Өзін - өзі тексеру сұрақтары:
Тікелей ортаны таңдау.
Ұйымның ішкі ортасын таңдау.
Тікелей ортаны таңдау.
Макроортаны таңдау.
5-лекция: Ортаны талдауды жүргізу.
Дәрістің мазмұны
Макроортаны талдау.
Тікелей ортаны талдау.
Ортаны талдау әдістері.
Мақсаты: Ортаға талдау жүргізіп үйрену.
1 Макроортаны талдау келесі компоненттер көмегімен жүзеге асады.
Экономикалық компоненттер. Оны зерттеу ресурстардың қалай қалыптасуы мен бөлінуін түсінуге мүмкіндік береді.
Экономиканы зерттеу келесілердің көмегімен жүзеге асырылады:
ЖҰӨ көлемі;
Ақпараттану темпі;
Жұмыссыздық деңгейі;
Проценттік мөлшерлеме;
Салық салу нормасы;
Төлемдер;
Еңбек өнімділігі;
Қорлану нормасы.
Экономикалық компоненттерді зерттегенде келесілерге назар аудару маңызды:
жалпы экономикалық даму деңгейі;
өндірістік табыс, ресурстар, климат және бәсекелестік қатнастың дамуы.
Жалақы деңгейі.
Құқықтық компоненттер. Құқықтық реттеуді зерттеу, ондағы заңдар мен нормативті құқықтық актілерді талдау, басқа субъектілермен байланыстағы іс-әрекет шебері мен фирма құқығын білуге мүмкіндік береді.
Саяси компоненттер. Ол мемлекеттік билік органдарының дамып жатырған қоғамға қатысты мүмкіндігін, шараларын меңгеруге және мемлекеттің саяси құралдарын көрсетеді. Бұл компонентті зерттегенде негізгі назарды түрлі париялық құрлымдардың қандай бағдарламаларды жүзеге асыратындығына аудару керек. Билік бір жағынан ақша қаражаттарын қалай қолдануын анықтаса, екінші жағынан мемлекеттік ақшаға қажеттілігін анықтайды. Осы процестер фирмаға бір жағынан қауіп төндірсе, екінші жағынан дамуға мүмкіндік береді.
Әлеуметтік компонетті зерттеу адамдардың жұмысқа қатнасын, өмірге көзқарасын, яғни әлеуметтік құбылыстарды зерттеуге мүмкіндік береді.
Технологиялық компоненттерді талдап ғылым мен техниканың дамуын, оның өндірісте қолданылу варианттарын көрсетеді.
2 Тікелей ортаны талдау. Ондағы негізгі құраушылар сатып алушылар болып табылады. Сатып алушылар және оларды талдаудың мақсаты фирма өнімін сатып алушы профилін жасау болып табылады. Сатып алушы профилі келесі мінездемелерден тұрады:
- географиялық орны
- демографиялық жағдай;
- жасы, білім деңгейі, қызмет саласы.
- әлеуметтік-психологиялық мінездемелер;
- сатып алушының өнімге көзқарасы.
Сатып алушының сатып алу күшін, сатып алу қабілетін анықтайтын көптеген факторлар бар. Фирма оларды жария етпей талдау барысында зерттейді.:
сатып алушының сатып алған тауарларының көлемі;
сатып алушылардың сатушыға тәуелділік дәрежесінің, сатушының сатып алушыға тәуелділігін дәрежесінің қатнасы.
Сатып алушының ақпарат алу дәрежесі;
Орын ауыстырушы тауарларының болуы;
Сатып алушы үшін басқа сатушыға кету бағасы;
Сатып алушының бағаға көзқарасы.
Жабдықтаушыларды талдау фирманы түрлі шикізатпен, жартылай фабрикаттармен, энергиямен ақпаратпен т.б. қамтамасыз ететін субъектілер қызметінің аспектілерін анықтауға бағытталған.
Жабдықтаушының бәсекелестік күші келесі факторларға тәуелді:
а) жабдықтаушының арнайы қасиеттерінің дәрежесі.
б) белгілі бір ресурстар алғандағы сатып алушының арнайлылығы дәрежесі
в) жабдықтаушы үшін сату көлемінің маңыздылығы
Жабдықтаушыны талдағанда келесі мінездемеге назар аудару керек:
а) әкелінген тауар бағасы;
б) тауар сапасына кепілдеме;
в) тауармен жабдықтаудың уақытының графигі
г) тауардың уақытында жеткізілуі.
3 SWOT (S – күш; W-әлсіздік; O-мүмкіндік; T-қаулы.) Бұл әдісті қолдана отырып сыртқы қауіпті және фирма мүмкіндігін анықтайды. SWOT талдау жасау әдістемесі:
I кезең . Фирманың әлсіз және күшті жақтарының жазбасын дайындау;
II кезең. Сыртқы ортадағы қауіп пен мүмкіндіктер жазбасын дайындау;
III кезең сыртқы және ішкі факторлардың өзара байланысын анықтау;
IV кезең факторлардың маңыздылығы және олардың жалпы стратегияға әсері бағаланады.
SWOT матрицасы
Мүмкіндіктер Қауіптер
Күшті жақтар С және В алаңы С және У алаңы
Әлсіз жақтар Сл және В алаңы Сл және У алаңы
С және В алаңы. Стратегия ойластыру қажет, сыртқы ортада пайда болатын мүмкіндіктерден пайда алу үшін стратегияның күшті жағын сынақтан өткізу керек.
Сл және В алаңы – мұнда стратегия көмегімен пайда болатын мүмкіндіктер арқылы әлсіз жақтарды бекітеді, кейін азайтуға тырысады.
С және У алаңы Фирманың күшті жақтарын қауіпті жоюға бағыттайды.
Сл және У алаңы Әлсіз жақтардан айырыратын, қауіптен қорғайтын стартегия жасақтау.
Кейін мүмкіндіктер және қауіптер матрицасы жасалады. Онда қауіптердің дәрежелері көрсетіледі. Мұндағы басты мақсат: матрицаны және қортындыны объективті жасау, жоғары басшылықтың үнемі бақылауы.
Орта профилі жағдайын бағалау әдісі
Фирмалар
|
А-саласы мүмкіндігі
|
Фирмаға әсер В
|
Әсер С
|
Маңыздылық
|
3
2
1
0
|
Үлкен
Орта
әлсіз
|
Үлкен
Орта
әлсіз
|
|
D = A*B*C
|
Бұл әдіс арқылы басшының фирмаға сыртқы факторлардың қайсысы маңызды екендігін қайсысы көп назар аудару керектігін көрсетеді.
Қортынды: SWOT талдау бұл стратегиялық баланс, ондағы активтер - күшті, ал пассив - әлсіз жақтары. Макро және микро ортаның кешенді бағалау әдістеріне SWOT талдау және құндылықтардың вертикальді тізбегін талдау жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |