|
Лекция «кіріспе. Азия және африка елдерінің ортағасырлар тарихы»Корё мемлекетінің әлеуметтік-экономикалық дамуы
|
бет | 11/38 | Дата | 03.11.2022 | өлшемі | 152,26 Kb. | | #39988 | түрі | Лекция |
| e. Азия-Африка ортағасыр-лекцияКорё мемлекетінің әлеуметтік-экономикалық дамуы. Х ғасырдың басында Корей жартылай аралында жекеленген шағын мемлекеттер қалыптаса бастағанын алдында келтірілген ақпараттардан білеміз. 901 жылы Кунье Хубэкче мемлекетінің негізін салды. 904 жылы бұл мемлекет Маджин деп аталып кетті. 911жылы, яғни кейіннен Тхэбон деген атауға ие болды. Куньеның жақтастарының ішінен ерекше көзге түскен, ауқатты ортадан шыққан Ван Гон Силла мемлекетінің иеліктерін меншіктеген негізгі тұлғалардың бірі болды. Ван Гон есімі тарихта Х ғасырда пайда болған келесі мемлекеттің пайда болуына ықпал еткен. Сондықтан жаңадан қалыптасқан Ван Гонның құрған Корё мемлекетінің астанасы Сонака деп белгіленді. Бірақта кейіннен астананың аты Кэгён(қазіргі кездегі атауы Кэсон) деп өзгертілді. Корё мемлекетінде сепаратистермен күрес жүргізу қырық жылға жуық уақытқа созылып, мемлекеттің әкімшілік жүйесін дұрыс жолға қоюға тек осы уақытта мүмкіндік болды. 946 жылы кидандық Ляо империясы Солтүстік Қытайды жаулап алып, Корё мемлекетінің шекарасына қауіп төндіреді. Корё мемлекетінің билеушілері, қолбасшылары қорғану саясатын жүзеге асыру мақсатында жаңадан қамалдар мен горнизондар тұрғызуға кірісті. Корё мемлекеті қидандар мен қытайлықтар арасында болып жатқан қақтығысқа араласпай, бейтарап саясат сақтауға тырысып бақты. Бірақта 993 жылы Корё мемлекетінің территориясына қидандықтар баса көктеп кіріп келді. Корё әскерлерінің қақтығысна кездескен қидандықтар мемлекеттің оңтүстігіндегі аймақтарда келісім шарттар жасасуға бел буды. 1009 жылы ван Мокчон қолбасшылардың сатқындығы салдарынан өлтірілді.
ХІ ғасыр Корё мемлекетінің гүлдену кезеңі болып табылады. Мемлекет билеуші ван Мунджоне 1047-1082 ж.ж. аралығында билік етіп, екі ғасырлық тарихы бар мемлекетті басқарудың әкімщілік жүйесін қалыптастырады. Мемлекет үшін бұл кезең жерге деген жеке меншіктің орталықтанған мемлекеттік меншік түріне айналуына принципиальды түрде жағдай туғызған кезең болды. Әр мемлекеттің гүлдену және күйреу кезеңі болады деген сиқты, ХІІ ғасырдың бас кезінде мемлекеттің ішкі бытыраңқылығы , жер қорының азаюы елдің прогрессивті дамуына кедергеі туғызды. Жерді үлестіру саясатындағы әлеуметтік теңсіздік үстем етуші таптар арасындағы өзара түсініспеушіліктің қалыптасуына әкеп соқты. Сонымен қатар әскери және жергілікті азаматтар арасында да өзара келіспеушілік пайда болды. Салықтың шектен тыс енгізілуі, шаруалардың шектен тыс қанауға түсуі мемлекет ішіндегі жағдайды шиеленісе түсірді. Мемлекет ішінде қарапайым халық арасынан шыққан ауқатты адамдардың қатары көбейе бастады және олар саяси дәрежеге көтеріле бастады. Көптеген жерлер монастырлардың иелігінде болды. ХІ-ХІІ ғ.ғ. аралығында ірі жереге деген жеке меншігі бар топтар қалыптаса бастады. Ірі жериеленушілердің қатарын әскери адамдар құрды.
Корё мемлекетінің әкімшілік жүйесі екі жақты жүйе бойынша, біріншісі- тхэбондық, ал екіншісі – силлалық дәстүр негізінде қалыптасты. Корё мемле кетіндегі шенеулік жүйесінің принципиальды жаңалығы болмады. Тіпті шенеулік дәрежелері болмады деп айтуға да болады. Қытайдағы тоғыз рангктық жүйе енгізілді. Қоғамда белгілі бір дәрежеге ие болу мансапқа айналды. Әр мансапқа тиесілі дәреже тағайындалды. Хун- ерекше үлестері үшін берілетін атақ, чак–құрметке ие тұлғалар, мунсанге - қызметке аралас пайтын азаматтық шенеуліктер, мусанге-қызметке араласпайтын әскери шенеуліктер.
Орталық басқару аппараты әртүрлі бөлімдерден құралған; жоғары өкіметтік бөлім, жекеленген министрліктер, негізгі ғылыми-оқу және басқа да басқару бөлімдері -си, кеңсе бөлімі- со, қоймалар- чхан,ко, сарайлық бөлім меңгеру шілері тогамдар деп аталды. Корё мемлекетінің тарихындағы басқару жүйесіндегі өзгерістер мен толықтырулар жылдар өте өз алдына маңызды мәселерді мақсат етіп қойған.
Моңғолдар Корей мемлекетінен екі аймақты, яғни біріншісі, солтүстік- батыста Тоннёнбу, ал екіншісі - солтүстік- шығыста Ссансон чхвонгванбу өз үстемдіктерінде ұстап отырды. Егерде корейліктер моңғолдардың билігіне қарсылық білдірген жағдайда моңғолдар жекеленген феодалдардың арасында от салып, бүлік шығаруға дейін дайын тұрды. Корейдің феодалдық өкілдері моңғолдарға күн өткен сайын тәуелді бола бастады. Оның дәлелі моңғол феодалдары мен корей феодалдары арасында неке байланысы жүзеге асырылып, ұзақ уақытқа Юань империясының астанасы Пекин қаласында тіршілік етті. Қарап отырғанымыздай Силла мемлекетінен кейін Корей түбекында саяси тұрақтылық орнатпақ болған Коре мемлекетінің(бүгінгі атауы Корей мемлекеті) тағдыры да аянышты халде болды. Корей мемлекетінің ішкі саясатындағы тұрақсыздық мемлекетті шет елдік басқыншылардың талан- таражға салуына әбден мүмкіндік туғызып отырды.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|