Дағдылар:
өндіріс жағдайында санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтау;
технологиялық жабдықтармен жұмыс;
жабдықтар мен инвентарьларға санитарлық өңдеу жүргізу;
өнімдердің шығуын реттейтін нормативті құжаттарды пайдалану
БҚ 7,8
жоғары деңгейдің барлық біліктіліктері
КҚ 8
|
КП. 02
|
Кәсіптік дағдыларды алу және бекіту практикасы
тәжірибенің мақсаттары мен міндеттері;
кәсіпорынмен танысу;
кәсіпорынның өндірістік цехтарындағы жұмыстарда техника қауіпсіздігі бойынша нұсқау;
біліктілігі бойынша штаттық жұмыс орнындағы жұмыстармен танысу;
практика бойынша материалдарды жинау және есепті ресімдеу
|
Іскерліктер:
штаттық жұмыс орындарында нан, макарон және Кондитер өнімдерінің өндірісі бойынша технологиялық операцияларды орындау;
сапасы туралы журналды толтыру және жүргізу;
қызмет көрсететін жабдықтардың жұмысындағы бұзылулардың алдын алу және жою
Дағдылар :
сынамаларды іріктеу;
шикізат, шалаөнімдер, дайын өнімдерге талдаулар жүргізу;
белгіленген рецепт бойынша шикізаттың салынуын қадағалау;
шикізат, шалаөнімдер мен дайын өнімдерге технологиялық үдерісті дұрыс жүргізбегендіктен болатын өзгерістерді анықтау;
бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша технологиялық үдерісті реттеу
|
БҚ 6,7,8
жоғары деңгейдің барлық біліктіліктері
КҚ1-8
|
КП. 03
|
Диплом алды практикасы
тәжірибенің мақсаттары мен міндеттері;
кәсіпорынды ресімдеу;
техника қауіпсіздігі және өрт қауіпсіздігі бойынша нұсқау;
телімдер бойынша бөлу;
мамандығы бойынша дағдыны жинақтау және жетілдіру;
жоғары деңгейдегі білікті маманға жүктелетін міндеттер шеңберінде жеке өндірістік звеноны басқару дағдысын дамыту;
кәсіпорынның өндірістік жұмысында нақты телімдерді оқып меңгеру;
мамандығы бойынша штаттық жұмыс орнындағы жұмыстарды орындау;
практика бойынша материалдарды жинау және есепті ресімдеу
|
Іскерліктер:
шикізатты дайындау үдерісін жүргізу;
Нан пісіру, макарон және кондитерлік өндірісінің барлық фазаларында технологиялық үдерістерді жүргізу;
өндірістік рецепттерді дайындау;
өндірістің технологиялық режимдерін сақтау;
жарамсыздық себептерінің алдын алу, анықтау және жою;
есептеу-есеп беру құжаттарын жүргізу;
стандартты және нормативтік-техникалық құжаттарды пайдалану
Дағдылар :
нан, макарон және Кондитер өнімдері өндірісінің технологиялық үдерістерін жүргізу;
шалаөнімдер өндірісінің технологиялық үдерістерін жүргізу;
телімдегі жұмыстарды ұйымдастыру;
органолептикалық көрсеткіштері бойынша шалаөнімдер мен дайын өнімдердің сапасын бағалау;
өндірістің технологиялық режимдерін бақылау;
дайын өнімнің шығуын анықтау;
дайын өнімдердің сапасына қойылатын талаптарды сақтау;
дайын өнімдердің жарамсыздығын анықтау;
дайын өнімдерді салу және буып-түю;
технологиялық жабдықтардың жұмыс режимдерін дұрыстау және реттеу;
пайдаланатын жабдықтардың кішігірім ақауларын жою
|
БҚ 5,6,7,8
жоғары деңгейдің барлық біліктіліктері
КҚ 1-8
|
Пәндер циклдері және кәсіптік практика бойынша білім беру бағдарламасының мазмұны (орта буын маманы)
Циклдің
индексі
|
Пәннің, практиканың
атауы және негізгі бөлімдері
|
Қалыптасатын білім,
шеберліктер мен дағдылар
|
Қалыптасатын құзырет коды
|
ЖБП.00
|
Жалпы білім беретін пәндер
|
ЖГП.00
|
Жалпы гуманитарлық пәндер
|
ЖГП.01
|
Кәсіби орыс тілі
орыс тілінің грамматикасы;
кәсіби лексика;
мамандығы бойынша терминология;
қатынас, оның түрлері, қызметі және құралдары;
қатынастың ауызша және жазбаша құралдары;
сөйлеу стилі;
ғылыми стильдің ерекшелігі;
іскерлік стилінің ерекшклігі;
сауатты сөйлеудің сапасы;
ауызша және жазбаша сөйлеу тілінде терминдердің қолданылуы;
ауызша іскерлік сөйлеу тілінің жанры;
орыс сөйлеу тілінің әдеп ерекшеліктері;
аударма техникасы;
кәсіби бағыттағы мәтіндер
|
Білімдер:
ҚР «Тілдер туралы» Заңы;
тіл туралы және қазақстандық, ресейлік, әлемдік практикадағы кәсіптік қатынас;
тілдің грамматикалық құрылысы (орфография, лексика, морфология, синтаксис, пунктуация, стилистика);
қатынас түрлері, қызметі мен құралдары;
іскерлік қатынастың негізгі ережелері мен қағидалары;
орыс сөйлеу тілінің әдебі;
сөйлеу мәдениетінің нормалары;
орфографиялық, пунктуациялық және стилистикалық сауаттылық;
кәсіптік жалпы ғылыми және жалпы техникалық лексика
Іскерліктер:
іскерлік қағаздарын құру: өтініш, сенімхат, қолхат, қызметтік хаттар, өмірбаян, түйіндеме;
көпшілік алдында сөйлеу, есеп беру;
кесіссөздер, іскерлік және ғылыми әңгімелесулер, пікірталастар өткізу
|
БҚ 6,7
|
ЖГП.02
|
Кәсіби шетел тілі
ағылшын тілінің грамматикасы; кәсіби лексика;
мамандығы бойынша терминология;
қатынас, оның түрлері, қызметі және құралдары;
қатынастың ауызша және жазбаша құралдары;
сөйлеу стилі;
ғылыми стильдің ерекшелігі;
іскерлік стилінің ерекшелігі;
сауатты сөйлеудің сапасы;
ауызша және жазбаша сөйлеу тілінде терминдердің қолданылуы;
ауызша іскерлік сөйлеу тілінің жанры;
сөйлеу әрекетінің түрлері мен сөйлеу формалары (ауызша, жазбаша, монолог, сұқбат);
аудару техникасы;
кәсіби бағыттағы мәтіндер
|
Білімдер::
ҚР «Тілдер туралы» Заңы;
тіл туралы және қазақстандық, ресейлік, әлемдік практикадағы кәсіптік қатынас;
тілдің грамматикалық құрылысы (орфография, лексика, морфология, синтаксис, пунктуация, стилистика);
кәсіптік лексика, терминдер;
қысқарған күрделі сөздерді, аббревиатураларды сауатты жазу;
тілдің стильдік ерекшеліктері (сөйлеу стильдері)
сөйлеу мәдениетінің нормалары;
орфографиялық, пунктуациялық және стилистикалық сауаттылық;
кәсіптік жалпы ғылыми және жалпы техникалық лексика.
Іскерліктер:
іскерлік қағаздарын құру: өтініш, сенімхат, қолхат, қызметтік хаттар, өмірбаян, түйіндеме;
тұсаукесерлер дайындау, көпшілік алдында сөйлеу, есеп беру;
кесіссөздер, іскерлік және ғылыми әңгімелесулер, пікірталастар өткізу
|
БҚ 5,6
|
ЖГП.03
|
Қазақстан тарихы
қазақ халқының тарихи және мәдени даму жолдары;
көшпенділер өркениеті;
көшпенділер мемлекетінің шығу жолдары;
көшпенділердің рухани мәдениеті;
Қазақстанның Ресейге қосылу барысындағы ішкі саясаты және Қазақстанның Ресей империясының құрамына қосылуы;
ұлт-азаттық көтерілістер мен қозғалыстар;
XX ғасырдың басындағы саяси партиялар ағымы;
XX ғасырдың 20-30 жылдарындағы әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси жағдай;
Кеңес Үкіметінің алғашқы жылдарындағы этнодемографиялық жағдай;
Қазақ диаспорасының қалыптасуы;
Қазақстанның 50-80 жылдардағы әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси жағдайы;
Қазақстан тоқырау және КСРО-ның құлауы кезеңінде;
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік алғаннан кейінгі қоғамдық және саяси өзгерістер
|
Білімдер:
Қазақстанның тарихи кезеңдерінің негізгі хронологиясы;
көшпенділер өркениетінің тарихтағы ролі;
Қазақстан территориясындағы мемлекеттіліктің пайда болуы, құрылуы және дамуы туралы;
Қазақстанның Ресей империясына қосылуы, жаулап алуы, отарлау процесі;
Ұлт-азаттық көтеріліс пен қозғалыстардың себептері;
XX ғасырдың басындағы Қазақстандағы саяси партиялар мен ағымдардың бағдарламаларының мәні;
20-30 жылдардағы ауылшаруашылығы мен өнеркәсіптің жағдайы;
1931-1932 жылдардағы ашаршылықтың себептері мен салдары;
30-шы жылдардағы жаппай қуғын-сүргін саясатының себептері мен салдары;
КСРО-ның дағдарыс кезеңі мен құлауының себептері;
Тәуелсіз Қазақстанның экономикалық және саяси реформалары мен олардың нәтижелері;
Қазақстан 2030 стратегиялық даму бағдарламасы;
Іскерліктер:
қысқаша тарихи әңгіме құрастыру;
картамен жұмыс істеу;
Қазақстан территориясындағы мемлекеттік бірлестіктерді сипаттау;
қазақ халқының этникалық тарихының дамуын, эволюциялық қосылуын сипаттау;
рухани және материалдық мәдениеттің үлгісін сипаттау:
тарихи кезеңдерді ерекшелеу және дәуірлерге қысқаша сипаттама беру;
көтерілістердің жеңілу себептерін талдау
|
БҚ 3
|
ЖГП.04
|
Дене тәрбиесі
дене тәрбиесі қазіргі қоғамның жалпы мәдениетінің бір бөлігі ретінде;
салауатты өмір салтын ұйымдастырудың негізгі талаптары;
болашақ мамандығының жеткілікті деңгейін қамтамасыз ететін және денсаулықты нығайтуға ықпал ететін негізгі дене шынықтыру сапасы мен қозғалыс Дағдылар ;
сыртқы ортаның әртүрлі жағдайларында адам ағзасының төзімділігінің жоғарылауы;
гигиена мәдениеті, жарақаттың алдын алу, алғашқы медициналық көмектің түрлері;
қозғалыс белсенділігінің режимдері;
жеңіл атлетика;
гимнастика;
шаңғы тебу дайындығы;
жүзу;
туризм;
спорттық және қозғалыс ойындары;
қазақ ұлттық қозғалыс ойындарының түрлері мен спорттық ойындар
|
Білімдер:
Қазақстан Республикасының «Дене шынықтыру және спорт туралы» заңы;
денсаулықты нығайтудағы дене тәрбиесі мен спорттың ролі;
қимыл-қозғалыс әрекеттерінің тәсілдері;
дене шынықтырудағы жүктеме мен оларды реттеу әдістері (мөлшерлеу) туралы;
дене шынықтыру жаттығуларын жасау кезіндегі зақымданудың пайда болу себептері, зақымданудың алдын-алу шаралары;
салауатты өмір салтын сақтау ережелері;
жеңіл атлетикалық жаттығуларды орындау техникасы;
шаңғымен жүру техникасының элементтері;
жүзу түрлері мен техникалары;
туристке қажетті құрал-жабдықтар мен туристік дағдылар;
қазақтың ұлттық спорт ойындарының түрлері мен ережелері;
спорттық гигиена талаптары;
Президенттік тест нормативтері;
Іскерліктер:
жеңіл атлетикалық жаттығуларды орындау техникасын меңгеру;
қысқа, орта, ұзақ қашықтыққа жүгіру техникасын игеру;
диск, граната лақтыру техникасын меңгеру;
бір орыннан және жүгіріп келіп ұзындыққа секіру техникасын меңгеру;
доппен жүру және лақтыру әдістерін меңгеру;
допты беру және допты қабылдау техникасын меңгеру;
әртүрлі тәсілдермен шаңғымен жүру техникасын меңгеру;
жүзу техникасы;
талаптарды орындау;
іскерліктерді көрсету;
кезіндегі алғашқы дәрігерлік көмек көрсету
|
БҚ 6
|
|
Әлеуметтік-экономикалық пәндер
|
ӘЭП.01
|
Мәдениеттану
мәдениеттану және оның қоғамдағы орны;
мәдениеттануды зерттеудің көптүрлі әдістері;
мәдениет және өркениет;
мәдениеттің құрылуы;
конфуциондық-даосистік мәдениет түрі;
үнді-буддалық мәдениет түрі;
ислам мәдениеті әлемі;
христиан мәдениетінің түрі;
батыс еуропалық мәдениет және оның қазіргі әлемнің дамуына әсері;
расизм мәселелері;
көшпелі өркениеттің құрылуы мен ерекшелігі;
орта ғасырдағы қазақтардың мәдениеті;
17-19 ғасырдағы қазақ халқының мәдени салт-дәстүрі;
қазіргі Қазақстанның мәдениеті
|
Білімдер:
өркениет пен мәдениетті зерттеудің әр түрлі амалдары;
әдептілік мәдениеті;
алғашқы қауымдық құрылыс мәдениетінің, өнерінің, сенімінің, бейнелеу өнерінің бастауы;
Ежелгі Шығыс және антикалық мәдениет;
ежелгі кезеңнің діндер жүйесі;
ислам, христиан, будда діндерінің халықтардың мәдениетіне әсері;
реформация мен ренесанс кезеңінің мәдениеті;
XVIII –XIX ғғ. мәдениет;
XX ғ. мәдениетінің ерекшеліктері;
қазақ мәдениетінің бастаулары;
көшпелі мәдениет пен өркениеттің ерекшеліктері;
мұсылмандық ренессанстың түркілер мәдениетіне әсері;
қазақ халқының материалдық және рухани мәдениетінің дәстүрлері;
қазіргі кездегі қазақ мәдениеті
Іскерліктер:
мәдениеттің типтерін аша білу;
өркениеттің даму тарихын біліп отыру;
халықтардың материалдық және рухани мәдениетінің ерекшелігін көрсету;
өркениет типтерінің әртүрлі ерекшеліктерін анықтау;
Қазақстанның мәдениетін қалыптастыруға ықпал еткен факторларды салыстыру және талдау;
көптүрлі мәдени теориялардың ұнамды аспектілерін көрсету
|
БҚ 3
|
ӘЭП.02
|
Философия негіздері
философия пәні, философияның тарихи типтері;
адам қоғамдық табиғаты мен оның өмір сүру мәні;
материя және таным;
диалектика;
қоғамның философиялық түсінігі;
жеке адамның еркіндігі және жауапкершілігі;
адам танымы және әрекеті;
ғылым және оның қоғамдағы ролі;
адамзат ғаламдық мәселелердің алдында;
философияның адамгершілік мәселелері
|
Білімдер:
әлемнің философиялық, ғылыми және діни көрінісі, адам өмірінің мәні туралы мәліметтер;
ғылымның және ғылыми танымның ролі, оның құрылымы, түрі және әдістері
Іскерліктер:
адамның биологиялық әлеуметтік, болмыстық және рухани бастауларындағы тәрбиесін, ақыл-ой, есінің мәнін, саналы және санасыз мінез-құлқын анықтай білу;
қоғамдағы адамдардың өзара қарым-қатынасының әдептілік мөлшерін реттеу
|
БҚ 3
|
ӘЭП.03
|
Әлеуметтану және саясаттану негіздері
әлеуметтану ғылым ретінде;
қоғам әлеуметтік-мәдени жүйе ретінде;
әлеуметтік қоғамдар;
әлеуметтік және саяси қарым-қатынастар;
әлеуметтік процестер;
әлеуметтік институттар мен ұйымдар;
тұлға, оның әлеуметтік ролі және әлеуметтік сипаты;
саясаттану пәні;
саяси билік және билік қатынастары;
саяси жүйе;
Қазақстандағы әлеуметтік-саяси процестер;
халықаралық қатынастар
|
Білімдер:
заңдылықтарды әлеуметтік түсіну;
әлеуметтік жіктелу, әлеуметік өзара қарым-қатынас, әлеуметтік құрылым қағидалары;
тұлғаның әлеуметтену
процесінің ерекшеліктері, реттелу түрлері
Іскерліктер:
әлеуметтік өзгерістер мен дамудың әлеуметтік қозғалыстарын және
басқа факторларын дамыту;
биліктің мазмұнын, саясаттың субъектісін, саяси қатынастар мен (Қазақстандағы және бүкіл әлемдегі) процестерді анықтау;
саяси жүйелер мен саяси режимдер туралы түсініктерді құру
|
БҚ 3
|
ӘЭП. 04
|
Экономика негіздері
экономикалық теория пәні, әдістері;
қоғамдық өндіріс негіздері;
экономикалық жүйенің негізгі типтері;
меншіктік қатынас және оның экономикадағы ролі;
тауар шаруашылығы, тауар және оның қасиеттері;
құн, құн теориясы, ақшаның пайда болуы және мәні;
нарықтық экономика және оның ерекшеліктері
|
Білімдер:
экономиканың негізгі міндеттері;
қоғамдық өндіріс құрылысы, оның нәтижелері;
қарапайым және кеңейтілген қайта өндіріс;
экономикалық жүйе типтеріне сипаттама;
тауар өндірісінің маңызы және оның пайда болу жағдайлары;
тауар қасиеті;
құн теориясы және заңы;
нарық маңызы, оның қызметтері, құрылымы және түрлері
Іскерліктер:
экономикалық теория әдістері мен қызметтерін талдау;
меншік құқығын сипаттау және оның түрлері
|
БҚ 3
|
ӘЭП.05
|
Құқық негіздері
құқық: түсінігі, жүйесі, қайнар көздері;
Қазақстан Республикасының Конституциясы-құқықтық жүйенің өзегі;
адам құқығының жалпы Декларациясы;
тұлға, құқық, құқықтық мемлекет;
құқықтық жауапкершілік және оның түрлері;
құқықтың негізгі салалары;
Қазақстан Республикасы сот жүйесі;
құқық қорғау органдары;
ҚР әкімшілік құқығы;
ҚР азаматтық құқығы;
ҚР еңбек құқығы;
ҚР қылмыстық құқығы;
ҚР отбасы құқығы
|
Білімдер:
адам мен азаматтың құқықтары мен бостандығы, оларды жүзеге асыру механизмі;
кәсіптік қызмет барысында құқықтық және адамгершілік-әдеп нормаларының ерекшеліктері
Іскерліктер:
маманның кәсіптік қызметіне қатынасты нормативті-құқықтық құжаттарды қолдану
|
БҚ 3,7
|
ЖКП.00
|
Жалпы кәсіптік пәндер
|
ЖКП 01
|
Сызу негіздері
сызбаларды ресімдеу ережесі;
сызбалардағы геометриялық құрылымдар;
сызбалардағы проекциялық кескіндер;
бір жазықтықта және үш жазықтықта тікбұрышты проекциялау, қарапайым пішіндердің изометриялық және диаметриялық проекциялары;
бөлшектердің сызбасы мен изометриялық проекциялары;
геометриялық пішіндердің жазбасы;
технологиялық сызу негіздері;
сызбаларда кескіндердің орналасуы;
қималар мен кесінділер;
тікбұрыштар мен аксонометриялық осьтерде қималар мен кесінділердің қажетті мөлшерде түрлерін қолдана отырып, детальдердің сызбаларын орындау;
машина құрылысының сызулары;
ажырамайтын бірігулер;
құрама сызба, жұмыс сызбасы, бөлшектердің эскизі, бөлшектердің техникалық суреті, құрама сызбалар бойынша бөлшектеу
|
Білімдер:
cызба мен нобайларды құрастырудың негізгі ережелері;
cызба геометриясының және проекциялық сызбаның негіздері;
құрастырушылық, технологиялық және басқа нормативті құжаттардың негізгі ережелері;
Іскерліктер:
мамандыққа сәйкес сызбаны құрастыру, сызу және оқу;
анықтамалықтарды қолдану;
эскиз, сызба және техникалық бейнелеулердің көмегімен техникалық ойды білдіру;
сызуларды ресімдеуде нормативті-техникалық құжаттарды пайдалану
|
БҚ 5,7
|
ЖГП.02
|
Электротехника және электроника негіздері
жалпы электротехника;
тұрақты токтың сызықтық электрлік тізбегі;
электрлік өріс;
тұрақты токтың электрлік тізбектері;
элекромагнетизм; электротехникалық өлшеулер;
ауыспалы токтың бір фазалық тізбегі;
үш фазалық ток тізбегі; трансформаторлар;
тұрақты және ауыспалы токтың электрлік машиналары;
электроника негіздері;
электрондық шамдар және газразрядты құралдары;
жартылайөткізгіш құралдар; фотоэлектрондық құралдар, электронды генераторлар, түзегіштер, күшейткіштер; микроэлектрониканың интегралды сұлбалары
|
Білімдер:
электр және магнит өрісі түсінігі;
трансформатор қондырғылары, ауыспалы және тұрақты тоқ машиналары;
электрондық шам қондырғылары, газразрядты, жартылай өткізгіш құралдар және оларды қолдану ережелері
|
Достарыңызбен бөлісу: |