Лекция №18. Меншік құқығының ұғымы және мазмұны



жүктеу 0,61 Mb.
бет22/68
Дата02.06.2020
өлшемі0,61 Mb.
#30830
түріЛекция
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   68
Лекция 3 курс азаматтык кукык

Резидент еместер – жеке тұлғалар, заңды тұлғалар, олардың жоғарыда аталған тізімде жоқ филиалдары жəне өкілдіктері. Ақшалай мiндеттеменi орындау үшiн жеткiлiксiз төленген төлемнiң сомасы тараптардың өзге келiсiмi болмаған жағдайда ең алдымен несие берушiнiң орындау жөнiндегi шығындарын, сонан соң айыпақы мен сыйақыны (мүдденi), ал қалған бөлiгiнде – борыштың негiзгi сомасын өтейдi.

Ұзақ мерзiмдi мiндеттемелерде тараптар келiскен шарттарда төлемдi индекстеу көзделуi мүмкiн. Орындаудың тəсілі – ол міндеттемені орындау кезіндегі тараптардың іс-əрекет жасау тəртібі болып есептеледі. ҚР АК 274-бабы бөлшектеп орындау сынды орындау əдісін реттейді. Егер заңдарда өзгеше белгiленбесе немесе мiндеттеме мəнiнен өзгеше туындамаса, жалпы ереже ретінде несие берушi мiндеттеменi бөлшектеп орындауды қабылдамауға құқылы.

Борыш сомасын нотариустың атына депозитке салу, ал заңнамалық актілерде көрсетілген реттерде соттың атына салу арқылы ақшалай міндеттемені ерекше əдіспен орындауға болады. Борыш сомасын депозитке орналастырған борышқор міндеттемені орындады деп саналады.

Орындау жері заңнамамен, міндеттеме ережелері арқылы айқындалады немесе міндеттеме мəнінен көрінеді. Мысалы, тұрғын үйді жөндеу міндеттемесі осы ғимарат орналасқан жер бойынша орындалуы тиіс.

Орындау жерін айқындау қиындық туындатқан реттерде тараптардың арасында дау туындауы мүмкін. Сондықтан ҚР АК 281-бабы міндеттемелерді орындау жері туралы ережелерді келесідей мазмұнда ұсынды.

Егер мiндеттеме орындалатын жер заңдарда немесе оның шарттарында белгiленбесе немесе мiндеттеме мəнiнен немесе iскерлiк қызмет өрiсiндегi əдеттегi құқықтардан көрiнбесе, ол:

1) мiндеттеме бойынша қозғалмайтын мүлiктi беру – мүлiк орналасқан жерде;

2) мiндеттеме бойынша тауарды немесе өзге де мүлiктi тасымалдауды пайдалана отырып беру – мүлiктi несие берушiге жеткiзу үшiн оны бiрiншi тасымалдаушыға тапсыратын жерде;

3) егер бұл жер мiндеттеме пайда болған кезде несие берушiге белгiлi болса, кəсiпкердiң басқа мiндеттемелерi бойынша тауар немесе өзге де мүлiктi беру – мүлiк дайындалған немесе сақталатын жерде;

4) ақшалай мiндеттеме бойынша – несие берушiнiң мiндеттеме пайда болған кездегi тұрғылықты жерiнде, ал егер несие берушi заңды тұлға болса – мiндеттеме пайда болған кезде оның болған жерiнде; егер несие берушi мiндеттеменiң орындалу кезiнде тұрғылықты жерiн немесе тұрған жерiн өзгертiп, бұл туралы борышқорға хабарласа – орындалатын жердiң өзгертiлуiне байлан ысты барлық шығындарды соның есебiне жатқыза отырып, оның жаңа тұрғылықты жерiнде немесе тұрған жерiнде;

5) басқа да барлық мiндеттемелер бойынша – борышқордың тұрғылықты жерiнде, ал егер борышқор заңды тұлға болса – оның орналасқан жерiнде орындалуға тиiс.

Орындау мерзімі заңнама немесе шартпен айқындалады. Əдетте, туындау .6406 0мерзімі мен міндеттемені орындау сəйкес келіп жатады.

Ал осы мерзімдер арасында уақыттық интервал болуы жағдайды күрделендіре түседі. Егер мiндеттемеде ол орындалатын күн немесе ол орындалуға тиiстi уақыт кезеңi көзделсе немесе анықтауға мүмкiндiк берсе, мiндеттеме сол күнi немесе тиiсiнше сол кезең iшiнде кез келген уақытта орындалуға тиiс.

Мiндеттемеде ол орындалатын мерзiм көзделмесе, онда мiндеттеме пайда болғаннан кейiн ақылға қонымды мерзiмде орындалуға тиiс. Орындалу мерзiмi талап етiлетiн кезбен белгiленген мiндеттеменi борышқор несие берушi оның орындалуын талап еткен күннен бастап 7 күн мерзiмде орындауға мiндеттi.

Егер заңдарда немесе мiндеттеме шарттарында өзгеше көзделмесе жəне оның мəнiнен туындамаса, мiндеттеменi мерзiмiне дейiн орындауға жол беріледі. Мысалы, сақтау шартын мерзіміне дейін орындау аталған міндеттеменің мəніне қайшы болып табылады.

Кəсіпкерлік қызметке байланысты міндеттемелер үшін басқалай ережелер бекітілген. Кəсiпкерлiк қызметке байланысты мiндеттемелердi мерзiмiнен бұрын орындауға мiндеттеменi мерзiмiне дейiн орындау мүмкiндiгi заңдарда немесе мiндеттеме шарттарында көзделген, не iскерлiк қызмет өрiсiндегi əдеттегi құқықтардан немесе мiндеттеменiң мəнiн туындаған реттерде ғана жол берiледi. ҚР АК 280 бабында заңдарда немесе мiндеттеме шарттарында борышқордың несие берушiге мiндеттеменiң орындалу барысы туралы хабарлап отыру мiндетi көзделуi мүмкiн екендігі айтылады.

Мiндеттеменiң орындалғанын қабылдай отырып, несие берушi борышқордың талап етуi бойынша оның толық немесе бiр бөлiгi орындалғаны жөнiнде оған қолхат беруге мiндеттi. Қолхатты жай жазбаша нысанда рəсімдесе болады. Егер борышқор мiндеттеменi куəландыру үшiн несие берушiге борыш құжатын берсе, несие берушi оның орындалғанын қабылдай отырып, құжатты борышқорға қайтаруға тиiс. Қайтарып беру мүмкiн болмаған жағдайда ол мұны өзi беретiн қолхатта көрсетуге мiндеттi. Қолхат борышқорға қайтарылған борыш құжатындағы жазумен алмастырылуы мүмкiн.

Мұндай əрекеттердің маңызы осы арқылы міндеттемені тоқтатудың куəландырылуында болып табылады. Міндеттемені орындау субъектілері. Əдетте, міндеттемедегі əрбір тарап бір тұлға ғана болады. Кейбір жағдайларда əр тараптан бірнеше тұлға болатын міндеттемелер де болады. Бұдан міндеттемедегі тұлғалардың көптілігі туындайды.



  • Белсенді (көптілік несие беруші жағында),

  • Бəсең (көптілік борышкер жағында)

  • Аралас (екі жақтан да көптілік).

Осы ретте, несие берушілердің əрбірі талап ету құқығына, ал борышқорлардың əрбірі міндеттемені орындауға міндетті болады. Заңдардан немесе мiндеттеме шарттарынан өзгеше туындамайтындықтан, үлестік міндеттеме туындайды, яғни талап ету құқығы жəне міндеттер белгілі бір үлес шегінде бекітілдеі – ҚР АК 286-бабы. Өз үлесі бойынша міндеттемені орындаған борышкер міндеттемеден шығарылады, ол үшін міндеттеме орындалды деп есептеледі. Өзге борышкерлерге міндеттеме өз үлестері бойынша міндеттемені орындағанға дейін күшін сақтап қалады.


жүктеу 0,61 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   68




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау