Ауыл шаруашылық қатынастардың дамуы. X-XI ғасырларда Иран эканомикалық көтеріліс пен өндірістік күшетердің өсуін бастан кешті. Завказье және Орта Азиядағы мемелекет Иранда көшпенділерден қорғады. Салықтан түскен пайда өнделмеген жерге жіберілді. Жаңа өсімдіктер түрлері шыға бастады. Күріш, жеміс, мақта, бидай кеңіне таралды. Хузистанда, Керманда және Фарста қант өсірілді. Керманда құрма, хузстанда лимон және қарбыз өсіру кеңінен тарады. Шираз бен Рейде құнды шарап пен қызғылт май және Каспий маңындағы аймақтарда жібек өндірілді. Көшпелі мал шаруашылығымен, кейбір жерлерде отырықшылану дамады. Көшпелі мал шаруашылығы нақта таула аймақтарда жер мен бақшасы бар мемлекеттің жоғары билеушілері тұрды. Ең көне фамилиядағы дихандар, жеке меншік мүлік иелері кеңінен тарады. Мүлікті ұрпақтан-ұрпаққа мирас болып қалып отырды. Ұсақ және орташа жағдайы бар феодалдар істерін тұралатып жағдайда оны аяғынан тік тұрып кеткен ірі купецтер иелік етті. Ал оның әкімшілік және әскерилік жазасы – мүлікті кәмпескелеп қазынаға өткізу болды.
Басқа мұсылман мемлекеттері сияқты Буид және саманид мелекетінде де белгілі адамдарға, әскери шенділерге, Арабтар мен Ирандардан икьтаны тарату тәжербиеленді. Буидтарға қазынашы блоып қызмет еткен Ибн Мискавейх (1030 жылы өлген) иктаны иеленушілер өздерінің иеліктерін жылдамдатып құлдыратып, қазынаға өткізіп,оның орнына өз қалауынша басқа нәрсе лаып отырады деп айтқан екен. Сондықтан IX-X ғасырларда мемлекеттің жер аумағы икта үшін төлеген төлем сый үшін әжептәуір қысқартылып отырды.
Қала, қолөнер, сауда.Тауарлық кәсіпорынның дамуы IX-X ғасырларда қалардың өсуіне себебін тигізді. Халықаралық сауданың жолында тұрған ірі ескі қалалардың арқасында жаңа қалалар пайда болды. Олар қолөнер орталығы ретінде жергілікті базарды қамтамасыз етті. Тахиридтердегі Нишапурдың резинденциясы басқа қалалардың дамуына үлкен стимул, мағынасында болды.Мысалы, Буидтардағы Шираз бен Исфахан, Саффаридтарда зерендж т.б Олар мықты жолдар, көпір құрылыстарын, бай көріністегі ыңғайлы үйлер, құрылыстарды астанаға сала бастады, Бұл қаладағы қолөнерлік шеберханалар, кәсіпорындардың өсуі біріншіден әскерді, әкімшілікті, феодалдарға, ішкі рыноктың дамуыменбайланысты болды. Қолөнер өнімдері Ираннан орыс жеріне, Үндістанға, Қытайға, Батыс Еуропа елдеріне жіберілді. Осы айтылған уақытта Иранда әсіресе текстильді қолөнер қарқынды дамыды. Қымбат карма, жібек, қлаың маталар мақталы қалың кілемдер шығарылды. Металдан да заттар – суық қару (кежел, найза, семсер) бас, дене сауыттары қола күміс ыдыстар. Әр түрлі мөлшердегі керамиаклық ыдыстарды тұрғылықты адамдар пайдаланды. XII ғасырда Иранда ең жоғарғы сапалы аспалы шамдары-қолөнердің ең танымал түріне айналды. Ішкі рыноққа ыдыстар мен рйыншықтар көптеп шығарылды. Былғары өнімдері де жоғары сапамен өнделіп кеңінен таралды. Олар ат әбзелдері, өнделген таза былғарының өзі және аяқ киімдері. Орта ғасырларда Иран қалалары ірі базалардың орталығы болды, мұнда тек сауды ғана емес, сондай-ақ қолөнер өнімдерінің жері болып табылды. Қолөнершілердің шеберханалары жай қарапайым нүктелер болды. Қолөнершілер бірдей түрдегі бірдей түрдегі қолөнерін жасау үшін базардың нақты бір қатарында жұмыс істеді. Сол кезде Исфаханда 200000 тұрғын блоған екен. 40000 адам Арраганда (фарста) тұрды. Нишапурды 44 квартал болды, географтардың сөзіне қарағанда оның кейбіреуінің ауданы Шираз қаласының жартысына пара пар еді, ал тұрғындардың саны бірнеше жүз мыңдарға жеткен. Нишапур мен Исфаханнан басқа тағы Рей, Шираз деген ірі қалалар болды. Ол қалаларда кітапханалар мен медреселер болды. Медреселерде мұсылмандықтан басқа математика, медицина, философия және тарих оқытылады. Бұл қалаларды сонда тұратын жергілікті жер иелері мен феодалдар басқарды. Рсыдан барып феодалдар мемлекеттік ірі күштердің саяси эканомикалық қызығушылығы өсті. Иранның қалаларында орта ғасырлық Бтыстан айырмашылығы ірі купецтер феодалдарға өзін қарсы қоймады, керсінше олармен бірге антифеодалдық қозғалыстаға қатысып отырды. Иранда квартал аралық, купецтік корпорация аралық, қолөнераралық өзара өзін-өзі басқару болды. Алайда жалпы қала арасындағы өзін-өзі басқару жолға қойылды.
Достарыңызбен бөлісу: |