Шарт элементтерi. Өмiр бойы асыраумен қамтамасыз етiлетiндер (асыраудағылар) болып азаматтар ғана саналады. РФАКң (601бабы 1тармағында) өмiр бойы асырауда болушы тұлғалар айтылған. Бұл ҚРның азаматтық заңнамасында жеткiлiктi дəрежеде (анық) реттелмеген. Жоғарыда айтылғандай өмiр бойы асырауда болушыларға өз мүлкiн рента төлеу үшiн берген тұлға, немесе ол өзi шарт бойынша көрсеткен үшiншi тұлға жатады. Бұны бiз қатап шектеу қылып қарастырмауымыз керек. Ғұмырлық рента шарты бойынша да сияқты шарт бойынша тұлғалардың көпшiлiкке (рента алушылардың) ештеңе кедергi етпейдi. Өмiр бойы асырауда ұстау шарты əдетте күн көру үшiн өздерiнiң қаражаттары жоқ, жетiспейтiн, қария, еңбекке қабiлетсiз адамдармен жасалады. Осының өз салдары бар. Бұрын айтылғандай өзге ренталық шарттарда қарым қатынастар толығынан мүлiктi болып келедi, сондықтан рента төлеушi тұлғасының, ол кiм екенiнiң, мəнi болмайды. Өмiр бойы асырауда ұстау шартында жағдай басқаша қалыптасады. Əдебиетте өмiр бойы асырауда болып келетiн адамның жəне асыраушының ерекше қалыптасатын, сенiмгерлiкке негiзделетiн қатынастары туралы айтылады жəне өз жағынан бiзде осы көзқарасты көздеймiз. Алайда, қазiргi заман жағдайында тек қатынастардың сенiмдiлiгiмен шектелуге, соған ғана сенiп тұруға болмайды.
Тараптардың қатынастары құқықпен толық жəне жанжақты реттелуi керек. Өмiр бойы ұстаушы да (рента төлеушi) азаматты азықтүлiкпен, тұрғын үймен, киiмкешекпен, егер керек болған жағдайда, денсаулығына қарап жəне тағы басқалармен қамтамасыз етуге мiндеттенедi. Тiзiлiп айтылғанның барлығы адам өмiрiнiң жеке санасына жатады. Сондықтан адамның этикалық, дiни, əдептiлiк, адамгершiлiк көзқарастары (əдеттерi) ескерiлуi қажет. Оның арнамысы, қадiрқасиетi құрметтелуi қажет, жəне тағы басқа жеке құқықтары сақталуы тиiс. Бiздiң бiрге тұрып жатқан рента төлеушiсi мен рента алушы араларында бұл жағдайда өзiндiк (жеке) құқықтық қатынастар пайда болады деп айтқанымыздың себебi осыда. Сондықтан өмiр бойы ұстау шарты қазiргi жағдайда толығынан азаматтық құқық шартты болып келмейдi (толығынан азаматтық құқық реттеуiмен қамтылмайды), сондайақ кейбiр отбасылық құқықтық реттеулердi талап етедi.
Егер рента алушысы, яғни өмiр бойы асырауда ұстауда болушы мен рента төлеушi арасындағы қатынастар тиiстi дамыса, онда рента алушы рента төлеушiнiң тұлғасы үлкен маңызға ие болады. Рента төлеушiнi басқа тұлғаға рента алушының рұқсатынсыз ауыстыруға жол берiлмейтiнi ақылға сыйысатындай талап екенiн түсiнемiз. (ҚР АК 538бабы 1тармағы).
Достарыңызбен бөлісу: |