Сақтау шартының пəнi. Бұрын əрекет еткен заңнамада мүлiктi сақтау туралы сөз болған. Яғни сақтау пəнi нақтыланбаған. Қазiргi əрекет етушi заңнамада шар пəнi ретiнде заттың (заттардың) өзi анықталған. Бұл шешiм орынды жəне толық түсiндiрiле алады. Бұрынғы заңнамада “мүлiк” пен “зат” түсiнiктерiнiң арасындағы айырмашылық сiрə теориялық сипатқа ие болды. Соның салдарынан сақтау пəнiн анықтау үшiн “мүлiк” терминiн де қолдануға болар едi. Қазiргi жағдайда, яғни заңнамаға сəйкес мүлiк құрамы соншалықты бiртектес болмаған кезде, шарт пəнiнiң мұндай анықтамасы шарт түсiнiгiн бұрмалауға алып келуi мүмкiн. Сақтау шарты өз бетiнше “консервативтi” деуге де болады. Егер сатып алусату, жалға алу, сыйға тарту жəне кейбiр өзге шарттар үшiн олардың пəндерi бола алатын объектiлер аясы бiрден кеңейтiлсе, сақтау шарты үшiн ол бұрынғы қалпын сақтап қалды.
Сақтау шартының пəнi болып қозғалмалы заттар табылады. Олардың қатарына жеке анықталған заттарды да, тектiк белгiлермен анықталған заттарды да жатқызуға болады.
Заттарды сақтауға беру бойынша шек қою (тыйым салу) конституциялық құрылымды қорғау мақсаттарында заңмен көзделген жағдайларда белгiленуi мүмкiн. Мысалы дiни эстремизмдi тудыруға бағытталған, терроризмдi (лаңкестiктi) насихаттау мен соған бағдарлайтын мазмұны бар əдебиеттердi сақтауға тыйым салу. Сол бiр немесе өзге заттарды сақтауға шек қоятын басқа да негiздерге өзге тұлғалардың адамгершiлiгiн, денсаулығын құқықтары мен заңды мүдделерiн қамтамасыз ету, мемлекеттiң қорғанысы мен қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету қажеттiлiгi жатқызылуы мүмкiн. Қазақстан Республикасының “Есiрткi құралдары, психотропты заттар, прекурсорлар мен олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қарсы əрекет ету шаралары туралы” заңынң 14бабының 1тармағына сəйкес. “Есiрткi құралдарын, психотропты заттар мен прекурсорларды сақтау Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгiленген тəртiпте осы қызмет түрiне (мамандандырылған мекемелерге) берiлген лицензия негiзiнде арнайы жабдықталған үйжайларда жүзеге асырылады”. Сақтау бойынша арнайы талаптар Қазақстан Республикасының 23 қараша 1995 жылғы “Дəрiлiк заттар туралы” заңымен белгiленедi. Аталған заңның 18бабының 1тармағына сəйкес дəрiлiк заттар олардың сапасының сақталуына кепiлдiк беретiн, нормативтiтехникалық құжаттамамен анықталатын жағдайларда сақталуға тиiс.
Достарыңызбен бөлісу: |