Зертханалық жұмыс № 1 «Delphi интерфейсінің элементтері»
Бірінші тәжірибелік жұмыс Delphi ортасы мен осы тіл туралы негізгі ұғымдарға кіріспеден басталады. Сіздер жобамен Delphi ортасының қосымшасы ретінде танысасыздар, ал пішінді құрауыштарынан бағдарлама құрылатын жобаның қалауы ретінде қарастырасыздар. Нақты мысалдарда Delphi ортасында бағдарламалаудың концепциясы тереңдетіліп оқылады, олар: жобаны анықтау, жаңа пішінді құру, пішінге құрауыштарды қосу, осы құрауыштардың қасиеттерін анықтау және бағдарламаның орындалуы.
Жұмыстың мақсаты: Delphi ортасымен және оның негізгі терезелерімен танысу. Өзіңнің бірінші қосымшаңды құру және оны сақтауды үйрену.
Delphi — Windows жүйесінде жұмыс істеуге арналған бағдарламалаудың көрнекілік тілі. Оның қосымшасы, яғни Delphi ортасында құрылған бағдарлама да Windows жүйесіне арналған.
Delphi ортасында бағдарламалау объектілі-бағытталған технологияға сүйенеді. Бағдарламалаудың базалық тілі ретінде Object Pascal тілі таңдап алынған.
Delphi ортасында бағдарлама құру жұмысының көп бөлігі құрауыштарды таңдау, оларды тышқанның көмегімен экранға орналастыру және осы құрауыштардың қасиеттерін анықтауға кетеді. Құрауыштар — «құрылысшы блоктар» деп саналады, олардан Delphi ортасының қосымшалары құрылады. Олар өз кезегінде көрінетін болуы мүмкін, олар қолданбалы интерфейстің бөліктері (айналдыру жолағы, басқару батырмалары, меню т.б.), сонымен бірге көрінбейтінде болуы мүмкін — таймер, деректер базасы.
Тапсырма 1. Delphi - ді іске қосу
Delphi – ді іске қосу үшін 3 әдістің біреуін орындаңыздар:
1. Егер сіз Windows ортасында отырсаңыз , онда Жұмыс стөліндегі Delphi пиктограммасына тышқанның көмегімен екі рет шертіңіз .
2. Келесі қадамдарды орындаңыз: Пуск – Программы – Borland Delphi 6 – Delphi 6
3. Windows бағыттауышынан (Каталог Program Files\Borland\Delphi 6\Bin) delphi32.exe файлын тауып алып, соны орындаңыз.
Тапсырма 2. Delphi интерфейсінің элементтерін оқып – үйрену.
Ортаның интегралдық құрылымы (IDE – Integrated Development Environment).
Delphi ортасының интегралдық құрылымына қосымшаларды құрайтын және жобаны басқаратын келесі құралдар кіреді:
Негізгі меню
Құрал – саймандар панельі
Жоба диспетчері (Project Manager)
Код редакторы (Code Editor)
Құрауыштар палитрасы (Component Palette)
Пішін терезесі
Объект инспекторы (Object Inspector)
Объект бұтақтары (Object Tree View)
Меню конструкторы (Menu Designer)
Зерттеуші (Browser)
Delphi 6 ортасын іске қосқанда компьютер экраны сурет 1.3 – де көрсетілгендей көрініс табады.
Сурет 1.3 Delphi 6 ортасының терезелері мен панельдері
Бағдарламалау ортасының негізгі терезесін қарастырайық. Ол терезенің тақырыбы — Delphi 6 – Project 1, яғни Delphi сізге бірінші жобаңызды құруға нұсқау береді және оған Project 1 деген ат тағайындайды. Төмен қарай негізгі меню, 16 батырмадан тұратын құрал-саймандар панельі және құрауыштар палитрасы орналасқан.
Негізгі меню бағдарламалау ортасының командаларына қатынасты қамтамасыз етеді, олардың көбі Windows ортасынан және оның қосымшаларынан белгілі, ал қалғандары Delphi – ді оқып – үйренгенде кең түрде талқыланады.
Құрал – саймандар панелі негізгі менюде жиі қолданылатын командаларды жылдам орындауға мүмкіндік береді.
Құрал – саймандар панельінің батырмалары.
Жоғарғы сол жақтағы екі батырма Windows ортасының басқа қосымшаларынан белгілі файлды ашуға (Open) және файлды сақтауға (Save) тағайындалған.
Файл жобасын ашу (Open Project) және файл жобасын сақтауа (Save Project As…).
Файлды жобаға қосу (Add file to project) және файлды жобадан жою (Remove file from project).
New Items диалогтық терезесін ашады. Ол алдын – ала даярланған элементтер жиынынан тұрады және сіздер ол элементтерді өздеріңіздің жасап жатқан қосымшаларыңызға қолдана аласыздар.
Тізімнен модульді таңдау (View Unit).
Ағымды жобадағы пішіннің тізімін шақыру (View Form). Сіз пішінді таңдаған кезде ол активтенеді, ал онымен байланысты модуль Кодтар редакторында активтенеді.
Бағдарламаның орындалуы (Run).
Бағдарламаның орындалуын тоқтату (Pause).
Пішіннің өзіне сәйкес бағдарламаның кодында жазылған модульге ауыстырып қосу және керісінше (Toggle Form / Unit).
Пішіннің жобаға қосылуы (New).
Бағдарламаны жөндегенде оның қадаммен орындалуын қамтамасыз ететін батырмалар (Trace into, Step over).
Кейбір батырмалар мен терминдердің не үшін тағайындалғаны Delphi ортасымен жан – жақты танысқанда меңгеріледі.
Осы батырмалардың біреуіне біраз уақыт тышқанның курсорын апарып қоя тұрсақ , онда көмек өрісінде анықтама жолы пайда болады, онда берілген батырманы таңдап алғанда қандай әрекет орындалатыны жазылады.
Құрауыштар палитрасы — пішінге қосуға болатын көптеген объектілер жиынтығынан тұрады. Delphi ортасында қосымшаны құруға осы құрауыштар қолданылады. Олардың әрқайсысы үшін орындауға болатын бағыныңқы бағдарлама немесе Windows интерфейсінің элементі белгіленген. Құрауыштар ортақ қасиеттері бар топтарға біріктірілген (Standard, Additional және т.б.), олардың әрқайсысы өздеріне сәйкес бетбелгіге тышқанның көмегімен шерткенде шақырылады.
Құрауыштар палитрасының кейбір парақтарын қарастырайық:
Standard –Windows – де қосымшасы бар стандартты басқару элементтерін жүзеге асыратын құрауыштар жиынынан тұрады. (батырмалар, тізімдер және т.б.).
Additional – қосымша басқару элементтері (графиктер мен диаграммаларды салуға арналған құрауыштар, графикалық көріністерді бейнелеу және т.б.).
Data Access – деректер базасына қатынауды жүзеге асыратын арнайы құрауыштар жиынынан тұрады.
Data Controls – қолданушымен қарым – қатынас орнататын көрнекілік құрауыштардан тұрады және деректер базасы үшін берілгендерді басқару үрдісін орындайды.
Dialogs – стандартты қарым - қатынас құратын құрауыштар (қаріпті таңдау, файлдармен операциялар жасау және т.б.).
System – операциялық жүйемен қарым – қатынасты орнататын құрал.
VBX –Visual Basic стиліндегі құрауыш.
Бетбелгіде жазылған сөздерді оқыңыздар және сөздердің мағынасын аударыңыздар. Әрбір топты шақырыңыздар, көмек кеңесін қолдану арқылы әрбір құрауышты қараңыздар.
Бұл құрауыштардың көбі сіздердің алда құратын бағдарламаларыңызда қолданылады.
Жоба диспетчері - жобаға кіретін пішіндер мен модульдердің аттарын көруге, жобаға пішіндер мен модульдерді қосуға, жобадан жоюға және т.б. орындауға мүмкіндік береді.
Диалог терезесінде келесі бағандар бар:
Unit – жоба модульдері.
Form – жоба пішіндері.
Path – модульдерге жол.
Қарым – қатынас терезесіндегі батырмалар:
Add – файлды жобаға қосу.
Remove – файлды жобадан жою.
View unit –модульді көру.
View form – пішінді көру.
Options – жоба параметрлері.
Код редакторы бағдарлама кодынан тұрады, олар бағдарлама кодын құруға және редакциялауға тағайындалған.Код редакторының ағымды менюінің командаларын қарастырайық.
Open File at Cursor – атына тышқанның көрсеткіші орналасқан файлды ашады
Browse Symbol at Cursor – терезедегі кез – келген модульді, объектіні және айнымалыны көруге мүмкіндік береді
Toggle Breakpoint – тоқтату нүктесін тағайындайды
Run to Cursor – қосымшаны тышқанның көрсеткішіне дейін орындайды
Debug – Evaluate/Modify – айнымалыны өзгерту және көру үшін қарым – қатынас терезесін ашады
Debug – Add Watch to Cursor – айнымалыларды бағдарламаның орындалуы барысында көру үшін қосады
Read Only – файлда мәтінді редакциялауға тиым салады
Объект инспекторы қосымша құрамындағы объектілерді қадағалауға мүмкіндік береді.. Оның көмегімен объектінің қажетті қасиеттері және олардың стандартты оқиғаларға әрекеті тағайындалады (пернеге басу, екі рет шерту, өзгерту және т.б.).
Объект бұтақтары Delphi 6 ортасында пайда болған жаңалық болып табылады. Бұл терезеде пішінде, берілгендер модульінде немесе фреймде орналасқан құрауыштар бейнеленеді және олардың арасындағы логикалық қарым – қатынас, мысалы «аталық» – «еншілік» қарым - қатынасы.
Delphi 6 ортасының құрылымын баптаңыздар.
Tools – Environment Options меню командасын таңдаңыз. Келесі өрістерге қарама – қарсы таяқшалар қойыңыздар, егер олар Preferences қалташасында тұрмаса:
Autosave options тобында (автосақтау опциясы):
Editor files ( Run командасын таңдағанда немесе Delphi – ден шыққанда кодтар редакторында өзгертілген файлдарды сақтайды.);
Project Desktop ( Егер сіз Delphi – ден шықсаңыз немесе жобаны жапсаңыз сіздің жұмыс стөліңіздің орналасуын сақтайды).
Compiling and running тобында(компиляторлау және іске қосу):
Show Compiler Progress (Сіздің жобаңыздың компиляциясы туралы есепті көруге мүмкіндік береді);
Minimize On Run (Сіз қосымшаңызды іске қосқанда Delphi – ді кішірейтеді. Егер сіз қосымшаңызды жапсаңыз Delphi орнына қайта келеді);
Hide Designers On Run (Қосымша іске қосылып тұрған кезде Object Inspector және Form window типіндегі жобалау терезелерін тығып қояды. Қосымша жабылғанда терезе пайда болады.).
OK батырмасына басыңыздар.
Тапсырма 3. Delphi – дің негізгі терезелерінің қасиеттерін оқып – үйрену.
Delphi – де он негізгі терезе бар. Delphi іске қосылғанда біз төртеуін көреміз: негізгі терезе, негізгі пішіннің терезесі, Объект бұтақтарының терезесі және Объект Инспекторы терезесі. Төртінші терезе — Бағдарламалау Кодының Редакторы — ол ашық тұрады, бірақ пішін терезесінің артына тығылған, оны көру үшін құрал – саймандар панельіндегі Toggle Form/Unit батырмасына шерту керек.
Пішін терезесі — Құрауыштар палитрасындағы құрауыштардан бағдарлама жинақталатын негізгі орын. Пішіннің өзі орындауға болатын дайын бағдарлама.
Тышқанның көмегімен Run батырмасына шертіңіз және осы бағдарламаны орындаңыз.
Пішіннің бағдарламасы откомпилируется, экрандағы көмекші терезелер жойылады, пішіннің координаталық торы жоғалады және ол кәдімгі Windows терезесінің қасиетін меңгереді.
Осы терезенің қасиетін зерттеңіз. Оның өлшемін өзгертіңіз, экран бойынша жылжытыңыз, жоғарғы сол жақтағы батырманы активтеңіз, терезені бүкіл экранға дейін үлкейтіңіз.
Сіз байқағандай, пішін терезесі «жанданды».
Alt+F4 батырмаларының комбинациясы Delphi ортасын алғашқы қалпына әкеледі.
Инспектор Объектісінің терезесі құраушы немесе пішіннің өзіне тышқанмен шерткенде активтенетін қасиеттерден тұрады. Активтенген құрауштың аты терезенің тақырыбынан кейін орналасады (сурет 1.3. жағдайында ол пішіннің өзі). Терезе екі парақтан тұрады: Properties (қасиеттер парағы) және Events (оқиғалар парағы).
Құрауыштардың стандартты палитрасындағы Button батырмасына басып, содан кейін пішіннің кез – келген жеріне шертіңіз.
Пішінде батырманың бейнесі пайда болады (сурет 1.4).
Бұндай іс-қимыл пішінге құрауышты қосу деп аталады.
Қойылған құрауышқа шертіңіз.
Оның айналасында квадраттары бар тіктөртбұрыш жақтау пайда болды. Бұл дегеніміз құрауыш активтенді дегенді білдіреді және Объект Инспектірінде құрауыштың аты пайда болды Button1: TButton. Бұл жағдайда Button TButton типіндегі айнымалы, бастапқы T әрібі тип дегенді білдіреді.
Сурет 1.4 Пішінге құрауышты қосу
TButton типі объект ретінде сипатталған және оның барлық құрауыштары да объект ретінде сипатталған, сондықтан құрауыштардың қасиеттерін басқаратын терезе Объект Инспектірі терезесі деп аталады. Properties парағы 2 бағанаға бөлінген: қасиеттер аты бағанасы және қасиеттер мәні бағанасы. Сол жақ бағанада құрауыштың қасиеттерінің аттарының тізімі, оң жақта — қасиеттердің нақты мәні көрсетілген. Қолданушы кез – келген қасиеттің мәнін өзгерте алады..
Тапсырма 4. «Программа "Тест"» жобасын құру.
Form1 пішінін ерекшелеңіз.
Объект Инспектіріндегі Caption қасиетіне «Программа «Тест»» деп жазыңыз.
MainMenu құрауышының көмегімен (сурет 1.5. көрсетілгендей) меню құрыңыз, ол құрауыштың стандартты палитрасында бірінші орын алады:
соған шертіңіз, одан кейін пішінге шертіңіз;
пайда болған MainMenu пиктограммасына екі рет шертіңіз.
Экранда «Программа “Тест”» пішінінің үстіне Form1.MainMenu1 тақырыбымен тағы бір терезе пайда болады;
Объект Инспектіріндегі Caption жолына бірінші элемент меню Тест – ті енгізіңіз , ол меню жолағының оң жақ жоғарғы шетінде орналасқан көк тіктөртбұрышқа жазылады.
Enter батырмасын басу арқылы менюдің бірінші элементінің бірінші командасын жазуға кірісіңіздер;
Caption жолына Тестирование деп жазып, Enter – ді басыңыз.
Аналогиялық түрде келесі командалар үшін Выход'>Результат және Выход сөздерін жазыңыздар.
Меню командаларын бөлуші сызық арқылы топтарға бөлуге болады, ол үшін Результат командысынан кейін , Caption жолына тақырып ретінде алу белгісін енгізіңіздер – “-”.
Менюдің келесі элементін құрыңыздар — Помощь:
Меню Тест командасының оң жағында орналасқан тіктөртбұрышты тышқанның көмегімен активтеңіз;
Caption жолына Помощь деп жазып, Enter – ді басыңыз;
Аналогиялық түрде келесі операцияларға Инструкция және О программе командаларын жазыңыздар.
Тышқанмен негізгі пішінге шерту арқылы негізгі пішінге Form 1. MainMenu1 терезесінде құрылған менюді орналастырыңыз.
Сурет 1.5 «Тест» бағдарламасының негізгі менюі
Выход командасы орындалу үшін оған бағдарлама жазыңыздар:
- Выход командасына шертіңіз.
Кодтар Редакторы терезесінде жанып - өшіп тұрған тышқанның көрсеткіші бар бағдарламаның коды пайда болады (Delphi ортасы осы оқиғаны өңдеу үшін автоматты түрде бос процедураны құрды );
Тышқанның көрсеткіші тұрған позицияға пернетақтаның көмегімен төмендегі сөзді енгізіңіз:
Close;
Сонда мынаны аламыз:
procedure TForm1.N5Click(Sender: TObject);
begin
Close;
end;
5 – тапсырмада көрсетілген ереже бойынша жобаны сақтаңыздар.
Run батырмасының көмегімен бағдарламаны орындаңыздар.
Біз «Программа “Тест”» жобасының құрылымдық негізін құрдық. Егер жобаның жұмыс істеу қабілетін тексеретін болсақ, онда менюдің Выход (оған біз арнайы бағдарламалық кодты жаздық) командасынан басқа командалары орындалмайтынын көрдік. Менюдің қалған командаларын әрекетке келтіруді келесі тәжірибелік жұмыстарда қарастырамыз.
Тапсырма 5. Жобаны және пішіннің модулінің файлын сақтау.
«Мои документы» папкасында өзіңіздің меншік папкаңызды келесі түрде құрыңыз: Топ_Фамилия_Delphi (Мысалы, 3ПМИ-1_Ахметов_Delphi).
Оған салынған «Программа_Тест_» папкасын құрыңыз.
Delphi – дің негізгі менюінде келесі командалар тізімін орындаңыз: File – Save Project As… немесе құралдар панельіндегі Save Project As батырмасына тышқанмен шертіңіз.
«Save Unit1 As» тақырыбы бар диалогтық терезе пайда болады, ол бағдарлама кодының файлын сақтауға арналған (сурет 1.6). Үнсіздікпен файлға «Тип файла» өрісінде көрсетілгендей .PAS кеңейткіші беріледі.
Сурет 1.6 Негізгі пішіннің модульінің файлын сақтайтын терезе
Папканы таңдаңыз C:\…\Мои документы\…\Программа_Тест_.
«Имя файла» өрісіне – MainForm сөзін енгізіңіз және Сохранить батырмасына басыңыз.
Осыдан кейін жоба файлын сақтау үшін «Save Project1 As» тақырыбымен келесі қарым – қатынас терезесі пайда болады (сурет 1.7). Үнсіздікпен ол файлға .DPR (Delphi PRoject) кеңейткіші беріледі.
«Имя файла» өрісіне – Test сөзін енгізіңіз және Сохранить батырмасына басыңыз.
Енді сіздің жобаңыз «Test» деп аталады , ал оның файлдары «Программа_Тест_» папкасында орналасады.
Файлдарды жазудың мұндай тізбегі жоба файлы алдын – ала пішіннің бағдарламалық модульінің денесінен тұратын файл сақталмағанша сақталмайтынын білдіреді.
Сурет 1.7 Жоба файлын сақтау терезесі
Сонымен сіздер Delphi ортасымен таныстыңыздар: негізгі терезенің құрама бөліктерімен – құрал – саймандар панельімен, құрауыштар палитрасымен, Delphi ортасының негізгі терезелерімен: пішіндер, Объект Инспектірі және Код Редакторы; пішіннің тақырыбын жазуды үйрендіңіздер, меню командаларын енгізу, менюдің Выход командасын шерткенде орындалатын оқиғаның бірінші өңдеуішін құрдыңыздар; жобаны және оның әзірше жалғыз бағдарламалық модульін сақтауды үйрендіңіздер.
Достарыңызбен бөлісу: |