Лекция №18. Меншік құқығының ұғымы және мазмұны



жүктеу 0,61 Mb.
бет64/68
Дата02.06.2020
өлшемі0,61 Mb.
#30830
түріЛекция
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   68
Лекция 3 курс азаматтык кукык

Сақтау шартының мерзiмi. Сақтауды реттейтiн АК нормаларының мағынасына сəйкес сақтау шарты қысқа мерзiмдi ретiнде бекiтiлуi мүмкiн. Мерзiмдiк белгiсi бойынша дəл осы шарттарды бөлудiң тəжiрибелiк маңызы бар. Бұл олардың нысанының ерекшелiктерiмен байланысты (оларды ауызша бекiтуге мүмкiндiк беретiндiгiмен). Қандай мерзiмнiң қысқа болып табылатындығы көрсетiлмеген кейбiр жағдайларда шарт мерзiмi қалыптасқан

жағдайдан айқындалуы мүмкiн. Мəселен, театрдың стадионның мұражайдың киiм iлгiшiне сақтауға өткiзiлетiн зат соларда болатын уақытқа ғана сақталады. Қысқа мерзiмдi шарт сол бiр немесе өзге мекеменiң жұмыс тəртiбiне бағдарланатын киiм iлгiштiң жұмыс тəртiбiнiң ұзақтығы бойынша анықталуы мүмкiн.

Зат көлiк ұйымдарының сақтау камераларына өткiзiлгенде сақтау мерзiмi сақтаудың тиiстi ережелерiмен анықталады жəнебiрнеше тəулiктен аспайды. АК 773бабында сақтау шартын талап етiлмелi мерзiмге немесе мерзiмiн көрсетпей бекiту мүмкiндiгi туралы айтылады. Онымен қатар жоғарыда атап өтiлгендей сақтаудың мерзiмдi шарттары да бекiтiлуi мүмкiн.

Соңғыларының мерзiмi сақтаушы мiндеттерiнiң уақыт iшiндегi шектерiн анықтайды. Басқа тұстарында ол талап етiлмей немесе мерзiмсiз шарт сияқты əрекет ете алады. Тек, мерзiмдi шарт бойынша сақтаушы мерзiмнiң аяқталу сəтiне затты қайтарудың барлық жағдайларын (мүмкiндiктерiн) қамтамасыз етуге мiндеттi екенiн есте ұстаған жөн. Өз кезегiнде жүк берушi де құқық бұзушы рөлiнде болып қалмас үшiн мерзiмнiң аяқталу сəтiнде затты алуға тиiс.

Талап етiлмелi шарттың мəнiсi – жүк берушiге шартты кез келген уақытта, шартты бұзумен сақтаушыға келтiрiлген шығындарды оған жүктеу қаупiнсiз, бұзу құқығы берiлетiндiгiнде.

Талап етiлмелi шарт мерзiмдi де мерзiмсiз де сақтау шартының элементтерiн қамтуы мүмкiн. Талап етiлмелi шарттың бекiту сақтаушының да құқықтық жағдайын өзгертедi. Егер зат талап етiлмелi сақтауға өткiзiлген болса (шарт мерзiмi оны бекiту жағдайларынан туындайды), сақтаушы осындай жағдайлардағы заттың əдеттегi сақталу мерзiмi өтен соң жүк берушiнiң заттарды қайтып алуын талап етуге құқылы. Сақтаушы, сонымен бiрге, жүк берушiге затты қабылдап алуға жететiндей қисынды мерзiм беруге мiндеттi.

Мерзiмсiз сақтау шартының құрылымы сақтаушы мен берушi мүдделерiнiң теңдiгiне негiзделедi. Сақтауды аяқтаудың дəл қажеттi мерзiмi туралы сенiмдi емес жүк берушi сақтаушымен затты сақтау бойынша сақтаушы мiндетiнiң жоғарғы шегi формальдi түрде шектелмейтiндiгi туралы келiсiмге келе алады. Осыған сүйене отырып, жүк берушi өзiнiң белгiлi бiр өзектi сатып алушыны тауып əкелуi мүмкiн, оның өндiрiстiк мақсаттарда пайдалануы мүмкiн жəне т.с.с.

Сонымен бiрге сақтаушының мүддесiне затты шексiз сақтау кiрмейдi. Соның салдарынан, талап етiлмелi шарт кезiнде сияқты, сол бiр немесе өзге жағдайларда кəдiмгi мерзiм өтiп кеткенде, сақтаушы жүк берушiге затты қабылдап алуға жететiндей қисынды мерзiм бере отырып, оны қайтып алуды талап етуге құқылы болады.

Сақтау шарты талап етiлмелi шарт ретiнде анықталмаған жағдайларда, жүк берушi де, шарт бойынша сақтаудың өзге мерзiмi көзделсе де, кез келген уақытта затты сақтаушыдан талап етуге құқылы. Бiрақ жүк берушi, егер шартпен өзгеше көзделмесе, сақтаушыға шартты мерзiмiнен бұзу салдарынан келтiрiлген шығындарды өтеуге мiндеттi болады.


жүктеу 0,61 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   68




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау