Лекция мақсаты: Жаратылыстану негіздері пәнінің мақсаты, міндеттері, мазмұны туралы және ботаника ғылымы жөнінде түсінік беру



жүктеу 438,57 Kb.
бет22/90
Дата07.01.2022
өлшемі438,57 Kb.
#37101
түріЛекция
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   90
Лекция тезистері Жаратылыстану 3

Қырыбуындардың жалпы сипаттамасы.

Қырықбуын тәрiздiлер бұрынғы геологиялық кезеңдерде алуан түрлi болған.

Кезең - тау жотасы қырқаларының биік бөліктері мен кейбір төбелердің аралығында орналасқая ояң бөліктер. Олардың едәуір белігі тау жоталарының бір жағынан екінші жағына өтуге мүмкіндік туғызады. Кезең - тектоникалық немесе эрозиялық-денудациялық генезисті тау жотасы төбелерінің аралығындағы қырқалар; бар өрісіндегі жоғары қысымды екі атырап пен төмен кысымды екі атыраптың арасындағы кеңістік.

Геология (гео... және logos - ілім) - Жердің қыртысын және ішкі қабаттарын, олардың құрамын, құрылысын, қозғалысын, даму тарихын, кен байлықтарының пайда болу, орналасу заңдылықтарын зерттейтін жаратылыстану ғылымдарының кешені.



Ертедегi ағаш тәрiздi өкiлдерi түгелдей жойылып, қазiргi кезде тек шөптесiн түрлерi ғана сақталған. Сабағы өте көп буын және буынаралықтарынан тұратындықтан өсiмдiктi қырықбуын деп атаған.

Қазiргi кезде кездесетiн қырықбуын тәрiздiлерге қырықбуын туысы (род хвощ — Equisetum) жатады, онда 30-35 түр бар. Қырықбуындар арамшөп ретiнде егiстiкте, тың және тыңайған жерлерде, ормандарда, су жағасында өседi.     Ол ылғалдылығы жоғары қышқыл топырақта кездеседi. Қазақстанда көбiрек тараған өкiлдерiнiң бiрi – дала қырықбуыны (хвощ полевой – Equisetum arvense).

Ол – ұзын, бұтақталған жерасты тамырсабағы бар көпжылдық шөптесiн өсiмдiк. Тамырсабағының буынынан қосалқы тамырлар дамиды. Қырықбуынның жерүстi өркендерi екi түрлi: көктемгi және жаздық өркен. Көктемгi өркендерi ерте көктемде тамырсабақтың қыстық бүршiктерiнен пайда болады. Олардың биiктiгi 20 см аспайды, бұтақтанбаған болып келедi. Жапырақтары буындарында қабыршақ түрiнде қалыптасады. Мұндай өркендердiң жоғарғы ұшында спора түзетiн масақтар жетiледi. Масақтарында споралар дамиды. Қабыршақты жапырақтары өркенде топтанып орналасады. Дала қырықбуынының көктемгi өркендерi споралары пiсiп жетiлген соң қурап қалады. Жасыл түстi жаздық өркендерде хлорофилл дәндерi бар. Жаздық өркенде жанама бұтақтары топтанып орналасады. Ол – вегетативтi өркен. Жапырақтары болмайтындықтан фотосинтез процесiн осы жаздық өркендерi жүзеге асырады.Көктемгi өркендерi көбею, ал жаздықөркендерi өсу қызметiн атқарады. Жаздық өркеннiң тамырсабағының жанама бұтақтары түйнекке айналады. Онда қорек заттары қорға жиналады. Осы түйнектер арқылы дала қырықбуыны вегетативтi жолмен көбейе алады. Қырықбуын сабағының сырты көп қырлы болады. Оның қырлы бөлiгi (қабырғалары) ойыс бөлiгiмен кезектесiп келедi. Сабақтың сыртын жұқа өң (эпидермис) қаптайды. Ол бiрқатар түссiз клеткалардан тұрады. Эпидермис клеткаларының қабықшасына кремни тұздары сiңген. Ол қырықбуын сабақтарының берiктiгiн арттырады. Эпидермистiң астын қабық қабаты алып жатады. Қабықтан соң орталық шеңбер орналасады. Орталық шеңберде өткiзгiш ұлпалары бiрнеше ұсақ шоқтар түзедi. Жас өркендердiң өткiзгiш шықтарында өзек болады. Кейiн өзек ұлпалары ыдырап, оның орнында қуыс пайда болады. Сабақ қырларының астында тiрек ұлпасы, ал ойыс жерлерiнiң астында фотосинтездеушi ұлпалар жетiледi. Хлорофилл дәндерi бар фотосинтездеушi ұлпаның әр бөлiгiнiң астында айқын байқалатын қуыс болады. Тiрек ұлпасының астында өткiзгiш ұлпалары шоқ түзiп орналасады. Өткiзгiш ұлпалар қоректiк заттардың тасымалдануын қамтамасыз етедi. Органикалық заттар фотосинтез процесiнiң нәтижесiнде өсiмдiктiң жер бетi өркендерiнде түзiледi. Бұл заттарды өткiзгiш ұлпалардың бiр тобы өркендерден тамырына қарай тасымалдайды. Өткiзгiш ұлпалардың екiншi тобы су мен минералды заттарды тамырдан жер бетi өркендерiне жеткiзедi. Осылайша өткiзгiш ұлпалары өсiмдiктi қоректi заттармен қамтамасыз етедi.

Көбеюi: Қырықбуындар плаундар секiлдi вегетативтi, жыныссыз және жынысты жолдармен көбейедi. Вегетативтi көбеюi тамырсабақтары түйнектер арқылы, жыныссыз көбеюi споралар  арқылы жүзеге асады. Спора түзетiн масақтарында көптеген споралар пiсiп жетiледi  де жерге шашылады. Спораларыдың барлығының мөлшерi бiрдей болғанымен, физиологиялық жағынан әр түрлi. Бiр споралардан аталық өскiншелер,ал екiншелерiнен аналық өскiншелер жетiледi. Осы өскiншелерде жынысты көбею жүзеге асады. Аталық өскiншеде аталық жыныс мүшесi, аналық өскiншеде аналық жыныс мүшесi жетiледi. Аналық және аталық жыныс клеткаларының қосылуының нәтижесiнде өсiмдiк ұрықтанады. Ұрықтан қайтадан жас қырықбуын өсiмдiгi жетiледi.

Олар өзен жағалауларында, орманда, қалың бұта арасында, ылғалы мол жерлерде өседі. Қазақстанның аса құнды жем-шөптік (Бұтақты қырықбуын — лат. Е. zamosіssіmum; Теңбіл қырықбуын — лат. Е. varіegatum; Қыстық қырықбуын — лат. Е. hіemale) және жайылымдар мен егіс алқаптарында өсетін арам шөп ретінде (Далалық қырықбуын лат. Е. аrvense) кездесетін түрлері де бар. Ал олардың арасында улы түрлерінің бірі - Батпақ қырықбуыны (лат. Е. рalustre).

Қырықбуындардың табиғаттағы және халық шаруашылығындағы маңызы. Қырықбуындар – егiстiктiң арамшөптерi. Олар топырақты эрозиядан сақтайды. Қырықбуындардың бiрқатар түрлерi улы өсiмдiктер. Дала қырықбуыны – дәрiлiк өсiмдiк. Ол халық медицинасында ертеден қолданылып келедi. Дәрiлiк шикiзат ретiнде жасыл сабақтарын жинап, кептiредi. Дәрiлiк шикiзаты қан айналымының әлсiздiгiнен болатын iсiкке, несеп жүргiзуге қолданады. Сонымен бiрге қырықбуынның споралар түзетiн масақтары мен сабақтарын тамаққа пайдаланады.




жүктеу 438,57 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   90




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау