Борышты кешiру – несие берушiнің міндеттемені орындаудан борышқорды босатуы болып табылады. Борышты кешіру екіжақты мəміле-шарт болып табылады. Несие берушінің мүлкіне қатысты өзге тұлғалардың құқықтарының бұзылуына əкелетін болса, онда бұған жол берілмейді. Мысалы, міндеттеме пəні болып табылатын ортақ меншікке қатысушылардың құқығы бұзылған ретте. Борышты кешіру борышқордың өзінің де мүддесін бұзуы мүмкін жəне осы себепті, ол борышты кешіруден бас тартуға құқылы.
Орындауға мүмкiндiк болмағандықтан мiндеттеменiң тоқтатылуы ҚР АК 374-бабының ережелері бойынша жүзеге асырылады. Егер мүмкiндiктiң болмауы борышқор жауап бермейтiн жағдайлардан туындаса, орындауға мүмкiндiк болмағандықтан мiндеттеме тоқтатылады. Шын мəнінде, міндеттемені орындаудың мүмкін болмауы туралы норма өзінің кінəсі жоқ болған ретте жауапкершіліктен борышқорды босату жөніндегі ережені сипаттайды.
Орындаудың мүмкін болмауы кездейсоқ жəне тараптардың еркінен тыс туындайтын қандай да бір сыртқы мəн-жайлардың себебімен орын алуы тиіс. Мысалы, бой бермейтін күш. Тек осы ғана кəсіпкерлік құқықтық қатынастардағы борышқорды орындаудан босатады. Өзге барлық міндеттемелерде орындаудың мүмкін болмауы борышқордың еркіне байланысты емес, кез келген кездейсоқ мəн-жайлардың салдарынан туындауы мүмкін. Ақшалай міндеттемелер бұған қосылмайды жəне оны орындаудың мүмкін еместігімен тоқтатуға болмайды.
Мемлекеттiк органдардың құжат (жария құжат) шығаруы салдарынан мiндеттеменi толық немесе iшiнара орындау мүмкiн болмаса, мiндеттеме толық немесе тиiстi бөлiгiнде тоқтатылады (ҚР АК 375-бабы). Мұндай актілер ретінде жергілікті өкілді жəне атқару органдарының, сондай-ақ жария актілерді атауға болады.
ҚР АК 376-бабына сəйкес азаматтың қайтыс болуымен келесідей екі түрін қоспағанда, оның барлық мiндеттемесі тоқтатылмайды:
1) борышқордың жеке басымен ажырамастай байланысты мiндеттеме;
2) орындау несие берушiнiң жеке өзiне арналса немесе борышқордың өзі жекелей орындауға тиіс болса.
Заңды тұлғаның қайта құрылуына қарағанда, оның таратылуы міндеттеменің тоқтатылуына əкеледі. Сонымен бірге, ҚР АК 377-бабында таратылған заңды тұлғаның мiндеттемесiн орындау заңдармен басқа заңды тұлғаға жүктелген жағдайларда, таратылатын заңды тұлғаның міндеттемесі тоқтатылмайды. Борышқор-мемлекеттік органның таратылуы оның міндеттемелерінің тоқтатылуына əкелмейді. Олар өз билігінде бюджет қаражаты бар органға ауысады.
Достарыңызбен бөлісу: |