Лекция. Гендер ұҒымы жайлы түсінік. Тілдің гендерлік жіктелімі: МӘдени-әлеуметтік, тілдік-әлеуметтік мәНІ


Әйел – ардақты ана,ұрпақ тәрбиешісі «Ана»



жүктеу 194,62 Kb.
бет35/49
Дата01.04.2022
өлшемі194,62 Kb.
#37984
түріЛекция
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   49
genderlik lingvistika darister

3.Әйел – ардақты ана,ұрпақ тәрбиешісі «Ана» гендерлектісі туған шеше,жалпы шеше және ауыспалы мағынада негіз,түп,тамыр дегенді білдіреді. Осы мағынадардан анадан туғандай,ана сүтін ақтады,ақ сүтін ақтады,ақ сүтін кешті,ақ сүтін көкке сауды,ана сүті аузынан кетпеген,ана сүтімен сіңген,көп балалы ана,аналы-балалы,ата-ана «Ардақты ана», «Батыр ана» ордені,ана тілі,аналық бастау,ана-жер-ана,т.б. сөздер мен тіркестер туындаған.

Ана сөзімен мағыналас шеше,апа гендерлектілері баланың туған анасы (туған шеше,әке-шеше) мәнінде жұмсалумен қабат семантикалық жағынан түрленіп келіп кіндік шеше(жаңа туған жас нәрестенің кіндігін кескен әйел), кіші шеше (әкесінің бәйбішеден кейінгі алған әйелі немесе әкесінің інісінің әйелі), нағашы шеше,өгей шеше, үлкен / ұлы шеше және де жасы үлкен әйел адамға айтылатын қаратпа сөз (шеше/ шешей,апа /апай) түрлерімен ерекшеленеді.Халық санасын кіндік шеше берік орын алған. Ол баланың екінші шешесі ретінде есептелген. Оның тәрбиелік мәні ерекше.

Әйел-ананың бала тәрбиесіндегі әлеуметтік рөлін бағалау,анаға құрмет көрсету,мәртебесін көрсету – халқымызға ежелден сіңісті қасиет.Тіліміздегі гендерлік мақал-мәтелдердің,фразалық тіркестердің бір тобы Ана болған дана болады; Бала – ананың бауыр еті,көз нұры; Ердің анасы – елдің анасы; Ананың тілегі балада, баланың тілегі далада; Ақ жаулығы ананың – ақ көрпесі баланың; Ананың басқан жерінде пейіш бар; Жұмақ аналардың табаны астында деп ақ тілек, ақ ниет ақ пейілді анаға байланыстырады.

Отбасының алтын діңгегі,берік тұғыры әке мен шеше десек те,ұрпақ тәрбиесінде ананың алатын орны ерекше.Ананың тілі,ананың махаббаты,ананың тілегі балаға құндақта жатқан күнінен бастап-ақ бесік жырымен дариды. Бесік жыры – әйелдің сөз саптау стиліне тән гендерлік фольклор жанрының бір түрі. Қазақ әйелдері сәбилеріне арнап түрлі жырлар ойнап тауып отырған.Атап айтсақ,шілдехана жыры,уату өлеңдері,бесік бөлеу,тұсау кесу,майлап-сылау тәрізді ырымға байланысты өлеңдер.Жас бала өсе келе,әжелерінен ертегі,аңыз,жұмбақ,жаңылтпаш үйреніп,ойы мен тілін дамытқан.Ана тілі – отбасындағы рухани-эстетикалық тәрбиенің кілті. Б.Хасанұлының тұжырымдауынша, « әйел тілі – бірінші кезекте, ана тілінің негізі.Әйел - үйдегі монолингвизмді сақтаушы. Әйел тілі – ішкі жанұлық қатынас құралы.Ана тілін меңгеруде әйелдер – негізгі тірек болып табылады. «Ана тілі» ұғымында екі түсінік бар: бірі – тар мағынада алғанда ананың сөз саптау салты,тілдік ерекшелігі, екіншісі - көп мағынада ұлттық тілі. «Ана тілі» ұғымы ғылымда кездесетін «әйел тілі» ұғымымен мәндес. Әйел тілі – тілдік бірліктің вербалды жіктелуі (тілдік) және ым-тілі амал тәсілі (тілдік емес) құбылысының атауы,соның ішінде тек әйелдерге қатысты тілдік қолданыстар мен хабарлауға кіретін,сондай-ақ әйел жынысымен әдепті сөйлесуге болатын тіл»[ 2003,99 б.]. Атадан балаға мұра болып келе жатқан тіл, діни факторлардың бәрі әйел тілінің (ана тілі) қызметі арқылы күні бүгінге дейін жалғасын табуда.

Сонымен, «әйел» концептосферасының көп қырлы құрылымын гендерлік тұжырымдау үшін бірнеше фреймдік тармақтар арқылы (сұлулық,әдептілік,сыйластық,мейірімділік,т.б.) когнитивтік үлгісн жасағандаймыз.


жүктеу 194,62 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   49




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау