Лекция №18. Меншік құқығының ұғымы және мазмұны


Лекция №30. Сақтау шартының ұғымы, элементтері, мазмұны, түрлері: банктік шот, ақша аудару, банк салымы



жүктеу 0,61 Mb.
бет62/68
Дата02.06.2020
өлшемі0,61 Mb.
#30830
түріЛекция
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   68
Лекция 3 курс азаматтык кукык

Лекция №30. Сақтау шартының ұғымы, элементтері, мазмұны, түрлері: банктік шот, ақша аудару, банк салымы

Жоспар:

Сақтау шартының ұғымы, элементтері,мазмұны және түрлері: ломбардта, құндылықтарды банкте, камераларда, киімілгіштерде, қонақүйде, даулы заттарды (секвестр), тауар қоймасында сақтау.


Сақтау шарты бойынша бiр тарап (сақтаушы) оған екiншi тараптың (жүк берушiнiң) берген затын сақтауға жəне бұл затты сақталған күйiнде қайтаруға мiндеттенедi (ҚР АК 768б. 1т.).

Сақтау мəселесiн баяндайтын бiрқатар теориялық зерттеулерде атап өтiлгендей сақтау қызмет көрсетудiң ерекше түрi, соның iшiнде қызмет көрсетулердiң iшiнде азаматтыққұқықтық мiндеттемелер арқылы қамтамасыз етiле алатын кең таралған түрлерiнiң бiрi болып табылады.

Қазiргi қоғамда сақтау бойынша қатынастардың кеңiнен таралуын толық түсiнуге болады. Азамат өз үйiнен шығып, қоғамдық орындарға барғандаақ заттарды сақтауға беру қажеттiлiгi жиi туындайды. Мұндай жағдайларда азамат үшiн шарт еркiндiгi, бiз бұған мəн бермесек те, елеулi түрде шектеледi. Бiлiм беру, дəрiгерлiк, өзге де мекемелерде, ұйымдарда, театрлар мен т.б. жерлерде сырт иiмдi гардеробқа өткiзу талабы белгiленуi мүмкiн. Дүкендерде (сауда кəсiпорындарда)” сөмкелердi, қол сандықтарды, кейстер мен өзге де ұқсас заттарды сақтауға өткiзудi талап ете алады.

Жалпы пайдаланыстағы орындарда (базаларда) саудамен айналысатын кəсiпкерлер базарларға тиесiлi үйжайларда сақтау қызметiн пайдалана алады. Жалпы кiшi кəсiпкерлiк субъектiлерiне (сауда фирмаларына) өз тауарларының сақталуын қамтамасыз ету үшiн сақтаумен кəсiби түрде айналысатын субъектiлердiң қызметтерiн пайдалану тиiмдiрек болып табылуы мүмкiн. Бұл аталған кəсiпкерлерге қайта үй жайларының құрылысына (оларды сатып алуға) оларды жалға алуға, күзетуге, сондайақ қойма жабдықтарын сатып алуға қомақты соманы жiберуге мəжбүр болғанның орнына өзiнiң айналым қаражаттарын жұмсамауға мүмкiндiк бередi.

Сақтау қажеттiлiгi заңдардың талаптарына сəйкес туындайтын жағдайлар да орын алады. Мысалы, арестке алынған мүлiктi, мұраға қалдырылған мүлiктi, кеден қоймаларындағы мүлiктi жəне т.б. сақтау жүзеге асырылады.

Заттардың белгiлi бiр түрлерi тек тиiстi жағдайлары бар, заттардың сақталуын қамтамасыз ете алатын (соның iшiнде ұрлаудан сақтай алатын), оларды беру мен сақтауға қабылдаудың тиiстi режимiн қамтамасыз ететiн сақтаушылармен ғана сақтала алады. Əрине, мұндай жағдайларда да заттарды сақтауға беру қажеттiлiгi туындайтын болады. Яғни, сақтау бойынша мiндеттеменiң туындауы əртүрлi себептермен жетеленуi мүмкiн жəне ол тек сақтау шартына ғана байланысты туындамайды. Алайда сақтау шарты басқа да барлық жағдайларда осындай мiндеттеменiң туындауының негiзi болып табылады. Сақтаушы тұлға мен заттарды сақтауға берген тұлғаның құқықтары мен мiндеттерi шартқа сəйкес сақтау туралы ережелермен анықталатын болады. Қазiргi жағдайларда мүлiктi сақтау бойынша мiндеттердiң тұлғаға оның еркiнен тыс жүктелуi, сирек кездесетiн жағдайларды қоспағанда, мүмкiн емес екенiн атап өткен жөн. Сондықтан бiз, мұны қаласақ та, қаламасақ та сақтау шартының құрылымына жүгiнуге мəжбүр боламыз.

Сақтау күрделi емес, аралас шарттың да құрамына ене алады. Сақтаудың аралас шарттың құрамына енуi екi құрылымды мүмкiн етедi. Бiрiншi құрылым (яғни жалпы тiзiм бойынша үшiншi) кезiнде сақтау шарттағы тараптың негiзгi мiндеттемесiне қызмет көрсетедi. Яғни оның өзi қосымша болып табылады. Оны ашатын мысалдарға бiрнешеуiн келтiруге болады. Мəселен, сақтау бойынша қосымша мiндеттеме тараптардың келiсiмiмен көлiк экспедициясы, мердiгерлiк комиссия, тапсырыс шарттарында көзделуi мүмкiн.

Төртiншi құрылым сақтау бойынша мiндеттеменiң басқа мiндеттемелермен қатар орын алуын (басымды немесе кем дегенде теңдей тəртiпте) көздейтiн болады. Сақтаушы өзiне экспедициялық қызмет көрсету бойынша, жүк берушi пайдасына қосымша мердiгерлiк жұмыстар атқару жəне т.б. мiндеттердi қабылдауы мүмкiн. Сол бiр немесе өзге құрылымды қолдану, сақтау бойынша қызмет көрсететiн субъект пен оның несие берушiсi қатынастарының тəжiрибелiк мəселелерiн шешуге əрине ықпал етедi. Алайда, бiздiң ойымызша, сақтау жөнiндегi жалпы, негiзгi ережелердiң де маңызын кемсiтпеген жөн.

Елеулi айырмашылық сақтаудың күрделi шартқа енуi мен сақтаудың аралас шартқа енуi арасында айқын көрiнiс табады. Бiрақ, жоғарыда айтылғанды ескере отырып, М.И.Брагинскийдiң “сақтау шарттың басқа элементтерiмен қосылып кететiн күрделi шартқа қарағанда оған белгiленген бiртұтас құқықтық режимге бағынады… аралас кезiнде АК 412 бабы күшiне енедi” деген бiржақты пiкiрi дұрыстау емес деген ойдамыз. Мүмкiн, күрделi

шарт қатынастарын тiкелей реттейтiн нормалар əрекетiнiң басымдығы жəне сақтау туралы нормаларды қолдану мүмкiндiгi туралы айтқан жөн болар. Əйтпегенде, күрделi шарттар аясында “жүк элементiн” (сақтауды) бөлiп көрсету мəнiсiнен айырылады. Бұған қоса, заңнаманы осылай талқылау арқылы бiз бiрқатар ұқсас жағдайларда сақтау туралы нормалардың жалпы (бағыттаушы) маңызын елеулi түрде төмендетiп аламыз. Сақтаушылар жəне жүк берушiлер деп тiкелей аталмаған субъектiлердiң құқықтары мен мiндеттерiн анықтауда айтарлықтай қиыншылықтар туындайды, алайда олардың iс жүзiндегi жағдайы сақтаушы мен жүк берушiнiң жағдайы сияқты болып табылады немесе соған жақынырақ болады.

Сақтау шартын (мiндеттемесiн) аралас шарттардан бөлектеген жөн. Бұл сақтау шартының өзi туралы толық пiкiр (əсер) алуға мүмкiндiк бередi. Сақтау шартының қарымқатынасы туралы осы мəселенi баяндауда А.П.Сергеева мен Ю.К.Толстойдың редакторлығымен шыққан азаматтық құқық оқулығының авторлары қомақты үлес қосты.

Аталған оқулықтың авторлары атап өткендей, сақтаудың жалға алу мен ссудадан ерекшелiгi – сақтаушының мүлiктiң сақталуын оны пайдалану құқықтарын иеленбей қамтамасыз етуге тиiс екенiнде. Ал жалға алушы мен несие берушi мүлiктi пайдалану құқығын иеленедi. Яғни екi жағдайда да мүлiктi уақытша иелiкке берудiң мақсаттары əр түрлi (осының өзi салыстырмалы талдау жасауға түрткi болды).

Аталған ерекшелiкке сүйене отырып, сақтаушының əрекеттерiн, егер ол өзiнiң шарттық өкiлеттiктерiн асыра отырып, мүлiктi пайдаланатын болса, заңсыз деп тануға болады. Жалға алу шартында сақтау элементiн бөлiп көрсету мүмкiн емес, өйткенi жалға алушы, мүлiктi уақытша болса да өз иелiгiне ала отырып, оны өз мақсаттары үшiн сақтайтын болады.

Мүлiктiң сақталуын қамтамасыз ету бойынша жалға алушының мiндеттерi тiкелей мүлiктi жалға алу шартынан туындайды (тек осы шарттың ерекшелiгiн құрайды). Жоғарыда мүлiктi жалға алу шартын қарастыра отырып, бiз мүлiктi ұстау жөнiндегi ауыртпалық сəйкесiнше жалға алушыға өтуге тиiс екендiгi туралы айтқанбыз. Егер де сақтау шарты туралы сөз қозғайтын болсақ, онда мүлiктi ұстау ауыртпалығын сақтаушыға беруге жол берiлмейдi.

Осы айтылған сөз аралас шарттардың соның iшiнде жалға алу элементтерi бар сақтау шартының бекiтiлуiн жоққа шығармайды. Мұндай сəттерде, тиiсiнше жалға алу немесе сақтау туралы нормаларды қандай пропорцияда, тараптардың қандай қатынастарына қолдануды анықтау мiндетi туындайды. Бұл жөнсiз мəселе емес. Мəселен, жалға берушi мүлiктi жалға бере отырып, затты пайдалану нəтижесiнде оның мүмкiн болатын тозуымен алдынала келiседi. Ал, жүк берушi болса затты бұрынғы күйiнде, тозусыз қайта алуға жиынтық айырмашылық айқын көрiнедi. Қандай нормалар басымды болып табылады, тараптар мүдделерiнiң балансы қайда? Бұл даулар бойынша iстердi шеше алатын аяттар, сондайақ зерттеушiлер мен азаматтық құқықтың өзге де мамандары үшiн күрделi сұрақтар болып табылады.

Сондықтан олардың мəнiсiне, мазмұнына нормативтiк реттелуi мен осыған байланысты, мүмкiн болатын тəжiрибелiк айырмашылықтарға сүйене отырып бiз сақтаумен заем сақтау мен қозғалмайтын мүлiктi күзету шарттарын ажыратамыз.

Əрекет етушi заңнамада сақтау шартының бiрқатар түрлерiнiң тəртiбi ретке келтiрiлген. Ең алдымен, сақтаудың барлық шарттары үшiн маңызды болатын сақтау туралы жалпы ережелер бөлiп қарастырылады. Олармен кəдiмгi (тұрмыстық) сақтау да реттеледi.

Субъектiлiк қатарындағы айырмашылықтарға, мазмұнындағы кейбiр ерекшелiктер мен нормативтiк бекiтiлуiне байланысты сақтау шартының мынадай түрлерi ажыратылады: 1) заттарды ломбардта сақтау; 2) құндылықтарды банкте сақтау; 3) көлiк ұйымдарының сақтау камераларында сақтау; 4) ұйымдардың киiм iлгiштерiнде сақтау; 5) қонақ үйде сақтау; 6) даулы заттарды сақтау – секвестр.

Кəсiпкерлiк аясындағы қарымқатынастарды реттеу үшiн арнайы көзделген жəне осыған орай нысанындағы тараптардың құқықтары мен мiндеттерiндегi елеулi ерекшелiктерге байланыты жеке бөлiп қарастырылатын сақтау шартының тағы бiр түрi болып тауарлы қоймада сақтау шарты табылады.

Сақтау шарты туралы нормалар Қазақстан Республикасының азаматтық кодексiнде, 39тарауда (768802баптар) қамтылған. Сақтау қатынастарына қатысты нормалар сондай-ақ өзге де заңдық жəне заңға сəйкес нормативтiк актiлерде көрiнiс тапқан. Оларға мыналарды жатқызуға болады: 31 тамыз 1995 жылғы Қазақстан Республикасының “Қазақстан Республикасындағы банктер жəне банк қызметi туралы” заңы, 19 қаңтар 2001 жылғы Қазақстан Республикасының “Астық туралы” Заңы, 20 шiлде 1995 жылғы Қазақстан Республикасы президентiнiң “Қзақстан Республикасындағы кеден iсi туралы” Заң күшi бар жарлығы, 10 шiлде 1998 жылғы Қазақстан Республикасының “Есiрткi құралдары, психотропты заттар, прекурсорлар мен олардың заңсыз осы заңның атауын тексеру керек айналымы мен терiс пайдаланылуына қарсы əрекет ету шаралары туралы” Заңы жəне басқа да жекелеген заңдар. Заңға сəйкес нормативтiк актiлерге мыналар жатады: ҚР Ұлттық банк Басқармасымен 16 шiлде 1995 жылы бекiтiлген ломбардтар туралы Ереже, Қазақстан Республикасы əдiлет министрiнiң 17 сəуiр 2000 жылғы № 35 бұйрығымен бекiтiлген арестке алынған мүлiктi сақтаудың тəртiбi мен жағдайлары туралы нұсқау, Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi тұсындағы кеден комитетiнiң 6 шiлде 1995 жылғы № 125 бұйрығымен бекiтiлген, Кеден қоймалары туралы Ереже; Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 22 ақпан 2000 жылғы № 273 “Астық пен оны қайта өңдеу өнiмдерiн элеваторларда қабылдау, сақтау, қайта өңдеу бойынша қызметтi лицензиялаудың _______жекелеген мəселелерi туралы” қаулысы. Бұл, сондай-ақ сақтау мəселелерi жөнiндегi нормативтi актiлердiң түпкiлiктi тiзiмi емес.

Сақтау шарты реалды шарт. Бұл ҚР АК 768бабының 2тармағының мазмұнынан көрiнедi. Онда сақтау шарты зат сақталуға берiлген кезден бастап жасалған деп танылады да, тiкелей көрсетiлген. Аталған норма мағынасынан туындайтындай. Бұл шарттың мəнiсi тараптардың еркi бойынша консенсуалды шарт құрылымын қолдануға бейiмделмеген. Өйткенi алдын ала келiсiм бойынша жүк берушiнi сақтаушымен мəжбүр ету мүмкiндiгi ең алдымен егер бұл басқа тұлғалардың мүдделерiне зиян (шарттық немесе шарттық емес) келтiрмейтiн болса өз мүлкiне билiк ету мүмкiндiгi болуға тиiс меншiк иесi ретiндегi жүк берушi мүдделерiне зиян келтiрер едi. Жүк берушi шарттан бас тарту кезiнде бұл орын алмайды (орын алмауға тиiс), өтйкенi кəсiпкер болып табылмайтын сақтаушы сақтау бойынша қызмет көрсетуден жүйелi негiзде пайда табуды жоспарламайды.

Сақтаушы рөлiнде кəсiпкер тұрса басқаша болады. Онымен сақтаудың консенсуалды шарты бекiтiлуi мүмкiн (ҚР АК 769б. 1т). Бұл жағдайда заң шығарушы сақтаушының заңды мүдделерiн ескередi.

Кəсiпкермен бекiтiлетiн сақтау шартын консенсуалды сипат қана емес, сондайақ оның жариялылығы да ерекшелендiредi (ҚР АК 770бап). Сақтау шарты жалпы ереже бойынша ақысыз шарт болып табылады, бұл оның келтiрiлген анықтамасынан айқын көрiнедi. Заңнамадан, iскерлiк айналым дағдыларынан шарттың ақылылығы байқалған жағдайларда тараптар өзара келiсiм бойынша ақысыз сақтауды шарттауы мүмкiн. Кəсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыру тəртiбiнде бекiтiлген сақтау шарты егер ақысыздық туралы арнайы ескерте (тараптар келiсiмi) болмаса, ақылы деп танылады.

Сақтау шартын кейде бiр жақты шарт деп атайды, өйткенi реалды ақысыз сақтау шартын бекiткеннен кейiн мiндеттердiң негiзгi бөлiгi сақтаушыға жүктеледi, ал жүк берушi негiзiнен құқылы субъект ретiнде көрiнедi. Бiрақ мұндай сəттерде де сақтау шартының толықтай бiржақты сипаты туралы айтуға болмайды. Ал егер сақтау шартының ақылылығы мен

(немесе) консенсуалдығы туралы сөз қозғалса, онда сақтаудың бiржақтылылығы туралы пiкiрлер орынсыз болары анық.


жүктеу 0,61 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   68




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау