Лекция жеке тұлға тәрбиенің объектісі, субъектісі ретінде және оның дамуы мен қалыптасуының факторы


Бастауыш мектеп жасына дейінгі балалардың дамуы мен ерекшеліктері



жүктеу 115,35 Kb.
бет11/21
Дата27.01.2022
өлшемі115,35 Kb.
#37259
түріЛекция
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   21
Педагогика Лекция 5 апта

Бастауыш мектеп жасына дейінгі балалардың дамуы мен ерекшеліктері.

Бастауыш мектеп шағында баланың дене, психикалық дамуында кейбір ерекшеліктер байқалады. Олардың бұлшық еттерінің күші артады, сүйектері қалыптасу сатысында болады, мидың үлкен жартышарының функциялары дамиды. Бұл жастағы балалар үшін еңбектің тәрбиелік мәні өте зор.

Балаларды бірте-бірте еңбекке баулу қажет: үй шаруасына қатыстыру, сынып бөлмесін жинау, саябақта бақша өсіру, үй жанындағы бау-бақша үлескесінде, мектеп тәжірибе үлескесінде, спорт алаңында жұмыс істеу және т.б.

7–12 жастағы балалар ұзақ уақыттық дене еңбегіне, күш түсетін жұмыстарға әлі қабілетсіз болады. Сондықтан бұл жаста ойын, дене еңбектерін алмастырып отырған жөн.

Тәрбие процесінде балалардың кейбір теріс қылықтарын байқауға болады. Мысалы, өзімшілдік, біреудің жақсы әдеттері мен істерін көре алмаушылық, түрлі болымсыз себептерді сылтау етіп үй тапсырмасын орындаудан қашу және т.б. Ал балалардың мұндай теріс қылықтарына жол бермеу, тәрбиешілердің, ата-аналардың беделіне, біліміне, өмір тәжірибесіне байланысты.

Бұл жастағы балалармен тәрбие жұмысын дұрыс ұйымдастыру үшін олардың төмендегідей ерекшеліктерін есепке алған жөн: сөзбен істің сәйкесті болуын талап етеді; жөнсіз кінәлаудан жиркену сезімі туады; үлкен адамдардың жіберген қателерін тез байқайды; арманшыл, қиялшыл болады; ұжымшыл келеді; сенімді серік іздейді; өз мүмкіндіктерін, күшін асыра бағалайды; түрлі спорт ойындарында өте ықыласты болады және т.б.

Бұл ерекшеліктерді оқу-тәрбие жұмысының барысында сынып жетекшілері, мұғалімдер айрықша бақылайды, зерттейді, тиімді етіп іске асырудың әдістері мен тәсілдерін қарастырып, ата-аналарға дер кезінде көмек көрсетеді.

Балалар арманшыл, қиялшыл болады, ұжымшыл келеді, сенімді серік іздейді, өз мүмкіншіліктерін, күшін асыра бағалайды, түрлі спорт ойындарына өте ықыласты болады.

Оқушылар іс-әрекеттерінің ең басты және жетекші түрі – оқу. Ол алдын-ала жасалған жоспар мен бағдарлама бойынша мұғалімнің басшылығымен жүйелі түрде іске асырылып отырылады. Оқу оқушылардың таным қабілетін дамытады, дүниеге адамгершілік көзқарасын бірте-бірте қалыптастырады, оқушының ой-өрісі кеңейеді, білімі тереңдейді, жауапкершілігі артып, ол алдына қойған мақсатын орындауға талпынады. Осының нәтижесінде оқушы еңбек етуге, ізденушілікке, келешекте арнаулы оқу орындарына түсуге қабілетті болып шығады.

Адамның рухани дамуының көзі – еңбек. Еңбексіз даму жоқ. Еңбек – адамның көркі, бақыты, қоғам байлығы. Педагогикалық тұрғыдан ұйымдастырылып, жоспарлы түрде жүргізілетін еңбек баланы жан-жақты дамытып, қалыптастырудың күшті құралы. Мектепте іс-әрекеттің бірнеше түрі бар. Олар: баланың өзіне-өзі қызмет етуі; қоғамдық пайдалы еңбек; өнімді еңбек.



жүктеу 115,35 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   21




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау