Лекция. Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде Саясаттанудың объектісі. Саясаттанудың танымдык пәні. Жеке пән ретіндегі саясаттанудың жанжақтылығы



жүктеу 0,9 Mb.
Pdf просмотр
бет2/124
Дата15.11.2022
өлшемі0,9 Mb.
#40160
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   124
Лекция. Саясаттану ылым ж не о у п ні ретінде Саясаттануды объ

Саясаттанудың танымдық пәнi 
– 
саяси билiктiң қалыптасуы мен даму заңдылықтары, оның әрекет ету формасы мен әдiстерi 
болып табылады. 
Өздiгiнше саясаттану барлық әлеуметтiк құбылыстар мен қағидаларды саяси билiк 
негiзiнде түсiндiредi. Американ саясаттанушысы Г. Лассуэлл (1902-1978ж.ж.) «бiз саясат 
саласындағы ғылым туралы айтқанда, бiз билiк туралы ғылымды айтамыз» – деп жазды. 
Ғылымның басқа салаларындағы сияқты саясаттанудың да өзiндiк 
ұғымдары
(категориялары) бар. Оған саяси құбылыстар мен процестердiң мәнiн бiлдiретiн ғылыми 
терминдер, сөз тiркестерi жатады. Мысалы, «саясат», «саяси билiк», «саяси жүйе», «саяси 
тәртiп», «саяси партия», «саяси мәдениет», «саяси әлеуметтендiру», «саяси өмiр», 
«егемендiк», «саяси қатынастар», «қоғамдық ұйымдар», «мемлекет», «демократия», «iшкi 
саясат», «сыртқы саясат» және т.б. 
Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар жүйесіндегі саясаттанудын орны.
Саясаттану басқа әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдармен тығыз байланыста дамиды. 
Себебi, бәрiнiң зерттеу обьектiсi ортақ, ол – қоғамдық өмiр. Олар кейбiр ортақ ұғымдарды 
да пайдаланады. Бiрақ, әрбiр қоғамдық ғылымның өзiндiк зерттеу пәнi бар. 
Саясаттану жалпы әдiстемелiк ғылым болып табылатын философиямен тығыз 
байланысты. Өйткені, философия саяси құбылыстар мен процестердi талдауда
дүниетанымдық бағдар болып табылады. Ол жалпы саяси болмысты, саяси оқиға мен 
құбылыстарды философиялық түсініктермен сараптауға мүмкіндік береді.
Саясаттану экономикалық теориямен өзара байланысты. Саяси экономика саяси 
процестердi экономикалық тұрғыдан дәлелдей отырып, ол процестердiң негiзiнде әр түрлi 
әлеуметтiк топтардың өз мүдделерiн жүзеге асыру үшiн күресiп жатқанына көз жеткiзедi. 
Саясаттану экономикалық саясатты дайындау және iске асыру, ол процестердi мемлекеттiк 
реттеу қағидаларын ғылыми түрде негiздейдi. 


Саясаттану құқықтық ғылыммен тығыз байланысты. Қоғамдағы қатынастарды, оның 
ішінде саяси қатынастарды реттеп отыратын құқық болып табылады. Саясаттанудың негізі 
зерттеу мәселелерінің барлығы да оның құқықтық аспектілермен байланысып жатады
онсыз толық мәнді талдау болмайтындығы да сөзсіз.
Саясаттануға жақын ғылымның бiрi – әлеуметтану. Саясаттану ғылымы қоғамның 
саяси өмірінің дамуы мен өзгерістерін процесс ретінде қарап, оны зерттеп отыруы қажет. 
Ал, әлеуметтану оған қолданбалы зерттеулер жасауға, қоғамдағы оқиға-құбылыстарға 
адамдық өлшеммен қарауға, бағалау мен сараптауға мүмкіндік береді.
Тарих болса жүйелi түрде саяси институттар мен идеялардың дамуы туралы деректер 
жинауға, тарихи-салыстырмалы саяси талдаулар жасауға көмектеседі.

жүктеу 0,9 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   124




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау