Үлгілік оқу жоспары техникалық және кәсіптік білім Білім коды және бейіні



жүктеу 1,82 Mb.
бет4/9
Дата05.02.2018
өлшемі1,82 Mb.
#8801
1   2   3   4   5   6   7   8   9


Ескерту: ЖБП – жалпы білім беретін пәндер; ЖГП – жалпы гуманитарлық пәндер; ӘЭП – әлеуметтік-экономикалық пәндер; ЖКП – жалпы кәсіптік пәндер; АП – арнайы пәндер; БҰАП – білім беру ұйымының таңдауы бойынша пәндер; ӨО – өндірістік оқыту; КП – кәсіптік практика; АА – аралық аттестаттау; ҚА – қорытынды аттестаттау; КДДБ - кәсіптік даярлық деңгейін бағалау және біліктілік беру; К – консультациялар; Ф – факультативтік сабақтар.

*Семестр бойынша бөлу мамандықтың өзгешелігіне, аймақтық ерекшеліктеріне және тағы басқа байланысты өзгертіледі.


Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің

2013 жылғы «____»___________

№_____ бұйрығына 235 - қосымша



1219000 – Нан пісіру, макарон және кондитерлік өндірісі мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік білім берудің үлгілік білім беретін оқу бағдарламалары

Пәндер циклдері және кәсіптік практика бойынша білім беру бағдарламасының мазмұны (жоғары деңгей)




Циклдің белгіленуі

Пәннің, практиканың

атауы және негізгі бөлімдері

Қалыптасатын білім,

іскерліктер мен дағдылар

Қалыптаса

тын құзырет коды

ЖБП. 00

Жалпы білім беретін пәндер

ЖГП.00

Жалпы гуманитарлық пәндер

ЖГП.01

Кәсіби қазақ (орыс) тілі

қазақ (орыс) тілінің грамматикасы;

кәсіби лексика;

мамандығы бойынша терминология;

қатынас, оның түрлері, қызметі және құралдары;

қатынастың ауызша және жазбаша құралдары;

сөйлеу стилі;

ғылыми стильдің ерекшелігі;

іскерлік стилінің ерекшелігі;

сауатты сөйлеудің сапасы;

ауызша және жазбаша сөйлеу тілінде терминдердің қолданылуы;

ауызша іскерлік сөйлеу тілінің жанры;

қазақ (орыс) сөйлеу тілінің әдеп ерекшеліктері;

аудару техникасы;

кәсіби бағыттағы мәтіндер



Білімдер:

  • ҚР «Тілдер туралы» Заңы;

  • тіл туралы және қазақстандық, ресейлік, әлемдік практикадағы кәсіптік қатынас;

  • тілдің грамматикалық құрылысы (орфография, лексика, морфология, синтаксис, пунктуация, стилистика);

  • қатынас түрлері, қызметі мен құралдары;

  • іскерлік қатынастың негізгі ережелері мен қағидалары;

  • қазақ (орыс) сөйлеу тілінің әдебі;

  • сөйлеу мәдениетінің нормалары;

  • орфографиялық, пунктуациялық және стилистикалық сауаттылық;

  • кәсіптік жалпы ғылыми және жалпы техникалық лексика

Іскерліктер:

  • іскерлік қағаздарын құру: өтініш, сенімхат, қолхат, қызметтік хаттар, өмірбаян, түйіндеме;

  • көпшілік алдында сөйлеу, есеп беру;

  • кесіссөздер, іскерлік және ғылыми әңгімелесулер, пікірталастар өткізу

БҚ 6,7


ЖГП. 02

Кәсіби шетел тілі

ағылшын тілінің грамматикасы; кәсіби лексика;

мамандығы бойынша терминология;

қатынас, оның түрлері, қызметі және құралдары;



қатынастың ауызша және жазбаша құралдары;

сөйлеу стилі;

ғылыми стильдің ерекшелігі;

іскерлік стилінің ерекшелігі;

сауатты сөйлеудің сапасы;

ауызша және жазбаша сөйлеу тілінде терминдердің қолданылуы;

ауызша іскерлік сөйлеу тілінің жанры;

сөйлеу әрекетінің түрлері мен сөйлеу формалары (ауызша, жазбаша, монолог, сұқбат);

аудару техникасы;

кәсіби бағыттағы мәтіндер



Білімдер:

  • ҚР «Тілдер туралы» Заңы;

  • тіл туралы және қазақстандық, ресейлік, әлемдік практикадағы кәсіптік қатынас;

  • тілдің грамматикалық құрылысы (орфография, лексика, морфология, синтаксис, пунктуация, стилистика);

  • кәсіптік лексика, терминдер;

  • қысқарған күрделі сөздерді, аббревиатураларды сауатты жазу;

  • тілдің стильдік ерекшеліктері (сөйлеу стильдері)

  • сөйлеу мәдениетінің нормалары;

  • орфографиялық, пунктуациялық және стилистикалық сауаттылық;

  • кәсіптік жалпы ғылыми және жалпы техникалық лексика.

Іскерліктер:

  • іскерлік қағаздарын құру: өтініш, сенімхат, қолхат, қызметтік хаттар, өмірбаян, түйіндеме;

  • тұсаукесерлер дайындау, көпшілік алдында сөйлеу, есеп беру;

  • кесіссөздер, іскерлік және ғылыми әңгімелесулер, пікірталастар өткізу

БҚ 5,6

ЖГП. 03

Қазақстан тарихы

қазақ халқының тарихи және мәдени даму жолдары;

көшпенділер өркениеті;

көшпенділер мемлекетінің шығу жолдары;

көшпенділердің рухани мәдениеті;

Қазақстанның Ресейге қосылу барысындағы ішкі саясаты және Қазақстанның Ресей империясының құрамына қосылуы;

ұлт-азаттық көтерілістер мен қозғалыстар;

XX ғасырдың басындағы саяси партиялар ағымы;

XX ғасырдың 20-30 жылдарындағы әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси жағдай;

Кеңес Үкіметінің алғашқы жылдарындағы этнодемографиялық жағдай;

Қазақ диаспорасының қалыптасуы;

Қазақстанның 50-80 жылдардағы әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси жағдайы;

Қазақстан тоқырау және КСРО-ның құлауы кезеңінде;

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік алғаннан кейінгі қоғамдық және саяси өзгерістер




Білімдер:

  • Қазақстанның тарихи кезеңдерінің негізгі хронологиясы;

  • көшпенділер өркениетінің тарихтағы ролі;

  • Қазақстан территориясындағы мемлекеттіліктің пайда болуы, құрылуы және дамуы туралы;

  • Қазақстанның Ресей империясына қосылуы, жаулап алуы, отарлау процесі;

  • Ұлт-азаттық көтеріліс пен қозғалыстардың себептері;

  • XX ғасырдың басындағы Қазақстандағы саяси партиялар мен ағымдардың бағдарламаларының мәні;

  • 20-30 жылдардағы ауылшаруашылығы мен өнеркәсіптің жағдайы;

  • 1931-1932 жылдардағы ашаршылықтың себептері мен салдары;

  • 30-шы жылдардағы жаппай қуғын-сүргін саясатының себептері мен салдары;

  • КСРО-ның дағдарыс кезеңі мен құлауының себептері;

  • Тәуелсіз Қазақстанның экономикалық және саяси реформалары мен олардың нәтижелері;

  • Қазақстан 2030 стратегиялық даму бағдарламасы;

Іскерліктер:

  • қысқаша тарихи әңгіме құрастыру;

  • картамен жұмыс істеу;

  • Қазақстан территориясындағы мемлекеттік бірлестіктерді сипаттау;

  • қазақ халқының этникалық тарихының дамуын, эволюциялық қосылуын сипаттау;

  • рухани және материалдық мәдениеттің үлгісін сипаттау:

  • тарихи кезеңдерді ерекшелеу және дәуірлерге қысқаша сипаттама беру;

  • көтерілістердің жеңілу себептерін талдау

БҚ 3

ЖГП. 04

Дене тәрбиесі

дене тәрбиесі қазіргі қоғамның жалпы мәдениетінің бір бөлігі ретінде;

салауатты өмір салтын ұйымдастырудың негізгі талаптары;

болашақ мамандығының жеткілікті деңгейін қамтамасыз ететін және денсаулықты нығайтуға ықпал ететін негізгі дене шынықтыру сапасы мен қозғалыс Дағдылар ;

сыртқы ортаның әртүрлі жағдайларында адам ағзасының төзімділігінің жоғарылауы;

гигиена мәдениеті, жарақаттың алдын алу, алғашқы медициналық көмектің түрлері;

қозғалыс белсенділігінің режимдері;

жеңіл атлетика;

гимнастика;

шаңғы тебу дайындығы;

жүзу;

туризм;


спорттық және қозғалыс ойындары;

қазақ ұлттық қозғалыс ойындарының түрлері мен спорттық ойындар



Білімдер:

  • Қазақстан Республикасының «Дене шынықтыру және спорт туралы» заңы;

  • денсаулықты нығайтудағы дене тәрбиесі мен спорттың ролі;

  • қимыл-қозғалыс әрекеттерінің тәсілдері;

  • дене шынықтырудағы жүктеме мен оларды реттеу әдістері (мөлшерлеу) туралы;

  • дене шынықтыру жаттығуларын жасау кезіндегі зақымданудың пайда болу себептері, зақымданудың алдын-алу шаралары;

  • салауатты өмір салтын сақтау ережелері;

  • жеңіл атлетикалық жаттығуларды орындау техникасы;

  • шаңғымен жүру техникасының элементтері;

  • жүзу түрлері мен техникалары;

  • туристке қажетті құрал-жабдықтар мен туристік дағдылар;

  • қазақтың ұлттық спорт ойындарының түрлері мен ережелері;

  • спорттық гигиена талаптары;

  • Президенттік тест нормативтері;

Іскерліктер:

  • жеңіл атлетикалық жаттығуларды орындау техникасын меңгеру;

  • қысқа, орта, ұзақ қашықтыққа жүгіру техникасын игеру;

  • диск, граната лақтыру техникасын меңгеру;

  • бір орыннан және жүгіріп келіп ұзындыққа секіру техникасын меңгеру;

  • доппен жүру және лақтыру әдістерін меңгеру;

  • допты беру және допты қабылдау техникасын меңгеру;

  • әртүрлі тәсілдермен шаңғымен жүру техникасын меңгеру;

  • жүзу техникасы;

  • спорттық гигиеналық

талаптарды орындау;

  • туристік дағдылар мен

іскерліктерді көрсету;

  • жеңіл жарақат, сүріп алу

кезіндегі алғашқы дәрігерлік көмек көрсету

БҚ 6

ЖКП.00

Жалпы кәсіби пәндер

ЖКП. 01

Сызу негіздері

сызбаларды ресімдеу ережесі;

сызбалардағы геометриялық құрылымдар;

сызбалардағы проекциялық кескіндер;

бір жазықтықта және үш жазықтықта тікбұрышты проекциялау, қарапайым пішіндердің изометриялық және диаметриялық проекциялары;

бөлшектердің сызбасы мен изометриялық проекциялары;

геометриялық пішіндердің жазбасы;

технологиялық сызу негіздері;

сызбаларда кескіндердің орналасуы;

қималар мен кесінділер;

тікбұрыштар мен аксонометриялық осьтерде қималар мен кесінділердің қажетті мөлшерде түрлерін қолдана отырып, детальдердің сызбаларын орындау;

машина құрылысының сызулары;

ажырамайтын бірігулер;

құрама сызба, жұмыс сызбасы, бөлшектердің эскизі, бөлшектердің техникалық суреті, құрама сызбалар бойынша бөлшектеу



Білімдер:

  • cызба мен нобайларды құрастырудың негізгі ережелері;

  • cызба геометриясының және проекциялық сызбаның негіздері;

  • құрастырушылық, технологиялық және басқа нормативті құжаттардың негізгі ережелері;

Іскерліктер:

  • мамандыққа сәйкес сызбаны құрастыру, сызу және оқу;

  • анықтамалықтарды қолдану;

  • эскиз, сызба және

техникалық бейнелеулердің

көмегімен техникалық ойды білдіру;

  • сызуларды ресімдеуде нормативті-техникалық құжаттарды пайдалану




БҚ 5,7


ЖКП. 02

Электротехника және электроника негіздері

жалпы электротехника;

тұрақты токтың сызықтық электрлік тізбегі;

электрлік өріс;



тұрақты токтың электрлік тізбектері;

элекромагнетизм; электротехникалық өлшеулер;

ауыспалы токтың бір фазалық тізбегі;

үш фазалық ток тізбегі; трансформаторлар;

тұрақты және ауыспалы токтың электрлік машиналары;

электроника негіздері;

электрондық шамдар және газразрядты құралдары;

жартылайөткізгіш құралдар; фотоэлектрондық құралдар, электронды генераторлар, түзегіштер, күшейткіштер; микроэлектрониканың интегралды сұлбалары


Білімдер:

  • электр және магнит өрісі түсінігі;

  • трансформатор қондырғылары, ауыспалы және тұрақты тоқ машиналары;

  • электрондық шам қондырғылары, газразрядты, жартылай өткізгіш құралдар және оларды қолдану ережелері

Іскерліктер:

  • электр және магнит өрістерін графикалық бейнелеу;

  • магниттік индукция сызықтарының бағытын, тогі бар өткізгішке әсер ететін күштің бағытын анықтау;

  • ток күшін (амперметрмен) кернеуді (вольтметрмен), кедергінің (омметрмен) шамаларын өлшеу;

  • электр тізбектерін жинау

БҚ 5,8



ЖКП. 03

Экономика негіздері

пәні және экономика әдістері;

Қазақстан экономикасының заманауи жағдайы;

нарықтық механизм және оның қызмет ету қағидалары;

нарықтық қатынас жүйесіндегі кәсіпорындар;

кәсіпорынның негізгі қорлары мен оны пайдаланудың тиімділігі;

кәсіпорынның айналым қоры және оны пайдалану тиімділігі;

өндірісті ұйымдастыру, кәсіпорынның өндірістік бағдарламаларын қалыптастыру;

кәсіпорындағы еңбекті және жалақыны ұйымдастыру;

өнімдердің өзіндік құнын жоспарлау және бағаның құрылуы;

қарқынды қызметті жоспарлау және өндірістің тиімділігін арттыру; табыс және

рентабельділік




Білімдер:

  • экономиканың негізгі міндеттері;

  • Қазақстан экономикасының құрылысы;

  • нарықтың құрылысы мен функциялары;

  • өндірістік сипаттамалар мен кәсіпорын құрылысы;

  • негізгі және айналым қорларының құрамы мен құрылысы, кәсіпорын қаражаты;

  • өндірісті ұйымдастыру типтері;

  • өндірістің құндылық көрсеткіштері және өнімдерді тарату;

  • нормаланған еңбектің мәні;

  • өнім құнының түрлері;

  • инвестиция түрлері

Іскерліктер:

  • экономикалық процестер мен олардың нәтижелерін талдау;

  • нарықты жіктеу;

  • кәсіпорынның өндірістік құрылысын анықтау;

  • кәсіпорын мүлкінің орташа жылдық құнын анықтау;

  • айналым құралдарында кәсіпорын қажеттілігін анықтау;

кәсіпорынның өндірістік қуатын, жұмысшылардың еңбекақысын, инвестиция тиімділігін және т.б. есептеу

БҚ 3


ЖКП. 04

Еңбекті қорғау

жалпы мемлекеттік нормалар мен еңбекті қорғау ережелері;

еңбекті қорғау саласындағы стандарттау;

негізгі технологиялық жабдықтармен жұмыс істеудегі техника қауіпсіздігі;

электр қауіпсіздігі;



өндірістік санитария;

өрт қауіпсіздігі;

өндірісте болған қауіпті жағдайларды тексеру және есепке алу;

еңбекті қорғау бойынша шараларды жоспарлау және қаржыландыру;



нан пісіру, макарон және Кондитер өндірісіндегі еңбекті қорғау:

қоршаған ортаны қорғау



Білімдер:

  • техника қауіпсіздігі бойынша нормативті-техникалық құжаттар;

  • еңбек қауіпсіздігінің стандартты жүйесі;

  • өндіріс бөлмелері мен жұмыс орындарындағы техника қауіпсіздігі ережелері;

  • өрт сөндіретін техникалық құралдардың жұмысы мен қондырғылары

Іскерліктер:

  • қоршаған ортаның жағдайын қорғау және бақылау амалдарын пайдалану;

  • оқыс оқиға кезінде зардап шегушіге алғашқы көмек көрсету;

  • жұмысты қауіпсіз жағдайда жүргізуді қамтамасыз ету және еңбек қауіпсіздігі, өндірістік тазалықты, өрт қауіпсіздігі ережелерін бақылауды жүзеге асыру;

  • қоршаған ортаны қорғауды

қамтамасыз ету

шараларын сақтау;



  • орындалатын жұмыс ережелері мен тазалық талаптарын сақтау

БҚ 1,2,8


ЖКП. 05

Тағам өндірісінің химиясы

заттарды талдау әдістері;

сапалық талдау;

аналитикалық көрсеткіштердің дұрыстығын бағалау;

сандық талдау әдісі;

тотығу-тотықсызданудағы титерлеудің негізгі әдісімен және маңызы;

физика-химиялық талдау әдістерінің маңызы мен жетістіктері;

фотометриялық, хроматографикалық, рефрактометриялық, поляриметриялық, потенциометриялық талдаулардың негіздері және маңызы;

химиялық термодинамиканың негізі;

фазалық ауысу;

фотохимиялық реакциялар;

сорбация, оның түрі;

адсорбация, оның типі;

беттік активті қосылыстар;

дисперсті жүйе, талдау;

коллоидты жүйелердің молекуларлы-кинетикалық қасиеттері;

электрокинетикалық құбылыс;

гелтүзілу және пептидтену; құрылыс жүйесінің тұтқырлығы;

дубильді қосылыстар, бояғыштар, балауыз;

ферменттер- биокатализатор (ақуыздар)



Білімдер:

  • классикалық сандық талдаудың негізгі әдістері, физика-химиялық талдау әдістері;

  • шикізат пен дайын өнімнің құрамына енетін заттардың физика-химиялық жағдайы мен құрылысы;

  • тағам шикізатының: аққуыздардың, липидтердің, көмірсулардың, ферменттердің, тағамдық қоспаларын негізгі компоненттерінің химиялық құрамы мен қасиеттері

Іскерліктер:

  • шикізатты, дайын өнімдер мен материалдарды бақылау кезінде аналитикалық зерттеу жүргізу;

  • классикалық сандық талдаудың негізгі операцияларын орындау, физика-химиялық талдауларды жасауға арналған құралды пайдалану;

  • технологиялық процесті

қолайландыру үшін

органикалық, дисперсті және коллоидты жүйелердің қасиеттерін пайдалану



БҚ 3,8



ЖКП. 06

Кәсіби іс-әрекеттегі ақпараттық технологиялар

Дербес компьютерді тәжірибеде қолдану негіздері: ДК құрылысы, операциялық жүйе, бағдарламалар мен мәліметтерді мұрағатқа енгізу, ақпаратты қорғау;

Microsoft Office ықпалдасқан пакеті: тағайындалуы, пайдалану ерекшеліктері;

компьютерлік графиканың негізгі мүмкіндіктері




Білімдер:

  • ақпараттық технологияның негізгі түсінігі;

  • ақпараттық және коммуникациялық технология түрлері;

  • дербес компьютердің құрылысы;

  • Windows операциялық жүйесі;

  • бағдарламалар мен мәліметтерді мұрағатқа енгізу тәсілдері;

  • ақпараттарды вирусқа қарсы қорғаудың әдістері мен тәсілдіері;

  • мәтіндік құжаттарды өңдеу технологиясы;

  • сандық мәліметтерді өңдеу әдістері;

  • MS Access БМБЖ мәліметтерді іздеу және сақтау тәсілдері;

  • MS Power Point презентацияларды құру әдістері;

  • Auto Cad компьютерлік графикасының негізгі мүмкіндіктері

Іскерліктер:

  • мұрағат бағдарламаларымен жұмыс;

  • вирусқа қарсы бағдарламалармен жұмыс;

  • кестелермен және MS Word графикалық объектілермен жұмыс;

  • MS Excel электронды кестесінде мәліметтерді құру және редакциялау;

  • шикізат пен негізгі материалдардың бағасын есептеу үшін MS Excel негізгі операцияларын қолдану;

  • MS Access БМБЖ ортасында базаны дайындау;

  • MS Power Point презентациясын дайындау және оларды орындауда басқару;

  • Auto Cad графикалық редакторында объектілерді құру

БҚ 4


АП.00

Арнайы пәндер

АП. 01

Микробиология

микроорганизмдердің морфологиясы және жіктелуі, физиологиясы;

микроорганизмдер пішіндері мен құрылысы, клеткалардың химиялық және биохимиялык құрамы;

микроорганизмдердің өміршеңдігіне сыртқы орта факторларының әсері;

тамақ өнімдері өндірісіне санитарлық-гигиеналық бақылау;

микробиологиялық бақылаудың сұлбасы, нан, макарон және Кондитер өнімдері өндірісін санитарлық-гигиеналық бағалаудың негізгі көрсеткіштері



Білімдер:

  • негізгі микробиологиялық түсініктер;

  • микроогранизмдегі маңызды биологиялық процестер;

  • өндірістің микробиологиялық ластануына әсер ететін факторлардың көзі

  • Іскерліктер:

  • қарапайым микробиологиялық зерттеулер жасау және алынған нәтижелерге баға беру;

  • бактериялардың, ашытқылардың және зең саңырауқұлақтардың түрлерін ажырату

БҚ 1,8

жоғары деңгейдің барлық біліктіліктері

КҚ 1-6


АП.02

Стандарттау, сертификаттау және метрология негіздері

ҚР «Техникалық реттеу туралы» заңы;

тамақ өндірісі өнеркәсібіндегі стандарттау қағидалары;

өлшеу құралдары;

өлшем эталондары;

сертификаттау негіздері, анықтамалар мен терминдер;

тамақ өндіретін кәсіпорындарындағы сертификаттау қызметі;

өнім сапасы және сәйкестік туралы декларация;

сапа менеджменті жүйесін дайындау және енгізу;

метрология негіздері;

мемлекеттік метрологиялық бақылау және қадағалау


Білімдер:

  • стандарттаудың негізгі түсініктері;

  • тамақ өндірісі кәсіпорындарындағы стандарттау қағидалары;

  • метрологияның негізгі түсініктері;

  • дайын өнімдердің стандарттары;

  • сертификаттаудың негізгі түсініктері;

  • өлшеу құралдары;

  • өлшем эталондары

Іскерліктер:

  • кәсіби қызметте стандарттау мен сертификаттаудың негізгі ережелерін қолдана білу;

  • өнім сапасын анықтау және сәйкестік декларациясын толтыру;

  • кәсіби қызметте метрологияның негізгі ережелерін қолдана білу;

  • сапа менеджменті жүйесін

дайындау және енгізу

БҚ 1,7,8

жоғары деңгейдің барлық біліктіліктері

КҚ 1-7


АП.03

Шикізаттар мен материалдар

шикізат, материалдар және

шалаөнімдердің қасиеті, олардың сапасына қойылатын талаптар;

тамақ өнімдерінің химиялық құрамы;

ұн;

қант және қантты заттар;



жеміс-жидек шикізаттары;

крахмал;


сірне;

какао-бұршақ, кофе, жаңғақ, майлы дәндер;

тамақ қышқылдары, бояғыштар және хош иістендіргіштер;

сілікпе құрастырғыштар, көбіктендіргіштер;

эмульсиялар, эмульгаторлар, сұйылтқыштар;

қосымша материалдар мен белгіленген рецептураға сәйкес әртүрлі шикізаттарды мөлшерлеуге арналған ыдыстар;

бақылау-өлшеу аспаптары, мөлшерлегіш аппаратура



Білімдер:

  • шикізат пен шалаөнімдердің түрлері мен ерекшеліктері;

  • шикізат, шалаөнім сапасына қойылатын талаптарды;

  • өндіріске шикізатты дайындау ережелері мен сақтау шарттары;

  • белгіленген рецептке сай шикізат шығындарының нормалары;

  • мөлшерлегіш аппаратты,бақылау- өлшеу құралдарын пайдалану ережелері;

  • рецептік қоспаларды дайындаудың технологиялық тәсілдері

Іскерліктер:

  • келіп түсетін шикізаттардың сапасына органолептикалық және көз мөлшерімен бақылау жасау;

  • шикізат дайындау, оны әртүрлі компоненттермен араластыру;

  • шикізат пен шалаөнімдер дайындау;

  • шикізатты қабылдау, рецептке сәйкес барлық шикізат түрін тиеу;

  • шикізаттың әр түрін дұрыс мөлшерлеуді және тиеуді бақылау

БҚ 5,7,8

жоғары деңгейдің барлық біліктіліктері

КҚ 1-7


жүктеу 1,82 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау