Мүктәрізділердің жалпы сипаттамасы.
Мүк тәрiздiлер бөлiмi түрлерiнiң саны жағынан гүлдi өсiмдiктерден кейiнгi екiншi орында. Дүние жүзi бойынша олардың 22000-нан 27000-ға дейiн түрлерi кездеседi.
Мүктер жер бетiнiң барлық жерлерiнде кездеседi. Әсiресе ылғалы мол жерлерде олар қалың болып өседi. Орманның батпақты жерлерiнде мүктер жер бетiн тұтас жауып жатады.
Орман - жер бетіндегі табиғи қорлардың, оның ішінде өсімдіктер жамылғысының басты бір типі. Құрамында бір-біріне жақын өскен ағаштың бір немесе бірнеше түрлері бар табиғи кешен. Құрамы мен өсуіне қарай мәңгі жасыл, қылқанды, ақшыл қылқанды, күңгірт қылқанды, жапырақты, ұсақ жапырақты, жалпақ жапырақты, тропиктік, муссондық, мангрлық және т.б.
Мүктердi ағаштан салынған үйлердiң шатырынан, ағаш дiндерiнен, тастардың, жартастардың бетiнен көремiз. Мүктi ағаштардың сынып түскен бұтақтарынан, тiптен терең тұшы сулардың түбiнен кездестiруге болады. Климаты аса қатал Артика мен Антарктиданың бiр қатар аудандарында жоғары сатыдағы өсiмдiктерден тек мүктер ғана өседi.
Жартас - үгілу процестеріне төзімді, қатты тау жыныстарынан құралған тау сілемінің жеке-дара тұрған биік тасы.
Антарктида (гр. ἀνταρκτικός - Арктикаға керісі) - Оңтүстік поляр аймағының орталығындағы материк. Көлемі 14 млн шаршы км шамасындай. Антарктида Атлант, Үнді және Тынық мұхиттарымен қоршалган. Антарктиданы 1820 ж.
Мүктердi зерттейтiн ғылымды «Бриология» дейдi.
Мүк тәрiздiлер аласа болып келетiн көпжылдық, сирек жағдайда бiржылдық өсiмдiктер.
Мүктердiң биiктiгi бiр миллиметiрден 70 сантиметрге дейiн жетедi. Мүктердiң құрылысы өте қарапайым, түрлер де болады. Бiрқатар мүктердiң жер бетi бөлiгi тармақталып төселiп өседi, оны таллом деп атайды. Талломды мүктер көп клеткалы балдырларға ұқсас келедi. Мүктердiң басым көпшiлiгiнiң сабағы мен жапырағы болады. Барлық мүктерде тамыр болмайды. Тамырдың қызметiн ризоидтары атқарады. «Ризоид» — бiр немесе бiрнеше клеткалардан тұратын жiңiшке жiп тәрiздi эпидермистiң өсiндiсi. Ризоид арқылы өсiмдiк топырақтан суды және онда ерiген минералды затарды бойына сiңiредi.
Өсімдіктердің, жануарлардың (әсіресе микроорганизмдердің), климат жағдайларының және адамдардың әсерімен өзгерген жер бетінің үстіңгі борпылдақ қабаты. Топырақ бойында құнарлылық қасиеті, яғни өсімдіктерді сумен, басқа да қоректік элементтермен қамтамасыз ететін қабілеті болады.
Мүк сабағының сыртын бiр қатар клеткалардан тұратын қабықша жауып тұрады. Бұл клеткалардың хлорофилдерi болмайды. Қабықшаның астында клеткалары хлоропластарға толы, жақсы жетiлген фотосинтездеушi ұлпа орналасады.
Ұлпа - (грек. hіstos; лат. textum) - өсімдіктердің шыққан тегі, құрылымы және организмдегі атқаратын қызметі бір-бірімен байланысты жасушалар жүйесі.
Өткiзгiш, тiрек, қор жинаушы және жабын ұлпалары нашар жетiлген. Су мен минералды заттардың сабақ бойымен тасмалдануы өткiзгiш ұлпалардың қатысуымен жүзеге асады.
Достарыңызбен бөлісу: |