Өзін - өзі тексеру сұрақтары:
Экстрополяция негізінде және стратегиялық жоспарлау.
Стратегиялық позицияларды таңдау
Стратегиялық жағдайларды ранжирлеу жолымен басқару.
4-лекция: Стратегиялық менеджмент мазмұны және құрлымы.
Стратегиялық менеджмент құрлымы.
Ортаны талдаудың үш құрастырушылары.
Мақсаты: Стратегиялық менеджменттің құрылымын айқындау.
1 Стратегиялық менеджмент ілімінде оның құрлымына стратегиялық іс-әрекет пен стратегиялық мақсат ықпал етеді. Стратегиялық іс-әрекет дегеніміз фирманың жаңа салаға іскерлік белсенділік пен технологияны, жаңа нарықтарға енуге, ұйымның дәстүрлі өнімін ауыстыруға бағытталған қызметі.
Стратегиялық мақсат дегеніміз – фирманың өз мақсатына жету қабілетіне әсер ете алатын фирма ішінде немесе сыртында болатын оқиға. Стратегиялық басқаруды бір бірімен байланысты бес динамикалық процестер жиынтығы ретінде қарастыруға болады:
ортаны талдау.
миссия мен мақсаттарды анықтау.
стратегияны таңдау.
стратегияны жүзеге асыру.
жүзеге асыруды бағалау мен бақылау.
Стратегияны басқару құрлымы.
Ортаны талдау
Миссия мен мақсатты Стратегияны
анықтау таңдау
Стратегияны жүзеге асыру
Жүзеге асыруды бағалау, бақылау
Кез келген басқарудың негізгі ролі ортамен байланысты орнату ұйымдастыру болып табылады. Әр ұйым үш процеске қатысады:
Сыртқы ортадан ресурстар алу.
Ресурстарды өнімге айналдыру.
Өнімді сыртқы ортаға ұсыну.
Басқарудың мақсаты циклдағы ену мен шығудың балансын орнату. Бұл баланс жойылса ұйым өмір сүруін тоқтатады.
2. Ортаны талдау оның үш құрамдас бөлігін оқытуды көздейді:
1) макроорта.
2) тікелей орта.
3) ұйымның ішкі ортасы.
Макроортаны талдауға экономиканың, құқықтық реттеудің, басқарудың, саяси процестердің, табиғи орта мен ресурстардың, қоғамның әлеуметтік және мәдени құрамдарының, қоғамның технологиялық дамуын, ақпарат әсерін зерттеу жатады.
Тікелей ортаны талдау – келесі негізгі компоненттермен жүргізіледі: сатып алушылар, жабдықтаушылар, бәсекелестер, еңбек нарығы. Осылардың ішінде ең маңыздысы деп қазіргі кездегі стратегиялық менеджмент еңбек нарығы, адам ресурстары болып табылады.
Ұйымның ішкі ортасын талдау нарықтың шешуші көп бөлігін басып алу үшін фирманың потенциалын көрсетеді:
фирма жұмысшы кадрлар потенциалы, квалификациясы, мүддесі.
Басқаруды ұйымдастыру.
Ғылыми зерттеулері, техникалық мінездемесі.
Фирма қаржылары.
Маркетинг
Фирма мәдениеті.
Достарыңызбен бөлісу: |