Лекция «кіріспе. Азия және африка елдерінің ортағасырлар тарихы»



жүктеу 152,26 Kb.
бет16/38
Дата03.11.2022
өлшемі152,26 Kb.
#39988
түріЛекция
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   38
e. Азия-Африка ортағасыр-лекция

Садақ атуға жаттығу аңқиз, яғни Жаһангир /əлемді алушы/ лақабы қойылып, ол өзгеріп, «жыңғыз» — «Шыңғыс» болып кеткені» дейді. Əбілғазы: «Шыңғыс хан туғанда бір қолын жұмып туды. Кіндік шеше болған əйел қолын ашып қарап еді, бір уыс қан көрді. Мұны келіп əкесіне айт- ты. Отырған кісілердің ешқайсысы бұл ненің нышаны екенін айта алмады, тек бір кісі ғана «бұл бала дүние жүзіне патша болар,көп елдер мен уəлаяттарды қаталдықпен өзіне бағындырар, бұл — соның нышаны»,— депті. Ол кісінің айтқанындай болды». Монғол тайпаларының барлығы Шыңғысханның ұлысы саналды. Олар: оң қол — барунғар /Борчу/, сол қол — жоңғар /Мухали/ жəне орталық /Ная/ деп үш бөлікке айырылды. Əрқайсысы бөлек өз ішінен түмендік /оң мың/, мыңдық, жүздік жəне ондықтарға бөлінді. Егер бір жауынгер соғыс даласынан қашса,онда бұл үшін бүкіл ондық өлтірілді, яғни əскер тəртібі өте қатал болды. Əскер басында нояндар, баһадүрлер, мергендер болды. Əскерлердің көпшілігін сансыз көп, əрі шапшаң қозғалатын атты əскер отрядтары құрады. Соғыс қарулары —қайқы қылыш, ұзын найза, садақ, қорған бұзғыш жəне тас лақтырғыш серіппелі құралдар жəне тез жанатын май құйылған құмыралар еді. Шыңғысханның он мыңдай таңдаулы, өзіне шын берілген жауынгерлерден құралған «кешігі» — жеке ұланы болды. Осы ұланның көмегімен Шыңғысхан нояндар мен ірі феодалдарды өзіне бағындырып ұстады.
Самарқанды, Хорезм мемлекетін басып алды. 1221 ж. Орта Азияны басып алу аяқталды. Жебе мен Сүбедей батырлар басқарған монғол əскерлері Əзербайжан мен Грузияны талқандап, Қырымға жетті. 1223 ж. Қалқа өзенінде монғолдар орыс князьдері мен қыпшақтардың бірлескен жасақшыларын талқандады. 1225 ж. Шыңғысхан Монғолияға қайтып келіп, келесі, 1226 ж. Тангуттық Си-Ся мемлекетін біржолата жойып жіберу жорығына шықты. 1227 ж. Си-Ся өмір сүруін біржолата тоқтатты. Сол жорықтан қайтып келе жатып Шыңғысхан қайтыс болды. Оның қазасы туралы ресми мəлімет деректерде келтірілмеген. 1229 ж. Хұрал өткізіліп, онда Ұлы хан болып Шыңғысханның үшінші ұлы Үгедей сайланды. Монғолияның өзіне төртінші кенже ұлы Төле хан болып тағайындалды. 1231 ж. Үгедей мен Төле бастаған монғол əскері Бянь (қазіргі Кайфын) қаласына басып кірді. Яньцзиннен айырылғаннан кейін чжурчжендердің өкімет басшылары осы қалаға келіп қоныс тепкен болатын. Шабуыл алғаш сəтсіз басталғандықтан монғолдар Оңтүстік-Сун мемлекетін чжурчжендіктерге қарсы бірлесіп күресуге шақырды. Бұл үшін Оңтүстік қытайлықтарға Хэнань провинциясын беруге келісім жасады. Оңтүстігінен Сун əскерінің, солтүстігінен монғолдардың шабуылына чжурчжендер төтеп бере алмады. Бянь қаласын монғол əскері басып алды. Сонан соң чжурчжендердің бекініс тіректері бірінен соң бірі құлай бастады. 1234 ж. Цайчжоу қаласын монғолдар басып алған соң чжурчжен патшасы өзін-өзі өлтірді. Чжурчжендер аумағын толық басып алып, монғолдар Сун өкіметіне берген уəдесін орындамады — Хэнань провинциясын оларға бермеді. 1236 ж. Монғолдардың батысқа жаңа жорығы басталды. Ол жорықты Жошының баласы Бату басқарды. Қыпшақтар мен Еділ (Волга) булгарларын бағындырып, монғолдар 1237 ж. орыс жеріне шабуыл бастады. 1237—1238 жж. олар Рязань, Коломна, Москва жəне Владимир қалаларын басып алып,талқандады. Сити өзенінде орыс княздерінің басты күштері талқандалды. 1239 ж. монғол əскері Днепр өзенінен өтіп, Киевті басып алды. 1241 ж. Бату мен Сүбедей бастаған монғол əскері Венгрияға, екінші тобы — Польшаға басып кірді.Польша мен Силезияны бағындырып, моңғолдар Лигницы маңында поляк жəне неміс княздерінің жасақтарын талқандады. Венецияға дейін жеткен монғол əскерінің əлсіреуі оларды кейін қайтуға мəжбүр етті. Ұлы түркі — моңғол қағанатыЖошы ханзада

жүктеу 152,26 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   38




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау