Лекция Кіріспе. Электростанциялар және олардың мақсаты



жүктеу 1,88 Mb.
бет2/13
Дата18.12.2017
өлшемі1,88 Mb.
#4743
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
2 дәріс. Қос турбиналы, энергетикалық қондырғы электрстанциясының сызбасы
Дәрістік сабақтың мазмұны
1 органикалық отындағы конденсациялы электрстанцияның сызбасы.

2 Ядролық отындағы конденсациялы электрстанцияның сызбасы.

3 Жылуэлектрорталандыру сызбасы.
Қазіргі кезде органикалық отындағы үлкен қуатты конденсациялы электр станциялары көбінесе жоғарғы бу бастапқы параметрлері мен соңғысы төменгі қысымды (терең вакуум) болып салынуда. Бұл бірлік жұмыс істейтін электрэнергияның жылу шығының төмендетуге мүмкіншілік береді, себебі бастапқы параметрі жоғары Р0 және ta соңғы бу қысымы параметрі болған сайын ПӘК өседі.

Органикалық отындағы электрлік станциялар әрқашан қаныққан буды қолданады. Қызып кету температурасын буқайнатуы дайындау, турбинаның кейбір элементтеріне байланысты конструкциялық материалдарды таңдайды. Қазіргі кезде көбінесе турбина алдындағы бу қысымы 23,5 МПа кезінде бу температурасын 5400С тең деп алады.

АЭС кеңінен қаныққан бу пайдаланылады. Ол қайнаған буды пайдалану ядролық реакторда конструкциялық тұрғыдан қиындатылып кетуімен және үлкен шығынға алып келуімен түсіндіріледі. Және де АЭС отын (ядролық отын) бағасы салыстырмалы түрде қарапайым электрстанцияларының өнделген энергиясына шаққанда әлде қайта төмен. Сондықтан мұнда төмен бағалы электр энергия қондырғысы өндірісінде ПӘК төмен болуы экономикалық тұрғыдан ақталады.

АЭС сызбасы бірконтурлы, екіконтурлы және үшконтурлы болып келеді.



Бірконтурлы сызбада жұмыс істейтін АЭС бу реактордың активті аумағында жұмыс істейді, және содан турбинаға бағытталады. Кейбір жағдайларда турбинаға жетерге дейін бу реактордың қыздыру каналдарында қайнауға әкеп соқтырады. Бірконтурлы сызба өте қарапайым. Бірақ реакторда пайда болатын бу радиоактивті. Сондықтан АЭС қондырғысының көп бөлігі сәулеленуден қорғанысқа ие болуы қажет. Электрстанциясының жұмыс істеу процесі кезінде турбинада және басқа да қондырғының элементтерінде реакторда бумен енгізгенде активтілігі бар ауыр заттар (судағы қоспалар, тат өнімдері) жиналып қалуы мүмкін, ол өз кезінде қондырғыны бақылауға және жөндеу жұмыстарын жөндеуге қиыншылық туғызады.

3 – сурет Бірконтурлы АЭС


Екі- және үшконтурлы сызбаларда реактордан жылуды шығару жылутасымалдағыш көмегімен жүзеге асырылады. Екі- немесе үшконтурлы сызбалардағы жұмыс істейтін АЭС-да екінші контурында жұмысшы орта мен жылутасымалдағыш қалыпты жағдайда радиоактивті емес, сондықтан электрстанцияны эксплуатациялау жұмысын жеңілдетеді. Және де реакторға арна құбырларындағы, конденсатты құбырлар мен турбиналардағы тат өнімдері түспейді. Бірақ та қаржылы шығын мұндай жағдайда әлде қайда жоғары, әсіресе үшконтурлы сызбада. Мұндай сызбаларды егер активті орта сумен мүлдем қатынаспаған жағдайда ғана қолдану керек, мысалы жылутасымалдағыш ретінде сұйық натрийді қолданған жағдайда, себебі сумен әрекеттескенде үлкен апат тудыруы мүмкін. Екі контурлы сызбада жұмыс істейтін АЭС жолында кішігірім тығыздықты қателіктер саласынан су мен натрий әрекеттесіп, апатты туғызып, оны жою жұмыстары өте қиын жағдайға алып келеді. Үшконтурлы сызбада активті натрий мен судын әрекеттесуі мүмкін емес.

4 – сурет Екіконтурлы сызба



Өзін өзі тексеру сұрақтары
1 Органикалық отында аралық қыздырудың жұмыс істеу принципі?

2 Органикалық отында аралық қыздырусыз жұмыс істеу принципі?

3 Ядролық отында жұмыс істейтін электрстанцияның жұмыс істеу принципі?
Ұсынылатын әдебиеттер
1 Стерман Л.С. Тепловые и атомные электростанции – М.: МЭИ, 2000. – 395с.

2 Теплоэнергетика и теплотехника: Тепловые и атомные электрические станции: Справочник. Под общ. ред. чл.-корр. РАН Клименко А.В. и проф. Зорина В.М. – М.: Издательство МЭИ, 1999. – 522 с.

3 Рыжкин В. Я. Тепловые электрические станции. / Под ред. В. Я. Гиршфельда. – 3-е изд., перераб. и доп. – М.: Энергоатомиздат, 1987. – 328 с.

4 Маргулова Т.X. Атомные электрические стан­ции. – М.: Высшая школа, 1984.


3 дәріс. Электрстанцияның жылулық және жалпы үнемдеу көрсеткіштері
Дәрістік сабақтың мазмұны
1 Конденсациялық электрстанцияның жылулық үнемдеу көрсеткіші.

2 Жылуэлектрорталығының жылулық үнемдеу көрсеткіштері.


Электрстанциясы мен қондырғылардың қосарланған өндірісінің барлық түрлерінің жылулық үнемдеу көрсеткішінде қарапайымдылық, объективтілік пен есептеудің дәлдігі басты рольді атқарады.

Екі өнімді когенерациялық қондырғының электрлік және жылулық энергияны өндіруге жұмсалатын энергияның шығыны мына формуламен анықталады:

Qe=Q0·(E/E0); QT=Q0·(E0-E)/E0,

Мұнда E – электрлік энергияның фактілік өндіру; E0 – электрлік энергияның теориялық өндіруі немесе қондырғыға кірердегі жұмысшы дененің максималды техникалық жұмысқа қабілеттілігі; Q – жылулық энергияның фактілік өндірісі; Q0 – келетін энергияның фактілік шығыны; Qe, QT – электрлік және жылулық энергияны алуға кететін энергия шығыны.

Қосарланған өндірісте электрлік және жылулық энергиясында отынның шығынын мына формула бойынша есептейді:

Be=B·E/(E+ω·Q), (1)

BT=B·ω·Q/(E+ω·Q). (2)

Электрлік және жылулық энергияның отынының меншікті шығынын мына формуламен анықтайды

be=B/(E+ω·Q), (3)

bT=B·ω/(E+ω·Q)=be·ω. (4)

(1-4) формулалардағы ω коэффициенті жылудың термодинамикалық құндылығы коэффициентімен аталады. (4) формулада көріп отырғаңыныздай, келетін энергия шығынының бірдей бірлік электрлік және жылулық энергияны алу қатынасы.

Мұндай жағдайда жылудың құндылық коэффициенті мына формуламен анықталады:

ω = (η0e)/(1-ηe), (5)

мұнда η0 – қосарланған өндірісі қондырғысының соңғы ПӘК; ηe – фактілік электрлік ПӘК.

Когенерациялық қондырғының соңғы ПӘК-інің мәнінен басқасының барлығы меншікті сипаттамалары ішкі немесе коммерциялық есептеу параметрлеріне жатқызылады.

Қосарланған өндірістің барлық қондырғылары отынды жағу арқылы ішкі немесе сыртқы жылуды алады. Ішкі жылуды алу қондырғыларына Ренкин циклымен жұмыс істейтін электрстанцияның бутурбиналары қондырғылары жатқызылады.



Жылуфикациялық қондырғының артық ПӘК деп жұмысшы циклдың идеалдандырылған ПӘК келтіріледі. Бұл цикл схемалық суреті 5-суретте бейнеленген.

5 – сурет T-s диаграммасында газды двигательдің нағыз (1-2-3-4-1) және шектік (1-2’-3-4’’-1) циклы

Іштей жану қондырғыларының артық ПӘК мәні идеалдандырылған процестерді дайындау мен отынды жағу эффективтілігі былай анықталады:

η0=E0/Q0, (6)

мұнда E0 – отынды қоспа компоненттерінді аралық жанудағы энергияда максимал техникалық жұмыс өнімінің отынын жағу; Q0 – жану реакциясының жылулық эффектісі.

Двигательдің тұрақты қысымда отынды жағудың максимал техникалық жұмысының мәні мына формуламен анықталады:

E0=H3-H1-T1·(S3-S1)-Lc. (7)

Бұл кезде отынды қоспаның алдын ала сығу жұмысы мына формуламен анықталады:

Lc=H2-H10. (8)

Тұрақты көлемді отынды жағу двигателі үшін бұл шамалар мына формуламен анықталады:

E0=U3-U1-T1·(S3-S1)-Lc, (9)

Lc=U2-U10. (10)

(7-10) формулаларында келесідегідей мәндер алынған: H, U, S – энтальпия, ішкі энергия және жұмысшы дененің энтропиясы (сәйкесінше отынды қоспа мен жану өнімдері). Төменгі индекстер 5-суреттегі жұмысшы циклдардың нүктелеріне сәйкес келеді. Жоғарғы индекс «0» отын қоспасының қосарланған күй компонеттеріне сәйкестендірілген (отын және ылғалды ауа).
Өзін өзі тексеру сұрақтары
1 ҚЭС жылулық үнемдеу немен сипатталады?

2 Абсолютті электрлік ПӘК қалай анықталады?

3 Станцияның ПӘК қалай анықталады?

4 Нетто ПӘК мен брутто ПӘК айырмашылығы неде?

5 Органикалық отынның меншікті шығыны қалай анықталады?

6 Ядролық отынның меншікті шығыны қалай анықталады?

7 Ядролық отынның жалпы шығыны қалай анықталады?

8 ЖЭО абсолютті электрлік ПӘК қалай анықталады?

9 ЖЭО ПӘК қалай анықталады?

10 ЖЭО органикалық отынның меншікті шығыны қалай анықталады?


Ұсынылатын әдебиеттер
1 Стерман Л.С. Тепловые и атомные электростанции – М.: МЭИ, 2000. – 395с.

2 Теплоэнергетика и теплотехника: Тепловые и атомные электрические станции: Справочник. Под общ. ред. чл.-корр. РАН Клименко А.В. и проф. Зорина В.М. – М.: Издательство МЭИ, 1999. – 522 с.

3 Рыжкин В. Я. Тепловые электрические станции. / Под ред. В. Я. Гиршфельда. – 3-е изд., перераб. и доп. – М.: Энергоатомиздат, 1987. – 328 с.

4 Маргулова Т.X. Атомные электрические стан­ции. – М.: Высшая школа, 1984.


жүктеу 1,88 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау