Сақтау шартының мазмұны. Сақтаудың реалды шарты бойынша сақтаушы өзiне берiлген затты, оның сақталуын қамтамасыз ете отырып сақтауға мiндеттенедi. Сақтаушы сақтауды жүзеге асыра отырып затты қолайсыз ауарайы, үйжайдағы ылғалдылық сияқты сыртқы факторлардың əсерiнен сақтап қалуға тиiс. Мұндай факторларға, сондайақ мүлiктi бүлдiруi (жоюы), оны ұрлап кетуi мүмкiн адамдардың құқыққа қайшы əрекетi де жатады. Соларға сақтаушы қарсы тұруға тиiс.
Сақтаушы мiндеттерiнiң нақты көлемi оның тұрмыстық немесе кəсiби сақтаушы болып табылатындығына, сақтаудың сол бiр немесе өзге жағдайлары жəне сақтауға берiлетiн заттардың қасиеттерi жүк берушiмен ескертiлген немесе ескертiлмегенiне байланысты болады. Шарттың ақылылығы немесе ақысыздығы сақталушы мiндеттерiнiң аясын анықтау үшiн шешу маңызға ие болмайды, өтйкенi оның барлық шығындары кез келген жағдайда өтелетiн болады, бiрақ дау туғанда, сот шарттың ақысыз сипаты кезiнде сақтаудың ерекше жағдайлары ескертiлмегендiкке көбiрек мойынсынуға тиiс.
Сақтаушы өзiне берiлген заттардың сақталуын қамтамасыз ету үшiн шартта көзделген барлық шараларды қолдануға мiндеттi (ҚР АК 775б, 1т.). Осылайша, шарт сақтаушы үшiн негiзгi басшылыққа алатын құжат болып табылады жəне дəл соның өзi жүк берушiнiң сақтау бойынша қызметтерге деген мұқтаждығының iс жүзiндегi көлемiн ескеруге мүмкiндiк бередi.
Егер шартпен сақтаушының оларды жүргiзу жөнiндегi сол бiр немесе өзге шаралары (мiндеттерi) ескертiлмесе, бiрақ, дегенмен де, олар қажеттi болып табылса, онда сақтаушы орын алған жағдайға сүйене отырып оларды да қолдануға тиiс.
Сақтаушы затты ақысыз сақтауға қабылдаған кезде жəне затты күту бойынша белгiлi бiр əрекеттердi жасау тараптармен ескертiлмеген кезде, сақтаушы сақтауға алынған затқа өз заты сияқты қамқорлық жасауға тиiс.
Кəсiби сақтау кезiнде сақтау жағдайлары шартта толық сипатталмағанда сақтаушы тиiстi iскерлiк айналым дағдыларын (егер олар болса) басшылыққа алуға тиiс. Кəсiби сақтаушыға сол бiр немесе өзге заттарды сақтауға қабылдаған кезде оның өзi дербес олардың қасиеттерiн ескерiп, тиiстi шаралар қолдану жөнiндегi талаптар қойылуы мүмкiн. Бұған кəсiби сақтаушының өзi бiле алмайтын заттардың ерекше (тəн емес) қасиеттерi кiрмейдi.
Барлық сақтаушылар, олардың тұрмыстық не кəсiби сақтаушылар екенiне қарамастан, жария тəртiп ұстанымдарын сақтауға тиiс. Өйткенi оларды ұстану немесе ұстанбау заттың сақталуына əсер етуi мүмкiн. Яғни мұнда сақталуы салалық заңдармен талап етiлетiн əртүрлi нормативтер туралы сөз болып отыр. Мəселен, барлық азаматтарға Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi Агенттiк органдарының өрт, сейсмикалық қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге қатысты талаптарды, кəсiпорындардағы авариялардың алдын алуға бағытталған талаптарды сақтау қажет. Денсаулық сақтау министрлiгiнiң санэпидемқадағалау органдары тиiстi саниталықэпидимиологиялық талаптарды белгiлейдi. Осындай талаптардың сақталуын қамтамасыз етпеген субъектiлер егер соның салдарынан заттардың бүлiнуi немесе жойылуы орын алса, бұл үшiн жүк берушi алдында жауапты болады.
Сақтаушыда сол бiр немесе өзге жағдайлар орын алғанда ол бұрын өзi болған үйжайды жөндеуден өткiзедi, оны ауыстырады немесе қандай да бiр табиғи, техногендiк құбылыстардың жəне т.б. салдарынан затты сақтау жағдайлары өзгеретiн болады, онда сақтаушы заттың сақталуын қамтамасыз ету үшiн ағымдағы шараларды қолдануға тиiс.
Сақтаушы, сондайақ жүк берушiге сақтау жағдайларының өзгеретiндiгi туралы дереу хабарлауға жəне оның жауабын күтуге мiндеттi, заттың жоғалу немесе бүлiну қаупi туған жағдайда сақтаушы жүк берушiнiң жауабын күтпестен, сақтаудың шартта көзделген əдiсi мен орнын өзгертуге мiндеттi.
Егер де қолданылған шараларға қарамастан, зат сақталу кезiнде бүлiнуге ұшыраса немесе оның сақталуын қамтамасыз етуге мүмкiндiк бермейтiн (мысалы желдеткiш жүйелер iстер шықса, ал зат сақтау кезiнде тұрақты түрде желдетудi талап етсе, бiрақ сақтаушы аталған жүйелердi қалпына келтiре алмаса) жəне жүк берушi тарапынан шаралар қолдануды күтуге болмайтын басқа жағдайлар туындағанда, сақтаушы сақтау жəне сату бойынша өз шығындарын өтей отырып, затты немесе оның бiр бөлiгiн сатуға құқылы. Затты сақтаушы ретiнде ұстау кезеңiнде, ол затты пайдаланудан тартынуға мiндеттi. Сақтаушының затты пайдалану мүмкiндiгi сақтау шартымен көзделуi мүмкiн. Сақтаушыға затты пайдалану құқығын беру кейбiр жағдайларда сақтау үшiн төленетiн ақшалай төлемнiң орнын алмастыратын болады. Егер бұл оның сақталуын қамтамасыз етуге қажет болса, сақтаушы затты пайдалануға құқылы болады.
Сақтаушы өзiне сақтау үшiн берiлген мүлккке (затқа) заттың құқықтарды иеленбейтiн болғандықтан, сақталған заттарданалынған нəтижелер(өсiмдер) мен кiрiстердi иеншiк иесi мен өзiнiң арасында бөлу туралы да мəселе туындамайды. Сақтаушы затты қайтарумен бiрге сақтау уақытысында алынған нəтижелер мен кiрiстердi де беруге мiндеттi. Шартпен басқаша көзделуi де мүмкiн, жемiстермен табыстар көптеген жағдайларда егер бұл жөнiнде тараптардың келiсiмi болса, сақтау үшiн берiлетiн кəдiмнi сыйақыны толықтай алмастырады жəне сақтаушының шығындарын өтей алады. Сақтаушы жалпы ереже бойынша өз мiндеттерiн жеке өзi атқаруға мiндеттi. Егер заң актiлерiнде немесе шартта өзгеше көзделмесе, ол затты жүк берушiнiң келiсiмiнсiз үшiншi тұлғаға беруге құқылы емес. Бiздiң ойымызша, сақтаушы заң бойынша сақтау жөнiндегi мiндеттi үшiншi тұлғаға жүктей алатын жағдай арестке алынған мүлiктi сақтау тəртiбi мен жағдайлары туралы жоғарыда аталған нұсқаумен көзделедi. Сот орындаушысы, мүлiктi арестке алғанда оның меншiк иесi болмағандықтан сот шешiмi орындалған кезеңге дейiн оның сақталуын қамтамасыз етуге мiндеттi (ол заң бойынша сақтаушы, егер сот шешiмi жойылса жəне мүлiк қайтарылуға тиiс болса, меншiк иесiнiң мүдделерi мен оның құқықтарын қамтамасыз ету үшiн онң жағдайын осылайша талқылаған дұыс болады).
Егер сот орындаушысының əрекеттерiнде кiнəлi құқыққа қайшы əрекеттер болса жəне (оның салдарынан мүлiктiң сақталуы қамтамасыз етiлмеген болса ол бұл үшiн жауапты болады. Сонымен бiрге, сот орындаушысы өз əрекеттерiмен мүлiктiң сақталуын қамтамасыз ете алмайтындығы да түсiнiктi. Ол жүк берушi ретiнде танылатын сақтау шартының негiзiнде жекелеген заттардың жиынығы түрiндегi мүлiкi (тiзiм бойынша) үшiншi тұлғаға беруге мiндеттi (нұмқаудың 3т).
Сақтаушы жүк берушiнiң келiсiмiнсiз затты сақтауға үшiншi тұлғаға, егер бұл орайда жүк берушiнiң мүдделерiндегi қажеттiлiк туса жəне сақтаушы оның келiсiмiн алу мүмкiндiгiнен айырылса, беруге құқылы. Сақтаушы жүктiң үшiншi тұлғаға берiлгендiгi туралы дереу жүк берушiнi хабардар етуге мiндеттi.
Барлық жағдайларда сақтаушы затты сақтауға берген үшiншi тұлғаның iсəрекетi үшiн жауап бередi. Зат сақтаушымен жүк берушəiге сақтауға қабылданған күйiнде қайтарылған тиiс. Заттардың табиғи бұзылуы не табиғи кемуiн ғана ескеруге жол берiледi.
Сақтаушы өзiне сыйақы төлеудi, егер ол шартпен, заңнамамен көзделсе не оны төлеу мiндетi мiндеттеме мəнiсiнен туындайтын болса, талап етуге құқылы. Бұған қоса сақтаушы (барлық жағдайлада) сақтау шығындарын жəне сонымен байланысты көптеген өзге де қажеттi шығындарды өтеудi талап етуге құқылы.
Сақтаушының құқықтары мн мiндеттерi бойынша консенсуалды сақтау шартының (онда сақтаушы кəсiпкерлiк қызмет субъектiсi болып табылады) реалды шарттан айырмашылығы сақтаушының затты сақтауға шарт талаптарына сəйкес қабылдауға мiндеттi болатындығында. Бұл мiндет қабылдануға жататын заттардың мөлшерiн, олар қабылдануға тиiс мерзiмдердi, сондайақ заттарды сақтауға қабылдау кезiнде сақтаушымен жасалынуға тиiс əрекеттердi көрсетумен нақтылана алады.
Косенсуалды сақтау шарты бойынша сақтаушыға затты сақтауға қабылдау бойынша мiндет жүктеледi, бiрақ егер жүк берушi шарттан оны орындаудан бұрын бас тарста затты өзiне сақтауға берудi талап ету құқығына ие болмайды.
Жоғарыда бiз консенсуалды сақтау шарты бойынша сақтаушының мүдделерiн ескеру туралы ескерткен болатынбыз. Ол, егер заң актiлерiмен немесе шартпен өзгеше көзделмесе, сақтаушының мұндай жағдайларда жүк берушiден жүзеге аспай қалған сақтауға байланысты келтiрiлген шығындарды өтеу туралы талап ету құқығына ие болатындығымен сипатталады.
Бiрақ, жүк берушi егер сақтаушының қызметтерiнен бас тартатындығы туралы қисынды мерзiмде мəлiмдесе, затты сақтауға бермегенi үшiн жауапкершiлiктен босатылатын болады.
Қисынды мерзiм деп сақтаушы өзiне төнiп тұрған шығындардың алдын алу үшiн тиiстi шаралар қолдануға жеткiлiктi уақыт кезеңiн түсiнемiз. Тəжiрибеде мұндай қисынды мерзiмдi анықтау сөзсiз елеулi қиындықтар тудырады. Зат дер кезiнде сақтауға берiлмеген кезде, сақтаушы затты қабылдаудан бас тарту құқығына ие болады. Затты сақтауға берудiң нақты мерзiмi анықталмағанда, сақтаушы шартты бекiту сəтiнен бастап отыз тəулiк өткеннен кейiн затты сақтауға қабылдаудан бас тарта алады. Сақтауды өзiнiң кəсiпкерлiк қызметiне орай жүзеге асыратын сақтаушы егер заң актiлерiнде өзгеше белгiленбесе, техникалық мүмкiндiктер бола тұра затты сақтауға қабылдаудан бас тартуға құқылы емес.
Иесiздендiрiп немесе басқаша қалыпсыз сақтау (латынның depositum irregulare деген сөзiнен пайда болып, əдеттен тыс, қалыпты емес жүк дегендi бiлдiредi) да шарт мазмұнының өзгеруiне əсер етедi. Жеке анықталған заттарды сақтау кезiнде сақтаушы оларды кез келген уақытта қалған заттардан бөлiп ала алатындай жəне жүк берушiге дəл соларды ғана қайтара
алатындай етiп ұстауға тиiс. Иесiздендiрiп сақтау кезiнде сақтауға алынған заттар басқа жүк берушiлердiң сол тектес жəне сапасы сондай заттарымен араласып кетуi мүмкiн. Жүк берушiге заттар сол тектес жəне сапасы сондай тең мөлшерiнде қайтарымды. Иесiздендiрiп сақтау кезiнде сақтаушыда берiлген заттарға меншiк құқығы пайда болады, соның салдарынан иесiздендiрiлген кездейсоқ жойылу немесе бүлiну қаупi сақтаушыға жүктеледi.
Егер кездейсоқ жойылуға барлық сақталынып жатқан заттар шалдықса басқаша болады. Заттарды иесiздендiрiп сақтау кезiнде, егер бұл заң актiлерiнде немесе тараптардың келiсiмiнде белгiленсе, заттар осы тектес жəне сапасы сондай заттардан оқшау ұсталуға тиiс (ҚР АК 771баптың 2т). Бiртектес заттарды сақтаудың осындай шартының тəжiрибелiк маңызы, бiздiң ойымызша, оның мəнiсi бойынша жеке анықталған заттары сақтау шартына айналатындығында (заңда ол иесiздендiрiп сақтау шарты ретiнде анықталса да).
Мұндай шартты жасасу белгiлi бiр дəрежеде сақтаушының қауiп көтеру дəрежесiн азайтады. Жүк берушi үшiн оның ұйымдылығы мынада: сапасын жеке өзi тексерiп берген бiртектес заттар басқа тектес аттармен араласпайтын болады жəне қайтару кезiнде бүлiнген заттарды (мысалы, астықты, құрылыс қоспалары, қантты, ұнды жəне т.с.с.) беру қаупi болмайды.
Сонымен қатар, жүк берушi өзiне сақтануға берiлген заттарды бiрiншi талап ету бойынша iс жүзiнде қайтару мүмкiндiгiн қамтамасызетедi, ал иесiздендiрiлген заттар басқа жүк берушiлер алдында мiндеттеменi атқару үшiн берiлiп қойылуы мүмкiн жəне осындай заттарды белгiлi бiр жүк берушiге қайтару үшiн талап ету сəтiнде олар жеткiлiксiх болып қалуы мүмкiн.
Жүк берушi, қалыптасқан тəжiрибе мен доктриналық көзқарастарға сəйкес мүлiктiң қасиеттерi мен оны сақтау ерекшелiктерi туралы сақтаушыны ескертуге мiндеттi. Өкiнiшке қарай, бұл мiндет Азаматтық кодекс нормаларымен тiкелей көзделмеген, алайда ол сонда да талап етiледi. Бiздiң заңнамамызда белгiлi бiр қиғаштық байқалады. Кейбiр шарттық институттар тым толығырақ нақтыланса, басқалары, керiсiнше, нормативтiк бекiтiлуде жеткiлiксiздiкке ұшырасуда.
Жүктiң қасиеттерi туралы жүк берушiнiң хабарлау мiндеттi жанама түрде азаматтық кодекстiң 779 жəне 782баптарынан байқалады. Жалпы осы мiндеттiң мəнiсi неде екенiн нақтылауға талпынып көрейiк. Тұрмыстық сақтауға кəдiмгi заттарды (үй тұрмысындағы заттары) тапсыратын жүк берушi олардың өздерiне тəн қасиеттерi туралы сақтаушыны ескертпеуi де мүмкiн.
Алайда, затты сақтау бойынша талаптарды олардың сақтаушыға потенциалды түрде белгiсiз болатындары пайда болса, жүк берушi олар туралы хабарлауға тиiс. Бұл тəжiрибеде сақтаудың мұндай шарттары сирек бекiтiлетiндiгiмен байланысты жəне əдетте, тұрмыстық сақтаушыдан, ол өз заттарына қатысты қандай жiгер танытса, сондай жiгер (шаруашылық сақтық) талап етiледi. Егер оның шаруашылығында, тиiстi кұүтiмдi талап ететiн, сақтауға берiлген сияқты дəл сондай зат болмай қалса, онда сақтаушы заттың сақталмағандығы үшiн кiнəлi деп те танылмайды.
Мүлiктi кəсiби сақтаушыға тапсыратын жүк берушi “сенiмдiрек” бола алады. Кəсiби сақтаушы тиiстi заттарды сақтау үшiн сақтаудың қандай жағдайлары оңтайлы болатынын өзi анықтауға тиiс, егер ол сақтаудың тиiстi жағдайларына ие болмаса, онда ол тұтынушыны, сондай-ақ басқа да берушiнi хабарландыруға тиiс.
Бұл айтылған сөз жүк берушiнiң сақтаушыны ненiң сақтауға берiлетiндi туралы жаңылыстыруға, сақтаушының қасиеттер туралы, соның iшiнде ерекше заттар туралы сұрақтарына жауап бермеуге құқық бередi дегендi бiлдiрмейдi. Сақтауға өткiзiлетiн заттардың белгiлi бiр буыптүйiлуi туралы, оларды сақтауға дайындаудың өзге де сақтаушының талаптарын ескермеу де жүк берушi тарапынан бұзушылық болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |