Систематикасы
Мүктәрізділер 3 класқа бөлінеді: антоцероттылар, бауыр мүктері, нағыз мүктер.
Плаунтәрізділердің жалпы сипаттамасы.
Плаун тәрiздiлер ерте дәуiрде пайда болған. Олардың казiргi кездегi өкiлдерi көп жылдық мәңгi жасыл шөптесiн өсiмдiктер. Жойылып кеткен түрлерiнiң iшiнде ағаштарыда кездескен. Қазiргi кезде плаундардың 100 – дей түрi белгiлi. Плаун тәрiздiлер тең және әр түрлi споралы өсiмдiктер. Тең споралы плаун тәрiздiлердiң кең тараған өкiлiне шоқпарбас плаун(плаун булововидный – Lycopodium clavatum) жатады.
Ол қарағайлы ормандарда жиi кездеседi. Плаунның сабағы жерге төселiп, тiк және басқа өсiмдiктерге сүйенiп өседi. Төселiп өсетiн сабағынан жоғары қарай ұсақ жапырақтары бар, өркендерi, төмен қарай қосалқы тамырлары жетiледi. Күзге қарай жоғары бағытталып, тiк өсетiн өркендерiнiң ұшында екiден (сиректеу 3-5-тен) спора түзетiн масақтары дамиды. Плаунның сабағының iшкi құрылысы өте қарапайым. Сабақтың сыртын жұқа қабық жауып тұрады. Оның астында жақсы жетiлген қабық қабаты болады. Қабықтың сыртқы қабатында тiрек ұлпасы бар. Сабақтың ортанғы бөлiгiн шеңберлi шоқ алып жатады
Көбеюi. Шоқпарбас плаун вегетативтi, жыныссыз және жынысты жолдармен көбейедi. Вегететивтi көбеюi төселiп өсетiн өркендерiнiң үзiндiлерi арқылы жүзеге асады. Мұндай үзiндiлердiң жас клеткаларынан қосалқы тамырлар, содан соң жас өркендер жетiледi. Осылайша бiр өсiмдiктен бiрнеше жас плаун пайда болады. Кейбiр түрлерi (басқа ағашқа жабысып өсетiндер) өркендерiнiң ұшында пайда болатын бүршiктерi арқылы вегетативтi көбейедi. Бүршiк толық жетiлген соң үзiлiп (0,5м қашықтыққа) түсiп, қолайлы жағдайда өнедi. Мұндай бүршiктер өркенде жылына бiр рет түзiледi. Жыныссыз көбеюi споралар арқылы жүзеге асады. Споралар масақтарында жетiледi. Плаунның спора түзетiн масағының өсiне көптеген үш бұрышты, ұшы үшкiр спорофилдер бекидi. Спорофилл –түрi өзгерген жапырақ. Осы спорофилдерде бүйрек тәрiздi спорангийлер орналасады. «Спорангий» споралар дамитын орын, олардың iшiнде көптеген ұсақ, сары түстi споралар жетiледi. Споралардың барлығының пiшiнi мен мөлшерi бiрдей. Пiсiп – жетiлген споралар спорангийлердiң қабықшасының жарылуының нәтижесiнде жерге шашылады. Плаун тәрiздiлердiң кейбiреулерi (мысалы, Selaginella) әртүрлi споралы өсiмдiктер болып келедi.
Жынысты көбеюi жерге түскен споралардың өнуiнен басталады. Плаун спораларының өнуiнiң екi типi белгiлi. Жер үстi және жер асты типтерi. Бiрiншi жағдайда споралар жерге түскен соң бiрнеше күннен кейiн жер үстi өскiншелерiн бередi. Бұл өскiншелер жартылай сапрофит ретiнде қоректенедi. Олардың жерге төселiп өскен ашықтау – жасыл түстi өскiншелерiнiң астында саңырауқұлақтардың жiп шумақтары (гифалары) болады. Саңырауқұлақтың жiп шумағынсыз өскiншелер өспей қурап қалады. Осылайша жартылай жерге енiп жататын өскiншелер бiр жаздың өзiнде пiсiп жетiледi. Плундардың өскiншелерi қос жынысты, ұзындығы 20 мм аспайды. Өскiншенiң үстiнгi бетiнде аталық және аналық жыныс клеткалары қосылып ұрықтанады.
Аналық жыныс - биологиялық, биохимиялық процестердің әсерімен, сондай-ақ адам әрекетінің ықпалымен топырақ құрылатын тау жыныстарының жоғарғы қабаты.
Ұрықта болашақ өсiмдiктiң тамырының, сабағының және жапырағының бастамасы болады. Келешекте ұрықтық тамыршадан нағыз тамыр, сабақшадан – нағыз сабақ, ал жапырақшадан – нағыз жапырақ қалыптасады. Нәтижесiнде плаун өсiмдiгi пайда болады. Жер асты споралар жерге түскен соң 6-15 жылдың аралығында саңырауқұлақтардың жiп шумақтарымен селбесiп өсiп, қос жынысты өскiншеге айналады. Ұрықтанған клеткалардан келешекте жас плаун өсiмдiгi пайда болады.
Плаундардың маңызы. Плаундар барлық жасыл өсiмдiктер секiлдi фотосинтез процесiнiң нәтижесiнде органикалық заттар түзедi және топырақ түзу процесiне қатысады. Плаундардың практикалық маңызы шамалы. Спораларын көп мөлшерде жинап, дәрi — дәрмек жасауға пайдаланылады. Шөбiн қайнатып, тұнбасын iш жүргiзетiн, несеп айдайтын және өттi тазартатын дәрi ретiнде медицинада қолданылады.
Медицина (лат. medicina: medicus - дәрігерлік, емдік) - адамдардың денсаулығын сақтау мен нығайту, сырқаттарды емдеу мен аурудың алдын алу, денсаулық және жұмысқа қабілеттілік жағдайында, адамзат қоғамында ұзақ өмір сүруге жетуді көздейтін тәжірибелік іс-әрекеттің және ғылыми білімдердің жүйесі.
Достарыңызбен бөлісу: |