Заем шартының түрлерi. Жоғарыда аталған нысаналы заем шартынан басқа Азаматтық кодекспен оның банк заемы шарты жəне мемлекеттiк заем шарты сияқты түрлерi көрсетiлген.
Банк заемы шарты бұрын банкiлiк ссуда (несиелiк шарт) шарты деп аталатын. ҚР АКсi бұл шартты дербес шарт түрi ретiнде топтастыру талпынысынан бас тартты. Банкiлiк заемға жалпы заем шартына қатысты ережелерде, бiрақ ҚР АКң 228 бабында көзделген ерекшелiктердi ескере отырып қолданылады. Е.Б.Осипов орынды атап өткендей, бұрын несиелiк шарттың дербестiгiн жақтаған авторлар банктiң бiр уақытта мемлекеттiк басқару органы жəне шаруашылық субъетiсi ретiндегi ерекше рөлiне сүйенген.1 Ал, ендi банктер бұл оларға көптеген арнайы талаптар қойылатынына қарамастан, кəсiпкерлiк қызметтiң субъектiлерi, бұл банк заемы шарты үшiн белгiленген талаптарда ескерiледi. Сондықтан оған толық көлемде азаматтыққұқықтық реттеу қолданылады (бұл жерде банкiлiк заем қатынастары банктер мен клиенттер арасындағы қатынастарға жататынын ескеру қажет жəне сол себептен оларды реттеуде банкiлiк заңнама алдындағы басымдық азаматтыққұқықтық реттеуге берiледi ҚР АКң 3бабы 3т.).
Банкiлiк несие шарты қазiргi таңда зор маңызға ие. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң 2001 жылға ақша несие саясатының негiзгi бағыттарының мəтiнiнен туындайтындай ол жүргiзiп отырған жəне нəтижесiнде екiншi деңгейлi банктермен жүзеге асатын несие саясаты экономиканың нақты секторын дамыту үшiн жағдайлар қалыптастыруға бағытталған. Қазiрдiң өзiнде осы бағытта елеулi жетiстiктерге қол жеткiзiлдi. Мəселен, банктердiң қаржылық қорының қарқынды көтерiлуiне байланысты олардың несиелiк белсендiлiгi де артты – 2000 жылы экономикаға несиелердiң көлемi 85,6%ға өстi жəне жылдың соңында 276,2 млрд теңгенi, яғни 1,9 млрд АҚШ долларынан артық соманы құрады.2 Осы тенденцияның қазiр де сақталатынын айтуға болады.
Қазақстан Республикасының “Банктер жəне банк қызметi туралы” заңы “ссудалық операция” тұжырымын сақтап қалған “ссудалық операция болып банктiң басқа тұлғаларға мерзiмдiлiк, қайтарымдылық жəне ақылылық шарттарымен ақша беруi табылады” (“Қазақстан Республикасындағы банктер жəне банк қызметi туралы” заңның 34бабының 1т.). Ссудалық операциялар банктiң директорлар кеңесiмен немесе акционерлердiң жалпы жиналысымен
бекiтiлетiн, оның iшкi несие саясаты туралы Ережелерiне сəйкес жүзеге асырылады. Мұндай құжат iшкi маңызға ие болатынына қарамастан, ол тиiстi сол немесе өзге банкпен бекiтiлетiн заем шартының мазмұнына да ықпал етедi жəне бұл жерде теңестiрушi фактор болып бiрiншi кезекте несиелеудiң белгiленген орта нарықтық намалары табылады.
Банк заемы шарты бойынша заем берушi заемшыға қарызға ақша беруге мiндеттенедi. Осылайша, кəдiмгi заем шартына қарағанда, банк заемы шарты консенсуалды болып табылады. Сонымен бiрге, заем пəнiн заемшының меншiгiне, шаруашылық жүргiзуiне немесе оралымды басқаруына беру жүзеге асырылатын жағдайлар осы жағдайда да сақталады, яғни банк заемы шартының мазмұнында түпкiлiктi айырмашылық жоқ.
Заем қатынастарының табиғаты бəрiнен де бұрын реалды шарттарға бейiмделгенiн ескере отырып, заем шартының мəселелерi қарастырылған жұмыстардың авторлары əртүрлi көзқарастар бiлдiрген болатын. Мəселен, Л.А.Новоселова несие шартын екi түрде – “классикалық” реалды заем түрiнде жəне алдын ала шарт пен заемның элементтерi бар ерекше өз алдына дербес консенсуалды шарт ретiнде қарастыруды ұсынған.
Е.Б.Осипов банк өзiне белгiлi бiр нысанда жəне белгiлi бiр жағдайларда несие беру мiндеттемесiн алатын несие шарты, осы позицияның кейбiр жақтастарының пiкiрi бойынша, заем шартына алдын ала шарт болып табылады деген позицияны ең дұрысы деп санайды.
Бiздiң ойымызша осындай аралық позициялардың болуы азаматтық құқықтық сол кезеңде, қазiргi кезеңде де, қалыптасқан көзқарастар туралы түбегейлi қайта ойлану жағдайын бастан өткiзген жəне өткiзiп отырғанымен байланысты. Бұдан əрi, банк заемы шартының консансуалды сипатының мүмкiндiгiне сiлтеме жасаумен ғана шектелуге болар деп ойлаймыз.
Банк заемы шарты, жоғарыда атап өтiлгендей, заем шартының бұл түрiн өз алдына жеке қарастыруға себеп болатын, басқа да ерекшелiктерге ие: заем берушi ретiнде заем беруге Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң лицензиясы бар банк немесе өзге де заңды тұлға бола алады. Басқа заңды жəне жеке тұлғалар тек кəдiмгi заем шарттарын ғана жасай алады. Қазақстан Республикасы Ұлттық банк басқармасының 29 тамыз 1997 жылғы № 314 қаулысымен бекiтiлген “ломбардтар туралы” Ережеге сəйкес, ломбард – бұл Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң лицензиясы негiзiнде банкiлiк операциялар мен қызметтердiң белгiлi бiр түрлерiн жүзеге асыратын банк болып табылмайтын заңды тұлға. Олардың қатарында жеңiл сатылатын құнды қағаздар мен жылжымалы мүлiктi кепiлге алу арқылы қысқа мерзiмдi несиелер беру аталады; банк заемының пəнi болып алдағы уақытта (банк заемының консенсуалды шарты) жəне тiкелей шарт бекiту сəтiнде берiле алатын ақша табылады.
Банк заемы шартының жазбаша нысанын сақтамау оның жарамсыздығына əкеп соғады; жалпы, сыйақы (мүдде) мен комиссия ставкалары, сондайақ банкiлiк қызмт көрсеткенi үшiн тарифтер банктердiң өздерiмен дербес белгiленедi. Заемды мемлекеттiк банктер берген немесе ол мемлекеттiң ақша қорларының есебiнен берiлген жағдайда заем берудiң тəртiбi мен шарттары заң актiлерiмен жəне уəкiлеттi мемлекеттiк органдардың актiлерiмен реттелуi мүмкiн. Бұл жағдайда заем беру заем берушiнiң мiндетi болып табылады, ал оның жасасқан шарты заңнамада немесе уəкiлеттi мемлекеттiк органдардың актiлерiнде белгiленген мiндеттi
ережелерге сəйкес болуға тиiс; банк заемы шарты бойынша заемшының мiндеттемелерi банктiң ақшалай қарыз есебiне заттарды қабылдау жолымен тоқтатылуы мүмкiн емес.
Банк заемының қайтарылу шарты заемшы мiндеттемесiн орындауды қамтамасыз етудiң мiндеттiлiк дəрежесi кəдiмгi заем шарттарына қарағанда елеулi түрде артық екенiн бiлдiредi.
Банк мiндеттемелердiң орындалуын қамтамасыз етудiң айып төлеу, кепiл, кепiлдiк, кепiл болушылық сияқты басқа да тиiстi тəсiлдерiн таңдап, өз келiсiмiн бередi. Жоғары несие қабiлеттiлiгi мен клиенттiң сенiмдiлiгi жағдайында ғана банк несиенi қамтамасыз етусiз беру туралы шешiм қабылдауға құқылы. Мұндай несие бланктiк деп аталады (“Қазақстан Республикасындағы банктер жəне банк қызметi туралы” Заңның 35б.).
Банк бiр заемшыға, банктiк операциялардың жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын банктер мен ұйымдардан осы заемшы алған заем қаражаттарының көлемiн есептемегенде, оның активтерiнiң орташа жылдық құнынан асатын жалпы сомадағы бланкiлiк несие беруге құқылы емес.
Ендi мемлекеттiк заем шартын қарастырайық. ҚР Акң 726бабына сəйкес мемлекеттiк заем шарты бойынша заемшы – мемлекет, ал заем берушi – азамат немесе заңды тұлға болады. ҚР Азаматтық кодексiнен басқа бұл қатынастар сондайақ 2 тамыз 1999 жылғы Қазақстан Республикасының “Мемлекеттiк жəне мемлекетпен кепiлдiк берiлген заем алу мен қарыз туралы” №4641 заңымен реттеледi. Аталған заңның 2бабында мемлекеттiк заем субъектiлерi толығырақ анықталған. Мемлекеттiкке Қазақстан Республикасының үкiметi мен Ұлттық банк жүзеге асыратын заем алу жатады. Бұл жағдайда заем алу субъектiлерi болып тиiсiнше Қазақстан Республикасы жəне Қазақстан Республикасының Ұлттық банкi табылады. Сонымен қатар мемлекеттiк заем алуды жергiлiктi атқарушы органдар жүзеге асыра алады, заем алу субъектiсi – əкiмшiлiкаумақтық бiрлестiк (бiрлiк) болады.
Мемлекеттiк заем шарты нысаналы сипатқа ие Мемлекеттiк заем алудың мақсаттары заңнамамен немесе құзiреттi мемлекеттiк органмен анықталады. Қазақстан Республикасының Үкiметiмен заем алу республикалық бюджеттiң тапшылығын қаржыландыру мақсатында жүзеге асырылады. Ұлттық банкпен заем алу Қазақстан Республикасының төлм балансын қолдау жəне Ұлттық банктiң алтын валюталық активтерiн толықтыру мақсаттарында, сондайақ, Қазақстан Республикасында өткiзiлетiн ақшанесие саясатымен анықталатын басқа да мақсаттар үшiн жүзеге асырылады.
Жергiлiктi атқарушы органдардың заем алуы аймақтық инвестициялық бағдарламаларды қаржыландырумен байланысты жергiлiктi бюджеттiң тапшылығын жабу мақсаттарында жүзеге асырылады.
Заңнамада мемлекеттiк заемдар үшiн шарт еркiңндiгi сақталатындығы арнайы ескертiлген. Мемлекеттiк заемдар ерiктi болып табылады. Сол себептi Мемлекеттiк заем қатынастарына субъектiлердi тарту тəсiлдерi болып оларға пайдалы жағдайлар белгiлеу жəне қарызды қайтарудың жоғары дəрежеде кепiлденуi табылады.
Мемлекеттiк заем шарты заем берушiнiң шығарылған мемлекеттiк облигацияларды, сондайақ заем берушiнiң заемшыдан одан қарызға берiлген ақшаны немесе заем талаптарына байланысты өзге де мүлiктiк баламаны, белгiленген сыйақыны немесе өзге де мүлiктiк құқықтарды (осы заемды айналымға шығару шарттарымен) шартта көзделген мерзiмде алу құқығын куəландыратын басқа да мемлекеттiк бағалы қағаздарды (құжаттық немесе құжаттық емес) алу жолымен жасалады. Мемлекеттiк бағалы қағаздар (мемлекеттiк заем шарттары) əрекет ету мерзiмi бойынша үш түрге бөлiнедi. 1 жылға дейiн айналымда жүретiн бағалы қағаздар қысқа мерзiмдi, 1 жылдан 10 жылға дейiн орта мерзiмдi, 10 жылдан артық уақыт айналымда жүретiн бағалы қағаздар ұзақ мерзiмдi шарттары басымды түрде қолданылады.
Бұдан басқа, бағалы қағаздардың эмиссиясынсыз заемның жекелеген шарттары да бекiтiлуi мүмкiн. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi негiзiнде əрбiр жеке шарт (келiсiм) немесе мемлекеттiк бағалы қағаздар түрi бойынша заемдарды тiкелей тарту Қазақстан Республикасының қаржы министрлiгiмен жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк 2El .ағалы қағаздарының эмитентi болып қаржы министрлiгi де табылады. Заемшы мемлекет өз мiндеттемелерi бойынша мемлекеттiк қазына мүлкiмен жауап бередi. Үкiмет мiндеттемелерi де Қазақстан Республикасының республикалық бюджет қаражатымен қамтамасыз етiледi. Ұлттық банктiк мiндеттемелерi – оның басқаруындағы барлық активтермен қамтамасыз етiледi. Жергiлiктi атқарушы органдардың мiндеттемелерi оларға меншiк құқығы негiзiнде тиесiлi мүлiкпен, қаржы қорларымен жəне басқа да активтермен қамтамасыз етiледi.
Мемлекеттiк заемнан Қазақстан Республикасының резиденттерiмен жүзеге асырылатын жəне Қазақстан Республикасының мемлекеттiк кепiлдiктерiмен қамтамасыз етiлетiн мемлекеттiк емес заемдарды ажыратқан жөн.
Заем шарттары бойынша жауапкершiлiк заңнамаға жəне шарт жағдайларына сəйкес анықталады. ҚР Азаматтық кодексiнiң 353бабына сəйкес ақшалай мiндеттеменi орындамағаны үшiн жауапкершiлiк айтарлықтай маңызға ие.
Достарыңызбен бөлісу: |