. Кәсіпорынмен жалпы танысу. Ұйымның сыртқы ортасы. Ұйымның ішкі орта факторын талдау. Менеджмент технологиясы. Маркетинг. Бәсекеге қабілетті тауар (қызмет) бағасы. Іскерлік және басқарушылық байланыс. Шешім қабылдау. Ұйым экономикасы. Қаржылық нәтижелер бағасы мен қаржылық есепті талдау. Менеджмент тиіміділігі.





Іскерліктер: :

- өзінің болашақ қызметінің бағыты бойынша ақпарат жинау; таңдалңан бағыт бойынша әдебиеттер тізімін құру; еңбек пәндері ережелері мен кәсіби этиканы ұстану; түйіндеме құру мен таратуды игеру; іскерлік таныстыруды ұйымдастыру;



Дағдылар :

- Өзін бақылау, есеп құру, күнделік жүргізу, график құру, іскерлік байланыс орнату;


Іскерліктер: :

- технологиялық үдеріс жобасын құру және сипаттау, техникалық қауіпсіздік ережелерін ұтану, құрал-жабдықта жұмыс жасау, жұмыс орнын ұйымдастыру ;

- бизнестің үлгілік оқиғаларында шешім қабылдау, жоспарлау, бұйрық беру, бақылау;

-іскерлік өмірде бизнес хаттаманы қолдану, қарым қатынас орнату, мәжіліс өткізу, телефонмен сөйлесу, ісерлік хат алмасу жүрізу;

- презентация жүргізу;

- Уақытты тиімді басқару;

- персонал санын жоспарлау, жұмысқа қабылдауды ұйымдастыру, кәсіби бейімдеу және дамыту жоспарын құру;

- іскерлік мансапты жоспарлау;

- экономикалық көрсеткіштерді есептеу мен қаржылық нәтижелерді бағалау;

Дағдылар :

- шешім қабылдау; фоистегі және тағы басқа құрал-жабдықпен жұмыс істеу дағдысы;

-коммуникативті дағдылар;

- сұхбаттасу жүргізу, байланыс орнату, мәжіліс өткізу;

- экономикалық талдау мен есеп жүргізу дағдысы;

-қаржылық құжатты оқу және талдау дағдысы;

-нормативті құжаттармен жұмыс жасау дағдысы.

Іскерліктер: :

- ұйымды реттеуші нормативті-құқықтық құжатнамаларды қолдану;

-ішкі ортаны талдау;

-нарықты сипаттау (мақсатты сегменттер, көлемі)

-бәсекегеқабілетті тауарды бағалау жүргізу;

- іскерлік кездесу және мәжіліс өткізу;

- шешім қабылдау технологиясы;

- экономикалық есеп жүргізу;

- ұйымнығ қаржылық жағдайын басқару .

Дағдылар:

- бірінші басшыны орнын алмастыру жұмысы, функционалды бөлімшелер жетекшілеріәр түрлі бөлімнің менеджерлары,;

- іскерлік байланыс дағдысы;

- экономикалық талдау жүргізу дағдысы;

- шешім қабылдау дағдысы;

- персоналмен жұмыс жасау дағдысы;

- ақпараттар ресурсымен жұмыс жасау дағдысы;

- жоспарлау дағдысы, үйлестіру, бақылау;



КҚ 3.1.17

КҚ 3.1.18



Ескерту: 1Кесте. Базалық құзыреттер

Құзырет коды

Базалық құзыреттер Қ)

БҚ 1

БҚ 2


БҚ 3

БҚ 4


БҚ 5

БҚ 6


БҚ 7

БҚ 8


БҚ 9

БҚ 10


БҚ 11

БҚ 12


БҚ 13

БҚ 1. Кәсіби қазақ тілі, орыс тілі, шет тілдерінде сөйлеу әрекетінің түрлерін және формаларын игереді

БҚ 2. Денсаулығын жақсарту үшін спорт және дене шынықтыру мәдениетімен айналысады, сонымен қатар кәсіби және өмірдегі мақсатына жету үшін өзін-өзі жетілдіреді;

БҚ 3. Мәдени құндылықтар игеру негізінде өзінің кәсібилілігін арттырып қызметінде пайдаланады;

БҚ 4. Қызмет жолында өмірінің мақсаты мен мәнін ажырата алады;

БҚ 5. Қоғамдық өмірде әлеуметтік және саяси көзқарасын қалыптастырып белсенділік бағытын ұстанады;

БҚ 6. Өз қызметінде экономиканың негізгі қағидалары мен заңдарын қолданады;

БҚ 7. Қазақстан Республикасының заңдылық талаптарын ұстанады ;

БҚ 8. Еңбек қауіпсіздігі мен қоршаған орта талаптарын, оның нормаларын ұстанады.;

БҚ 9. Аналитикалық қабілеттерді меңгереді;

БҚ 10. Көшбасшылық қабілеттерді меңгереді;

БҚ 11. Қарым-қатынас жасай білу (Коммуникабельдік) қабілеттерін меңгереді;

БҚ 12. Инфокоммуникациялық технологияны игереді;

БҚ 13. Өзіндік ұйымдастыру мен бақылау дағдыларын ұстанады;


2 Кесте. Кәсіптік құзырет

ТжКБ деңгейі

Біліктілік

Кәсіптік құзырет Қ)

  1. Орта буын маманы




3.1. . Біліктіліктің коды және атауы: 0515013 - "Менеджер"

КҚ 3.1.1 Экономикалық қызмет барысында математикалық аппаратты қолдану дағдыларын игереді;

КҚ 3.1.2 Заманауи ақпараттық технология көмегімен экономикалық ақпараттарды өңдей алады;

КҚ 3.1.3 Бюджеттің салық және басқа да міндетті төлемдерін мерзімді және ережелерге сәйкес жүргізуді қамтамасыз етеді ;

КҚ 3.1.4 Кәсіпорынның негізгі қызметін маркетинг қағидалары негізінде жүргізеді, тұтынушы сұрауына бағытталу;

КҚ 3.1.5 Статистикалық -экономикалық әдістерді қолдана отырып қаржылық тәуекелдерді анықтай алады, жоспарлайды,;

КҚ 3.1.6 Микроэкономиканың қағидаларын, заңдарды игереді, макроэкономикалық көрсеткіштердің мән-мағынасын түсінеді:

КҚ 3.1.7 Іскерлік қарым-қатынас дағдыларын игереді, кәсіби этика қағидаларын сақтайды;

КҚ 3.1.8 Кәсіби қызметін заңдар негізінде жүзеге асырады;

КҚ 3.1.9 Қаржыландыру және несиелендіру қағидаларын меңгереді;

КҚ 3.1.10 Бухгалтерлік есеп қағидаларын біліп шығады ;

КҚ 3.1.11 Жұмыс барысында еңбек құрал-жабдықтарын дұрыс қолдана алады және еңбекті қорғау талаптарының орындалуын қамтамасыз ету;

КҚ 3.1.12 Кәсіпорын салалары бойынша кәсіпорындағы технологиялық процес қағидаларын меңгереді

КҚ 3.1.13 Кәсіпорындарнның экономикалық негіздегі дағдыларын игереді ;

КҚ 3.1.15 Заманауи ұйымды басқару қағидаларын игереді;

КҚ 3.1.16 Персоналды жұмысқа қабылдауды, бағалау ісін, кадрлық аудитті іске асыруды жоспарлайды;

КҚ 3.1.17 Компанияның халықаралық қызметін басқарады,

КҚ 3.1.18 Қаржылық есепті талдай алады, қаржылық ресурстарды басқарады;

КҚ 3.1.19 Кәсіби қызметінде ақпараттық технологияларды жұмыста қолдану дағдысын игереді;



КҚ 3.1.20 Бизнес-жоспар дайындайды;



жүктеу 0,84 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©g.engime.org 2025
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау