Лекция бірінші сыныпта қазақ тілін оқыту әдістемесі


Бірінші сыныпта қазақ тілін оқыту мазмұны



жүктеу 44,03 Kb.
бет2/9
Дата19.12.2022
өлшемі44,03 Kb.
#40684
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Doc2

Бірінші сыныпта қазақ тілін оқыту мазмұны
Бірінші сыныпта қазақ тілінен берілетін білім мазмұны оқу бағдарламасында мына тұрғыда белгіленген: 1. Сөйлем, сөз, дыбыс және әріп. 2. Дауысты және дауыссыз дыбыстар мен әріптер. 3. Қазақ алфавиті. 4. Жуан және жіңішке дыбыстар мен әріптер. 5. Жуан және жіңішке айтылатын сөздер. 6. Жуан және жіңішке жұп дауыстылар. 7. Буын. 8. Тасымал. 9. Дауыссыз дыбыстардың жуан және жіңішке айтылуы. 10. Кім? Кімдер? Не? Нелер? сұрақтарына жауап беретін сөздер. 11. Бас әріппен жазылатын сөздер. 12. Не істеді? Не қылды? Қайтті? сұрақтарына жауап беретін сөздер. 13. Қандай? Қай? сұрақтарына жауап беретін сөздер. 14. Қанша? Неше? Нешінші? сұрақтарына жауап беретін сөздер. 15. Сөйлем. 16. Сөйлемдегі сөздердің байланысы. 17. Мәтінмен жұмыс істеу.
Аталған бағдарламалық тақырыптар әдістемеде оқу мазмұнына қарай жүйеленіп, мынадай тармақтарға топталып қарастырылады: 1. Дыбыс пен әріп тақырыбын оқыту. 2. Сөз тақырыбын оқыту. 3. Сөйлем тақырыбын және сөйлемдегі сөздердің байланысын оқыту.
Бастауыш мектеп оқушыларының, әсіресе, 1-сынып оқушыларының жас ерекшеліктері мен логикалық ойлау деңгейіне қарай әрбір әдістеме тарауларында қазақ тілінен берілетін теориялық оқу материалдарының фонетикалық, грамматикалық ережелер арқылы емес, практикалық тұрғыда мейлінше ұғымды, жеңіл тілмен түсіндірілетінін мұғалім қазақ тілінің алғашқы сабағынан бастап-ақ ескереді.
Дыбыс пен әріп тақырыбын оқыту
Қазақ тілі өзіндік дыбыс жүйесі қалыптасқан, мейлінше анық та ашық дыбысталатын дүние жүзіндегі дамыған бай тілдердің қатарына жатады. Ананың ақ сүтімен берілген туған тілдің дыбысы сәбидің өмірге келген алғашқы сәтінен бастап оның жан дүниесіне дариды. Дыбыс деген ұғым оқушыларға сауат ашу кезеңінен-ақ таныс. Сауат ашу кезеңінде окушылар дыбыс деген ұғым ды және алфавиттегі барлық әріптерді жеке-жеке танып, дыбыс арқылы буын жасалатынын, буыннан сөз жасала тынын, сөз құрамында бірнеше дыбыс болатынын біледі.
Сауат ашқан соң, оқушылар жеке сөздерді, сөйлемдерді және шағын мәтіндерді өз бетінше оқи да, жаза да алатын дағдыға көтеріледі. Оку жылының екінші жартысында окушылардың дыбыс туралы алған білімі одан әрі жетілдіріліп, дамытылады.
Бірінші сыныпқа арналған “Ана тілі” оқулығында дыбыс пен әріп бір-бірінен ажыратылмай, қатар оқытылады. Әріп дыбыстың жазудағы таңбасы екендігі түсіндіріледі. Бұл тұрғыда мұғалім қазақ тіліндегі әрбір дыбыстың (кейбір тілдердегідей емес) жеке-жеке әріптермен таңбаланатынын ескеру керек. Қазақ тілінің мұндай өтімді ерекшелігі дыбыс пен әріпті ажыратпай оқытуға мүмкіндік беретінін, оның оқу мен жазуға аса тиімді екендігі түсіндіріледі.
Дыбыс пен әріп туралы оқулықта сөйлеу органдары, артикуляция туралы мағлұматтар берілмейді, өйткені он дай ұғымдар кіші жастағы оқушылардың түсінуіне ауыр да күрделі. Сондықтан қазақ тілі оқулығында дыбыс пен әріп туралы: “Сөз дыбыстардан құралады. Дыбыстар жа зуда әріппен таңбаланады”, “Дыбыстарды айтамыз, естиміз. Әріптерді көреміз, жазамыз” деген практикалық анықтама беріледі.
Сауат ашу кезеңінен кейін оқушылардың сөйлемдер мен мәтіндегі сөздерді жүгіртіп тұтас оқуға және қатесіз дұрыс жазуға машықтануы барша оқу процесінде жетекші мәнге ие болады. Осыған орай, қазақ тіліндегі әрбір дыбыстың өзіне тән жеке әріптермен танбалалатынын түсіндіру және әрбір әріп арқылы таңбаланған дыбыстарды оқу арқылы естіп, оны бұзбай, дұрыс дыбыстауға дағдыландыру мәселелеріне баса назар аударуды қажет етеді. Бұл процесс бақылау тәсілі арқылы жүзеге асырылады. Бақылау тәсілін қолдана отырып, әр түрлі жаттығуларды жүргізуге болады. Ондай жаттыгу лардың аса тиімді бір түрі – сөздегі дыбыстардың орын тәртібін айқындау. Ол үшін жеке сөздерге дыбыстық талдау жасалып, дыбыстар нөмірленіп жазылады. Мысалы: "балык" сөзінде бес дыбыс бар: б-а-л-ы-қ: 1) б – дауыссыз, 2) а - дауысты, 3) л - дауыссыз, 4) ы - дауысты, 5) қ - дауыссыз. Сөздегі дыбыстардың орнын анықтау сөзді дұрыс оқуға да, қатесіз жазуға да көмектеседі.


жүктеу 44,03 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау