•
авторитарлы режімде билiктi алып жүрушi бiр адам немесе адамдар топтары
болып табылады;
•
авторитаризмге шексiз билiк тән, ол азаматтардың бақылауынан босатылады;
•
авторитарлы режім күшке арқа сүйейдi;
•
авторитаризм билiк пен саясатты монополиялайды және саяси оппозицияға жол
бермейдi;
•
авторитаризм қоғамды тұтас бақылаудан белгiлi бiр деңгейде бас тартады. Саяси
емес салаға, ең алдымен экономикаға араласуды шектейдi;
•
элитаны билiкке әкелу жоғарыдан шешiледi, саяси электоралды бәсекеге жол жоқ.
Қазіргі әлемде авторитаризмнің сақталып қалуына көп жағдайлар себеп болып келеді,
олар:
•
азаматтық қоғамның дамымағандығы;
•
экономиканың артта қалуы;
•
дамушы қоғамдардағы биліктің шиеленістік тәсілі.
Авторитаризм түрлері.
Авторитарлы саяси режім әлемде ең көп тараған режім
болып табылады. Оның түрлерi де өте көп. Бұл монархия, деспоттық, диктаторлық
режімдер, әскери хунталар, басқарудың популистiк формасы т.б. Авторитарлы басқару
формасы өзiн тануға тек күштеу арқылы ғана емес, сонымен бiрге жаппай манипуляциялау,
сонымен бiрге әр түрлi гуманды тәсiлдердi қолдану арқылы да жетедi. Бiрнеше ғасырдан
берi олар легитимацияның дәстүрлi және харизматикалық тәсiлдерiне арқа сүйеуде. ХХ
ғасырда легитимация мақсатында ұлттық идеология қолданып келдi.
Азия, Африка және Латын Америкасының көптеген авторитарлы режімдерi өздерiнiң
өмiр сүруi мен бағыттарын ұлт азаттығы мен қайта өрлеуi қажеттiлiгiмен ақтап отырды.
Екiншi дүние жүзiлiк соғыстан кейiнгi көптеген авторитарлы режімдер өтпелi сипатқа ие
болды. Олар тоталитарлы немесе демократиялық режімдерге бағдар ұстанды. Мәселен, Ф.
Кастроның 1959 жылы орнаған авторитарлы режімі коммунистiк бағдарды ұстанды, сөйтiп
тоталитаризмге өттi. Ал, кейбiр мемлекеттерде Чили, Таиланд, Аргентина, Оңтүстiк
Кореяда ол демократияға өттi.
Авторитарлы режімнің ең танымал классификациясын неміс саясаттанушсы Дирк
Берг-Шлоссер ұсынды. Ол авторитаризмді мына түрлерге бөлді:
1 Дәстүрлі абсолюттік монархия (мысалы, Эфиопия 1947ж. дейін, Непал 2007ж. дейін,
Марокко, Сауд Аравиясы, т.б. ).
2 Олигархиялық типтегі дәстүрлі авторитарлы режімдер. Латын Америкасы елдеріне
тән (мысалы, Гватемала, Никарагуа 1979ж. дейін).
3 Жаңа олигархияның гегемондық авторитаризмі (мысалы, Камерун, Тунис,
Филиппин Ф. Маркос тұсында 1972-1985жж.).
4 «Социалистік бағдар» елдері (мысалы, Алжир, Бирма, Гвинея, Мозамбик,
Венесуэла, Танзания, т.б.).
5 Әскери режімдер (мысалы, Египеттегі Г.А. Насердің режімі, Аргентинадағы Х.
Перонның режімі, Ирак, Перу және т.б. елдердегі режімдер).
Достарыңызбен бөлісу: